Дәрігерге дейінгі медициналық көмек


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 177 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

С. М. КАБИЕВА, А. Т. ТУЙМЕБАЕВА, Н. Т. АБИЛЬДИНА,

С. У. ЖУНУСОВА, Г. Л. АЛИШЕВА

КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ

Оқулық

Қарағанды 2015

УДК 616. 08 (02)

ББК 53. 5я7

Қ12

Рецензенттер:

Молотов-Лучанский В. Б. - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқу және тәрбие жұмысы бойынша проректоры, медицина ғылымының докторы, профессор.

Алиханова К. А. - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздіксіз кәсіптік жетілдіру факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор.

Ахметов К. Ж. - Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы.

Қ12 Қабиева С. М. , А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева

Клиникаға кіріспе: Оқулық. Том I. - Қарағанды - 2015 - 180 б.

ISBN

МЖОС 2006 жылға сәйкес «Жалпы медицина» мамандығына оқулық дайындалған және студенттердің науқастарға медициналық көмек көрсету шарттарымен, науқасты бақылау және күтім әдістерімен, арнайы медициналық іс-шараларды атқара біліп танысуына және оқуына негізделген. Осы пән бойынша типтік бағдарламамен қарастырылған тақырыптар жөнінде ақпараттық мәліметтерді мазмұндайды. Емдеу-сақтандыру мекемелерінің санитарлы- эпидемияға қарсы режимнің аспектілері және науқастың функционалды жағдайының көрсеткіштері нақты баяндалған. Науқасты бақылау және күтімі бойынша, диагностикалық және емдік іс-шараларды орындау кезіндегі әрекеттер жүйелі реттілікпен беріліп, сұрақтарға ерекше көңіл бөлінген. Теориялық мәліметтер жақсы түсіндірілу мақсатында суреттермен толықтырылған.

Оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының «Жалпы медицина» мамандығының 1-2 курс студенттеріне арналған.

УДК 616. 08 (02)

ББК 53. 5я7

ҚММУ Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды және құпталды

Хаттама № . . . 2014 ж.

ҚММУ Оқу Кеңесінде басылымға бекітілді және нұсқалды

Хаттама № . . . 2014 ж.

Білім және ғылым Министірлігінің әдістемелік секциясымен басылымға бекітілді және рұқсат

Хаттама № . . . 2014 ж.

© Кабиева С. М., А. Т. Туймебаева,

Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева

© ЖШС «Эверо», 2015

МАЗМҰНЫ

Қысқартылған сөздер тізімі . . . . . 6

АЛҒЫ СӨЗ . . . …… . . . 7

Тарау І ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ . . . 9

  1. Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері…… . . . 9

1. 1 Медициналық көмектің түрлері . . . 9

1. 2 Медициналық көмекті көрсету түрлері . . . 9

2. Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері . . . . . . 11

2. 1 ЕАМ амбулаторлық түрі . . . 11

2. 2 Стационарлық типтегі мекемелер . . . 13

3. ЕАМ жұмысын ұйымдастыру . . . 15

3. 1 АМСК жүйесінің жұмыс принципі . . . 15

3. 2 Жалпы тәжірибелі дәрігердің қызметтік міндеттері . . . 16

3. 3 Жалпы тәжірибелі мейірбикенің қызметтік міндеттері . . . 17

4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру . . . 18

4. 1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс принцпі . . . 18

4. 2 Емдеу бөлімшесінің жұмыс принцпі . . . 20

4. 3 Ординатор-дәрігердің қызметтік міндеттері . . . 22

4. 4 Аға мейірбикенің қызметтік міндеттері . . . 23

4. 5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері . . . 23

4. 6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі) . . . 24

4. 7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі . . . 25

Тарау ІІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС . . . 28

  1. Мейірбикелік үрдістің кезеңдерінің мінездемесі . . . 28

1. 1 Мейірбикелік үрдістің бірінші кезеңі . . . 28

1. 2 Мейірбикелік үрдістің екінші кезеңі . . . 28

1. 3 Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі . . . 31

1. 4 Мейірбикелік үрдістің төртінші кезеңі . . . 32

  1. Мейірбикелік үрдістің бесінші кезіңі . . . 32

Тарау ІІІ ҚАУІПСІЗ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТА . . . 34

  1. Инфекциялық қауіпсіздік . . . 34
  1. АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары . . . 34

1. 2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары . . . 35

1. 3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар . . . 35

1. 4 Аурухана ішілік инфекция себептері мен дамуы . . . 35

1. 5 АІЖ жататын аурулар . . . 36

1. 6 АІЖ алдын-алу . . . 36

2. Санитарлық-эпидемияға қарсы режим . . . 37

2. 1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері . . . 38

2. 2 Қызметкердің гигиенасы . . . 39

  1. Қол деконтаминациясы (өндеу) . . . 40

3. Дезинфекция . . . 44

3. 1 Дезинфекцияның түрлері . . . 44

3. 2 Залалсыздандырудың механикалық тәсілі . . . 44

3. 3 Дезинфекцияның физикалық әдісі . . . 45

3. 4 Дезинфекцияның химиялық әдісі . . . 46

3. 5 Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі

(химиялық құрылымына байланысты) . . . 46

3. 6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген

дезинфекциялық құралдар . . . 48

3. 7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы . . . 50 3. 8 Дезинфекциялық перепараттармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары . . . 51

3. 9 Дезинфекциялық препараттармен кенеттен улануда көрсетілетін бірінші көмек . . . 51

3. 10 Дезинфекцияның биологиялық әдісі . . . 52

4. Стерилизация . . . 52

  1. Медициналық тағайындау құралдарын (МТҚ) деконтаминациялау кезеңдері . . . 53

4. 2. Стерилизацияның түрлері және әдістері . . . 57

4. 3 Стерилизацияның булық әдісі . . . 58

4. 4 Залалсыздандырудың ауалық түрі . . . 59

4. 5 Стерилизацияның химиялық әдісі . . . 60

4. 6 Стерилизацияның газды әдісі . . . 60

4. 7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері . . . 62

5. Медициналық қалдықтар . . . 62

5. 1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі . . . 63

  1. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері . . . 65

6. Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта . . . 66

6. 1 Емдеу-қорғау режимі . . . 66

6. 2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі . . . 67

6. 3 Биомеханика туралы түсінік . . . 69

6. 4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері . . . 71

6. 5 Зеңбілмен тасымалдау . . . 73

6. 6 Орындық - арбамен тасымалдау . . . 79

6. 7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері . . . 81

6. 8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу . . . 87

Тарау IV ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ . . . 91

  1. Адамның негізгі қажеттіліктерінің сипаттамасы . . . 91
  2. Науқастың жалпы жағдайы . . . 94
  3. Ес жағдайы . . . 96
  4. Науқастың төсектегі қалпы түрлері . . . 96
  5. Антропометриялық өлшеу әдістері . . . 98
  6. Термометрия . . . 102
  7. Тері қабатының жағдайын бағалау . . . 109
  8. Тыныс алу жағдайын бағалау . . . 110
  9. Пульс және оның қасиеті . . . 112
  10. Артериалды қысымды зерттеу . . . 115
  11. Су тепе-теңдігін анықтау . . . 120

Тарау V ПАЦИЕНТТІҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫ . . . 122

  1. Қабылдау бөлімінде пациентті санитарлық өңдеу . . . 122

1. 1. Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау . . . 122

  1. Шашты қысқарту . . . 123

1. 3 Қыру . . . 123

1. 4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру . . . 124

  1. Халі ауыр науқастар күтімі принцптері . . . 126
2. 1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру . . . 127 2. 2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру . . . 129 2. 3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері . . . 130

2. 4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер . . . 131

2. 5 Тері күтімі . . . 133

2. 6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау . . . 134

2. 7 Төсекте аяқты жуу . . . 142

2. 8 Тырнақ күтімі . . . 143

2. 9 Ауыз қуысы күтімі . . . 144

2. 10 Шаш күтімі . . . 147

2. 11 Көз күтімі . . . 148

2. 12 Мұрын күтімі . . . 150

2. 13 Құлақ күтімі . . . 151

2. 14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек . . . 153

Тарау VІ НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ . . . 159

1. Негізгі тағам ингредиенттері . . . 159

2. Тамақтану режимі . . . 164

3. Емдік тамақтандыру . . . 164

4. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру . . . 173

4. 1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру . . . 173

  1. Жасанды тамақтандыру . . . 174

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 178

Қысқартылған сөздер тізімі

ҚҚ - қан қысымы

АИТВ - адам иммунитет тапшылық вирусы

ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымы

ЖОО - Жоғарғы оқу орыны

ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

МТҚ - Медициналық тағайындау құралы

ҚЖҚ - Қауіпсіз жою қорабы

ЕАМ - Емдеу-алдын-алу мекемесі

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

МСБ - медико-санитарлы бөлім

БМСК - біріншілік медико-санитарлы көмек

ҚҚТМ - қан қысымының тәуліктік мониторы

СНжәне Е - санитарлы нормалар және ережелер

ЖИТС - жүре пайда болған адамның иммунды тапшылық синдромы

СЭБ - санитарлы-эпидемиологиялық бекет

ЖШЖ - жауапкершілігі шектелген жолдастық

ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі

АЛҒЫ СӨЗ

Медицина - халыққа жақсы сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ететін мемлекеттің қызметтік саласы. «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын дамытудағы стратегиялық міндеттемелерді анықтайды.

Қазақстан Республикасындағы жаңа заман денсаулық сақтау жүйесінің реформалаудың бірден бір бағыты - отбасылық маңызға сүйемелденген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мен жаңашаландыру болып табылады.

Осыған байланысты алғашқы медициналық көмекті көрсету деңгейіндегі басты тұлға - жалпы тәжірибелі дәрігер (отбасылық дәрігер) . Жалпы тәжірибелі дәрігер - кең салалы маман, госпитальға дейінгі деңгейде жедел жәрдем мен түрлі ауруларда кең салалы көмек көрсете алатын әмбебап дәрігер. Обасылық дәрігер қызметін қалыптастыру - ауруды ерте сатысында анықтау, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттің еңбекке қабілеттілік потенциалын сақтау, ерте жастағы өлім деңгейін төмендетуге бағытталған.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалардың орындалуы әсерлі болуы үшін алдымен мамандандырылған медициналық білім беру жүйесіне өзгертулер енгізу қажет. Студент 1-2 курстағы іргетас пәндермен қатар болашақ дәрігердің мамандардырылған қызметінде қолданылатын медициналық білімдердің негізін де ұғынуы керек. Осыған орай Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-ның істегі оқу жоспарына «Клиникаға кіріспе» атты жаңа пән енгізілген болатын.

Бұл медицина университеті студенттеріне арналған алғашқы клиникалық пән. Клиникадағы бірінші қадамға көп нәрсе байланысты. Осы пәнмен студент мамандықты таңдау шешімінің дұрыстығы, профессионалды этика ережелері мен нормаларын орындау қажеттілігі жайлы түсінік қалыптасуы керек. Клиникаға келген студент - оған қоршаған қауым медициналық профессия өкілі, болашақ дәрігерлердің жаңа заманы ретінде қарап жатқанын ұмытпауы тиіс.

Бұл пән негізгі пәндерге жатқызылып (жалпы кәсіби), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриаттың 1-2 курс студенттеріне арналады. «Клиникаға кіріспе-1» пәні студенттерді емдік-сақтандыру мекемелердің жұмысын ұйымдастыру негізімен, ондағы санитарлық-эпидемиологикалық тәртіпті қамтамасыз ету, науқастарды күту мен бақылаудағы білім мен әдістермен таныстырады. Ал, «Клиникаға кіріспе-2» пәні студенттерді клиникадағы науқастарды бақылау мен күтім көрсетудегі қажетті манипуляциялық техниканы үйрену, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі қағидаларын үйретеді.

Науқастарды күту үрдісін екінші реттік, «медицинаның өгейі» деп қабылдауға болмайды. Бұл шартсыз - аурумен күресудің нәтижелі болуы екіталай. Науқасты күту оларға қарасты көмектің бірқатар аспектілерін қамтиды. Бұл науқастың функционалдық жағдайын бақылау ғана емес (жалпы жағдайды бағалау, антропометриялық зерттеулер, тыныс алуды, қан айналым жүйесін бағалау), сонымен қатар танымал медициналық манипуляциялар (егулер, асқазан жуу, клизма қою, термометрия және т. б. ) . Дәрігер қызметіндегі маңыздысы - аурулардың синдромдық диагностикасын жүргізуді анықтау мен науқас жағдайын динамикалық бақылау болып табылады.

Реанимация негіздерін оқыту да медициналық білімнің кез келген деңгейінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы оқу әдістемесінде студенттер түсінікті түрде терминалды жағдайлар, клиникалық және биологиялық өлім мен науқастардың осы категориясына ургентті көмектің тәсілдерімен танысады.

Дәрігер өзінің болашақ профессионалды қызметі барысында тек нұсқауларына ғана жауапкершілік алмай, сондай-ақ медициналық ұжымның көшбасшысы ретінде кіші және орта персоналдың жұмысын ұйымдастыруы керек. Жалпы тәжірибелі дәрігер қызметінің ерекшелігі кешенді медициналық көмек көрсетуге қажетті оптималды профессионалдық даярлықты талап етеді.

Тарау І

ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ

  1. Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері

Денсаулық сақтау жүйесі - азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылады.

Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін юристтік тұлғалардың қызметін қамтиды.

1. 1 Медициналық көмектің түрлері:

  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
  2. Біліктілікті медициналық көмек;
  3. Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;
  4. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
  5. Медициналық - әлеуметтік көмек.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер) - полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.

Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.

Арнайы мамандандырылған медициналық көмек - «түрлі мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т. б. ) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда әр сала мамандарымен жүзеге асырылады.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететін ауруларда салалы мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация) .

Медициналық-әлеуметтік көмек - әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға салалы мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызы бар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В, С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар, балалардың церебральды сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т. б.

1. 2 Медициналық көмекті көрсету түрлері

Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық көмек.

2) стационарлық көмек;

3) стационар алмастырушы көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитарлық авиация;

6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;

7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация;

8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім;

9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік) .

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды:

1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;

2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;

3) санитарлық-ағарту жұмысы.

АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі - медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.

Кеңес-диагностикалық көмек - тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

Стационарлық көмек - тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үрдісін қамтамасыз етеді.

Стационар алмастырушы көмек - жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үрдісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.

Жедел медициналық көмек - денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдіктер, республика аумағында мекен ететін азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі. Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Санитарлық авиация - медтехникалық жабдықталуы немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.

Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санаторлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім - дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.

Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік) .

Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еңбегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.

Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

  1. Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері

Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54, 8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.

Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-алдын-алу мекемелері деп аталады (ЕАМ) . ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген генералды жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.

Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50 м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алшақ орналасуы қажет. ЕАМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.

ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, стационар аумағының 40%-ынан кем болмауы керек.

ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал стационарлық көмекті - 20%-ы қабылдайды.

2. 1 ЕАМ амбулаторлық түрі

Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады.

Емхана - аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең салалы емдік-алдын-алу мекемесі. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕАМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі салалы мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.

Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: тіркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі салалы дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т. б. ) . Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т. б. ) .

Тіркеу бөлімін шыға беріске жақын орналастырады. Тіркеу бөлімінде кабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі болады. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы кітапшалар (брошюралар) қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т. б.

Амбулатория - учаскелік-аумақтық белгілері бойынша қала типіндегі ауыл, өнер-кәсіп мекемесі немесе ауылдық учаскіге көмек көрсету үшін қызмет жасайтын емдік алдын-алу мекемесі. Амбулаторияда тек негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер қабылдау жасайды: терапевт, хирург, тіс дәрігері. Амбулатория штатында дәрігерден басқа фельдшер, акушер, мейірбикелер және санитарлар бар. Кабинеттері: дәрігерге дейінгі қабылдау, тексеру, егу бөлмесі. Жұмыс принципі емхана секілді.

Фельдшерлік-акушерлік пункт - ауылдық елді мекенде алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін емдік-алдын-алу мекемесі. Басқа емдік-алдын-алу мекемелерден алшақ қашықтықта орналасқан жағдайда ұйымдастырылады (4-6 км көп) . Участкелік принцип бойынша жұмыс жасайды. Дайын дәрі-дәрмектерді сатуға арналған дәріханасы бар.

Штат құрамына фельдшер, акушер және санитарка кіреді. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің қызметкерлері амбулаторлық қабылдауда немесе үйде медициналық көмек көрсету, шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету, жұқпалы науқастарды анықтап, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасайды, елді мекен аймағын, қоғамдық тамақтану мекемелерін, саудадағы азық-түліктерді санитарлы қадағалайды. Фельдшер жоспарлы медициналық қарауды, тұрғындарды диспансерлеу, алдын-алу іс-шараларын іске асырады. Акушер әйелдерге жүктілік кезінде және босану уақытында көмек көрсетеді, босанған әйелдерге және 3 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды.

Медициналық-сантиралы бөлім - өндірістік мекемелерде жұмысшыларға және олардың отбасыларына медициналық көмек көрсету, цехтік участкелік принцип бойынша өндірістік мекемеге тіркелген жұмысшыға қызмет көрсететін амбулаторлы типті емдеу алдын-алу мекемесі. Медициналық-санитарлық бөлімде емханадағыдай негізгі мамандық дәрігерлері және кәсіби ақаулары бойынша мамандар қызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Жедел медициналық көмек
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Анафилактикалық шок кезіндегі мейірбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Жарақаттық шок кезіндегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
Ішкі аурулар және стоматология клиникасында жедел жағдайлар кезіндегі жедел жәрдем көрсетудің клиникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz