Өнеркәсіптің даму қарқыны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

№ 2 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырыбы: 1960 - 1970 жж. Қазақстанның экономикалық даму.

Мамандығы: Электротехника және энегетика

Орындаған: Шынбулатов.Н.С Тобы: ЭЭСк - 21 - 1

Тексерген: Утегалиева.А.Д

Алматы 2021ж.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 - 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.

Негізгі бөлім

1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60 - жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н. Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғары кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық - республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.
Ғылыми - техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы хал - ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60 - жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми - техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми - өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов Адамға табын, Жер, енді! атты поэмасын жазды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық Комитет республиканың Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен (Госплан) бірге өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Жаңа техниканы еңгізу жоспарлары әрбір кәсіпорында да түзілді. Асығыс түрде техникалық прогреске жәрдем - десу жөніндегі арнайы комиссиялар құрыла бастады. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсаттар үшін ғылыми - техникалық коғамдар, конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы серпінділік алды. Олардың қызметін жаңдандыру үшін сыйақы қоры құрылды.
Ғылыми - техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп танылды. Жұмыс істей бастаған Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұқтырма СЭС - тері жоғарғы техникалық - экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленді. Ұзындығы 45 мың км - ден астам электр тасымалдаудын, жоғары қуатты желілері республиканы барлық бағыттар бойынша көктей қиып өтті. Салаларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру көмір өнеркөсібінде де енгізілді. Көмір өндірудің барлық процестері негізінен механикаландырылды. Қондырғыларды автоматтандыру Қарағандыкөмір комбинатында 2700 адамды босату мен комбинат бойынша еңбек өнімділігін 6 % арттыруға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісі ірі кен өндіретін кәсіпорынға айналды. Мұнда көмір әндіру ашық әдіспен жүзеге асырылып, жұмысқа қуатты экскаваторлар пайдаланылды. М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық - сығымдау (пресс) қондырғылары зауытының, жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық технологиялық процестерді дайындау мен оны өндіріске еңгізу үшін 1965 жылы Ащысай полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу, іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтыды.
Өнеркәсіптің даму қарқыны. Техникалық прогрестің негізінде республика үшін өнеркөсіптің жаңа салалары дами бастады. Республика титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар шығара бастады. Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты. Алматы, Шымкентте мақта - мата өнеркәсібі кәсіпорындары, ал Жезқазған, Семей, Ақтөбеде - тоқыма фабрикалары іске қосылды. Азық - түлік енеркәсібі көсіпорындары Жамбылда (қазіргі Тараз), Теміртауда өнім бере бастады. Бесжылдықта экономикалық күш - қуат едәуір өсті. Өндірістік корлар екі еседен астам артты.
1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі мәселелерді шешуге ынталандырды. Кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Әрбір қызметкер мен бүтіндей кәсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды.
1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне 11 өнеркәсіп орны, оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы Жетісу аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кәсіпорындарды да көшіру жөнінде шешім қабылданды. 1967 жылдың соңында онымен 193 көсіпорын, яғни республикадағы барлык енеркәсіп орындарының 10% - ы жұмыс істеп, онда барлық жұмысшылардың төрттен бір бөлігі қамтылды, олар жалпы өнеркәсіп өнімдерінің үштен біріне жуығын өндірді. Келесі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өз кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді толық аяқтады. 1970 жылға карай көсіпорындардың 80% - ынан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді. Қолға алынған шаруашылық реформасы кәсіпорындар, құрылыс пен көлік жұмысын жандандыра түсті.
1970 жылға қарай КСРО халық шаруашылығында көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту мен қара металдарды прокаттаудың меншікті үлесі өсті. Республика қорғасын, мыс пен титан өндіруден бүкілодақтың өнімнің басым бөлігін берді. Сол уақытта мұнай өндіру мен химия өнеркәсібі жалпы одактық маңызға ие болды.
Жаңа енеркәсіп аудандарының қалыптасуы мен дамуы, жаңа кең орындарын игеру жүзеге асты. Маңғыстау түбегіндегі мұнай кең орындарын игеру жылдамдатылған қарқынмен жүргізілді. Каспий теңізінің жағасында, Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш реәт су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Республиканың жеңіл енеркәсібі тез қарқынмен дамып, тек бес жылдың ішінде жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 14 ірі фабрикалары мен комбинаттары қатарға қосылды.
60 - жылдардағы өнеркөсілтің даму қарқыны республика қартасында жаңа қалалардың пайда болуына себепші болды. Жаңа қалалардың салынуы пайдалы қазбалар мен ірі кен орындарымен байланысты еді. Бұрынғы жұмысшы кенттері қалаларға айналды немесе Қостанай облысындағы Рудный қаласы, Маңғыстаудағы Ақтау қаласы тәрізді қайтадан тұрғызылды. Қала тұрғызуда шешуші рөлді әр түрлі ведомстволар атқарды. Пайдалы қазбаларды ендіру орындарында жұмыс істеу үшін елдің барлық түкпірінен жұмысшылар тартылды. Нәтижесінде республиканың демографиялық жағдайы бұрынғыданда қиындап кетті. Мәселен, 1959 - 1964 жылдары Қазақстанға жылына орта есеппен 64 мың адам келген болса, 1965 - 1975 жылдары Қазақ КСР халық шаруашылығына басқа республикалардан 115 мың адам келіп қосылды.
Жас қалалардың құрылысын жылдамдатуды ведомстволар республиканың өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық мүдделерді есепке алмастан жүзеге асыра бастады. Нәтижесінде олар сәулетшілік жағынан бір - біріне егіздің сыңарындай ұқсас болып, аймақтың географиялық және тарихи өзгешелігін мүлдем бейнелей алмады. Кептеген қалаларда экологиялық қорғау, өндіріс қалдықтарын өңдеу мен жою жөніндегі шаралар ойластырылмады. Ұзақ жылдар бойы өлеуметтік проблемалар шешімін таппай, адамдар оңдаған жылдар бойы баспана алуды күтумен болды. Бұның арасында жұмысшы табы санының өсуі одан әрі жалғасып, оның жұмыспен қамтылған халыктың құрамындағы үлес салмағы 1959 жылғы 47,9 % - дан 1970 жылы 57,6% - ға көтерілді. Қызметшілердің үлес салмағы да өсіп, колхозшылардың саны қысқарды.
Өнеркөсіптің дамуы мен мұнайлы аудандарды игеруге байланысты Қазақстанда темір жолдар қызу қарқынмен салынды. Бұл жылдары көліктің: әуе, су, құбыр, әсіресе, автокөлік түрлері дамыды. Автомобиль көлігінің материалдық-техникалық базасы нығайды. 1970 жылы Қазақстандағы тас тәселген автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 40 мың шақырымға жетті. Алматы, Жамбыл, Көкшетау, Ақмолада (қазіргі Астана) автомобиль жөндеу зауыттары салынды. 12 облыс орталығында жаңа автовокзалдар іске қосылды. Қаржының өсуі, қазіргі заманғы техниканы еңгізу байланыстың әр түрін дамытуға мүмкіндік берді. Қалалық, телефон станцияларының қызмет көрсету дәрежесі екі есе ұлғайды. Республиканың он облыс орталығы фототелеграф байланысымен қамтылды. Хат - хабарларды еңдеуді механикаландыру мен автоматтандырудың нәтижесінде хат, газет, журналдарды жеткізу елеулі жылдамдады.
Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған іс-шаралар. КОКП ОК - нің 1965 жылғы наурыз Пленумында ел басшылары тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті әрекетін жасады. Оның шешімдері колхоздар мен совхоздардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін қарастырды. Бірнеше жылға тұрақты жоспарлар белгіленіп, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы екі есе өсіріліп, жоспардан тыс өнімдер үшін үстем ақы телеу еңгізілді. Колхоздардан табыс салығын алудың шарттары өзгертіліп, шаруашылыктардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
1965 жылдан кейін ауыл - селолардың мұқтаждықтарына бөлінген қаржы көлемі ұлғайды. Алайда Пленум қабылдаған шаралар ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастарды түбірімен өзгерте алмады және айтулы жетістіктерге жеткізбеді. Ауыл шаруашылығына бөлінген күрделі қаржыны көбейту совхоздардың материалдық-техникалық базасын нығайтқанымен, терең экономикалық ерістеуге жеткізбей, халықтың тұрмыс дәрежесінің жақсаруын қамтамасыз ете алмады.
КСРО үкіметі проблеманы шешудің жаңа жолдарын іздестіре бастады. 1967 жылы сәуірде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы қаулы қабылдады. Ауыл шаруашылығына жүргізілетін тәжірибелер жалғаса берді.
Қазақстан Үкіметінің шешіміне сөйкес 18 совхоз толық шаруашылық есепке көшірілді. Басшыларының құқықтары кеңейтіліп, олардың әрбір совхоздың өндірістік кызметінің нәтижелері үшін жауапкершілігі арттырылды. Совхоздарды шаруашылық есепке көшіру жағдайды біршама жақсартты. Астық, сүт, жұмыртқа, ет өндірудің өзіндік құны төмендеді. Солай болғанмен ауыл шаруашылық өндірісінің өміршіл-әкімшілдік, жұмылдырушылық (мобилизация) жүйесі өзгеріссіз қалып қойды. Шаруалардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіру жалғаса берді. Оның нәтижесі - халықтың ауылдық жерлерден қалаларға қоныс аударуы болды.
Ауыл шаруашылығын интенсивті дамытуда шаруашылық жүргізудің тиімді өдістерін пайдаланудың орнына қымбат тұратын шаралар жиірек қолданылды. Мамандардың тұрақтамаушылығына амал таппаған совхоздар мен колхоздар егін орағы науқанында механизатор мамандардың тапшылығын адамдарды сырттан тартумен толтыруға мәжбүр болды. 1968 жылы Қазақстанға басқа республикалардан 16 мың комбайншы мен Кеңес Армиясының мыңдаған әскери қызметшілері жіберілді. Комбайншыларды жергілікті жұмысшылардан даярлау әрекеттері де нәтижелі бола қоймады. Республиканың жоғары оқу орындары мен техникумдарында студенттерді механизатор мен комбайншы мамандығына даярлау жұмысы жүргізілді. Оқу орындарында екінші мамандық алған студенттер совхоздарға қолдарынан келген жәрдемдерін берді. Егін жинауға студенттерден басқа мектеп оқушылары мен кәсіптік - техникалық училищелердің оқушылары да тартылды. Алайда жұмысшыларды осылайша сырттан тарту республика ауыл шаруашылығының проблемаларын біржолата шешкен жоқ. Осы кезең ішінде республикадағы мал шаруашылығы материалдық-техникалық мамандарға сұраныс проблемаларын бастан кешіріп, қиыншылықпен, баяу түрде дамыды. Ауылдық жерлердегі жұмыс күшін толықтыру мақсатында партия мен комсомол студенттік құрылыс отрядтары мен комсомол-жастар бригадаларын құруды қолдады. Студенттік құрылыс отрядтары шопандарға арналған үйлер мен мал қораларын салуға, ірі өнеркәсіп орындарының құрылысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Индустрияландырудың қарқыны
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелері
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Тоқыма және тігін өнеркәсібінің даму қарқыны
Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялық даму стратегиясы
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
Пәндер