Ғалымдар энциколопедиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
"Су шаруашылығы, экология және құрылыс" институты
"Сәулет және құрылыс өндірісі" кафедрасы

Реферат тақырыбы:
Әл-Фарабидің рухани мұрасы

"Рухани сабақтастық" пәні бойынша

Білімгер: Саткулова К.Т.

Тобы: АЖиОЗ

Оқытушы: Алтынбекова Зағипа Тұрарбекова

Тараз 2021
ЖОСПАР

KIPICПE:
Әбу - Насыр Әл - Фараби туралы

Негізгі бөлім :
а ) Әл - Фараби тарихи мұралары
ә) Әбу Насыр әл-Фараби екінші ұстаз
б ) Әл - Фараби еңбектеріндегі тәрбиелік мәселе

III. ҚОРТЫНДЫ :
Данышпан, философ, энциклопедист - Әл - Фараби еңбектеріндегі тәрбиелік мәселе

КІРІСПЕ

Ол - аты әлемге әйгілі ұлы ғұлама философ, данышпан, әдебиетші, ақын, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған энциколопедист дүние жүзінің ғалымдарының бірегейі. Жалпы мәдениеттің дамуына, әсіресе Шығыс мәдениетіне, Орта Азия және Қазақстан мәдениетінің дамуына тигізген ықпалы айрықша. Қазақ халқы ғана емес бүкіл түркі тектес халықтардың бір тұтас дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, ғылымы мен білімінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Әбу-Насыр әл-Фараби - түркі тілдес халықтардың ғылымы мен білімін, мәдениетін, медицина негізін қалаушы, халықтардің қоғамдық дамуын озық денгейде бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген философ, ғалым әрі ұстаз.
Ғұлама ғалымның ұлы мақсат-мүдделері бізге жазба деректері арқылы жетті. Әл-Фараби қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды.Сонымен қатар Абу насыр Әл-Фараби ел бйлеу ісіне де зор үлесін қосқан.Ол билік жүргізудің тиімді тактикаларын ұсынып отырған. Әл-Фарабидің ғұлама ғалым болуына себеп өзінің туған жер аясынан шығып, әлемді кезіп бойына кең көлемді мәдениет, ілім ғылым сіңіруі болды.

ӘБУ-НАСЫР ӘЛ -ФАРАБИ
(870 - 950 жылдар)
Әбу Насыр әл-Фараби - қазақ топырағында дүниеге келген, дүние жүзінік мәдениетпен білімінің Аристотелдьен кейінгі екінші ұстазы (арабша: "Муллими соний") атанған данышпан, философ, дәрігер, энциколопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя берісінің сағасындағы ежелгі Отырар оны қыпшақтар Қарақошы деп те атаған қаласында туылған. Ол Отырарда медіресе бітіріп, оның дүние жүзіндегі ең бай кітапханасында білім алған ғалым. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырары кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат мекен еткені тарихта жақсы мәлім. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен. Әл-Фарабидың толық аты -жөні: Мұқхаммед ибн Мұқхаммед ибн Узлағ Тархани - деп жазылатын болған. Біріншіден әл-Фараби түркі тектес ру тайпасынан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтар атақтысы ғана Тархан деп аталатын болған. Жастайынан асқан зерек, ғылым өнерге мейілңнше құштар болып өскен әл- Фараби алғашқы білімінің туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе қз заманынығ аса маңызды ғылым мен мәдени орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаск, Кайр т.б шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды.еңбек етті. Ол араб елдеріне барғанға дейін-ақ еліне танымал кемелденген ғұлама атанған кісі.
Әл- Фараби жастайынан түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік менгерді. Ғұлама ғалым әл-Фрабии атсалыспаған зертттеу жүргізбаген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, маатематика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. салалары бойынша қыруар көп еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қол жазба ретінде тарап, бірте- бірте жоғалып бара берген Фарааби еыбектетінің кейбір тізімі ғана сақталған. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штрейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы Атеш 160, ал сровет ғалымы Б.Ғафуров 200 тракат деп көрсетеді. Ұлы ғалымнің ұшан-теңіз еңбектері біздің заманымызға дейін сақталып , бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады.
Әрине, Әбу насыр Әл-Фараби ең алдымен кезінде "Шығыстың Аристотелі" атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Полтон, Аристотель, Гелен сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген тракаттар мен түсініктемелер жазды.Сөйтіп Фараби шығыс пен батыстың ғылыми қамуын грек философиясымен, логика ғылымымен ежелгі мәдениетімен таныстыруға зор роль атқарды.
Әл-Фараби әлуметтік қоғамдық және етникалық көзғарасын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, "Қайырымды қала тұрғындарының көзғарастары", "Бақыт жолын сілтеу", "Азаматтық саясат", "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері " деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор
Ұлы ғалым гуманист ретінде адам акыл ойының жан - жақты дамып , табиғат пен қоғам сырын толық ашу мүмкін екенiне кәміл сенедi , адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат деп біледі . Әл- Фараби өзінің Қайырымды қала тұрғындарының көзғарастары атты кітабында бірқатар әлуметтік , этникалык мәселердi сөз етеді . Мұндағы кала деп отырғаны - мемлекет . Ғылым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы , ондағы теңсіздіктің өмірге келуі , идеал қала халқының моральдық бейнесі , мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер , әрбір адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып тіршілік етуi керектілігі , т.б. мәселелер жайлы өз пікірін ортаға салады.
Әл - Фарабидің " Ғылымдар жүйесі " кітабында ғылымның көптеген салаларына жеке тоқталады. Бұл еңбектiн барлық ғылымды дамыту үшін маңызы зор . Соның ішінде " Тіл туралы ғылым " , " Логика " т.б. тарауларында тіл тану , грамматика мәселелері , логикалык сан алуан сипаттары таңдалған . " Қайырымды қала турғындарының көзқарасы " туралы тракатында тыныштық пен бейбiтшiлiкке негізделген бiлiмдi әкiм билеген идеал қауымды ұсынды . " Адамның ішкі дүниесін аша білу , түйсік , сезімге әсер ету бiлiмдiлiктi талап еттеді " , - деп көрсетеді әл - Фараби .
Әл - Фарабидің дүние жүзіне даңқын шығарған еңбегiнiң бiрi " Музыканың ұлы кітабы " - деп аталады .
Сөйтіп жас ұрпактын эстетикалы ұғымын , сезімін қалыптастыру үшін Әл - Фарабилiн ойынш үш нәрсе ерекше орын алады:
Баланың ішкі ынта- ықыласы , құмарлығы , табиғи қабілеті ;
Ұстаздың шеберлігі әрі тазалығы ;
Сабак ппроцесiнiн алатын орны .
Сонымен қатар болашақ қоғамда адамдардың емін - еркін азат өмір сүретін қоғам мүшелерінің бәрі тең , бірiн- бiрi құрметтейтін , бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудiң бiрден бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп біледі .

Әл - Фарабидiң логикалық ілімі
Шығыстың екiншi ұстазы атанган ұлы бабамыз өз заманында адам баласы жасаған ғылымдардың саласаласын зерттеп , логика iлiмiнiн де сырын терен бойлаган .
Әл - Фарабидің пікірінше адам парасатты күйiнде тумайды , оның бойында парасанттылык бейімділіктің нышаны гана болатындығын , олардың тағдыры баланын өскен әлуметтік ортасы мен алган тәрбиесіне байланысты деп түсінген .
Әбу Насыр әл - Фарабидің ( 850-950 ) логика саласындағы мұралары онын төл туындысы " Ғылымдарды жіктеу жайындағы сөз " деген еңбегінде баяандалады . Логика саласынын әл - Фараби мұрлары ғылым тарихында ежелгі грек жұртының ғұламасы Логикалык іліммен өзектес . Логиканың адамнiң өмiр кабiлетiнен туындап , алғашқыда сөйлеу ,одан соң сөз арқылы ой талқысымен ақиқатты танып білу құралына айналғаны мәлiм.
Ертедегі ғұламалар мен әл - Фараби мұраларында логика ( мантик ) сөзі сөйлеу , акыл ойдын мән жайын бiлдiретiн мағына және адамның анық сөйлеу әрекеті сиякты үш түрлі бағытта қолданылған . Адамның ақыл ой кызыметiндегi ойлау жүйесі логика ғылымының , ал дыбысты тіл арқылы сөйлеп , ойын білдіруі грамматика ғылымының зерттейтін пәні деп саналған.
Әл - Фараби логика аданын акыл - ой жүйесі мен қажеттілігін бейнелейтін мынадай алтын түрлі салаға бөліп қарастырған :
Категориас ( арабша " Макулат " ) . Бұл сала бойынша обьектілер жеке сөздік атаулар арқылы бейнеленген .
Арабша " әл - Ибара " , грекше " Барн Хар минийас " .
Ойлау арқылы мәселелердің тетігін шешуге қолданылатын силлогизм түрлері, арабша " Әл - Қийас " ол грекше Аристотел еңбектеріндегі " Бiрiншi Атланика
Адамнiң ақыл-ойы мен әрбір нәрсенің шындығын айкындап , оның мәні мен ақиқаттығына көз жеткізетін ойлау әрекеті - дәлелдеу .
Адам ойының диалектикалық даму тұлғасынан ізденістірілуі араб тілінде " әл - Мәуини әл - джадалийна " делінеді.
Софистика, мұндай атаудың бір жағынан " даналықты сүю " мағынасында айтылған. Екiншi жағынан адамның ой жүйесiн " әдейi шатастыруын" білдіретін әрекет .

Әл - Фараби мен қазіргі казак халқының рухани мәдениет үндестігі
Аты әлемге әйгілі ұлы ғұлама философ Әбу Насыр әл- Фарабидің ілімінің жалпы мәдениеттің дамуына , әсіресе шығыс мәдениетінінің дамуына тигізген ыкпалы айрықша . Ол ғылым шығармаларын өз дәуірінің ғылыми тiлi саналған араб тілінде жазды . Қазақ халқының рухани мәдениетінде әл - Фараби ерекше орын алады .Ол Қазақстан жеріндегі тұлғалы философиялық жүйені құрған тұңғыш философ ретінде белгілі . Мұнда мметафизиканың және онтологияның, логика мен таным теориясының , социология , этика және эстетика ғылымдарын жүйелеудiн мәселелері каралады .
Мәдениеттің кейiнгi дамуына , соның iшiнде шығыс ,Орта Азия, Қазақстан , Кавказ халықтарының мәдениетіне әл - Фараби жасаған ықпал әрі талапты, ұзақ уақытты қамтиды . Барлық этникалық топтардың , соның ішінде түрік халықтарының мұсылман шығысының мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы, әдеби тілді халықтық негiзде дамту әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызды.
Әл - Фараби этникасының ең жоғарғы категориясы-бақыт, сұлулық ,табиғат . Қоғамды жетілдіру - бақытқа жетудiң басты шарты.Тек жетілген қоғамның тұсында жеке адам бақытты бола алады . Философия болмайынша , дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрлысының сұлулығын ұқпайынша, шын бақытқа жетуге болмайды...
Бұл дүниеде рахат деп бiлуiмiз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой ... Бiрак әділеттілік о дүниеде болады деп, бұл дүниеге жиіркенішпен қарауға болмайды . Әл - Фараби былай дейді : " Қайырымды адам өз өмірін зарлап жетiлдiруге тиiстi емес , өйткені өмірге деге сүйіспеншіліктің өзі ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады ".
Міне осы бір өмірге деген сүйіспеншілік , сұлулык , гуманизм , табиғат сырын ұғыну қазақ халқының фольклорында, аңыз әңгімелерінде , ақын жыраулардың шығармаларында басты орын алады . Қазақ халқының фольклорында философиялык ой пікірлер тұнып тұр . Бұл қазақ ойлау мәдениетінің , философиясының өзіндік ерекшелігі , төл қасиетті болып табылады .
Қазақ халқының білгір ғалымы Шокан Уәлиханов, Асанқайғыны кешпенділердің философы деп тегін айтпаған . Әл - Фарабидің :
Тылсым дүниеге құшағын жайған далам ,
Мен жатырмын ұйкысыз жапа - жалғыз ,
Жанымды ой жарағыи аймалаған,- деген өлең жолдарын оқи отырып , Абай өлеңдерін ерiксiз еске аламыз .

Әл - Фараби ілімі мен түркілік дәсүрлі мәдениеттің сабақтастығы
Әл - Фараби дүниежүзілік мәдениеттің дамуына терең із қалдырған , туған елінің дәстүрлі мәдениетінің байлығымен бірге түркі жұртына көршілес жатқан иран , үнді , араб елдерінің қол жеткен табыстарын бойына сіңірген ғұлама ғалым .
Әл - Фарабидің өшпес мұрасын зерттеген осы тарихи байланыстарыңыз , негізінде өз елiнiң дәстүрлі мәдениеті мен өмір шындығынсыз қарастыру мүмкін емес. Міне сондықтан әл - Фарабидін ілімдерінің кейбір мәселелерінің түркі жұртының дәстүрлі мәдениеттерімен салыстыра отырып , ондағы тарихи сабақтастықты айқындауды мақсат еттік .
Ол ел басқару ісін жетілдіруде дiндi екiншi қатарға қойып , бiрiншi қатарға теориялық философияны койды .Мұндай жүйені алғаш рет түрiк қағанатының дәуірлеп тұрған шағында жазып қалдырған Орхон ескерткіштерінен көреміз. Жоғарыда зеңгі көк, төменде қара жер жаралғанда олардың екеуінің арасында адам баласы жаралған . Адам баласы менiң ата-бабаларым үстемдiк құрған ! Олар бұған дейін әмiршi болған көк түркілердің арасында тәртіп орнатып басқарған.Олар кеменгер қағандар , ержүрек қағандар болған : олардың қызметіндегілерде білгір, ержүрек болса керек:олардың мемлекетті соншалық ұзақ басқарып тұрғаны сондықтан болуы керек " .
Әл - Фараби - рационалды ойшыл . Оның бұл қасиетін қоғамдық мәселелерді шешуге, адамдар бiрiн - бiрiмен келiсiп , тіл табысып отыруы керек деген қвғидасынан көруге болады.

Әл - Фараби мұрасы жайлы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл Фараби тарихи мұралары
Қазақ даласының жұлдыздары
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Жануарларды клондау
Ағзаларды клондау
Пәндер