Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Жоспары:
Кіріспе:
Ұрпақ тәрбиесі.ұлт тағдыры
Негізгі бөлім:
1) Қыз тәрбиесі.ұлт тәрбиесі
2) Қыз өссе елдің көркі...
3) Қыз, әйел . ұяттың ұясы
Қорытынды:
Ертеңін ойлаған.ел азбайды
Кіріспе:
Ұрпақ тәрбиесі.ұлт тағдыры
Негізгі бөлім:
1) Қыз тәрбиесі.ұлт тәрбиесі
2) Қыз өссе елдің көркі...
3) Қыз, әйел . ұяттың ұясы
Қорытынды:
Ертеңін ойлаған.ел азбайды
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Ұлттық тәрбие кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ:“Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері „
ОРЫНДАҒАН: Белдібаева М.
1курс,3 топ,ХБФ
ТЕКСЕРГЕН: Жаңабаева Р.А.
П.Ғ.Д.,профессор
АЛМАТЫ 2010 ЖЫЛ
Жоспары:
Кіріспе:
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдыры
Негізгі бөлім:
1) Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
2) Қыз өссе елдің көркі...
3) Қыз, әйел – ұяттың ұясы
Қорытынды:
Ертеңін ойлаған-ел азбайды
Кіріспе:
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тағдыры - демекші, болашақ ұрпақтың тағдыры қазақ қыздарының қолында, тәрбиесі мен тәлімінде деп атап көрсетті. Әсіресе қазақ қыздарының тәрбиесіне зор көңіл бөле отырып, қыз тәрбиесі –ұлт тағдыры екендігін ерекше атап айтты. Осы мақсатта Педагогика және психология мамандығы білімгерлеріне арналған Жанат Төленқызының Қыздар тәрбиесінің қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі әдістері атты тақырыптағы арнайы курс бағдарламасы енгізілді. Сонымен қатар биылғы оқу жылында п.ғ.к. доцент Ж.Т.Сарыбекованың Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қыздар тәрбиелеу тұжырымдамасы Қазақ қызының психологиясы, Қыз ғұмыр, Қазақ ойшылдарының қыздар тәрбиесіне көзақарастары атты оқу құралдары баспаға ұсынылуда. Бұл оқу құралдарында қыздар тәрбиесі мен қазіргі қыздың психологиясы, оларды өмірге даярлаудағы тәлімі мен тәрбиесі анық айтылған. Ұлт тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі қыздар тәрбиесінен басталатындығы, болашақ ұрпақтың тағдыры осы қыз тәрбиесіне байланысты екендігі, болашақ ана тәрбиесі, жас ұрпақты тәрбиелеу мен олардың тағдыры осы қыз тәрбиесінен бастау алатындығын бірауыздан айтуға болады. Осы оқу құралдары мен еңбектері келешекте жарық көретін болса жас ұрпақ үшін тиімділігі өте зор. Кафедрадағы жас оқытушыларға да өз тәжірибесінен , өз еңбегінен үйретері көп. Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Қызға қырық үйден тыю деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.Қыз ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. Күйеу қартайса құда болады, сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың Күйеуді қызым үшін сыйлаймын деген сөзінде де үлкен мән бар.Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. Абай жолы халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.Бір ұлды тәрбиелеу -бір адамды тәрбиелеу ;ал ,бір қызды тәрбиелеу -бір ұлтты тәрбиелеу "Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрсмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс – керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз – аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз – аздап берсе, осылайша оны келінінің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күманданбауы үшін енесімен өте жылы қарым – қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін айтады.Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәмледе болып, тамағына да аз – аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәмледе болғаның сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналады. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар.Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады дегендері осы болса керек.Көктемді қанатына қондырып Алматыға құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді әнін айтты.Жер-дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап көктем келеді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шатыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттанып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі, бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді маған. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат тантытуда қазақ қызының атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді. Атқа қонған ағаларға сенімді серік болады. Абыз-ақсақалдарға ақылшы емес пе?!Бүгінгі кейбір қазақ қызының келбетіне назарың түсе қалса – көзіңнен нұр, санаңнан сыр, жүректен жыр кетеді. Ар-намысты жігіттің түбіне солар жетеді. Осындай қазақтың кейбір жас қыздарының имандылықтан жұрдай парасаттылық пен инабаттылықты, сыпайылық пен ілтипаттылықты ұмытқан, мінез-құлықтары күн өткен сайын әлсіреп, ұрпақтың санасын улап бара жатқандығы жалғыз менің ғана емес, мыңдаған саналы да зиялы қазақтың көңілін алаңдатып, жүрегін қынжылтса керек.
Негізгі бөлім:
Қыз баланың бойына сыпайылық мейірбандылық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Сондықтан қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтық, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік үлкен қауіп деп санаған.
Қалыңдық үшін болашақ күйеуінің мінез-құлқы, ой – өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, жақсы-жаман әдеттері жайында жақсы білуі өте маңызды. Қыз бала тойларда, көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен, ептілігімен, шеберлігімен жұртқа танылады. Олай болса, бүгінгі қыздың, ертеңгі келіннің қолынан іс келіуін халқымыз міндетті деп ұққан. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болып, жиын-тойларда сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай Еркежан, Шырайлым деп еркелеткен. Киім тіге білу, дәмді тамақ пісіру сынды күнделікті күйбең тұрмыс-тіршілік істерін ұсақ-түйекке баламай, оны көңілге қонымды етіп отбасы тіршілігін толыққанды жағдайға келтіреді, әрі келген жері үшін – келіннің, күйеуі үшін – әйелдің қадірін асырады. Иә, қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болуға тиіс. Сондай-ақ, сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп күймейтін, баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын әдемі, дене бітісі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты, көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, төні шымыр, шырайлылық – қазақ қыздарына тән қасиеттер.
Болмасың да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз, - деп ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек – ақ. К.Қожақметова Қыздар ережесін төмендегідей етіп көрсетеді.
- Қысқаша амандасу рәсімін орындау.
- Орынсыз еліктеп, әлем-жәлем киініп ерсіленбеу.
- Әдепсіздік пен азғындық жолға баспау.
- Ойлы, ұстамдылық жолмен лайықты жар таңдау, алданбау.
- Спиртті ішімдіктер ішуден, темекі тартудан аулақ болу.
- Әйел адамға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеруді үйрену.
- Ұлдар мен ер азамматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар екенін дұрыс түсіну.
- Үлкендердің алдын орағытып, жолын кеспеу.
- Өтірік, өсек айтпау.
- Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы қоғамның бір бөлшегі. Барлық халық қыздары өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол – еңбекқор, ол – қоғам қайраткері деп бағалаған. Зейнеп Ахметова. Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата-ене сыйлайтын қамқор келін - деген. Әрбір қалыңдық – болашақ ана! Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. Жігітті тәрбиелеген – әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді - деген ғой дана халық. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман-үміті болып табылатын тілді де, басқаша емес, ана тіл деп атау тегіннен тегін емес екені анық. Бұл – ұлттық тіл арқылы дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәденеиті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Қыз баланың өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайды, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге - деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Сондықтан қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына ат салысайық дегім келеді.
Қыздарды үй шаруасына үйретудегі негізігі дұрыс ереже:
1. Бала кезден әсемдікке баулу. Мысалы: үйде гүлдер егу т.б.
2. Қол өнеріне үйрету: тігу, тоқу, кесте.
3. Үйді ұқыпты, жинақы ұстауға үйрету.
4. Аспаздық өнерге баулу.
5. Бірден бәрін түгел үйретемін деуге болмайды. Ол үшін сіз төзімді, шыдамды, болуыңыз керек. Сонда ғана жақсы нәтижеге жетесіз.
6. Қызыңыздың қызғушылығын қолдап, еркіндік беріңіз. Сіз тек жағдай жасаңыз.
Егер қызыңыздың қолынан бірдеңе келмей жатса, сөкпеңіз, ұрыспаңыз. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр. Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас, Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе.Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет. Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қызым үйде, қылығы түзде дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса Қызды қырық үйден тыюмен шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді. Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп. – Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!-Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер! Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеудің уақыт күттірмейтін мәселе.Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасы- болашақ ұрпақтың дені сау,жаны таза болуы, бойларына жалқаулық, құнсыздық- жауапсыздықты дарытпау,өздерін сергек ұстауы- бұл да тәрбиенің бірден бір міндеті.
Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. Қызға қырық үйден тыю деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.Қыз ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді.Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген.Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы.Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді.Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады.Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. Күйеу қартайса құда болады, сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың Күйеуді қызым үшін сыйлаймын деген сөзінде де үлкен мән бар.Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. Абай жолы халқымыздың ақыл – ойын биікке көтерген, әрбір отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы болды.Бір ұлды тәрбиелеу -бір адамды тәрбиелеу ;ал ,бір қызды тәрбиелеу -бір ұлтты тәрбиелеу "Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрсмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс – керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз – аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз – аздап берсе, осылайша оны келінінің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күманданбауы үшін енесімен өте жылы қарым – қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін айтады.Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәмледе болып, тамағына да аз – аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәмледе болғаның сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналады. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар.Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады дегендері осы болса керек.Көктемді қанатына қондырып Алматыға құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді әнін айтты.Жер-дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап көктем келеді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шатыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8-наурыз.
Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттанып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі, бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді маған. Ұлт болып ұйысуда, жұрт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz