Ғаламдық экологиялық мәселе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Экологиялық мәселелер қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі, мықты мамандар мен шетелдік құрылғылар мәселені уақытша шешуі мүмкін, бірақ оны болашақта болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиеге бағыттау керек. Экологиялық тәрбие - халықаралық тәрбие, біз бір ғаламшарда тұрып жатқандықтан, әрбір мемлекет халқының жасап жатқан іс-әрекеті бүкіл халықтың денсаулығына әсер етеді. Экологиялық тәрбие - бұл ұтымды және перспективалы процесс, егер де біз күнделікті өмірде жәй ғана қоқыс тастауды сорттап үйренсек, табиғатқа деген жаман әсерімізді азайтсақ, онда біз көп шығынға ұшырамаймыз.
Аннотация
Экологические проблемы являются сегодня одними из самых важных вопросов, сильные специалисты и зарубежные устройства могут временно решить проблему, но для того, чтобы предотвратить это в будущем, необходимо правильно воспитывать следующее поколение. Экологическое образование - это международное образование, потому что мы живем на одной планете, действия людей одной страны влияют на здоровье всех людей. Экологическое просвещение - процесс рациональный и многообещающий, если мы научимся сортировать мусор в повседневной жизни и уменьшим негативное воздействие на природу, мы не будем тратить много.
Annotation
Environmental problems are among the most important issues today, strong specialists and foreign devices can temporarily solve the problem, but in order to prevent this in the future, it is necessary to properly educate the next generation. Environmental education is an international education, because we live on the same planet, the actions of the people of one country affect the health of all people. Environmental education is a rational and promising process, if we learn to sort waste in everyday life and reduce the negative impact on nature, we will not spend a lot.

МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ғаламдық экологиялық мәселе
2.2 Экологиялық мәселелер маңызды мәселелердің бірі
2.3 Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
III.Зерттеу бөлім
3.1 Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
3.2 Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар
IV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер тізім
І. Кіріспе
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас.
Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе.
Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.
Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің жоғары болуына байланысты адамның табиғатқа әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы, жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту, дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.
Зерттеудің өзектілігі
Өркениеттің барлық артықшылықтары үшін, адамзат өзінің денсаулығын, болашағын тәуекелге қояды. Бүгінгі таңдағы экологиялық мәселе біз үшін ең өзекті де, өткір тақырыптың біріне айналып отыр. Қазақстанның, әлем елдерінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары - ғаламдық міндеттер қатарында тұр.
Мақсаты:
Ғаламдық экологиялық мәселе - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер жиынтығы. Жай ғана, ауыз ауырып, жақ талғанша айтып қоя салатын нәрсе емес екенін бәріміз де білеміз. Тіпті бұл проблеманың адамзат үшін аса қауіптілігі соншалық, табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы секілді сұрықсыз көріністерге тап болуымыз ықтимал. Сол себептен де жаһан елдерінің ынта-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру қажет. Жаһандық экологиялық қор сарап - шыларының пікірінше, алдағы онжылдықта үш әлеуметтік-экономикалық тенденция - халықтың өсуі, ғаламдық орта тап және урбандалу жер экожүйелеріне қауіпті жүктемелерді күшейтпек.
Қазақстанның экологиялық мәселелері ұзақ жылдар бойы шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұл мәселелерді түбегейлі шешу үшін Қазақстан көптеген экологиялық бағыттағы аймақтық, сонымен қатар халықаралық ұйымдарға мүше болды, түрлі табиғатты қорғау шараларына атсалысып келеді.
Міндеті:
:: Адамдардың табиғатқа жауапкершілікпен қарамауы салдарына - н табиғатқа тікелей және жанама әсер молаюда, табиғат ресурстарын пайдалану қарқынының күрт артуынан сарқылатын ресурстар азаюда,;
:: Табысты сала саналатын туризмнің төрі - Байқоңыр ғарыш айлағы десек қателеспейміз. Мұнда да экологиялық қауіп жоқ емес. Көкке ұшқан зымыран қалдықтарының жерге түсуі мен сәтсіз ұшырылған ғарыш кемелерінен төгілген гептилдің өзі экологиямызды ластап отыр;
:: Тілсіз табиғаттың мұң шаға алмайтынын ескерсек, тіршілік үшін адамдар қоршаған ортасының жауызына айналып барады. Әрине адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Зерттеу нысаны: Экологиялық мәселелерді зерттеу.
Зерттеу болжамы: Экологиялық мәселелерді шешу халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, деңгейін көтеру, табиғи тепе-теңдікті сақтау екенін түсіндіру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында әдістемелік - теориялық, тәжірибелік қағидалар басшылыққа алынды. Қажетіне қарай, сипаттама, салыстыру, жүйелеу, дәлелдеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І - теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайттар мен ғаламтордан, қосымша материалдардан мәліметтер мен деректер іздеп табу.
ІІ - практикалық. Зерттеу. Дереккөздерін іздеу.
ІІІ - бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, мәліметтерге түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама, презентация дайындау.

II. Негізгі бөлім.
2.1 Ғаламдық экологиялық мәселе

Ғасырлар бойы дамып, жаңа дәуірге бет бұрған өзгерістерге толы өркениеттің одан әрі дами түсеріне ешкімнің күмәні жоқ. Десек те, соқпақ-соқпақ жолдардан сүрінетін де кез болады екен. Қалай дейсіз ғой, өркениеттің жойылуына дейін апаратын күш - ғаламдық мәселенің дер кезінде және міндетті түрде шешім таппауы. Өзегінен қиылып түскелі тұрған мұндай мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ бір нәрсенің жетіспей қалуы жазылмаған дәстүрге айналып барады. Ол не десеңіз, үйлес - тірушіліктің жетіспеуі. Кей дереккөздерге сенсек, ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық мәселелер құрайды екен.
Себебі, ғаламдық экологиялық мәселе - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені.
Ауқымы бойынша ғаламдық экологиялық мәселелер бүкіл адамзатты, дүниежүзін қамтиды.
Маңыздылығы бойынша адамның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіреді.
Шешімінің күрделілігіне байланысты бірігіп күш жұмсауды талап етеді.
Жай ғана, ауыз ауырып, жақ талғанша айтып қоя салатын нәрсе емес екенін бәріміз де білеміз. Тіпті бұл мәселенің адамзат үшін аса қауіптілігі сол, табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның және әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы, шөлейттену, орман аумағының қысқаруы секілді сұрықсыз көріністерге тап болуымыз ықтимал. Сол себептен де жаһан елдерінің ынта-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру қажет. Жаһандық экологиялық қор сарап - шыларының пікірінше, алдағы онжылдықта үш әлеуметтік-экономикалық тенденция - халықтың өсуі, ғаламдық орта тап және урбанизация жер экожүйелеріне қауіпті жүктемелерді күшейтеді. Болжам бойынша әлем халқының саны 2050 жылға - қарай 9 миллиардтан асады. Халық санының өсуі, дұрыс тамақтанбау және топырақ сапасының төмендігі табиғи ландшафтарды ауылшаруашылық мақсатта - пайдалануға беру, тұщы су беру қысымын жоға - рылату да экожүйеге қосымша қысым түсірмек. Бұдан шығатыны, экологиялық мәселенің шиеленісінің күрделенуі.
Әлемдік экономиканың шарықтауымен орта тап халқы өседі деп күтілуде. Ал 2030-жылға қарай тағы 5 миллиард адам күнделікті тұтынуы 10-100 АҚШ доллары аралығында болатын адамдар санатына қосылады деген болжам бар. Бұл өсімнің үштен екісі Азияда болады және энергия, тамақ, ғимараттар мен көлікке деген сұраныстың артуына әкеледі. Бұл тенденциялар климаттың өзгеруіне, био - әртүрліліктің жоғалуына, жердің тозуына, химиялық ластануға, ауыз судың азаюы мен орманн - ың жойылуына қауіп төндіреді деп дабыл - қағуда эколог мамандар.
Рас, халық санының өсуінің көп бөлігі қалалық жерлерде, сондықтан 90 пайыз ластанудың көзі қалалық жерде болып табылады. Мәселен, парниктік газдың дүниежүзілік шығарындыларының 70 пайыздан астамы қалалық жерлерде. Өркениетке еру, қалалануға көшу экономикалық тұрғыдан ұтымды, дегенмен мәселенің екінші ұшы экологияға тірелетінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан халықтың тұтынған тауары мен тұрмыстық қалдықтарын қалдықсыз игеру мәселе - сі айтылып жүр. Қазақстан Республикасы индустрия және инновациялық даму министрлігінің мәліметінше, елімізде қалдықтардың 22 миллиардтан астам тоннасы жинақталған. Оның 16 млрд тоннасы - техногенді минералды құрылымдар, 6 мыңға жуық тоннасы - өндіріс орындарынан шығатын қауіпті қалдықтар. Бір ғана Алматы қаласының өзінде қоқыстың жылдық көлемі 1 миллион тоннаға жуық. Алматы облысының аумағында 8,7 миллион тоннадан артық қалдық жиналып қалған. Міне, осындай әр ауыл, қала, ірі қаладан туындаған мәселе ғаламдық сипат алып, бүгінде ғаламдық экологиялық мәселе қатарын көбейтіп, өршітіп отыр.
Дүниежүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады.

2.2 Экологиялық мәселелер маңызды мәселелердің бірі
Экологиялық мәселелер қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі, заманауи технология, мықты мамандар, шетелдік құрылғылар мәселені уақытша шешуі мүмкін, бірақ оны болашақта болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиеге бағыттауымыз шарт. Экологиялық тәрбие - халықаралық тәрбие, біз Жер атты бір ғаламшарда тұрып жатқандықтан, бір мемлекет халқының жасап жатқан іс-әрекеті барлық халықтың денсаулығына әсер етеді. Экологиялық тәрбие - бұл ұтымды және перспективті үдеріс, егер де біз күнделікті қарапайым қоқыс тастаудың өзін сорттап үйренсек және табиғатқа деген теріс әрекеттерімізді азайтар болсақ, шығын жағы да аз болмақ.
Экологиялық дағдарыстың көптеген себептерінің арасында (жер ресурстарының шектеулілігі, өндіріс қалдықтары, адамдардың табиғаттың даму заңдылықтарын білмеуі және пайдалануы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметіндегі кемшіліктер және т.б.) бар. Оны экологиялық білім мен нигилизмнің экология заңдылықтарын ескермеуге байланысты кемшіліктерін түзетуге бағыттау және өзгерту арқылы жеңуге болады.

2.3 Атмосфераның табиғи жолмен ластануы
Атмосфераның өнеркәсіп пен ауылшаруашылық қалдықтарымен, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең лас өнеркәсіп саласы тау-кен және құрылыс материалдарын өндіру, мұнай-химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндіру салалары екендігі мәлім. Мысалы, 1 т алюминий алу үшін 38-48 кг фтор пайдаланылып, кейін оның 65 пайызы атмосфераға шығарылып отырады. Атмосферадағы қарақошқыл фотохимиялық у тұманның түзілуіне автомобильдер бөлетін газдар тікелей әсер етіп отыр.
Атмосфераның ластануы озон қабатының жұқару салдарына әкеліп соғады. Ал озон қабаты Жер шарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтынын барлығымыз білеміз. Егер ауадағы ультракүлгін сәулелердің көлемі артса, адамдар арасында көз аурулары мен тері обырының көбеюіне, жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы флора мен фаунаға да әсерін тигізіп, ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келеді. Нәтижесінде, өсімдіктердің тым қысқа немесе тым үлкен болып өсуі, жануарлардың кемтар болып туылуына септігін тигізіп отыр.
Атмосфераның табиғи ластануы жанартаудың атқылауына, тау жыныстарының үгілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай әсерінен) теңіздегі тұздардың желмен бірге аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына байланысты болады. Атмосфераны табиғи ластаушылар аэропланктондар, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар ғарыш шаң-тозаңдары жатады. Ғарыш шаң-тозаңдары атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Бір секундта атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 кмсек дейін) 200 миллионға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Экологиялық проблемалардың жаһандануы
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрлері
Ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер
Ғаламдық экологиялық проблемалар
Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер