Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары.Қашықтықтан оқыту
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Урынбаева Құндыз, 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы _____________

Ақтау 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Урынбаева Құндыз
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары.Қашықтықтан оқыту
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Мүмкіндігі шектеулі тұлға дегеніміз кім? ;
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру ;
Қашықтықтан оқыту дегеніміз не? ;

Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ;
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдемесі ;
Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар ;
Қазақстандағы инклюзивті білім ;
Курстық жұмыстың көлемі: 31 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р.
___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ.
1.1 Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...7-16
1.2 Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру ... ... ... ... ... ... ... ..1 7-22
II. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУДЫҢ ВАРИАТИВТІ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және вариативті оқыту қарастырылады ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..23-25
2.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. .26-27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі:
Жұмыстың өзектілігі- мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр.Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды.Білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше бұқаралық балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосуы тиіс.

Курстық жұмыс мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қазіргі заманғы қоғамның қарым-қатынасын өзгертуді іске асыру арқылы балалардың оқу процесінде өз қабілеттері мен жетістіктеріне жетуі мамандандырылған оқу орнында емес, кәдімгі жалпы білім беру мектебінде жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Курстық жұмыс міндеті:
Қазіргі қоғам даму жағдайында осы проблеманы шешу маңыздылығын көрсету. Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу.Бүгін танда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар - бұл әлеуметтік бейімделген, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: балалардың ерекше қажеттіліктерін және мектептегі білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттықкоммуникациялық технологияны қолдану даярлығының нәтижесін жорамалдауға болады, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияныпайдалану даярлығының теориялық негіздері анықталып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі мен оның тиімділігін бағалайтын, эксперименталды түрде дәлелденген инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығын қалыптастыратын арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орнында педагогикалық үдеріске енгізілсе, ондастуденттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану дағдылары дамып, кәсіби шеберлігі артады, өйткені осындай модельдегі болашақ маманды дайындау қоғам сұранысына сай сәйкестендіріледі
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізілген ғылыми және практикалық негізгі нәтижелері арнайы курс пен арнайы әзірленген оқу бағдарламасында жүзеге асырылды.Білім берудегі ақпараттандыру құралдарын пайдалануда болашақ мамандарды жүйелендірілген және кеңейтілген түрде дайындау үшін 15 Бастауыш білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану атты базалық цикл таңдау пәндеріне арналған арнайы курсының бағдарламасы әзірленді.

Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, екі бөлімнен, әдістемеден, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу пәні:Инклюзивті оқыту.
Зерттеу әдісі: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің маңыздылығы ашып көрсетіледі.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, ...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады (Білім туралы ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде әдістемелік ұсынымды әзірлеуге түрткі болды. Әдістемелік ұсынымның мақсаты: инклюзивтік білім беру кезінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, кедергісіз болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет, - деп атап өткен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда өзімді қосқанда ал, ағылшын тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз - балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтікэкономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы кедергісіз аймақтар құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі - жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Инклюзивті білім беру әлемдік тәжірибеде әрбір адамның құқықтар, еркіндіктер және арождан теңдігінің ізгілікті құндылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі берілген барлық, осындай балаларды оқытатындарға да, олармен бірге оқитындарға да, оларды отбасында тәрбиелеп отырғандарға да арналған игілік ретінде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық құжаттардың тізілімі мен атаулары білім алуға тең құқықтар идеясын жақтаушылардың барлық адамдарға, балалар мен ересектерді қоса, арналған мәдени игілік және әлеуметтік құқық ретінде күш-жігерін көруге мүмкіндік береді, ол білім беруге деген әлеуметтікмәдени тәсіл аясындағы білім беру инклюзиясының ғаламдық мәнмәтініне куә болады. Білім беру саласының жалпы, соның ішінде инклюзияның айрықша, тарихын және заманауи ахуалын көрсететін осы құжаттардың негізгілерін атап кетсек: - Адам құқықтарының жалпыға міндетті декларациясы (БҰҰ,1948 ж.); - Бала құқықтарының Декларациясы (БҰҰ, 1959 ж.); - Білім беру саласындағы кемсітушілік пен күрес туралы Конвенция (Юнеско, 1960 ж.); - Ақыл-есі кем адамдардыңқұқықтарытуралы Декларация (БҰҰ, 1971 ж.); - Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация (БҰҰ, 1975 ж.); - Балалар құқықтары Конвенциясы (БҰҰ, 1989 ж.); - Мүгедектерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері, БҰҰ, (1993 ж.); - Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясат және практикалық іс-әрекеттер жөніндегі Саламан декларациясы (Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту туралы Бүкіл әлемдік конференциясы, Саламанка, Испания, 1994 ж.); - Жүзеге асырудың Дакар Рамкасы. Жаппай білім беру: ортақ міндеттемелердің орындалуы (Дакар, Сенегал, 2000 ж); - Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 2006 ж.). Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіденбілім беру бағдарламасыныңәртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан - ақ қиыншылықтарға тап болады. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалы қ-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында - тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог- дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивтіоқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жасерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Инклюзивті оқытуды даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды.Мұндай білім негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынас, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау, жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын іске асыру қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Балалардың бір-біріне түсінушілікпен қарап, тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына тікелей ұстаздың ықпалын қажет етеді. Сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінезқұлқында және басқа да бұзылыстары бар балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсете аларлықтай педагог кадрлар даярлығын арттыру қажеттілігі де жасырын емес. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Мұны кез-келген педагог дәл ажырата аларлықтай біліммен қаруланған ба? Дәл қазіргі жағдайда педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген студент мектеп қабырғасында түрлі ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауға қабілетті ме? деген сауалдар көкейде қордаланып тұр. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде білім алған болашақ кәсіби маман сол саланың бакалавры біліктілігін алады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына Инклюзивті білім курсы енгізілуде. Бұл қуана құптарлық жай. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқуын ұйымдастырады. Әрбір педагог адам жанының инженері десек, бұл қадам кез-келген жағдаяттан, тығырықтан жол тауып шыға алатындай, инклюзивті білім негіздерімен қаруланған кәсіби маман даярлауға жол ашар еді. Әйтсе де қобалжу тудыратындығы да жасырын емес. Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының инклюзивті білім берудегі дайындық деңгейі қаншалықты? Мұндай қадамға біз дайынбыз ба? Инклюзивті білім беру мәселесі бастау алып кетті, енді тығырықтан шығар жол қайсы? Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық проблемаларын зерттеп, оларды шешуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту, бірлесе жұмыс жасау - бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Оқу орындарында педагогикалық-психологиялық кеңес беретін орталықтар ашып, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандарды тартып, бірлесе жұмыс жасау қажет. Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында қайта даярлық курстарынан өткізген жөн. Инклюзивті білім саласына қатысты мәліметтерде жоғары оқу орындарында инклюзивті білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша жалпы жоғары оқу орындарына арналған типік оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары, мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-физикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы бойынша реттелетіндігі сөз болады. Демек, оқу бағдарламаларын да қайта қарау қажеттілігі туындайды. Инклюзивті білім беруге дайындық жасау барысында туындайтын екінші бір мәселе оқу орнының талапқа сай жабдықталуы. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны, бала бойындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған құрылғыларды қолдану қажеттілігін де ретін тауып шешкен жөн. Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. Жалпыға бірдей білім бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.
Соған сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
Барлық адам бір-біріне қажет.
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді. Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері, Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері деген курстарды енгізді.
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; Интернат-үйлер; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. Франция. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу келесідей нұсқада орындалуда:

Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады.

Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.

Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады.

Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: негізгі бағыт, жалпы білім инициативасы, енгізу. Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. Негізгі бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. Жалпы білім беру инициативасы - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы - дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. Енгізу моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады. Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру
Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Инклюзивті білім беруді енгізу
Пәндер