СОТ ДАУЛАУШЫ ЖАУАПКЕР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының теориялық негіздері 5
1.1. Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері 5
1.2. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары 8
2. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу 12
2.1. Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілер. 12
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар 15
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары дегеніміз -- қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.

Құқық субъектісі -- заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтар мен міндеттерге ие болып, олар-ды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық -- тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жок, па ол тұлғаның еркі[2, 122 б.].

Заңды міндет -- заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) -- табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы - азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.

Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:

құқық нормаларының негізінде пайда болады;
арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастары - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек онна адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас -- бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптіде жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

Курстық жұмыстың міндеттері.

Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарын зерттеу;
Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктерін қарастыру;
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттарын;

1 Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының теориялық негіздері

1.1 Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері

Құқық қатынастары құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар болып табылады. Ю.К.Толстой айтқандай, құқық қатынастары - қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттердің жүргізушілері ретінде болып келетін қоғамдық қатынас.

Берілген жалпы теориялық жағдай азаматтық іс-жүргізу құқық қтынастарына да қолданылады.

Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары - азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, - азаматтық істердің қаралуы және шешілуімен, және де солар бойынша енгізілген актілердің орындалуымен байланыста орын алады. Құқық қатынастарының қатынасушылары іс-жүргізу құқықтарымен ие болады және іс-жүргізу міндеттерін алып жүреді. Азаматтық сот өндірісі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар азаматтық іс-жүргізу құқығының пәнін құрайды. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жібергенде сот пен іс-жүргізудің қатысушылары арасында әртүрлі іс-жүргізу құқықтық қатынастары пайда болады. Сондықтан арнайы іс бойынша азаматтық сот өндірісін сот төрелігін орындау кезінде пайда болатын, өзгеретін және тоқтатылатын құқық қатынастарының анықталған жиынтығы ретінде қарауға болады[3,89 б.].

Революцияға дейінгі ресейлік ғылыми әдебиеттерде азаматтық іс-жүргізудің өзі заңды қатынас ретінде қаралған. Заңды қарым-қатынас ретінде сс-жүргізудің маңызы туралы әртүрлі авторлар айтуларының анализі Е.В.Васьковскиймен жүргізілген.

Азаматтық іс-жүргізу туралы заңды қарым-қатынас сияқты пікір алғаш рет О.Бюлов неміс іс-жүргізуші профессорымен айтылған, ол даулық іс-жүргізуде екі заңды қарым-қатынастар пайда болады және орындалады деп жобалаған:
1. даулаушы мен сот арасында;
2. жауапкер мен сот арасында.

Жақтар өздері арасында заңды қарым-қатынаста тұрмайды, өйткені 1 жақтың іс-жүргізу құқықтарына басқаның іс-жүргізу міндеттері сәйкес келмейді. Бір-бірінің қарым-қатынастарында жақтар іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерімен болмайды. Олар соттың іс-жүргізу міндеттері сәйкес келетін іс-жүргізу құқықтарымен сотқа қатынасы ғана бойынша ие болады.
Солай, азаматтық даулық іс-жүргізу өзінің ішкі құрылысы бойынша екіжақты құқық қатынастарының қосылуын алып жүреді, және келесі схема ретінде көрсетілуі мүмкін:

СОТ

ДАУЛАУШЫ ЖАУАПКЕР

Осы құқық қатынастарының әрбірінде субъектілердің бірі сот болғандықтан, екі қарым-қатынастар берілген элементтің теңдігімен қосылады және бір бірлікті құрайды, ненің арқасында іс-жүргізу ішкі бірлікті табады. Оның қасиетін белгілеу үшін, барлық іс-жүргізуді түгелімен заңды қарым-қатынас деп атайды.
О.Бюлов процессорының іс-жүргізудің маңызы туралы заңды қарым-қатынас ретіндегі пікірі өзіне замандас ғылым-іс-жүргізушілермен қолдану көрсетілген.
Бірақ заңды қарым-қатынастың өзінің түсунуі даулаушы мен жауапкердің өздерінің құқығы бар қатысушылары ретінде болып келетін қарым-қатынастар ретінде, ал сот - міндетті субъект ретінде, авторлар міндетті субъект ретінде, авторлар қатарында қарсылық әкелді.
Ана жылдардың ғылыми әдебиеттерінде заңды қарым-қатынасқа басқа үш көзқарасты байқауға болады.
1. бір ғалымдар, жақтардың өзара іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерінің ие болмайтындығымен келісіп, сот тек міндеттерді алып жүрмейді, және де құқықтармен ие болатыны айтты.
Осыған байланысты заңды қарым-қатынастың схемасы келесідей болып келеді:

СОТ

Даулаушы Жауапкер
2. Басқалары сот іс-жүргізуді өзбетінше назарларын қуаламай, іс-жүргізу қарым-қатынасының субъектісі болып табылады. Мемлекеттік билік органы ретінде келіп, сот жақтардан жоғары тұрады, олардың үстінде.
3. Үшіншілері, - жақтар арасында іс-жүргізу міндеттерінің бар болуы үшін сөз айтып, іс-жүргізудің барлық 3 субъектісі - сот-даулаушы-жауапкер - іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерімен өзара байланысты деген көзқарасты ұстанған.
Осыған байланысты белгіленген схема келесідей болып келеді:

СОТ

Шынымен де, іс-жүргізу құқық қатынастары сот пен іс-жүргізудің қатысушысы арасында пайда болатыны, қатысушылардың өздері (жақтап, 3-ші жақтар, прокурор, сарапшы, куә және іс бойынша соттық талқылауда қатысатын басқа тұлғалар) ерсілі-қарсылы құқықтары мен міндеттерімен ие болмайтыны туралы пікірмен бөлісу қажет. Өзара іс-жүргізу құқықтары мен міндеттері тек қана сотта және іс жүргізуге қатысушыда бар. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары жоғары аталған субъектілердің өзара мінез-құлықтарын алып жүред[5, 67 б.].

Бірақ азаматтық іс-жүргізуге бір ғана құқықтық қатынасқа сияқты даулы болып табылады. Сот пен іс-жүргізуге қатысушы арасында пайда болатын ана немесе мына бөлек арнайы қарым-қатынасты элементарлы азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы ретінде қарау қажет. Іс-жүргізу (процесс) - әрбірі азаматтық іс-жүргізу құқығының анықталған нормасы негізінде пайда болатын сот пен іс-жүргізуге қатысушы арасындағы элементарлы бір-бірн алмастыратын құқық қатынастарынан тұратын күрделі жүйе (А.А.Мельников) Сот пен іс-жүргізуге бір қатысушысы арасында бірнеше іс-жүргізу құқық қатынастары пайда болуы мүмкін. Өзбетінше құқық қатынастарына қарай көпшілік жинағымен азаматтық іс-жүргізуді құрайды. Іс-жүргізу құқық қатынастарының жүйесі азаматтық сот өндірісін де құрайды.

Сондай-ақ, азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы - азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:
5. құқық нормаларының негізінде пайда болады;
6. арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
7. қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
8. құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген[6, 231 б.].
Сонымен бірге азаматтық сот өндірісі - мемлекеттік әрекеттің негізгі саласы, сондықтан азаматтық іс-әрекет қарым-қатынастары өз әдістемелі ерекшеліктерімен ие болады. Олар Н.П.Чечинамен терең зерттелген.
Сол нышандар мынандай:
1) азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының міндетті субъектілері болып табылатындар: бір жағынан - сот, басқа жағынан - процеске қатысушы.
Сот - мемлекеттік билік органы, ал іс-жүргізуге қатысушы - сотқа бағынған субъект, сондықтан азаматтық іс-жүргізу қатынастары билік пен бағыну қатынастары сияқты мінезделеді. Сот өкілінің биліктік мінезі соңғысы құқық иеленушісі сияқты, ал басқа субъективтік міндеттерді алып жүрушісі сияқты дегенді білдірмейді. Жоғарыда белгіленгендей, сот процесс қатысушыларына байланысты іс-жүргізу құқықтары мен міндеттерімен бөлінген.

Ғылыми әдебиеттерде іс-жүргізу құқық қатынастары соттан басқа іс-жүргізудің бөлек қатысушылары арасында пайда болуы мүмкін деген айтулар бар. Солай, И.А.Жеруолис іс-жүргізу қатынастары жақтар арасында істе шығуы мүмкін. А.Ф.Казловтың пікірі бойынша, сондай құқық қатынастарының шығуы тек ақана жақтар арасында емес, және де сот өкілі мен іске қатысатын тұлға арасында.
2) азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары тек қана құқықтық пішінде пайда болып шыға алады, құқықтық емес пішінде олар бола алмайды. Фактілі іс-әрекет қарым-қатынастар (факт бойынша қатынастар) болмайды. Азаматтық іс-әрекет құқығының нормаларымен қаралған қатынастар пайда бола алады, өйткені іс-жүргізудің субъъектілерінің барлық әрекеттері азаматтық іс-жүргізу заңымен реттелген. Осы нышан азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарын азаматық және басқа метиралдық құқықтық қатынастардан айырады.

1.2. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары

Құқықтық жалпы теориясының жалпы таныған жағдайына сәйкес құқық қатынастарының пайда болуының алғышарттары деп аталатыны анықталған, заңды түрде бекітілген шарттарды қолда барында пайда болады.

Сол алғышарттар екі түрге бөлінеді: жалпы (абстрактілі) және арнайы (нақты).

Жалпы алғышарттарға жатады: а) құқық нормалары; б) құқық субъективтілігі.

Арнайы алғышарт болып құқық қатынасының пайда болуының тікелей негізі танылады: заңды факт (әрекет, әрекетсіздік, оқиға, жағдай) немесе заңды фактілердің жиынтығы.

Сондай-ақ, азаматтық іс-әрекет құқық қатынастарының пайда болуы үшін келесі 3 алғышарттар қажет:

азаматтық іс-жүргізу құқықтарының нормалары;
іс-жүргізу құқық қатынастарының қатысушыларының құқық субъектілігі;
заңды факт (заңды құрам)
Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары әділеттігін орындау кезіндегі сот пен процесс қатысушыларының мінез-құлықтарының жалпы түрде міндетті ережелері.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары сәйкестендірілген іс-жүргізу норманың тек қолда бар кезінде пайда болады. Азаматтық іс-жүргізу құқығының ғылымындағы аксиома болып келесі жағдай болып табылады: іс-жүргізу нормасы жоқ - іс-жүргізу қарым-қатынасы да жоқ.

Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары үшін анықталған белгілер мінезді. Сол нормалар:

тек қана мемлекетпен құрылады;
жалпы түрде міндетті болып табылады;
тек азаматтық сот өндірісі саласында ғана қатынастарды реттейді, қысқаша айтқанда азаматтық істерді қарау және шешумен және олар бойынша шығарылған сотық актілердің орындалуымен байланысты пайда болатын қатынастар;
оларды бұзу кезінде мемлекеттік күш қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.
Іс-жүргізу қатынастарының қатысушыларының құқық субъектілігі құқық қабілеті мен әрекетке қабілетсіздігін біріктіретін түсінік болып табылады.

Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті - азаматтық іс-жүргізу құқықтары мен іс-жүргізу міндеттерімен ие болуға қабілеті. Ол тең шарада метиралдық құқықтық субъектілері болып табылатын барлық азаматтармен және ұйымдармен танылады (АІЖК-нің 45 б.). Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті азаматта оның туылу кезінен басталады және оның қайтыс болу кезінен бастап аяқталады. Заңды тұлғаның құқық субъектілігі оны құру кезінен бастап (заңды тұлға ретінде заң бойынша тіркеу) пайда болады және заңды тұлғаның әрекетінің аяқталуымен байланысты аяқталады (бірігу, бөліну, жаңадан құру формасындағы жою немесе жаңадан ұйымдастыру) [9, 116 б.].

Құқық қабілеті және әрекетке қабілесіздігінің пайда болу мен аяқталу кездері заңды тұлғада сәйкес келеді.

Азаматтық іс-жүргізудің әрекетке қабілетсіздігі өз әрекеттерімен өз құқықтарын қорғау мен міндеттерін орындауға, өкілге істің жүргізілуін тапсыруға қабілеті (АІЖК 46б.1бөлігі).

Әрекетке қабілетсіздігі өзінің жеке әрекеттерімен өз іс-жүргізу құқықтарын іске асыру, және міндеттерін орындап өзбетінше жауапкершілік әкелуді білдіреді.

Азаматтық іс жүргізуге әрекетке қабілетсіздігі оның жасы мен психикалық жағдайына байланысты. Іс-жүргізуге әрекетке қабілетсіздігімен толық көлемде 18 жасқа жеткен азаматтар, және де 18 жасқа жетпей некеге түскен тұлғалар ие болады.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекетке шектелген қабілеттілігі бар деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңға қызығушылығы сотта өз заң өкілдерімен - ата-аналарымен, асырап алушыларымен қорғалынады. Бірақ сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке шектелген қабілеттілігі бар азаматтарды тартуға міндетті. Азаматтық, отбасылық, еңбектік, кооперативтік, әкімшілік және басқа құқық қатынастарынан және тапқан айлығын орналастырумен немесе кәсіпкерлік әрекеттен түскен табыстармен байланысты мәміледен шығатын істер бойынша, заңмен қаралған жағдайларда, 14 жастан 18 жасқа дейін кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтары мен заңға қызығушылығын жеке қорғауға құқығы бар. Осындай ітерде оларға көмектесу үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін қатысуға тартуы соттың қарауына байланысты (АІЖК 46 б. 2 мен 4 п.)

Келтірілген нормалар АІЖК 63 б. 1 п. Нормаға қарсы болып келеді, онда әрекетке толық қабілеті жоқ тұлғалардың құқықтары, бостандықтарымен заңға қызығушылығын сотта олардығ ата-аналары, асырап алушылары қорғайды деп белгіленген. АК 22 б. 2 мен 4 п. Келесі ережелер бекітіледі: 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз айлығын, шәкіртақысын, басқадай табыстарын және олармен құрылған интелектуалдық мүлік құқығының объектілерін өзбетінше бөлуге, және де тұрмыстық мәміле жасауға құқығы бар.

14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардың, және де әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңға қызығушылығы сотта олардың заңды өкілдерімен - ата-аналарымен, асырап алушыларымен қорғалынады.

Заңды факт (заңды құрамы) - заң іс-әрекет қатынастарының пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстыратын азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен қаралған өмірлік жағдай. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары ережедегідей, әрекеттер (әрекетсіздік) сияқты заңды фактілердің негізінде пайда болады.

Субъективтік іс-жүргізу құқығы іске асатын немесе заңды міндет орындалатын әрбір әрекет заңды факт болып табылады (В.Н.Щеглов).

Заңды факт - оқиға (жағдай) - өзімен өзі азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының пайда болуы үшін негіз болып табылады. Ол тек қана азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын алып жүретін әрекеттерді орындау үшін негіз болып табылады. Осы жағдайда азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары заңды фактілердің жиынтығы (жағдайлар мен әрекеттер) негізінде пайда болады.

Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:
1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
2) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;
3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;
6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;
7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;
8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
9) бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы;
10) бала асырап алу туралы;
11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстер жатады.
12) Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін

2. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу

2.1. Азаматтық іс жүргізуге қатысушы субьектілер.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз - нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушылар
Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.

Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
Соттағы өкілдер.
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық қатынастарының ерекшеліктері:

АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар арасында пайда болды.
В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

-- Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.

-- Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.

-- Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

Қызметтік - қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни, негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес азаматтық іс жүргізу құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

Жалпы.
Арнайы.

Жалпыға :

а) құқық нормасы
б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:
а) Нормаларды мемлекет бекітеді
б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады
в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік - бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік
б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.13

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай - құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз - нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар

Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлік жауап беру бұл - азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті мән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқық субъектілері
Медиацияның шетелдік тәжірибесі
Мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландіруға бағытталған нотариалдық іс әрекеттердің ерекшілектері
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Пәндер