Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Байшев Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекет

Орындаған:Амантай А.Б
Тексерген:Кубанова Д.Б

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттің сипаттамасы ... ... ..5
1.1. Мемлекет нысандарының жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ..7
1.3 Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы.13
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесі ... 14
2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандары ... .16
3. Шетелдік унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқарудің үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси үйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық-күш құралдары бар.
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамсыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет -- мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы,Ұлыбритания, Жаңа Зеландия,Жапония, Испания, Италия) жатады.
Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар,Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында "Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет" делінген (2-бап). Мемлекеттің орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау және ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Мемлекет нысандарының жалпы түсінігін аныықтау;
Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктерін зерттеу;
Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінікті ұғыну;
Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихын саралау;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының жүйесін талдау;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың типтік нысандарын анықтау;
Шетелдік унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқарудің үлгілерін талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні. Бұл жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқаруды жүзеге асыру жағдайын зерттеу.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері болып мемлекетті басқару саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері табылады.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі: Қазақстанда мемлекетті басқару мәселлеріне Б.А.Рахметов, А.Я.Кибанов, А.Б.Рахимбаев, С. Сатыбалдыұлы және тағы да басқа ғалымдардың еңбектері арналды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, отандық және шетелдік қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттің сипаттамасы
1.1. Мемлекет нысандарының жалпы түсінігі
Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы
бар:
Басқару түрі.
Саяси тәртібі.
Мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар монархия және республика.
Монархия -- елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мүрагерлік төртіппен иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысы -- королева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы -- король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы -- монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы -- король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы -- король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны -- император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы -- ұлы герцог) орныққан.
Республика деп - мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.
Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.
Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды:
АҚШ, Филиппинде - конгресс;
Польша, Финляндияда - Сейлі;
Иран, Түркияда - Мәжіліс;
Израильде - Кнессет;
Швейцарияда - Ригстаг;
Францияда - Ұлттық жиналыс дейді [2].
Парламенттік республикада заң шығарушы органның құзіреті кең болады. Мысалы, Италия, Түркия, Германия, Грекия, Голландия, Бельгия, Ұлыбритания, Израиль т.б. мемлекеттерде осы басқару түрі енгізілген. Бұл елдерде атқарушы билік - үкімет президенттің емес, парламенттің алдында ғана есеп береді. Парламент кез келген сәтте президентке импичмент жариялап, үкіметті таратуға құқылы. Және елдің жоғарғы лауазымды тұлғасы президент емес, премьер-министр болады. Сайлау пропорционалдық жүйемен өткізіледі. Ал президенттік республикаларда елдің сыртқы және ішкі саясатын президент айқындап, үкіметтің есебін тыңдайды. Яғни атқарушы биліктің барлығы мемлекет басшысының құзіретіне беріледі. Латын Америкасы елдері мен посткеңестік мемлекеттердің дені осы басқару түрін таңдаған. Еуропада Франция - президенттік республика. Сонымен қатар осы екі басқару түрінен басқа аралас республикалар да бар. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы Президент. Францияда 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ел тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді. Парламент пен президент билікті бөліскенмен, кей жағдайда мемлекет басшысы заң шығарушы органды таратып, кезектен тыс сайлауды белгілей алады. Мұндай елдерге Португалия, Армения, Литва, Украина, Словакияны жатқызуға болады. Кейбір сарапшылар Ресейдегі билікті де аралас басқару деп атайды. Ал 2007 жылғы мамыр айында Конституциямызға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан да осы басқару түрін таңдады [1].

1.2 Мемлекеттің құрылымдық нысаны және оның ерекшеліктері
Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [1]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган -- әкiм.
Федерация "федус" деген сөз - одақ деп латын тiлiнен аударылады [2, 27б.]. Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет -- күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация -- белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан iстелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi -- Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында, Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында -- Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары -- федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия -- федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия -- олар федерацияға жатады [3, 15б.].
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -- түрiктер, бергi атасы -- қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.

1.3 Унитарлы құрылым нысаны туралы түсінік
Мемлекеттік құрылым нысандары - мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік құрылым нысандары:
1) Унитарлық - қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртүтас заңдар жұйес бар. мысалы, Полыианы, Венгрияны, Болгарияны, италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге - Швецияны, данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге - Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рүқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.
2) Федеративтік - кұрделі одақтық мемлекет, бөліктері мемлекеттік құрылымдар және белгілі мөлшердегі мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федеральдық органдар мен қатар, федеральдық заңдардың негізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы, Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принциппен құрылатын мұмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей). Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзыреті, тек федерация органдарының құзыретіне, басқасы - федерация субъектілеріне, ұшіншісі - одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзыретіне жатады.
3) Конфедерация - саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.
Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мұмкін, бірақ олар, не ұшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.
Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер достығы деп атайды. Мысалға қазіргі әрекеттегі ТМД-мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда тұсініксіз жағдайлары көптеу.
Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мнемлекеттер нысандары сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған -империялар, протектараттар және басқалар.
Мысалы, империя - дегеніміздің тұсінігіне мемлекеттік құрылымдар жатады, олардың негізгі айырмашылығына - аумағы жағынан кеңдігі, бір орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтарымен қарым-қатынасы, тұрғындарының әртұрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы, империялар (Рим, Британия, Ресей) әртұрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.
Протекторат - мықты мемлекеттің халі нашарлау мемлекетке көрсеткен формальді көмегі, әдеттегідей, ондай мемлекеттер тәуелсіздігін жоғалтады және жерлері жауланып алынуы мүмкін.
Бүгінгі күннің тұрғысынан безбендей келгенде, сол бір мемлекет тағдыры мен ұлт болашағы талқыға түскен сын сәтте жасалған батыл қадамдардың ақталғандығын және өз уақытында болғандығын атап өткен ләзім.
1993 жылы алғашқы Конституцияның қабылдануы бұған дейін қызмет еткен 1990 жылғы Конституциямен салыстырғанда, аса маңызды қадам болды. Тәжірибе көрсеткендей, бұрынғы Конституцияның бірқатар баптары мемлекеттік құрылыс эволюциясына, әлуметтік саланы,экономикалық реформалар мен саяси қатынастарды модернизациялауға құқықтық тұрғыдан кедергі жасап келген болатын.
Елбасы Конституцияның барлық ережелері қазақстандықтардың болмысына, қазақ халқының дәстүрлері мен болашағына сәйкес келіп, онда өзіндік қазақстандық қолтаңбасы болуы үшін жаңа мәтінді әзірлеу барысында Президент жұмыс тобы мүшелерінің алдына өзге Конституцияларды көшірмеуді, керісінше, басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде еліміздің қажеттіліктеріне барынша жауап беретін Негізгі заң жобасын дайындау міндетін қойды. Елбасы: Біз ең бастысы, мынаны түсінуіміз қажет: сан қырлы әлуметтік-мәдени, ұлттық және басқа ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйелері бар түрлі даму сатысындағы мемлекеттерде Конституциялар басты міндеттер-тұрақтылықты нығайтуға, халықтың әл- ауқатын көтеруге ықпал жасап, демократияның дамуының басты міндеттерін шешті, - деп атап өтті [6].
1995 жылы қабылданған Конституциямыз бойынша күшті Президенттік басқару фомасын алға қойдық. Тоталитаризмнен демократияға аяқ басқан өтпелі кезеңде орталықтанған билік қажет болды және ол өз кезегінде аса жауапты міндетті табысты орындады деп есептеймін. Конституцияға сәйкес, күшті Президенттік биліктің арқасында ұлтаралық қатынаста бірлік пен татулықтың берік негізі қаланды, елде тәртіп орнады. Соның негізінде экономиканың дамуына алғышарттар жасалды, сыртқы және ішкі саясатта өзгелер қызығарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Демократиялық процестер бұнымен тоқтамаса керек, одан әрі жалғасуы тиіс. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін алдымен саяси жүйені де бәсекеге қабілетті боларлықтай жаңғырту міндеті қойылып отыр. Барлық сала үшін басты критерий болған бәсекеге қабілеттілік осы саяси жүйеге де тікелей қатысты. Әкімшілік реформалар арқылы кәсіби Үкімет және Парламент қалыптастырмай саяси жүйені жаңғырту мүмкін емес еді. Қазақстан қоғамы жаңа шындықтармен бетпе-бет келді, саяси жүйені ырықтандырудың қолайлы және қажетті жағдайлары пісіп-жетілді. Атқарушы биліктің ықпалынан тыс тәуелсіз сот жүйесін қайта құру міндеті тұрды. Конституцияның негізінде биліктің тармағы арасында теңгермелік және тежемелік механизмдер бекітілгенімен, бұл тетік шын мәнінде қоғамдық өмірде жұмыс істеуге дәрменсіз болып шықты. Сондықтан да президенттің соңғы үш жылдан бері халыққа арнаған Жолдауында жиі қолданылған жеделдету термині кезекті саяси мәнге ие болып отыр. Қолға алынған сая-си және әкімшілік реформалар осы кезге дейінгі қол жеткізген ұлтаралық татулық үрдісін бұзып алмауы керек. Конституциялық өзгерістер Парламентке зор жауапкершілік жүктейді. Атап айтқанда, орталық сайлау комиссиясын, Конституциялық кеңес, Есеп комитетінің құрамын анықтауды Президентке беру тиімді болды. Парламент құзырын арттыру күшті президенттік билікке әсер етпейді керісінше демократиялық процестер барысында нығая түседі.Бізге парламенттік республиканың қажеті жоқ. Демократия одан әрі тереңдеуі үшін бізге президенттік-парламенттік, яғни аралас түрдегі басқару жүйесі тиімді болғанын өмір көрсетіп берді [7].
Президенттік институттың қалыптасуы мен нығаюына және оның қазақстандық моделіне Қазақстан Республикасы Конституциясына 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оң ықпал етті.
Конституциялық реформа нәтижесінде 2007 жылы Қазақстан Парламенті өз өкілеттігін, оның ішінде республикалық бюджеттің орындалуын бақылау саласындағы және әсіресе Үкімет қызметіне бақылауды жүзеге асыру саласындағы өкілеттігін айтарлықтай күшейтті.
Елдің негізгі заңына енгізілген түзетулер Парламенттің және Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіру тәртібін оңайлатты:
1) Парламент Палаталардың бірлескен отырысында, Үкіметтің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітпей, осы арқылы Үкіметке сенімсіздік білдіреді (53-бап);
2) Мәжіліс өз депутаттарының жалпы санының басым дауысымен Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамаса бойынша Үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы (56-бап;)
Бұдан өзге, ҚР Конституциясының 57-бабына сәйкес Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
Қазақстан Республикасының Парламентіне жоғарыда көрсетілген өкілеттіктерді беру Үкіметтің бюджеттің орындалуы саласында да, мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы да қызметіне парламенттік бақылауды жүзеге асыруына ресми негіз жасауға мүмкіндік берді [8].
Сонымен қатар, біздің көзқарасымыз бойынша осы талдамалық жазбаның алдыңғы бөлімдерінде толық айтылған интерпелляция мен парламенттік тергеу институттарын парламент қызметінің тәжірибесіне енгізу қазақстандық парламентаризмді одан әрі дамыту үшін айтарлықтай серпін берер еді.

2 Қазақстан Республикасында унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктері

2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтті. Тарих ауқымын алғанда бұл - уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыт ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. 20 жыл бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж) мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті,билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр.Жыл өткен сайын ұлттық нарық толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексі қалыптасты. Қазақстан халықаралық нарыққа да жан-жақты араласуда.
Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі, БҰҰ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көіңл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салалар да біршама күрделі жұмыстар атқарылды, Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына,тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайна, әлеуметтік тегіне, тұоғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар тендігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.
Адамдарды патриотизмге, азаматтылыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмейтін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жоқшылықты бастан кешіре білді.Келешекте біз де дағдарыстан шығып, экономика мен әлеуметтік жағдайды жақсартып, құқықтық демократиялық мемлекет орнатып, дамыған елдердің қатарында боламыз.
Бүгінде Қазақстан Республикасы, қазақтың тәуелсіз мемлекеті деген атауымыз бар. Тәуелсіздіктің демократиялық дәстүрі, құқықтық тетігі, мәдени ортасы, ең бастысы, әлеуметтік негізі бар. Қазақстанның тәуелсіздігі туралы терең де салиқалы көзқарас қалыптастыратын, тіпті сол түсінікті тұрақтылық пен татулыққа қызмет еткізетін ортақ ұғым және мәдениеттің жетістігі бар. Оны қазақтану деп атауға болады.
Республикамыздың 20 жылдық тәуелсіздігі халқымыздың тарихына жаңаша, жан-жақты қарауға ұйытқы, бүгінгі шебімен шегін өркениет өлшемімен бағалауға дәнекер және болашақ мұратына деген бағдарды халықаралық деңгеймен салыстырып жетілдіруге себепкер. Олай болса, қазақтанудың тағдыры мен болашағын бір ұрпақтың дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық тәжірибесі ретінде үйлестіретін ізденістер мен шараларды ойластыратын да, ойларды іске асыратын да сәт келді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады.

2.2. Мемлекеттік басқарудың типтік нысандары
Қазақстан Республикасы өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекеттерде заңдар көмегімен жеке тұлғалардың қызығушылығын қорғайды және олардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда билік шынайы бөлінген және экономиканың барлық іс-әрекет салаларында тұлғалар еркін жұмыс істей алады. Мемлекеттің бұл нысанында бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі газет-журналдар барлығы еркін түрде, жоғары биліктен ешбір қысымсыз жұмыс істей алады.
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстанудың мемлекеттен бөліктігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет оргондары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге, әркімнің ар-ожданы бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс. Зайырлы мемлекет дегеніміз - мемлекеттік тұтастай басқарылатын, яғни биліктің орталық органдарына бағынатын әкімшілік территориялық бірліктерден тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Бұл құрылым бойынша барлық ел үшін біртұтас жалпы сәйкес органдарға басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдар болады. Зайырлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді, оның қорғанысын қамтамасыз ететін қарулы күштері болады.
Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғауға, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Бұл принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы және т.б. Қазақстан Республикасында ең жоғарғы заңды құқығы бар мемлекет ішінде тәртіп негізін құрайтын Ата заң Конституция болып табылады. Конституция барлық заңдардың негізі болып табылады, сондықтан кез-келген заң, нормативтік актілер, жарғылар, ережелер мен қаулылар Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмеуі қажет. Біздің Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.
Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.
Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік істер арқылы анықталған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдің басқаруындағы, өзінің алдында жауапты Үкіметті тағайындайды.
Қазақстандағы президенттік басқару нысанының ерекшелігі сол билік бөлісу жүйесінде Президент билік буындарының үстінен қарау құқығына ие әрі олардың келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол Конституциялық тәртіпке сәйкес Үкіметтің өкілеттігін ғана тоқтатып қоймай, Парламентті де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күші бар жарлықтар мен заңдар шығарады.
Қазақстанның біртұтастығы оның әкімшілік аумақтық бөлшектерден құрылатындығы (облыс, аудан, қалалық аудан, ауылдар мен селолар), автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік аумақтық құрылым туралы заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі
Мемлекеттік аппарат - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдарды өкілеттігінің шеңберіне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;
2. Мемлекеттік атқару органдары: Үкімет, Министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер.
Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдары және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратқа ерекше орын алады, ол үшін биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қанынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік - аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдауға құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Коституциясында жарияланған. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшілігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 35 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент - негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палатарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерінің тағайындалған парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Атқару билігі өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан Президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасынын үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасының Президентінің 1995жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1 тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен үкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының үкіметін Премьер-министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997-жылғы наурыздың төртіндегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрамы белгіленген: Премьер-министр, орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзіреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекетті басқару ерекшеліктерін талдау
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
Мемлекет қоғамның ресми өкілі
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекет нысандары
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер