Экономикалық ойлардың пайда болуы және теорияның даму кезеңдері



Жоспары:


1. Кіріспе
Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
2. Негізгі бөлім:
А)Экономикалық ой.пікірлердің қалыптасуы
Б)Экономикалық теорияның даму кезеңдері

3. Қорытынды
Қазіргі экономикалық теорияның негізгі бағыттары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы:”Экономикалық ойлардың пайда болуы және теорияның даму кезеңдері ”

Орындаған:Аликеева Айдана
БЭК 3 курс
Тексерген: Шадиев К.Х.

Алматы 2012 жыл

Жоспары:

1. Кіріспе
Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
2. Негізгі бөлім:
А)Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Б)Экономикалық теорияның даму кезеңдері

3. Қорытынды
Қазіргі экономикалық теорияның негізгі бағыттары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың
бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші
ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен
Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты
жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке
иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты
жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда
болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі саяси экономия
деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы Саяси экономия
трактаты кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан
баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп
айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші
ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның
даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады.
Меркантилизм бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің
негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның
әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша
айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-
ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден
әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының
арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде
алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері — Вилья
Стаффорд (1554-1612 ж.ж.) және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.
Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея
алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің
басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың
қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям
Петти (1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-
1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі
тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы
еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын
айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды,
сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің
негізін қалаушылар деп аталды. Саяси экономиканың классикалық мектебінің
тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі
қалыптасты. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық
формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа
жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар
теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы
ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін
ашты. К.Маркстың басты енбегі Капитал (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші,
1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер
қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың
капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы
қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген
пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай
отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын
мойындады. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында маржинализм теориясы
қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл
Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем-
Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс
(1835-1882 ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары:
шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-
математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық
мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-
1910 ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады,
онын негізіне - сұраным мен ұсынымды талдау жатады. Экономикалық ғылым үш
ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық
ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып,
К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Ағылшын ғалым-экономисі Альфред
Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің Саяси экономия принциптері (1890 ж.) Деген
еңбегінде саяси экономия термині экономикалық теория ұғымымен пара-
парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық
ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең
тараған және Экономикс (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл, Р.Макконелл,
Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред
Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға
өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар
көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте
үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға
жол ашты. Адамзат қоғамын, оның негізгі экономиканы зерттейтін ғылым саласы
– экономикалық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың
баршасын да қызықтыратыны, ынталантыратынды сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде
экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына
жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажетті сауалдарға да жауап бере
алмайды.

Негізгі бөлім
Экономикалық ой – пікірлердің қалыптасуы
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара
байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам
еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету,
еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-
жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада
хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы
тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды
аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі
дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай,
Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының
еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға
тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде,
орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі
ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық
натуралды — заттай жүргізілді. Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми
тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына
байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVIIғасырларды камтиды.
Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды.
Қазақстани елінде XIXғасырдың соңы, XXғасырдың басында сауда капиталы,
тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі
бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар
айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта
Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі
"Жібек жолы" осының айғағы.  Тауар-ақша қатыңасының экономикада  
үстемдік   етуін   белгілі   ақын   Шортанбай   төмендегіше суреттеген еді:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
 Ақша деген мал шықты.
Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша
қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз. Алғаш рет өз алдына
қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер мектебі. Ол
(мерканте — итальян  сөзі   сауда,   пайда   табу)   қоғамдық  байлықтың  
негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге
мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз   сатып   алу,   сөйтіп  
ақша   қорын   молайту   жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда
капиталының мүддесін қорғаған.   Меркантелистер   рынок   экономикасы  
теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар  ақша  
неғұрлым   кеп  болса,   қоғамнын   байлығы  да мол болады деген ұғымды
басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та  шығар.
Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын
қатарына қосылып,  қоғамға қажет тауарларды тасымалдау,  сату ісі
жанданады.  Сауда капиталының қызметі айырбас,  айналыс процесін үздіксіз
жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда
капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес.
Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады,
екінші сөзбен айтқанда,   тауар,   онын   құны   бір   қолдан   екінші  
колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек меркантелистер
теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толыққамтитын ілім
болған жоқ. Меркантелистердің   осы   осалдығын   физиократтар   байқады  
да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ  
физиократтар   Ф.   Кенэ,   А.   Тюрго   т.   б.   өндіріс қатарыка  тек 
ауыл  шаруашылыгын  жатқызды.   Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден
бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері,  сондықтан өсімтал тап  қатарына тек
қана шаруалар жатады деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы экономикалық теорияның методологиясы мен даму кезендері
Меркантелизм кезеңдері ерекшеліктері жайлы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Саяси ойлар тарихы
Меркантилизм кезеңдері
Экономика ілімдерінің тарихы
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдері
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Қазақ педагогикасының тарихы
Қоғамды басқаратын аппарат
Пәндер