Алаш партиясына шолығу


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Әлеуметтік-саяси білім модулі негіздері пәні
Тақырып:ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой
Мамандығы: В063 - Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Мұрат Дарын
Тобы: АУк 20-1
Тексерген: доцент. Cарсекеев Масат
<<___>> 2021ж.
Алматы, 2021
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3 I. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой:
1. 1. Алаш партиясына шолығу : 4
1. Қоғамдық және саяси қайраткерлердің, жазушылар мен ақындардың
әлеуметтанулық көзқарастары: 5
2 . Бөкейханов А., Байтұрсынов А. ұлттық жаңғыру және мемлекеттілік туралы. 6
ҚОРЫТЫНДЫ 8
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 9
Кіріспе:
Кеңестік тарих ғылымында 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ қоғамына тигізген ықпалын талдауда тарихи деректерді белгілі бір даяр теориялык қалыптарға салып сұрыптау, сондай-ақ метрополиядағы оқиғалардың ел өміріне ықпалын асыра бағалау орын алды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресейдегі большевиктер партиясы бастаған пролетарлық қозғалыстың табиғи одақтасы, олай болса, ұлт-азаттық қозғалыстың өз максатына жетуі - Ресейдегі пролетариат диктатурасының орнауына тікелей тәуелді-тін. Ал қоғамдық дамуда мешеулік танытқан «түземдіктер» үшін орыс мәдениетінің прогресшіл рөлін төптіштеп баяндап, қайталап отыру бұл тұжырымның логикалык шегі болуға тиіс еді.
XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа ат салыскан әлеуметтік күштердің орнын ауыстыру, қазақ коғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрнеу асыра бағалау, осы негізде қисынсыз теориялық тұжырымдама жасау етек алды. Ал, шын мәнінде, сан жағынан тым аз әрі тап ретінде қалыптасып үлгермеген қазақ жұмысшыларының да, егіншілікке жарамды құнарлы жерінен айырылған қазақ бұқарасының да, қоғамның аз ғана бөлігін құраған ауқатты билеуші топтардың да қоғамдык санасын билеген ортақ ой - орыс әкімшілігі орнатқан құлдық тәртіптен құтылу еді. Соған сәйкес, отарлық езгідегі қазақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлт-азаттық сананың тезірек пісіп-жетілуіне колайлы алғышарттар жасалды.
Алаш партиясына шолығу:
«Алаш» партиясы (1917-1920) - Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі - Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы - Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш - Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында - саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары - Ж. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т. б. .
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының
Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т. с. с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
Алаш партиясының жетекшілері
(Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов)
Негізгі бөлім:
1. Қоғамдық және саяси қайраткерлердің, жазушылар мен ақындардың
әлеуметтанулық көзқарастары: М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы.
Қазақстан сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш партиясы тарихи және саяси құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени рухани даму жолын жаңа арнаға бұрған сөзсіз.
Жоғарыда аталған Алаш зиялылары саяси ой саласында демократиялық бағыт ұстаған адамдар. Олардың демократиялық ойлары тек ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізумен шектелмейді, келешекте өз халықтарына дербес автономия немесе дербес мемлекет құруды көздеді.
Бұлар қазақ халқының өмірінде үлкен із қалдырған ұлы тұлғалар. Ондай ұлы тұлғалар туралы Елбасы: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда адал орындаудан жал-тармағын адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұрттың азаматы болы қала бермек. Тарихтың қай кезінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген», -деп көрсетеді.
2. Бөкейханов А., Байтұрсынов А. ұлттық жаңғыру және мемлекеттілік туралы.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов пен көзқарастары бойынша бұрынғы хандық, әміршіл биліктердің барлығы Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін қызмет істей алмайды. Себебі, олар бұл халықтардың саяси-әлеуметтік мешеулігін көздейді. Уақытша өкіметтің сыртқы істер Министрі А. Милюковтың пікірі бойынша, орыс империясын бұлжымас тұтастығында сақтау ұстанымы оған кіретін ұлттардың тәуелсіздігінен әлдеқайда қымбат екен. Ә. Бөкейханов жетекшілік еткен «Алаш» партиясы мен Алаш автономиясы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мемлекет құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық жән халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Бұл принциптер большевиктер мен Кеңес өкіметінің ұлттық мемлекет құрудағы принциптеріне қарсы болды. Сондықтан алаштықтар Қазан революциясын, Кеңес өкіметін қолдамады, қарсы шықты. «Алаш» партиясы бағдарламасының «Мемлекет қалпы» деп аталатын І-тарауында былай де жазылды: «Россия демократическая, федеративная республика болу.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Ә. Бөкейхановтың ұлттық мемлекетті құру жөніндегі көзқарасы мынандай ұстанымдарға сүйенеді:
- бірінші ұстанымы - Алаш ұлттық демократиялық болуы керек. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі қажет;
- екінші ұстанымы - Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі керек;
- үшінші ұстанымы - қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киіліуі керек;
- төртінші ұстанымы - қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитет! өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек;
- бесінші ұстанымы - ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру
(1866-1937)
XX ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлтының ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түріктанушы, лингвист- ғалым Ахмет Байтұрсыновтың қазақтың ұлт-азаттығы мен бостандығы үшін күресінде орны ерекше. Саналы өмірін қазақ жұртының азаттығы, жері, тілі, діні, ділі жөніндегі мәселелерге арнаған Ахмет, өз өмірінде 5 рет сотталып, 2 рет жер аударылған.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы - 8 желтоқсан 1937, Алматы) - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. [1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
А. Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарасындағы басты мәселелердің бірі - құқықтық мемлекет мәселесі. Ол құқықтық мемлекет қандай принциптердің негізінде құрылу керек деген мәселеге көп көңіл бөлді. Оның пікірінше, қазақ мемлекетшілігінде кәсіптік, рухани деңгейі жоғары, сайлаушылардың талабынан шығатын сауатты парламент құру керек. Ахмет құқықтық мемлекетте өкіметті, әсіресе, парламентті қалыптастыруда, қазақ елінің аса ұқыптылықпен қараудың керек екендігін талап етіп, кәсіптік негізде Заң шығаратын, билік жүргізетін азаматтарды сайлауды жан-жақты жақтайды. Ол былай деп көрсетті: «Сайлау көп үшін берілген нәрсе, көп пайдасын көздеп сайланса . . . тексеріп, таңдап сайланса, сайлау дұрыс өз мағынасында болғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай «мынау туғаным-туысқаным, я құда-құдағайым» деп, яки «мынау анадан пәлендей сомды артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол сайлау емес, құр талас, я сауда»
А. Байтұрсынов жоғарыда көрсетілген шығармасында парламент депутаттарының шығарған Заңдарының қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қайшы келмеуін, шығарған заңдардың мазмұны мен мағынасының жергілікті ұлт өкілдерінің ұлттық психологиясын, этникалық, шаруашылық ерекшіліктерін ескеріп қабылдауды жақтады.
А. Байтұрсынов жеке адамның құқықтық теңдігі мәселесіне көңіл бөлді. Заң алдында барлық адамдардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан тең екендігін көрсетеді. Оның бұл пікірі, Қазақстан Республикасының Ата Заңындағы осы мәселелер туралы айтылған пікірлермен үндесіп жатқандығына таң қалмасқа болмайды.
(1872-1937)
... жалғасыХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық-патриоттық қозғалысының пайда болуы тарихи және табиғи оқиға болды. «Алаш» қозғалысының пайда болуының басты себебі - қазақ ұлттының өзіндік сана-сезімнің пайда болуы мен өсуі, сол кезде қазақ халқының ең озық бөлігі - қазақтың демократиялық интеллигенциясы қалыптаса және дами бастайды және патша саясатына қарсы қазақ қоғамының прогрессивті дамуында ұлттық мүдделерді түсіну мен жүзеге асыру басталады.
Кеңес үкіметі тарихи қалыптасқан қазақ халқын бөліп, өз қара басын ойлайтын қазақтарды әкімшілік органдарына қызметке алған, қазақ халқын өз ана тілі мен мәдениетін жоғалтуға әкелетін отарлау білім жүйесін енгізді.
Мұның бәрі патша мен қазақ халқының арасындағы ең жақсы өкілдер - Бөкейханов пен Байтұрсынов бастаған қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенция арасында қақтығысқа алып келді. ХХ ғасырдың басында орыс патша басқару тәртібі ескірген болатын және ХХ ғасырдың талаптарына сай болған жоқ. 1905-1907 жылдардағы алғашқы орыс революциясы қазақ даласына жетті. «Алаш» қозғалысының қалыптасуы осы уақытта өтті.
Мұның айқын дәлелі 1917 жылдың күзінде «Алаш» қозғалысының қабылданған бағдарламасы:
Үкімет. Ресей демократиялық федералды республика болуы керек. Федералдық республикаға кіретін, тәуелсіз болып табылатын әрбір мемлекет федерацияның басқа мүше-мемлекеттерімен бірлікте әрекет етеді . . .
Жергілікті еркіндік. Қазақтардың автономиясы олар тұратын елді мекендерден құрылады және Ресей федералдық республикасының бөлігі болып табылады.
Негізгі құқық. Ресейде әркім діннің, шығу тегі мен жынысымен ерекшеленбейді.
Дін. Дін мемлекеттен бөлек . . . Барлық діндер тең.
Билік және сот. Билік пен сот әр ұлттың сипаттамаларына сәйкес салынуы керек. Қазақ тілінде сөйлейтін жерлерде қазақ тілі сот тілі болып табылады.
Халықты қорғау. Адамдарды қорғау үшін армия болуы керек . . .
Салық. Салық жинау байлық пен мүлік деңгейіне негізделген.
Жұмысшылар заңмен қорғалуы керек . . . Алаш партиясы социал-демократтардың меньшевиктер тобының бұл мәселеге байланысты пікірін қолдайды.
Ғылым мен білімнің дамуы. Білімді барлық адамдарға алуға болады. Барлық мектептерде тегін білім алу.
Жер мәселесі. Жер учаскелерін иелену негізі байырғы тұрғындардың бірінші орында тұруы керек . . .
![]()
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz