Мақала шыққан күн

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Амангелді Әбілдің публицистикасы
Мамандығы:
Білім алушының аты-жөні: Дуйсенәлі Аружан Жомартқызы
Оқытушының аты-жөні: Сағыбай Зәуре Дидайқызы
Тараз, 2021
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Журналистің мақалаларына шолу жасауҚапылыста сүрініп кетіп, қаңғыбасқа айналған тағдырлар . . . Тажалға қашан тосқауыл қойылады?Пәтер иелері кооперативтері қарыздан көз ашар емес
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырып өзектілігі . Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі айтарлықтай маңызды. Себебі, ақпараттар легі күн санап емес, минут, секунд сайын өсіп таралуда. Зерттеуде Амангелді Әбілдің публицистикадағы қоғамдық - саяси маңыздылығын, тақырыптардың идеясын ашып, оның тілдік байлығымен қоса стильдік ерекшеліктеріне тоқталып, оны көрсету.
Зерттеу нысаны. Амангелді Абылашұлының публицистикасы. Жұмыстың негізгі көзі ретінде газет басылымдарындағы әр жылдардағы басылған мақалаларын талдау.
Журналистің публицистикасына сөз бұрмас бұрын, өмір - дерегіне тоқталатын болсам, Әбіл Амангелді 1960 жылы маусымның 25 жұлдызында Сарысу ауданындағы Коммунар дейтін ауылда дүние есігін ашқан. Әкесі Әбілов Абылаш Ұлы Отан соғысының ардагері болған. Сондай - ақ қос мәрте «Даңқ» атты, жауынгерлік ордендер мен медаль иегері. «Коммунар» совхозындағы зоотехник болып, ферманың меңгерушісі қызметін атқарған. Анасы Ермаханова Әдиша үй шаруашылығымен қоса, бала- бақшада тәрбиеші болған. Отбасында жеті ағайынды. Бауыры Сүндетулла Әбілов Мойынқұм ауданының «Мойынқұм таңы» атты газетінде директор бас редактор қызметін атқарып келеді.
Қаламы ұшталған Амангелді Әбілдің журналистикаға деген бет - бұрысы мен қызығушылығы мектеп шағынан, дәлірек айтқанда төртінші сынып оқып жүрген кезінен бастау алады. Содан бастап Сарысу ауданындағы «Октябрь таңы» атты газетінде мақалалары шыға бастайды. Жоғарғы сынып оқып жүргенінде облыстық «Еңбек туы», республикалық газеттер «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» басылымдарында әр жанрда жазылған шығармалары жарияланып жүреді. 1977 жылы Байқадамдағы қазақ орта мектебінің түлегі атанады. Алайда бала кезінен қолына қалам алып үйренген Абылашұлы Амангелді Қазақ мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетіне бірден түсе алмайды. Жолы болмаса да өзінің кіндік қаны тамған «Коммунар» совхозына келіп құрылысшы болып еңбек етеді. 1978 - 1980 жылдары «Камчатка» түбегінде өзіндік Отан алдында азаматтық борышын өтейді. Содан кейін 1982 жылы оқу орнының дайындық бөліміне барып жүріп, 1983 жылы ғана университет қабырғасына қабылданады. Айта кетсем, ол Алматыда 1986 жылы болған желтоқсан көтерілісінің қатысушысы. Алайда сол уақыттағы көтеріліс Амангелдінің өміріне қатты әсер етеді. Курсындағы бірге оқыған 9 коммунистпен қатар партияның жауапкершілігіне де тартылады. Абылашұлының оқудан шығарылып, сотталып кетпеуіне партбилеттің пайдасы тиеді.
1988 жылы оқуын тәмамдап, алғашқы еңбек қадамын Жуалы ауданындағы « Жаңа өмір» газетіне тілші қызметімен барады. Бір жылдан соң күз айында Жаңатастағы қалалық радио хабарлар редакциясында, « Қаратау » өндірістік бірлестігіндегі телевидениясында да редактор болып еңбек жолын жалғастырады. 1999 жылдан бастап « Сарысу» аудандық газетінде тілші қызметі, бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасап, қоғамның түйткілді өміріне белсене араласады. Сол тоқсаныншы жылдары болған Жаңатастың жанайқайын, кеншілер дүмпуі жайлы облыстық « Ақ жол» газетіне өз мақалаларын тоқтаусыз мақалалар жазады. 2005 жылдан бастап сол газеттің Сарысу мен Талас аудандарындағы меншікті тілшісі болып, 2006 жылы қаңтар айында редакциядағы ауыл шаруашылық бөлімінде тілші, жарнама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 2006 - 2007 жылдары газет беттерінің әр нөмірінде көлемді ақылы материалдар ұйымдастырыпта елгезектілігімен көзге түседі. Бүгінгі таңда « Ақ жол» газетіндегі экономика онымен қоса ауыл шаруашылығы бөліміндегі редактор болып жемісті еңбегін атқарып келеді.
Сарысудың саңлағы журналистік өмір жолында талай марапаттардың иесі атанған. Алғаш қызметін бастаған Сарысу, Жуалы аудандарынан басқа да, Талас аудандық әкімінің « Құрмет» грамотасымен, Мойынқұм аудан әкімінің « Алғыс хатымен» марапатталды. Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын демекші, Амангелді Әбіл Қазақстан Журналистер Одағының марапаттамасымен, шығармашылық конкурстың екі рет жеңімпазы атанып та марапатталады. Сонымен бірге « Облысқа сіңірген еңбегі үшін » төс белгі иегері.
Журналист халықтың мұң - мұқтажын мұңдап, қайғысы мен зарын зарлап, яғни билік пен халық арасында алтын көпір ретінде іспеттес Амангелді Әбілдің де бойынан осындай тұлғалық қасиеттерді байқауға болады. Бұған дәлел мына мақалалары «Алтынның буы», алтынға оранған өлке Ақбақай кентінің тұрғындары мен күзетшілері арасында болған талас - тартыс жайлы, сол өлкенің өзекті де түйткілді мәселелерін көтереді. «Құпия құлпын aшты» aтты мaқалaсында Қордaйдағы орнaласқан бaктeриялық лабораторияның жұмысы жaйлы, одан бөлек діни тaқырыптaры жaйындағы шығармалары жұртшылық жaғынан үздік бaға алады. Басқа да жазған сыни көтерген мақалалары, яғни тұрғындардың қал - жағдайын жеткізуі арқылы қала әкімдіктерінің тарапынан шешімін табады.
Отыз екі жылдық журналистік тағдырын тек бір жерде өтеп қана қоймай, Жамбыл облысының он шақты ауылдарында іс сапарлатып, одан алыс ауылдарына барып кезіп шығады. Осыдан - ақ мамандыққа адалдығын байқауға болады.
Авторы: Амангелді Әбіл
Мақала: Қапылыста сүрініп кетіп, қаңғыбасқа айналған тағдырлар . . .
Мақала шыққан күн: 28 қазан, 2014 жыл
«Ақ жол» облыстық қоғамдық - саяси газетінің 2014 жылғы 28 - қазанның № 136 санында жарық көрген. Автордың материалы талдамалы, есептік жанрда, көлемді мақала форматында жазылған. Жазылу стилі - публицистикалық. Мақаладағы көтерілген мәселе - барарға үйі, киерге киімі, ішерге тамағы жоқ, жертөлелер, тіпті болмаса қоқыс маңдары мен ескі құрылыс нысандарын паналайтын қаңғыбастар жайлы. Бұл өзекті мақаланың айғайлатып қойған тақырыбы, газетке үңілген оқырманды өзін оқып қана қоймай, ойландырып қоюға итермелейді.
Аталмыш мақалада Тараз қаласындағы әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мекемесінің үйсіз-күйсіз жүргендерге жағдай жасалғандығы алға тартылған. Журналистің шеберлігін мақаланы талдап - саралап, сандарды сөйлетіп, кешегі мен бүгінгіні салыстыруынан аңғаруға болады. Автордың көтерген мәселесі әлеуметтік проблемалардың бірі екені анық. Көпшілік тек «қарттар мен балалар үйі болмаса екен» деп тілейді. Ал, қоғамның мұндай мұндарларына көбісі алаңдатушылық танытпайтындығы жасырын емес.
Сонымен қатар мақалада, белгілі тұрағы жоқ азаматтардың 1 жылға келісім-шартпен қабылданатындығы, бүгінгі күнде мекемеде 120 адам тұратындығы, жылына бір адамға 302 950 теңге жұмсалып, оның 26-сы «Жасыл Тараз» мекемесінің қоғамдық жұмысқа тартылса, 8-і тұрақты жұмысқа тартылғандығы баяндалады. Оған қоса 11 азаматтың құжаттары қалыпқа келтіріліп, психологиялық тұрғыда салауатты өмір салтына бейімделгені туралы мәлімет беріледі.
Зерттеу барысында автор нақтылай ақпарат беруі үшін бірнеше «ұшарын жел, қонарын сай білетін» жандармен де тілдеседі. Онымен қоса медицина саласының маманымен де, полиция майорымен де сұхбатын жүргізеді. Автордың түйген ойы «бомж» атанғандардың кезінде жақсы қызмет атқарып, толыққанды отбасынан шыққандар болса, кейбіреуі қамауда отырып шыққандар, не болмаса ішкілікке салынған адамдар екендігі, олардың жасына, ұлтына, жеріне қарап бөлінетіндігі еместігін айтады. Қаңғыбастар қоғамның «тастандысы» болса да адам өміріне бір-ақ рет берілетін мына жалғанда адамша өмір сүріп, бюджеттен қыруар қаржы бөлінгенімен, жан-жақты жұмыс жасалып жатса да, мекемедегі мерзімі біткен соң олардың ертеңгі күндеріне журналист қынжыла ойын жеткізіп, оларға үлкен алаңдаушылықпен қарайды.
Қорыта айтқанда, мақаланың концепциялық тұжырымдамасы еліміздегі қаңғыбас адамдарға көз жұма қарамау керек екендігі, оларға тек мерзіммен ғана шектелмей, олардыда халықтың қатарына қосу, осы әлеуметтік проблеманы шешу.
Авторы: Амангелді Әбіл
Мақала: Тажалға қашан тосқауыл қойылады?
Мақала шыққан күн: 5 сәуір, 2018 жыл
«Ақ жол» облыстық қоғамдық - саяси газетінде 2018 жылдың 5 сәуіріндегі № 38 санында жарыққа шыққан. Мақала ақпараттық жанрда жазылған. Көтерілген мәселе - ғасыр дертіне айналған есірткінің белең алуы. Қазіргі таңда жасыратыны жоқ нашақорлыққа жасөспірімдердің еліктеп бара жатқаны айдан анық. Актуалды проблемаға айналған бұл тақырып оқыған адамның көкейіне бірден, «кім? қашан? қалай? және неге?» деген сұрақтарды келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz