Көккөл сарқырамасы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
СУ,ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қатон-Қарағай ұлттық саябағының мақсаты.
Орындаған:Ерқанатов Бекзат
Тобы:ЛР-20-02К
Қабылдаған: .ш.ғ.м.а. Әбдібек Әлібек Ерланұлы
ЖОСПАР
I)Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Катон-қарағай ұлттық паркі ... ... ... ... ... ... ..
II)Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Сарқырамалар өлкесі: Катон-Қарағай ұлттық саябағы ... ... ... ... ..
2.2.Көккөл сарқырамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Қаракөл сарқырамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1.Қатон-Қарағай саябағының жануарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
3.2.Қатон-Қарағай саябағының өсімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III)Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV)Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Катонқарағай ауданының аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ұлттық парк) құру идеясы, сонау 80 жылдардың соңына қарай геологиялық түсіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тантал мен литий кен орындарының Ақ-Алахиндік тобы ашылған кезде туындаған.
Бұл аймақтың табиғат кешендерінің антропогендік әсерге көп шалынбай, жақсы сақталуы дәл осы жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың алғы шарты болып табылды. Сонымен қатар бұл жерде биологиялық әртүрлілік пен генетикалық ресурстардың жоғарғы деңгейде сақталғандығы байқалады. Мұнда Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының (ХТҚО) және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасы бар. Табиғи және тарихи-мәдени объектілердің көп болуы, сонымен бірге өзге де Ресей, Монғолия және Қытайдың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының шекаралас орналасуы аумақтың рекреациялық әлеуетін жоғарлатады. Осының барлығы Катонқарағай ауданында ұлттық табиғи паркті құрудың алғышарты болды. Мұнда Рахман Қайнары ботаника-геологиялық қорықшасының бұрыннан болуы, ЕҚТА құру міндетін біршама жеңілдетті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1998 жылғы 18 маусымдағы Катонқарағай табиғи паркін ұйымдастыру туралы №1-379р өкімі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркін құру идеясын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып табылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ЕҚТА құруға арналған құжаттамалық негізді, табиғи-ғылыми және техника-экономикалық негіздемені (ТҒН, ТЭН) дайындау паркті құрудың келесі қадамы болды. Осылайша 1998 жылы Экосистем ЖШС Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркін құру туралы жобалық жұмыстарын бастаған болды.
1.1.Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.
Парктің мынадай шекаралары белгіленген:
1.Солтүстік және шығысында: Ресеймен (Алтай Республикасы) шектеседі;katon karagay park
2.Оңтүстік-шығысында: Қытай Халық Республикасымен шектеседі;
3.Батысында: шекара Белқарағай және Солдатово ауылдарына дейін Фарпусная өзені (Шыршытсу) бойымен өтеді;
4.Оңтүстігінде: шекара Шыңғыстай орманшылығының Мұз-Бел орман саяжайы шекарасы және Катонқарағай мен Күршім аудандарының әкімшілік шекарасы бойымен оңтүстік-шығысындағы Қытаймен шекараға дейінгі Оңтүстік Алтай жоталарының солтүстік беткейлері Сарымсақты, Тарбағатай бойымен өтеді. Шығыстан батысқа қарай тізбектеле созылған Қатын, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық), Сарымсақты, Листвяга ең биік жоталары болып табылады. Биік таулы Қатын және Оңтүстік Алтай жоталарының бедері тік жартасты беткейлі, мореналы, астау тәріздес аңғарлы альпілік типте. Өзге жоталардың бедері жазықтау болып келген. Жоталар мен қыраттардың ұшар бастары кең алаңқайлы қарлармен және мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі заманғы мұзбасудың екі орталығы, көптеген тау өзендерін қоректендіретін, Қатын мұздықтары және Оңтүстік Алтай жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары орналасқан. Ұлттық парк аумағы дамыған гидрографиялық желіге ие. Үкөк қыратынан бастау алатын Бұқтырма өзені негізгі су магистралі болып табылады және Бұқтырма су қоймасын сумен қамтамасыз етеді. Ұлттық парк шегіндегі негізгі салалары: Калмачиха, Күрті, Таутекелі, Ақ Берел, Сахатушка, Фадиха, Тынық, Чернова, Каменушка, Сарымсақты, Ақсу өзендері. Ұлттық парктің оңтүстік бөлігіндегі маңызды өзендер: оңтүстікке қарай ағатын Қара-Қаба, Арасан - Қаба, Ақ-Қаба. Аталған өзендер тік, жартасты жағалаулары тар, қарағайлы орманды сайлар арқылы жол салып ағады. Тау өзендерінің түсі өзіндік ерекшелігімен, әсемдігімен, қатты ағынымен таң қалдырады. Мұздықтың қозғалу кезінде тау жыныстарының үйкелісі салдарынан пайда болатын лайлы тұнбалар әсерінен Ақ Берел, Бұқтырма мұздық өзендерінің сулары ақшыл-күлгін түсті лайлы болып келген. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өзендерінде мынадай сарқырамалар бар: Көккөл, Рахман және Язевое өзеніндегі сарқырамалар тізбегі. Жоталар мен тау аралық ойпаттардың бар болуы көптеген көлдердің түзілуіне әсер еткен. Әсем көлдер биік таулы ландшафтарға қайталанбас ғажайып өң береді, олардың ең ірілері: Бұқтырма, Рахман, Қаракөл, Маралды және Чернова.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіні табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерімен танымал: Мұзтау, Рахман қайнары, Көккөл сарқырамасы, Арасан сарқырамасы, Берел қорымы, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы, Австриялық жол.
1.2.Катон-қарағай ұлттық паркі
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының аумағында. 2001 ж. ұйымдастырылған. Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатынтау қыраттарына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі. Ауданы 643 мың гектар, оның 215 мың гектары орманды алқап, ағаштарының қоры - 24 мың м3, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы - 492 мың гектар. Қатонқарағай ұлттық саябағы жануарлар мен өсімдіктердің түріне бай. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.б. бар. Құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар бар. Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері кездеседі. Мысалы, алтын тамыр, алтай рауғашы, марал түбірі, т.б. Сондай-ақ саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне де бай. Теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан Мұзтау және Көккөл сарқырамалары, мәдени-тарихи ескерткіш болып табылатын Берел қорғаны мен Көккөл кеніші бар.
Мәлеметтер: https:e-history.kzkzmapview97
2.1.Сарқырамалар өлкесі: Катон-Қарағай ұлттық саябағы
Сарқырамалардың көптігі сонша, бірқатарына атау да берілмеген. Көркемдігін айтып жеткізуге сөз жетпейтін осынау табиғат кереметін әрбір тау соқпағынан кездестіруге болады. Әлемнің жұмбақ сырларын ашуға талпынған жандар таңғажайып табиғат пен қиял-ақиқаты аралас аңыз-әпсаналарды тоғыстырған Алтай бауырайын тылсым Шамбала өлкесі деп те атайды. Зейін салып қарасақ, Алтайдың да, Катон-Қарағайдың да ашылмаған құпиялары жетерлік. Әзірге, осы мақаламызда, ең ірі және ең танымал сарқырамалар жайлы ғана сөз қозғайты.
Катон-Қарағай немесе Алтай дегенде көз алдымызға бірден бұлттармен таласқан Мұзтаудың бейнесі келеді. Қос шыңды (Батыс шыңы - 4440 м, Шығыс шыңы - 4506м) таудың атағы елімізден шет аймақтарда да асқақтап тұр. Бұл - Өр Алтайдың басты болса да, жалғыз мақтанышы емес. Аймағы 643 477 га тең ұлттық саябақ кең-байтақ аңғарларға, тасыған тау өзендері мен айдын көлдерге, қуатты сарқырамаларға бай.
2.2.Көккөл сарқырамасы
Алтайдың ең ірі сарқырамасы Үлкен Көккөл өзенінің сағасында орналасқан. Маңғаз Мұзтауға көтерілуге ниеттілердің барлығы дерлік Көккөлдің кереметіне куә болып, жол жөнекей атақты сарқырама жаққа ат басын бұрмай кетпейді. Қанша дегенмен, Көккөл онсыз да танымдық туризмнің дараланған, маңызды нысаны болып табылады. Биіктігі 60 метр, ені 10 метрге дейін жететін тік жартастан арқырап аққан алып су ағымы мен сарқыраманың бар кеңістігін жайлаған майда су тозаңының күн шуағына шағылысқандағы ғажап күйін елестетіп көріңізші! Еліктірер көрініс.
Сарқырама, тау шатқалы, шыршалы-қарағайлы аралас орман - қиялдағы ертегі әлемінің есігін ашады. Ал Табиғат-Ана сыйлаған шолу алаңында осы ертегіге қанық болып, естелік болар әдемі фотосурет жасау үшін барлығы алдын-ала ойластырылып қойғандай.
Көккөлге тек екі жолмен: жаяу не салт атты жетуге болады. Сарқырама бойымен өтетін туристік соқпақ Берел мұздығына жол тартқан саяхатшылар арасында да аса танымал. Жалпы Мұзтауға қарасты өзен алаптарында ұзын саны - 162 тау мұздығы бар.
2.3.Қаракөл сарқырамасы
Қаракөл көлінің жағалауынан да мұнарлы Мұзтаудың әсем көріністері ашылады. Осы айдынды мекен еткен аққайран балыққа байланысты орыс тілінде Қаракөлді Язевое атаған. Көл теңіз деңгейінен 1656 метр биіктегі аңғарда орналасқан. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бұл өңірде Қатын мұздығының тармағы өтіп, кейіннен орнында өзен ағысымен шайылып кеткен шағын мореналар ғана қалған. Көлден 5 шақырым қашықта, ғасырлар әлдилеген 20-25 метрлік ағаштардың арасымен өтетін бағдарды басшылыққа алсаңыз, көлмен аттас Қаракөл сарқырамасына да жетесіз. Мұндағы он шақты жартастың ортақ биіктігі 10-12 метрді құрайды. Сарқыраманың төменгі жағындағы қуатты су ағыны әуесқой балықшылардың қарауыз балықты олжалап қайтуларына таптырмас мүмкіндік береді.
Арасан сарқырамасы - Мұзтауды іздесеңіз, Арасан өзенінің аңғарындағы Рахман бұлақтары курорттық аймағынан шығатын жаяу экосоқпақпен серуенге шықсаңыз, қарға оранған қос шыңға көзіңіз жетеді. Бұл маңда адасып кету қауіпі де жоқ. Жалғыз жол Арасан көлінің батыс - оңтүстік-батысынан өтіп, әрмен қарай Берелге апарады. 3 шақырымдық жол ашық күні Мұзтауды анық көруге болатын, ақпараттық тақта мен демалыс күркелері құрылған шолу алаңына жеткізеді. Тағы 1 шақырымды еңсере алсаңыз, Арасан сарқырамасының дәл өзі көз алдыңызға келеді. Арасанға апарар жолда ағаш баспалдақтармен жабдықталған тік еңістікке салынған соқпақ бар. Биіктігі 5-6 метрге жететін сарқырама шағын жартаспен екіге бөлінген. Өкінішке орай, 2007 жылы бұл жердің табиғи игілігі отқа оранып, әлі күнге дейін қалпына келтіріліп жатыр.
Рахман сарқырамасы - Рахман қайнары курортының маңында, Арасан өзенінің аңғарында, оңтүстік-шығысқа қарай 1,8 шақырым жерде Рахман сарқырамасы орын тапты. Ел арасында сарқыраманы арудың сүмбіл шашына ұқсатқан көркем теңеулер де кездеседі. Биіктігі 30 метрге жететін Рахман сарқырамасы кішігірім биіктаулы мореналық көлден (теңіз деңгейінен 2265 метр биікте) бастау алатын бұлақтан қалыптасып, Рахман көліне құяды.Туристерге келесідей бағдар ұсынылады: қайықпен көлдің арғы бетіне өтіп, ағаштан соғылған соқпақпен сарқырамаға қарай қозғалу. 4 шақырымдық соқпақ ну орманның ортасынан сарқырамаға ауқымды көрініс ашылатын шолу алаңына жол салады. Су гранитті және тақтатасты үш деңгейлі тік жартастардан жіңішке ағындар түзе төмен қарай құлайды.
Пиала сарқырамасы - теңіз деңгейінен 2370 метр биікте орналасқан Пиала сарқырамасына Катон-Қарағай ұлттық саябағы бойынша ұйымдастырылған 22 шақырымдық Сарымсақты турына қатысу арқылы жете аласыз. Тастан салынған атты жүріс соқпағы Сарымсақ өзені бойы мен әсем балқарағай орманы арасынан Қызылқұм өткеліне дейінгі аралықты қамтиды. Жолшыбай ала тышқан, алтайдың шиқылдақ торғайы, тиіндерді көптеп кездестіруге болады. Одан бөлек, балқарағай торғайы, жорғаторғай, байғыз сияқты құстар мен мұндағы жаңғақтарды жем көретін жабайы қабандар мен аюларды көріп қалуыңыз ғажап емес.
Шамамен орта жолда негізгі маршрут үш радиалды бағытқа тармақталады:
Біріншісі: Тоқтағұл шатқалы, Жоғарғы-Маралёнок-Қарлығашкөлдері, бағдар ұзындығы 5 шақырым;
Екіншісі: Тұрпан көлі;
Үшіншісі: Пиала сарқырамасы. Сарқырама биіктігі 5-6 метр. Айтарлықтай ірі болмаса да, оны қоршаған табиғаттың кереметіне еш талас жоқ. Тау өзені жартастан пішіні кесеге ұқсайтын кішігірім көлге әкеп құйып, ары қарай 1 шақырымдық жерде Сарымсақты өзеніне қосылады. Құлаған судың дыбысы сарқырамаға жақындамастан-ақ естіліп тұрады. Туристік бағдар желісі одан кейін де Сарымсақ өзені аңғарымен жалғасады. Жоғарыда аталғандай, бұл өңірде атау алмаған сарқырамалар да жетерлік. Осы орайда Белқарағай (Медведка) ауылы мен Ясная поляна жерінің маңындағы сарқырамаларды атап кетуіміз керек. Катон-Қарағайдың қай тарапына тоқтасыңыз да, жергілікті тұрғындарға сарқырамаларға шағын саяхат ұйымдастырып берулерін сұрап көріңіз. Алтайдың қонақжай халқы келген мейманның бетін қайтармай, қашан да көмек қолын созуға сақадай сай. Егер өз саяхатыңызды сауатты жоспарлап, Катон-Қарағайдың бар көрнекті орындарын саяхат барысында аралап шығуды мақсат етсеңіз, ойланбастан туристік агенттіктер қызметіне жүгінуге кеңес береміз.
3.1.Қатон-Қарағай саябағының жануарлары
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі-Қазақстанның шығысындағы көркем таулы аймақ. Табиғи өсімдіктер көптеген жоғары тамырлы өсімдіктерден, мүктерден, қыналардан, саңырауқұлақтардан тұрады. Тығыз ормандар ұлттық парктің меншігі болып табылады. Ол орындайды климаторегулирующую, почвозащитную, водорегулирующую рөлі. Фауна алуан түрлілікке бай: сүтқоректілердің 68 түрі, құстардың 282 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, балықтардың 17 түрі, 10 мыңнан астам омыртқасыздар. Сүтқоректілердің бес түрі-қар барысы, манул, тас сусары, Алтай тау қошқарлары мен Иконниковтың түнегі және құстардың 30-ға жуық түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.
Қар барысы (Uncia uncia) 1990-шы жылдардың басына дейін Ирбистің тіршілік әрекетінің іздері Бұқтырманың сол жағалауында Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім жоталарында жиі кездесетін. Сарымсақты жотасындағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің аға ғылыми қызметкері Владимир Михайлович Воробьев "Бұқтырма өзенінің жоғарғы және орта ағысындағы сүтқоректілердің кейбір түрлерін бақылау" атты мақаласындағы зерттеуге сәйкес, Барспен көрнекі кездесулер бірнеше рет өткізілді. 1958 жылы шілде айында Қызылқұм асуының маңайында тас үстінде жатқан адамдарға бей-жай қарамайтын барсалар байқалды. 1960 жылы сарымсақты мен Становая өзендерінің арасындағы суайрықтағы сарымсақты жотасында барысты өндіру оқиғасы белгілі болды. 1987 жылдың тамыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz