Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

пән: Әлеуметтік жұмыс теориясы
тақырып: Жасөспірімдер арасындағы қылмыс: себептері, негізі, алдын алу

Орындаған
Студент Полат Сапи

Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К.

Қарағанды 2021

МАЗМҰНЫ
Бет

Кіріспе

1 Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың теориялық негіздері
0.1 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері
0.2 Қазақстандағы жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жазалар.

2 Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
2.1 Жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары
2.2 Әлеуметтік қызметкердің Жасөспірімдер қылмысының алдын-алудағы атқаратын қызметтері

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Адам өміріндегі өзгермелі кезеңдері болады.Соның бірі,ең бастысы мен ауыр болып келетіні-ересектік кезеңі.Бұл уақытта адам 13-17 жаста аралығында болады, бала емес ,бірақ әлі ересек адам болмайды .Бұл жас "қоғамдық импиритинг"кезеңі -барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді.Бұл адамға есеюге мүмкүндік береді .Жасөспірімдердің қылмысы деген термин,жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасады дегенді білдіреді.Бұл терминді,ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру ,олармен салыстыру үшін енгізілген.
Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандығы белгілі.Бұл құбылыстар қоғамдағы өмір жағдайын жалпы түрде айқындап,жасөспірімді оқытуда,тәрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу,сақтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына қарай болатынын көрсетеді.
Жасөспірімдер тәртібінің ауытқуына тіпті қылмыстық жағымпаз әрекеттеріне де ,сол сияқты жағымды әрекеттеріне де қоршаған орта арқылы немесе жағдай жасаушы қоғамдағы экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлар себепті Жасөспірімге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады.Олар сабақтан қашу ,бармаудан бастап-адам өліміне дейінгі қылмыстар. Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:
1.Қарсылық реакциясы
Жасөспірімдердің іс-әрекетіне ,тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді.Бұл іс-әрекеттер үйден қашу мен, шулы серуендермен сипатталады.
2.Имитация реакциясы.
Нақты образға жеке адамға еліктеу.Кейде бұл белгілі кейіпкер болуы мүмкін.Мысалы жасөспірімдерге қылмыскер-суперменнің үлкен ықпалды екені белгілі.Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерінің еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсер тигізеді.
3.Компенсация реакциясы.
Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі.Мысалы мектепте сәтсіз дік болса,батыл іс-әрекеттермен орын толтыру.
4.Гиперкомпенсация реакциясы
Жасөспірімге қиын түсетін салала табандылық пен талпынып ,жетістіктерге жетуге тырысу.Көбінде өз-өзіне сенімсіз ,ұялшақ жасөспірім,ерекше спорт түрлерін таңдайды мысалы, бокс каратэ т.б
5.Топтасу реакциясы.
Бірдей жастағы жасөспірімдердіе топтасуы .Жасөспірімдік топтар ,ортақ мақсаттылығымен ,жинақтылықтарымен ,ортақ бағыттылықтарымен ерекшеленді. Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдарын отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермелейді.
Жастарды тәрбиелеу деген сөз кең мағынада ,тәртіп бұзушылығы фактілерінің себептері мен басқа да жағдайларды қарағанда әртүрлі әлеуметтік топтағы,әр түрлі деңгейдегі балалардың шағын орталықтарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне детальді түрде талдау жасауды талап етеді Жасөспірімнің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда алдыңғы орында жанұя тұрады.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына,қоғамда жүруіне-жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен.Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекатты есем қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді. Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі-ажырасқан отбасылардың көптеп кездеседі.Яғни осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы.Бірақ айырылыспай әрқашан ұрыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді.Сондықтан басты болып ,жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады.Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді.Бірақ әкесі жағынан жақындық ын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады,әсіресе ұл балалар.Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша,сексуалды қылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес,аралары ыстық болмағанын көрсеткен.Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке шешесі бір-бірімен ұрысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген.Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған.1995жылғы 30-тамызда референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам,мемлекет және адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді.Оның 1-бабында:"Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды және оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"делінген..Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар ұйымының толық мүшесі болып ,басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Шындықты көз жұмбақ тікесін айтатын болсақ ,республикамызда қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы,сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес жүргізу тиімділігінің төмен түсуі қоғамда мемлекеттік биліктің азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету,олардың конституциялық құқықтарын қорғау қабілетіне күмән туғыза бастады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес ,ауыр қылмыс ,орташа қылмыс,кәмелет жасқа толмағандардың арасында көбейіп отыр .
Кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы қылмыстың ең бір қауіпті де айқын ерекшелігі оның ұйымдасқан немесе топтасқан жағдайларда жасалынуында. Тағы бір басқа назар аудара жай-әсіресе соңғы кезенде етек ала бастаған ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі.Біздің қоғамымыздың соңғы кездерде кезіккен проблемаларының бірі жастардың құқықтық санасы дәрежесінің төмендігі болып отыр.Осыған қарағанда жастарға,бәрінен бұрын оқушыларға құқықтық білім берудің маңызы ерекше екендігі көрінеді.Осы орайда ел Президентінің ""Қазақстан 2030.Барлық қазақстандық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әлеуметтік әл- ауқатының артуы""атты Жолдауындағы ""Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз""-деген сөзін басшылыққа алуымыз керек.Болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие беруде ұлттық дәстүрге баулу ,олардың бойына ізгі сезімдер мен отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді дарыту қажет. Мемлекет ұл-қыздарына қол ұшын бүгін берсе,ертең олар оны ұмытпай болашақта мемлекеттің көркеюіне үлес қосуға тырысары сөзсіз.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты-жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін қылмыстық әрекеттің басты себептері,олардың заңмен қақтығысуына жол бермейді,оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді анықтауды ашып көрсетіп ,зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеудің мақсаттарына мыналар кіреді:жасөспірімдер арасында қылмыстың көптеп таралуының негізгі себептері ,негізі қылмыстың алдын алу үшін атқарылатын шаралар ,Қазақстан Республикасының жасөспірімдерге арналған Қылмыстық кодексінің баптары бойынша жасалған құқық бұзушылық ;
-жасөспірімдер арасындағы құқықбұщушылықтың ,қылмыстың қоғам және мәдениет құрылымдарына ,адам мінезінің қарым-қатынас ерекшелігіне,төменгі экономикалық-қоғамдық статусына ,алкоголь және наркотикалық заттарға ,құрдастарының әсерін,отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдайға ,жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер ,кемшілікер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерге байланыстылығын ашып көрсету;
-жасөспірімнің қылмыс жасауға болдырмау үшін қазақ отбасына тән өзіндік ерекшеліктерінің маңызын ,отбасы мүшелері арасындағы ізгілік қатынастар жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшеліктеріне байланысты қатынас,әулеттегі жақсы дәстүрлерді келтіре отырып ,бала қасиетін аша білу,күнделікті тұрмыс тіршілікке бейімдеу
Курстық жұмыстағы ізденісте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс жасау себептері және оларға жаза тағайындау ерекшеліктеріне заң ғылымдарының көптеген еңбектерінен шолу жасалды.Заң ғалымдары осы тұрғыда біраз зерттеулер жасап,еңбектері жарыққа шықты.Алайда ,қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына тосқауыл болатын ұсыныстарды заңдастыру қажет.
Жасөспкрімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не,кім кінәлі?Бұл курстық жұмысымда жаңалық-жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуынын негізгі себептері,факторларына үлкен мән бере отырып,қылмыстың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар ұсынылады.

1 Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың теориялық негіздері

0.1 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстың себептері

Қазіргі уақытта қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің жылдам және кең көлемді үрдісі жүріп жатқан кезде,көзқарастары әліде тұрақтала қоймаған жастарға қиын болып келеді.
Жасөспірімдердің құқық туралы ұғымдары жас ерекшеліктеріне байланысты саналы деңгейде емес. Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және саяси өміріндегі тұрақсыздық салдарынан қылмыстылық кәмелетке толмағандар арасында етек ала бастады. Осы уақытқа дейін кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы біртұтас криминологиялық санат ретінде қаралады. Қылмыстылық бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, сонымен қатар белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Қылмыстылықтың келесідей сапалық-сандық да көрсеткіштермен өлшенеді: яғни, қылмыстылықтың мөлшері, деңгейі, құрылымы, динамикасы (қозғалысы). Қылмыскердің жеке тұлғасы, оның қоғамға қайшы көріністердегі рөлі мен орны, оның жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтер қылмыстың себептері туралы ақпаратты қамтиды. Қылмыскердің жеке тұлғасы сондай-ақ жаңа қылмыстардың (қылмыстың қайталануы - рецидив) алдын алу үшін тікелей зерттеледі. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары (криминогендік факторлар, детерминанттар) қылмыстылықты тудыратын және соған себеп болатын жағымсыз экономикалық, демографиялық, психологиялық, саяси, басқарушылық-ұйымдастырушылық құбылыстар мен үдерістердің жүйесін қамтиды Мысалы мазмұнының әртүрлігіне байланысты әртүрлі деңгейде зерттеледі: толық, қылмыстардың жекелеген топтары, нақты қылмыстар бойынша. Қылмыстылықтың алдын алу, яғни ескерту-қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жоюға, бейтараптандыруға не әлсіретуге бағытталған мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың жүйесі ретінде айтылады. Сонымен қоса қылмыстылықтың алдын алу жүйесінің бағыты, әрекет етудің механизмі, кезеңдері, көлемі, мазмұны, субъектілері және өзге де өлшемдер бойынша талданады.
Қазіргі таңда біздің өсіп келе жатқан ұрпақты салауатты дамуына егеменді де, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан демократиялық және қиын-қыстау өтпелі кезеңдерде біздің жастарымыздың арасында, соның ішінде атап айтсақ кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық болып тұр. Соңғы жылдары республикада өсіп келе жатқан кәмелетке толмағандар арасында және жастар арасындағы қылмысқа үңілетін болсақ, өкінішке орай, қарастырылып отырған тұлғалар арасындағы қылмыстылық өршуде. Отбасының немесе мемлекет қамқорлығының аздығынан, балалардың іс-әрекетіне бақылаудың жоқтығы олардың теріс жолға түсіп кетуіне мүмкіндік береді. Олар өздерінің ойына не келсе соны жасап, заңсыз қаражат тауып, қоғамға қауіп тудырады. Сонымен қатар жасөспірімнің ұзақ уақыт қараусыз және криминалдық ортада болуы оның әрі қарай өмір сүру деңгейін анықтайды.Кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтармен сақтандыру жұмысын жұмысын тиімді жүргізуге кедергі болатын бір жағдай-қоғамға қайшы әрекет жасаған жасөспірімнің 70%-ы кейін өзінің қылмыстық ортасына қайтып оралады. Сол себепті соңғы онжылдықта сақтандыру жұмысын жүргізуге мәжбүр ететін жеткіншіктердің саны жоғары деңгейде тұр. Яғни олардың әртүрлі сылтаулармен қоғамға қайшы әрекет жасау дағдылары бойға орнығуда, қылықтары ересектерден кем түспейді. Сондықтан бүгінгі жеткіншіктер арасындағы зорлықшыл зерделеу проблемасы өзекті мәселеге айналды. Жасы кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстардың саны өсіп бара жатыр. Олардың негізгі себептері атай кетсек төмендегідей
Бірінші себепте, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болғанның өзінде тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғымен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Нәтижесінде ата-аналар балаларына кері тәрбие береді, яғни атап айтатын болсақ көшеде келе жатып бір-бірімен соқтығысып қалған жағдайда, кешірім сұрап әрі қарай кете берудің орнына, олардың ата-аналары оларға тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп тәрбиелейді. Ал сол тәрбиені көріп өскен жас бала ертеңгі күні біреуге жамандық жасаса да өзінікін дұрыс деп санайды. Сол кезде ол жасы кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру өте тым кеш болады. Әрине тәрбие ошақ басынан, содан кейін қазіргі таңда мектептегі мұғалімдерінің беделінің төмен түскендігі де байқалады. Бұл да қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Екінші себеп - қоғамдағы қылмыстың артуына нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып тұр. Әрине, ішкен адам өзінің жасаған әрекетіне, мінезіне жауап беруі өте қиын және ол мас күйінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін тіпті ойламайды. Сондықтан аталған мәселені шешпейтін болсақ, біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайту мүмкін емес.Үшінші себеп - құқық қорғау органдарындағы заңсыздық мәселесі. Бір бала қылмыс жасаса және оны бәрі біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі балаға жаза қолданудың орнына басқа заңдылыққа жатпайтын шараларды қолданып, көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқиғаны көрген жастар жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында заңға сенімсіздік пайда болады.Төртінші себеп - біздің қоғамдағы жастар өз уақыттарын бос және тиімсіз пайдаланады. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мемлекет тарапынан көп көңіл бөлсе, жасап жатқан жағдайы жеткіліксіз болғандықтан біздің жастар әртүрлі қылмысқа барып отыр. Мәселен, қандай ойын болмасын, тегін баратын жер жоқ, бәрі ақылы, аттап бассаң ақша, тек қана көшеде тегін жүруге болады. Қолы бос болғаннан кейін жастар ойына келгенін істейді. Сол себепті мемлекет тарапынан жастардың бос уақытын орынды пайдалануына мүмкіндіктерді молынан жасау керек деген пікірдеміз.
Жастар арасынддағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады . Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе - құқық қорғау жүйесінің ғана емес,сонымен қатар басқа да мемлекеттік қйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі. Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылуы шарт.Жасыратыны жоқ ,ұзақ жылдар бойы ,бізде жастарымыз ды отаншылдық ,заңдарды құрметтеу,қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алды .Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын,ұрлық,зорлық,бұзақылық,т.б . қылмыстық әрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл -күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кезедеседі .Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністердің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан ,өскелең ,жаңа буынды дұрыс тәрбиелеудің, екінші жағынан ,жалпы қылмыстықты жолдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жасаған жолдауында жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесінің өсуіне басты назар аудару қажеттігін және оны төмендету щараларын қарастыру керектігін атап көрсетті.Оның іске асыру мемлекеттің ішкі саясатының мағызды бағытына жатады.Бұл жұмысты IIБ күшімен ғана табысты жүргізу мүмкін емес ,ол үшін басқа да мемлекеттік ұйымдар ,мемлекеттік емес ұйымдар және БАҚ белсенді түрде тартылуы керек.Жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмысты талдағанда ,оның 64,7% сабақтан тыс жіне кешкі уақытта болатынын көрсетті.Қазіргі уақытта ойын-сауық орындарында жасөспірімдер жасаған құқықбұзушылық әрекеттердің өсуі Заң қабылдауды қажет етеді . Ойын-сауық орындарында қолданылатын және таратылатын алкогольді ішімдіктерге,есірткі және психотроптық осы заттарға жасөспірімдерді
Қылмыс бұл тарту алаңдаушылық туғызады.Осыған байланысты ,жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың жіне балалардың қараусыз қалуын алдын алуға бағытталған кешенді құқықтық шаралар Заңмен қарастырылған:
1)Түнгі уақытта ойын сауық ұйымдарға жасөспірімдердің баруына шекетеу енгізу (сағат 22:00ден 06:00дейін)
2)Ойын сауық орнына жасөспірімдерді кіргізген ойын-сауық орындарының қызметкерлерінің әкімшілік жауапкершілікке тарту.
3)Жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болғаны үшін ата-аналарда әкімшілік жауапкершілікке тарту.
әлеуметтік қастық ересек адамдармен салыстырғанда жасөспірімдердің сотталуы аз болса да,қылмысқа баруға болмайды. Қасақана іс-әрекеттер жасайтын жастар ұйымдары дүниеқорлық пен туындайтын жастар санасының басқа да жатқылықтарды өсіп келе жатыр. Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін ,оның құқыққа қайшы келетін мінез -құлықтарын ,қоғамға жат әрекеттерін жан жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелді не, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты .Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс-әрекеттерінің негізгі сәтін дөп басып оның ішкі және сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нәрсе-мотивация болып табылады.
Адам белгілі бір қоғамның мүшесі ,ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәрбиесі ,білімі өзіне тән өзгешеліктері болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді.Өйткені онда жоғарыда аталған компоненттер :тәжірбие ,білім,іс-әрекет т.б жоқ.Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан ,сенімінен талғам,мұиатынан ,бағытынан ,қабілет ,қызығуынан жақсы байқалады.Жеке адам-тарихи -әлеуметтік жағдайдың жемісі .Ол әлеуметтік ортада белгілі қоғамда ,колективте ғана қалыптасады.Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері ,оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың экономикалық ,идеологиялық тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сынды тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктері болып табылады.Жеке адамның психикалық тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады.
Адам қимыл қозғалыстары есепсіз көп .Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады.Оның еркін еріксіз қозғалыстар яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар :көздің жұмылуы,жөтел,шашалу, түсіру,т.б екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды.Мәселеп жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады.Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаның өзгертуге оған ықпал жасауға болмайды.Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл қозғалыстар жасау қажет.Ойланып істелетін ,алға мақсат қоюды қажет ететін ,түрлі кедергілерді жеңе білумен көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез -құлқын меңгере алу қабілеті.Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып,қайыспай,кідірмей амал етуге ұмтылу-деп көрсеткен белгілі қазақ зиялысы Ж.Аймауытов
Қылмыстың мотивация жүйесі адам әрекетінің терең тамырларына еніп сол әрекеттің себептерін анықтауға ,сонымен қатар ,оған адамгершілік және құқықтық өлшемдермен ықпал етуге мүмкіндік береді.Мотивацияны іс-әрекеттерді қозғаушы күштердің жүйесі ретінде ұғыну да осы анықтамаға .

1.2 Қазақстандағы жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жазалар.
Кәмелетке толмағанның психикасының және оның әлеуметтік мәртебесінің ерекшеліктері оған қолданылатын қылмыстық жазалау шараларының ерекшеліктерін болжайды: бұл шаралар неғұрлым жұмсақ, көбінесе тәрбиелік әсерге бағытталған және кәмелетке толмағанның қоғамдағы өмір сүру жағдайларын көрсетеді. Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жазаның неғұрлым қатаң шаралары (өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру) қолданылмайды, қылмыстық заңда кәмелетке толмағанның әлеуметтік мәртебесінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылуы мүмкін емес немесе мақсатқа сай келмейтін жазаларды (белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру, мүлкін тәркілеу, бас бостандығын шектеу және әскери қызметшілерге қолданылатын жазалар) қолдану көзделмейді. Қазақстанда кәмелетке толмағандар тағайындайтын жаза түрлері ҚР ҚК 79-бабының 1-бөлігіне сәйкес: а) айыппұл; б) белгілі бір лауазыммен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстар; г) түзеу жұмыстары; д) қамауға алу; е) бас бостандығынан айыру. Сонымен қатар, айыппұл кәмелетке толмаған сотталушының жеке табысы немесе өндіріп алуға болатын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Мүлік оған меншік құқығында тиесілі болуы тиіс, яғни кәмелетке толмағандар заңды түрде сатып алуы тиіс. Айыппұл ең төменгі жалақының оннан бес жүзге дейінгі мөлшерінде немесе кәмелетке толмаған сотталған адамның екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұл мөлшерін анықтаған кезде сот бұл жаза сотталушыны қалыпты өмір үшін қажетті материалдық байлықтан айырмауы керек екенін ескеруі керек. ҚР ҚК 79-б. 3-б.сәйкес қоғамдық жұмыстар 40-тан 160 сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, кәмелетке толмаған адам үшін қолдан келетін жұмыстарды орындаудан тұрады және оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындайды. 16 жасқа дейінгі адамдардың осы жаза түрін орындау ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал 16 - дан 18 жасқа дейінгі адамдардың күніне үш сағаттан аспауы керек. "Оқудан бос уақыт" кәмелетке толмағанға өз бетінше дайындалуға, үй тапсырмаларын орындауға қажетті уақытты қамтымайды, бұл ретте кәмелетке толмағанды қосымша оқыту уақыты: музыка мектептері, спорт секциялары және т. б. ескеріледі. Жұмыс істейтін кәмелетке толмаған адамға қоғамдық жұмыстар оның негізгі жұмыс орны бойынша еңбегінің сипаты мен ауырлығын ескере отырып тағайындалады.Түзеу жұмыстары кәмелетке толмағандарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚР ҚК 79-ББ.5-б.). Жаза бұл тек жұмыс істейтін кәмелетке толмағандарға қолданылады. Бұл жаза, мүмкін болса, кәмелетке толмағанның әлеуметтік дамуына кедергі келтірмеуі керек, мысалы: оқу орнына түсу. ҚК-нің 79-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қамауға алу үкім шығарылған кезде 16 жасқа толған кәмелетке толмағандарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Кәмелетке толмаған адамды қамауға алу туралы шешім қабылдаған кезде сот бұл шара кәмелетке толмағанның оқуына зиян тигізбеуі керек екенін ескеруі керек. Бас бостандығынан айыру сияқты жазаның мұндай түрі кәмелетке толмаған сотталғандарға он жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және: бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында әйел кәмелетке толмағандар; күшейтілген режимдегі колонияларда бас бостандығынан айыру түрінде бұрын жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар өтейді. Ауыр қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға қажет болған жағдайларда қатаң жазалау шаралары қолданылуға тиіс. Осындай жазалау шараларын қолдану туралы мәселені талқылай отырып, соттар жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ғана емес, сондай-ақ кінәлінің жеке басын және жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын істің мән-жайларын, сондай-ақ қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды да ескеруге міндетті.Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы барлық істер бойынша қылмыс жасауға қатысы бар ересектерді анықтау, олардың Жасөспірімді қылмысқа тартудағы рөлін анықтау шаралары қабылданбайды. Масаң күйде қылмыс жасау жағдайлары анықталған кезде көптеген істер бойынша спирттік ішімдіктер мен есірткілерді сатып алу көздерін, оларды пайдалануға мән-жайларды анықтау шаралары қабылданбайды, бұған ересек адамдардың қатыстылығы; кінәлі ересектерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілмейді. ҚР ҚК 79-бабының 10-бөлігіне сәйкес сот жазаны орындайтын органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін есепке алу туралы нұсқау бере алады. Бұл кәмелетке толмаған баланың психикасының ерекшеліктері, физикалық әлсіздігі және денсаулығының нашарлығы, белгілі бір қызмет түріне қабілеттілігі мен бейімділігі болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау ерекшеліктері ҚР ҚК 80-бабында көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары, психикалық даму дәрежесі, жеке адамның өзге де қабілеттері ескеріледі. Кәмелетке толмағандар жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жазаны жеңілдететін және ауырлататын басқа мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау кезінде қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық жағдайлардың жиынтығынан бастау керек (кінә нысаны, мотив, әдіс, жағдай және қылмыс жасау кезеңі, туындаған салдардың ауырлығы, қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен сипаты және т.б.), тіпті міндетті белгісі негізгі себептер болып табылатын қылмыстар үшін де. жасөспірімнің мінез-құлқының басым себептері төмен емес, бірақ басқа себептер. Сонымен, ұрлық, тонау, қарақшылық шабуылдар кейде жасөспірімдерде өзімшілдік мотивтерімен, арамдық мотивтерімен, өзін топта көрсетуге деген ұмтылысымен, бос уақытын толтыруға деген ұмтылысымен байланысты. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен жазасын дараландыруда жеке мәліметтердің маңызы зор. Жасөспірімнің жеке басын сипаттайтын негізгі элементтер-бұл жас, білім, отбасылық жағдай; психикалық ерекшеліктер; қажеттіліктер мен мүдделер, құқық пен мораль нормаларына, ата-аналарға, оқуға немесе жұмыстағы міндеттеріне деген көзқарас. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу кезінде мынадай мән-жайларды: ) кәмелетке толмағанның жасын (туған күні, айы, жылы); ) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал еткен себептері мен жағдайларын; ) ересек айдап салушылардың және өзге де сыбайластарының болуын анықтауға ерекше назар аударуды да талап етеді. Кәмелетке толмаған адамға қатысты әділ жаза оның түзетілуін қамтамасыз ететін жаза болады. Бұл жағдайда жаза тым қатал болмауы керек. Кәмелетке толмаған қылмыскерді сәтті түзету оның қоғамға қалыпты енуі үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жиынтығын қамтиды. Осы жағдайлардың ішінде кәмелетке толмағанның әлеуметтік сау ортада қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, зиянды әсерлердің болмауы, кәмелетке толмағандарға кәсіп алу және оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын заңды қызметпен айналысу мүмкіндігі маңызды. Қажетті жағдайлардың болмауы кәмелетке толмаған адамға қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігіне сәйкес келмейтін әділетсіз қатаң жаза тағайындау мүмкіндігін білдірмейді. Бұл жағдайда заңға сәйкес сот қылмыстың себептері мен жағдайларын жою үшін мүмкін шараларды қабылдауы керек. Кәмелетке толмағандарға тәрбиелік Ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану. Шағын немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге тәрбиелік Ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізуге болады деп танылса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. ҚР ҚК 82-бабы тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерін көздейді: а) ескерту; б) ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; В) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу; г) кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу; д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбие мекемелеріне орналастыру. Қадағалауға беру ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмағанға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-құлқын бақылау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады. Бұл мәжбүрлеу шарасын қолданған кезде ата-аналар бұл міндетті қоздыру тәсілдерімен шектеледі: ата-ананың міндеті нақтыланады және оған, мысалы, баланың бос уақытын бақылауды қамтамасыз ету, баланың белгілі бір сағаттан кейін үйден кетуіне жол бермеу және т.б. бұл шара ата-аналар мен басқа адамдарға баланы (қамқоршыны) жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы ескертудің бір түрі болып табылады. оларды тәрбиелік іс-әрекетке ынталандыру үшін. Ата-аналар мен басқа да адамдар қадағалау жөніндегі осы міндетті қабылдауға келіспеген не осы міндетті тиісінше орындауға қабілетсіз болған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік органға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстың себептері
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын -алудағы әлеуметтік- педагог қызметінің жүйесі
Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын алудағы әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі туралы ақпарат
Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
Салықтық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік
Мемлекеттің салық қызметі
Пәндер