Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

№52 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Компьютер тарихы мен информатика ғылымына еңбегі сіңген ғалымдар

Орындаған: 6 «А» сынып оқушысы Полатжан Ақерке

Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Абдибекова С.

Шымкент-2021ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны . . . 4

Компьютердің шығу және даму тарихы . . . 7

Информатика ғылымына еңбегі сіңген ғалымдар . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24

Информатика саласындағы зерттеу тақырыптар: бағдарламаларды және ақпарат базаларын (жуықтау теориясы және жасанды интеллект) жүзеге асыру немесе асырмау, жеке есептік және информациялық мәселелерді қандай максималды тиімды жолмен шешу, қандай түрде сақтап, оны қайта қалпына келтіру (құрылымын және деректер базасын), адам мен программаның байланысы (пайдаланушы интерфейсі және программалау тілдері және ұсынылған білім) және т. б.

Информатика бірқатар салаларына бөлінеді. Информатиканың негізгі бөлімдері - теориялық информатика және практикалық информатика. Информатиканың негізгі салаларына дәстүрлі компьютерлердің архитектурасын зерттеуі, бағдарламалау тілдері және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуі кіреді. Сонымен қатар, оларға есептеу ғылымдары (ғылыми деректерді модельдеудің алгоритмдік әдістерін қолдану), графика және визуалдау, адам мен компьютердің өзара әрекеті, мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер, компьютерлік желілер және информатика практикасына ғана тән әлеуметтік және кәсіби мәселелер кіреді. Көрініп тұрғандай, бұл кейбір кіші өрістер биоинформатика және есептеу химиясы сияқты басқа заманауи салалармен өзара әрекеттеседі. Бұл қабаттасулар компьютерлік ғалымдардың өз салаларының көптеген пәнаралық байланыстарын тану және әрекет ету тенденциясының салдары болып табылады. [

Кіріспе

Мектеп информатика курсында компьютерлік технология құралдарын пайдалану тәсілдерін үйрену барысында әдістемелік пән ретінде жетекші орынға ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру, олардың өнімді де айрықша ойлауын дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылаады. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми- зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметініің барлық салаларына информациялық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Бұл жағдайлар болашақ иннформатика мұғаліміне пәнді оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын, оқытудың әдістерін терең меңгеріп, оны сабаққа тиімд қолдана білу міндетін жүктейді.

Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Білім» Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын талаптардың мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі аталған курс материалдарын игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.

Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Мектеп информатика курсы - білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын салаасына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл - ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.

Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны

Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Сондықтн да информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс түсіну үшін

  1. Информатика, информация терминіне,
  2. Компьютердің шығу және даму тарихына тоқталайық.

Информация - қоршаған ортадан алған қандай да бір мәліметтер жинағы.

Информатика - компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информаиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.

Компьютердің даму тарихын айтар болсақ, ол негізінен 5 буыннан өтті.

1-буын 1946-1960 жылдар

2-буын 1960-1964 жылдар

3-буын 1964-1970

4-буын 1970-1980

5-буын 1980-нен бастап қазіргі уақыттар ралығы

Орта мектепте информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А. П. Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды оқытты.

1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады.

1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындады.

1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А. П. Ершов, Г. А. Звеногородский, Ю. А. Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады.

«Рапира тілі» бағдарламалау жүйесін Г. А. Звеногородский жасады.

1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды қолдану енгізілді.

1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленді.

1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді.

1985-1986 жылдары А. П. Ершов, В. М. Монахов, А. А. Кузнецов, Я. Э. Гольц, М. П. Лапчик және т. б. алғашқы информатика оқулығы шықты.

1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту басталды.

1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды.

1986 ж. «Информатика и образование» журналы шыға бастады.

1986 ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды.

1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М. П. Лапчиктің кітабы жарық көрді.

Байқау негізінде информатикадан А. П. Ершов, А. Г. Кушниренко, В. Г. Житомирский, В. А. Кайманның юасқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.

1994 жылы информатика курсы 8-9 сыныптарға көшірілді. Қазақстан мектептерінде информатика курсын оқытудың мемлекеттік стандартының оқу бағдарламасы 1998 жылы жазылып, оқу процесіне енгізілген болатын. Онда информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырды. 1-кезең 7-9 кластар үшін, ал 2-кезең 10-11 кластар үшін еді.

Орта мектептердегі информатика курсын жүргізу, оны оқыту әдістерін жетілдіре түсу мына мәселелерге байланысты болды:

  1. Ғылымның компьютерленуінің өсуі;
  2. Компьютерленген өндірістерде жұмыс істеуге қабілетті жоғарыбілікті жұмысшылар мен мамандарды даярлау;
  3. Басқару орындарының компьютерленуі ;
  4. Компьютерлік қоғамға лайықты болу және ЭЕМ-ді тұрмыста қолдана білу;
  5. Компьютер арқылы дүниежүзілік желілермен байланыс жасап, информация алу;
  6. Білім беру жүйесін компьютерлендіру.

Мектепке информатика пәнінің енгізілуіне орай мұғалімдерді қайта даярлау мен жоғары оқу орындарын бітіруші студенттерін дайындау жедел түрде қолға алынды.

Ал, 1985 жылы информатика пәні мұғалімін жүйелі түрде дайындаудың жаңа оқу жоспары жасалынды. Сөйтіп, информатиканы оқыту әдістемесі жаңа пән ретінде 1987-1988 оқу жылдарында педагогикалық институттарға енгізілді. Сол уақыттарда информатика пәнін оқытуға еш әзірлік болмаған еді, тек баяндама, мақала, пікір сайыс ретінде ғана қарастырылды.

Мектептерде есептеуіш техниканың программалық қамтамасыздандыру бумаларының жеткіліксіздігінен және жоғары оқу орындарында өтілетін программалау курсына дайындық ретінде, тек есепті шешу алгоритмін құру әдістерін тақтада шығарып көрсетумен ғана шектелді. Содан кейін келесі мәселелер қаралды:

  1. Мектеп информатика курсын оқыту мақсаты анықталды;
  2. Компьютермен жұмыс істеу деңгейі белгіленді;
  3. Информатиканы оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық принцип нақтыланды;
  4. Компьютерлік сауаттылық, информациялық технология түсініктері жасалды;
  5. Жеке адамның жүйелі түрде қолдануы негізінде оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ашылды;
  6. Информатикада қолданылатын дәстүрлі және жаңа дидактикалық құралдар қарастырылды;
  7. Компьютерлік сабақты оқытудың ұйымдастырылған формасының жүйесі жасалды;
  8. ЭЕМ-де жұмыс істейтін оқушының ойлау қызметі әдістері мен оқытудың әдістері талданды.

Сонымен, тәжірибелі мұғалімнің информатиканы және оны оқытуды жүйелі түрде жүргізбегенінен едәуір қиындықтар туатындығы белгілі болды. Бұл мәселені шешудің бір жолы - мектепте компьютерлік білім беру жүйесін жасау және оны жаңартып отыру болып табылады.

Информатиканың негізгі бір ерекшелігі компьютерде жұмыс істеу үшін алгоритмді, бағдарламаны, нұсқауларды терең білу талап етіледі. Бұл талапты орындау үшін әрбір пайдаланушы өз ісіне ұқыптылықпен қарай бастайды, өйткені қайбір нұсқауды ЭЕМ-ге қате енгізетін болса, онда компьютер экранында «қате жібердіңіз» деген сәйкес хабарлама шығады. Міне, осындай қателікті екінші қайтара болдырмас үшін пайдаланушы (студент немесе оқушы т. б. ) үнемі ізденіс үстінде жүреді.

Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мазмұны, әдісі, түрі және оқыту құралы жүйесін қарастырады. Бұл курсты оқу нәтижесінде болашақ мұғалім компьютерленген мектепте, университетте толық түрде жұмыс істей алатын дәрежеде болуы тиіс. Ол үшін мына мәселелер қажет:

  1. Барлық білім беру, дамыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мектеп информатика курсын оқыту мақсаттарын түсініп оны менгеруі;
  2. Мектеп информатика курсының мәні мен орнын анықтай алуы;
  3. Курс мазмұнын менгеру, ол үшін бар оқулықтарды информатика бағдарламасы бойынша оқып шығу;
  4. Мазмұнын түсіну, оларды қолдана алу;
  5. Курсты оқыту құралдарын, оқытудың жаңа әдістерін менгеру, оқушылардың ойлау қызметін басқара білу;
  6. Сабақты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын меңгеру ;
  7. Информатиканы пәнаралық байланысын түсіне білу, оны қолдана білу;
  8. Информатиканы оқыту үрдісін таладй білуге үйрену, оны бағдарламалық және техникалық қамтамасыздандыруын қолдана алу мен өңдей білу;
  9. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту және оны бекіте алу;
  10. Компьютердің көрнекілік құрал ретіндегі рөлін қолдана алу, графикалық мүмкіндігін терең меңгеру;

Информатикаға қатысты жаңа білім аймақтарын оқып үйрену; компьютерлік технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру; арнайы әдістер көмегімен оқушылардың қабілеттерін ояту және оны дамыту. ЭЕМ-мен тығыз байланыста бола отырып, информатиканы оқыту әдістемесі адамның компьютерді меңгеру тәжірибелерін шыңдай отырып, білім беруді компьютерлендіруді іске асыру болып табылады.

Компьютердің шығу және даму тарихы

Компьютердің шығу және даму тарихын баяндағанда мына мәселелер айтылуы тиіс:

Адамзат баласына ерте кезден бастап-ақ есептеуді жеңілдететін аспаптар ңажет болғандығы тарихтан белгілі. Бұрынғы кезде ондай аспап ретінде адамның саусақтары пайдаланылса, кейінірек ағаш талшықтары (б. э. д. 350 ж. ), абак (б. э. д. V ғасыр) және т. б. қарапайьш аспап түрлері пайдаланылды. Алғашқы құралдардың бірі есепшоттар болған. Бұл есепшоттар арифметика бастамаларын оқытуда негізгі роль атқарды. Ал жаңа педагогикалық құралдардың шығуына ғылыми техникалың прогрестің тигізген әсері мол. XVII ғасырда логарифмдік сызғыштар және Паскаль, Лейбництердің арифметикалың есептеуіш машиналары - арифмометрлер кеңінен қолданылды. XIX ғасырда есептеуіш машиналарын жасау кезі басталды.

1940-1950 жылдарды компьютерлік дәуір басталуы деп айтамыз. Себебі, бұл жылы ЭНИАК (ENIAC, аббревиатура от Electronic Numerical Jnterrator and Computer - электронный цифровой интегратор и вычислитель - электронды цифрлық интегратор және есептеуіш) машинасын Пенсильвандық университет математигі Кэтлин Маккалти жасады. Бұл машина Екінші дүние жүзілік соғысы АҚШ әскері баллистикалық кестелерді есептеу жұмыстарын атқарды. ЭНИАК-та 17468 электрондық шам орналасқан. Кейінірек ЭНИАК машинасын перфокарталар көмегімен программалауды жүзеге асырды. Перфокарталық әдіспен механизмді басқару XIX ғасырдағы француз өнертапқышы Жозеф Мари Жаккардың есімімен байланысты. Осыдан соң 30-жыл өткеннен кейін Чарлз Бэббидж өзінің аналитикалық машинасында Жаккардың идеясын қолданды. Бэббиджден соң 20 жыл өткенде американдық өнертапқыщ Герман Холлерит электромеханикалық санау машинасын - табулятор жасап, 1890 жылғы АҚШ-тағы халық санағын жүргізуге қолданды. Табулятор кең сұранысқа ие болғандықтан Холлеритке фирма ашуға тура келді. Бұл әлемге әйгілі ИБМ (ІВМ, International Business Machines - стандартная деловая машина - стандартты жұмыс машинасы) фирмасына айналды.

Алғашқы перфокарта көмегімен программалауға болатын машинаны неміс инженері Конрад Цузс жасады. 1930-1940 жылдар аралығында ол инженерлік есептеу жұмыстарына арналған есептеуіш машиналар мен компьютерлердің бірнешеуін жасады.

Цузе өз зерттеулерін Германияда жүргізіп жатқан уақытта амарикандық ғалымдар - Гарвард университеті математигі Говард Айкен ИБМ фирмасы инженерлерімен бірге жұмыс жасады. Бұл программамен басқарылатын машина салмағы 5 тонналық және бағасы 500 мың долларды құрады.

Ада Лавлейс Чарлз Беббидждің замандасы, әрі ең бірінші программист әйел. Ол Аналитикалық машинаны жоғары бағалап, циклдік программаны жасады.

Пенсильвандық университет қызметкерлері Джон Мочли және Преспорт Экерт Эдвак (EDVAC, Electronic Discret Varible Automatic Computer - Электронный автоматический вычислитель с дискретными переменными - дискертті айнымалы электрондық автоматты есептеуіш) машинасын жасады. Мочли мен Экерт жаңа жоба жасап жүрген кезде, Венгерлік математик Джон фон Нейман ЭНИАК- ты жасауға кеңесші болған еді. Сонымен бірге ЭДВАК машинасын жасауға да зор үлес қосты.

Математик Джон фон Нейман компьютердің ішкі жадысына бұйрықтарды сақтау тұжырымдамасының көрнекті иегері. Грейс Мюррей Хоппер, Роберт Кэмпбелл және Ричард Блок программалау әдісінің негізін қалады. Олар Марк - 1 машинасына ішкі программалар жазды.

Математик, программист Грейс Мюррей Хоппер 1940 жылдары Горвард университетінде қызмет атқара жүріп, Марк - 1 машинасын техникалық жөндеуге көп үлес қосты. Ол Аленмен бірігіп Альтаир машинасына программалық қамтамасыздандыру программасын дайындап, жұмыстары нәтижелі шықты. Программаны машинаға жүктегеннен кейін қағазда мынадай мәтін жазылды: Жады өлшемі? Аллен машинаға жауабын енгізіп отырды. Компьютер мен адам арасында сұхбаттық байланыс орнатылды. Гейтс пен Аллен Микрософт (Місrosoft) компаниясын құрды.

1975 жылы Нью-Иорктік - кинорежиссер Майкл Шрейер Альтаир машинасын жетілдіре түсіп, оған пернелік тақта мен теледидар қосты. Теледидар дисплей ролін атқарды.

М. Шрейер ең бірінші рет мәтін жазуға арналған электрлік қалам атты программасын дүниеге келтірді. 1978 жылы Нью-Йорктік Сеймур Рубинштейн мен Джон Барнэби екеуі Уордстар (Worrdstar) деп аталатын мәтіндік процессор дайындады.

Инженер программист Дэниел Бриклин есептеу жұмыстарын компьютерде орындатуға болатындығы жайлы ойын Роберт Фрэнкстонға айтты. 1978 жылы екі программист Визикалк (VisiCalc - Visible Calculator) атты есептеу жұмыстарын жүргізетін программа жазды.

1979 жылы Гэрри Килдолдың СР/М (Control Programm for Microcomputerrs - управляющая программа для микрокомпьютеров

микрокомпьютерлерді басқаруға арналған программа) программасы 0- разрядты машиналарда қодданылды. Дегенмен, 1975 жылғы Билл Гейтс жасаған МS - DOS (Microsoft Disk Operatinq System - Микрософт диск операциялық жүйесі) операциялы жүйесі дербес компьютерлер үшін өте қолайлы болды.

Программа жасаушылардың басты тұлғалары ретінде мыналарды атауға болады: Нолан Бушнел 1972 жылы Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында Компьютерлік ойын автоматын орнатты. Н. Бушнел Атари (Аtari) компаниясының негізін қалады.

1975 жылы Поль Аллен мен Уильям Гейтс Микрософт
фирмасының негізін қалады.

1976 жылы Гарри Килдол -Диджитал ресури корпорациясының
негізін қалап, СР/М операциялық жүйесін жасады.

1977 жылы Стивен Джобс және Стефан Возняк Эпл
компьютерін жасады.

1979 жылы Сеймур Рубинштейн және Джон Барнаби Уордстар жүйесін жасады.

1979 жылы Дэниел Бриклин мен Роберт Фрэнкстон Визикалк жүйесін өмірге әкелді.

1981 жылы Уэйн Рэтлифтың g Бейс II жүйесін Джордж Тейт әлемге таратты.

Бағдарламалау тілі тарихы

1954 жылы математикалық формулаларды (FORmula TRANslator) машиналық кодқа түрлендіруге арналған алғашқы бағдарламалық тіл - Фортран жобасы жасалды. 1960 жылдар математикалық және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған Алгол-60 тілі жазылды. Одан кейінгі жылдары экономикалық есептерді шығаруға арналған Кобол (Comman Bussinness - Opiented Language), Корал, Бейсик (BASIC - Beginners All-pyrpose Symbolic Instruction Code) тілдер, APL (A Programming Language), ЛИСП тілдері жасалды. Сосын Р1/1 (Programming Language), PL/M, PL/Z, MPL (Multyporpose Programming Language) бағдарламалары дайындалды. Микро ЭЕМ-де Паскаль (Philips Automatic Seguence Calculator - PASCAL) тілі кең қолданысқа ие болды.

Қазіргі кездері VISUAL BASIC, DELPHI тілдерінің ролі айрықша орын алуда.

ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ СҮЛБЕСІ

1946- Планкалкюль

Қысқаша код

Ассемблер

1951-А-0 1953Автокод 1955Жылдам кодтау

1956-А-2

1957-Флоу-мәтик, ИПЛ-1

1958-Мат-Мәтик, Фортран

1959-Алгол-58

1960-АПТ, ЛИСП, Кобол, Бейсик, Алгол, -60, Джовиал

1964-ПЛ/І Бейсик

1965-Алгол-\Ү

1967-Лого

1968-Алгол-68

1969-АПЛ

1970-Паскаль

1971-Форт

1972-Пролог, Си

1979-Ада

1980-Смолтак

1981-Модула

1994-Delphi 1. 0

1995- Delphi 5. 0

2001-Delphi 6. 0

Информатика ғылымына еңбегі сіңген ғалымдар

1- сурет. Басты терезе

«Электрондық оқулыққа кіріспе» бөлімінде оқырманға алғысөз келтірілген және электрондық оқулықты пайдалану жөнінде нұсқау беріледі.

Бас терезедегi Компьютерге дейінгі кезең гиперciлтемесiн басқан кезде осы терезеде 1-1. html файлы ашылады. Оны келесi дегі суретте көре аласыз:

2-сурет. Алғашқы есептеу құралдары терезесі

Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы

Осы гиперсiтеменi шерткен кезде 1-2. html басты терезе ашылады, оны суретте көре аласыз. Бұл парақта - Есептеу машиналарының алғашқы жобаларын жасаған авторлар жайлы мәлімет оқи аласыз.

.

3-сурет. Есептеу машиналарының алғашқы жобалары терезесі

Алғашқы компьютерлер

Бұл парақта сіз экранда компьтерлерді кімдер ойлап тапқаны және үлес қосқаны жайлы оқып білесіз.

4-сурет. Алғашқы компьютерлер терезесі

Фон Нейман қағидалары

Бұл бөлімді оқып, Фон Нейман қағидаларымен таныса аласыздар.

5-сурет. Фон Нейман қағидалары

ЭЕМ буындары (I-V …)

Бұл бөлімде ЭЕМ буындары жайлы және әр қайсысына сілтемелер арқылы мағлұмат алуға болады.

6-сурет. ЭЕМ буындары

Қазіргі сандық техника

Бұл бөлімде соңғы заманауи сандық техника түрлерімен танысуға болады.

7-сурет. Сандық техника түрлері

Атақты ғалымдар жайлы мәліметтер

Кез келген ғалымдар жайлы қандай да бір мәлімет алу үшін сілтемелер арқылы мәлімет алуға болады.

8-сурет. Алан Мэтисон Тьюринг

9-сурет. Чарльз Бэббидж

Экран бойында жүгіртпе жолды қолдану

Бұл бөлімде жүгіртпе жолды қолдану және безендіру жолдарын және арнайы тэгтерді қолдану.

10-сурет. Экран бойында жүгіртпе жолды қолдану

ДЖОН (ЯНОШ) КЕМЕНИ

John (Janos) George Kemeny

(31 мамыр 1926 ж- 26 желтоқсан 1992 ж)

Математик, Дартмут колледжінің профессоры. Томас Курцпен бірге программалау тілін және желі жүйесін бір уақытта бірнеше компьютермен қолдануын істеп шығарды. Ата - анасымен бірге 1940 жылы АҚШ-тан Венгрияға көшірілді. Ол Пристон университетінде математика, философия пәндерін оқып, бітірді. 1949 жылы диссертация қорғап, Дартмут колледжіне 1953 жылы шақырылды. 1955-1967 жылдар аралығында Дартмут колледжінің математика факультетінің деканы болып және де 1970 -1981 жылдар аралығында колледж президенті болып, ұстаздық жолын тастамаған. Программалау тілінің бірден - бір ұстазы болғандықтан, ол былай деді:студенттердің мамандықтары басқа болса да, бұл пәнге барлық студенттердің қолы жетуі керек.

ДОНАЛЬД ЭРВИН КНУТ

Donald E. Knuth

(10 қаңтар1938 ж туылған)

Информатика негізі және теориясын программалау облысындағы америкалық маман, терең теориялық зерттеумен тәжірибеде кең пайдаланатын программалық заттарды құрды. Кнутқа кең танымалдығын оның «Искусство программирования» деген шығармашылығы алып келді, есептейтін математикаға және алгоритмге арналған. Досының арқасында Дональд Кнутқа А. П. Ершовтың жұмыстары үлкен септігін тигізді. Дүниежүзіне танымал «Компьютерлік типографияның» құрушысы және техникалық тематиканың, бірінші ретте физико-математикалық кітаптарды теріп жинақтауға арналған.

ДЖОН ХОРТОН КОНВЕЙ

John Horton Conway

(26 желтоқсан 1937 ж туылған)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет
Информатика курсын оқыту
Информация, информатика
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Информатика курсы бойынша оқу үрдісін түрлендіріп, оқушыларды оқытудағы тапсырмалар
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz