Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1.Сөз тіркесі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3.Сөз тіркестерін топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...18
2.3.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің көркем шығармада қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Қабысуда бағыныңқы мен басыңқы мүшелер бір- бірімен ешбір қосымшасыз келіп байланысады. Қабысуға изафет- тің І жəне ІІ түрлері жəне ешбір қосымшасыз келіп байланысқан барлық сөздер, сол сияқты септік жалғаулары түсіріліп отыратын сөздер де осыған енеді.
Қазақ тіл білімінде қабысу мен жанасу екеуі көп уақытқа дейін екі түрлі байланысу формасы ретінде қарастырылып келді. Сонда жанасу ешбір қосымшасыз келген сөздердің басыңқымен алшақ жəне қабат тұрып, ал қабысу ешбір қосымшасыз сөздердің басыңқымен қабат тұрып байланысуы тұрғысынан зерттелді. Бірақ мұндай қосымшасыз түрде келген сөздердің басыңқымен байланысы ғылыми тұрғыдан басқаша қарала бастады. Сондық- тан профессор М. Балақаев кейінгі еңбектерінде жанасуды қабы- судың бір түрі деп тауып, оны өз алдына қарастырмайды. Бірақ осы негізде мектеп грамматикаларында əлі күнге дейін жанасу өз алдына беріліп жүргені белгілі.
Бұл жұмыстың мақсаты: Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерін анықтау.
Ендеше, қабысу деп басыңқы мен бағыныңқы мүшелердің бір-бірімен ешбір қосымшасыз түрде тіркесуін айтады. Олар бір-бірімен қабат жəне алшақ тұрып та байланыса береді. Мы- салы: Сара жетінші бітіреді ғой? Жақсы оқи ма? (Ғ. Сланов). Көк жиекпен астасқан кең дала, кең жазық (Жұлдыз). Күміс жапқан төрт адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын орнапты (Ғ. Мүсірепов).
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері қатысты жүйелі зерттеулерді М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдар жұргізе бастады.. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрылымы мен синтаксистік қызметінің мәні зерттеле бастады. М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдар қазақ тіліне алғаш енген сөз тіркесінің түрлері, қарым-қатынас формалары мен құрылымы тіл білімінің негізгі бөлігін құрайды дейді.
Зерттеу нысаны:Т.Сайрамбаев, М.Балақаев, М.Серғалиев сынды ғалымдардың пікірлерін талдау.
Зерттеу мақсаттары:
1.Сөз тіркесі туралы түсінік
2.Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
3.Сөз тіркестерін топтастыру
4.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
5.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Жұмыс құрылымы: Кіріспе соңында кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.
1.1 Сөз тіркесі туралы түсінік
Қазақ тілі оқулығында сөз тіркесі деген термин 1950 жылдардан кейін оқта-текте аталады,бірақ оны авторлардың қай мағынада жұмсағаны ешкімге аян болмады.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайыншы көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз.Егер орыс тілі білімінде бұл синтаксистің бірнеше ғасырлық тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихын 15-20 жылдан әрі апара алмаймыз.Ол қысқа тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз тіркесі ғылымдық дербестігіне енді-енді ие болып,синтаксистің бұғанасы бекініп келе жатқан жаңа саласы болып саналады.Тілдің басқа салалары сияқты,оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады Синтаксистік құрылымының үлкен бір саласы-сөз тіркестері.
Сөз тіркесі- сөйлем құраудың шоғырланған материалы.Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді.Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты.Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер,түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болады.Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөзді екінші байланысу байланысу формасына ауыстырып жібереді.
Мысалы -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей адам(Топ жарған) деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған.Дегенмен,оған -ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне айналдырған.
-Ғы -гі жұрнағы кейде арнайы байланысу формасындағы сөздерді өзгерістетіндігі туралы А.М.Шербак дұрыс айтып кеткен.
А)Жатыс-жолдағы, ертеңгі т.б.
Б) әр түрлі формадан кейін
Сол сияқты автор -сыз, -сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз.
Профессор М.Томанов ерсілі-қарсылы,азды-көпті т.б. -ды қосымшасы ескі дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді.Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырап,қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар,тек қабыса байланысу ретінде қалыптасқандығын көруге болады.
Т.Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау,жалынды сәлем тағы басқа жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп ,жарыс және сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін,сондықтан да сөз жарыстыру, сөз таластыру тәрізді құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді.Ал, қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да,мағыналық жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да,енді анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесінің қалыпты формасына түскен.
Бұл айтылғандардан біз мынаны аңғарамызға болады.
А) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде меңгеру,матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
Б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының тәсілдері ішінде болады.
В) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен байланысты болып келеді. Солар арқылы бір байланыс формасы екінші түрге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.
Сөз тіркестерінің негізі-сөз таптары. Сөз таптарының бір-бірімен сөз тіркесін құрауының басты тірегі тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның дамуы дәрежесімен тығыз байланысты.Тіл құрамындағы сөздердің мағыналық, грамматикалық жағынан дамуы,жазба әдеби тіл құрамындағы дифференция-барлығы да оның синтаксистік құрылысына әсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық топтары құрамындағы болған семантикалық және грамматикалық өзгерістер, айналып келгенде,сөз тіркестерінің жеке құрылымдық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді.Осы тұрғыдан қарағанда, тіліміздегі қазіргі есімді,етістікті және ортақ басыңқы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксистік құрылыстың жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық дифференцияның нәтижесі болып табылады.
1.2 Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Сөз тіркесіне қатысты негізгі мәселенің бірі-оның басыңқы сыңарлары. Сөз тіркесінің байланысу формалары, тәсілдері мен синтаксистік қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай айқындалады.Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркестері басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп қарацшылық басым болса,ал қазақ тіл білімінде оны тек есімді және етістікті сөз тіркестері деп қана бөліп келеміз.
Сөз тіркесінің байланысу формаларымен қатар оның басыңқы сыңарының қызметі ерекше. Өйткені сөз тіркестері негізінде толық мағыналы екі сөзден құралатын болса,соның бірі бағыныңқы, ал екіншісі басыңқы қызметте жұмсалатыны айқын.
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары есімдер мен көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады. Профессор М.Балақаев құрама баяндауыштардың бірінші сыңарын есімді сөздер,екіншісі яғни көмекші сыңарлары етістіктер болады дейді. Сонымен ортақ басыңқы сыңарлары туралы М.Балақаевтың пікірін қолдай келіп,көмекші етістіктер есімдермен бірлікте өткен шақтық формасында жұмсалады.
Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде:
а) Зат есім + көмекші етістіктер
ә) Сын есім + көмекші етістіктер
б) Есімдік + көмекші етістіктер
в) Сан есім + көмекші етістіктерден болады
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы әр түрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің кейде мағынасына үйлесе тұлғаланады, кейде грамматикалық формасына сәйкес тұлғаланады. Мысалы,кітап оқып,хат жаздық деген екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері (кітап,хат)жалғаусыз табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы сөздердің қосымшалары-п (оқып), -дық (жаздық) себепкер болып тұрған жоқ, оқы,жаз етістіктерінің сабақтастық мағынасы себепкер болып тұр.
Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады:
Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады. Мысалы, жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде жатыр екен дегенде, үлкен сөз ағаш сөзіне бағынып,бір сөз тіркесі болса, ағаштың сөзі көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес жасалған, ал көлеңкесінде сөзі жатыр екен етістігімен тіркескен. Олардың сатылана байланысу жігі былай болады:
Үлкен ағаш-
-тың көлеңкесі --
- нде жатыр екен.
Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Мысалы, кеше театрға апаммен бардық деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар.
Кеше бардық,
Театрға бардық,
Апаммен бардық.
Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да,сапалық есімдер (сын есім, сан есім, есімше,сілтеу есімдіктері) мен үстелдер,еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады.
Сөз тіркестерін дұрыс талдайды білу үшін, олардан басқа тіркестердің түр-тұрпаты қалай болу кезегінде жақсы білу керек.
Өз ара байланыста тұрып,тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркес болады.
Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика- семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды.Мысалы, көз тігеді, жаңа бастады деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы жеке сөздердің, бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын жазып, әр сөзді сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды.
Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пештегі отын лаулап жана бастады.
Бұл сөйлемдердегі көз тігеді-идиомалық тіркес,баяндауыш, ол күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында айтылып тұр; жана бастады- күрделі етістікті тіркес, баяндауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен.
Осылардай, лексикалық- грамматикалық топ болып,сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркесті түйдекті тіркес дейміз.
Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысы,негізінде, мынадай болады:
Күрделі етістіктер тобы: оқып жатыр, оқып келе жатыр, келе бер, келе беретін болды,көріп отыр,көріп отыра бер.
Осылар сияқты бір түйдекті топ болатын күрделі етістіктердің бірі негізгі, екіншісі оған көмекші болады да, сол түрлерімен олар сөз тіркесінің бір ғана сыңары болады;
Есім мен көмекші етістіктер тобы: жұмыс істеу, уәде беру, мақұл көру, жақсы көру, қонақ болу,құлақ салу,жол жүру сияқты тіркестер сол түйдегімен бір-бір сөйлем мүшесі қызметінде айтылып,сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып тұрады: бізге қонақ болды,айтқанын мақұл көрді
Қосарлы есімдер тобы. Қосарынан айтылатын біріне-бірі, өзімен-өзі, күннен-күнге, жылдан-жылға, қолдан-қолға сияқты қос сөздер түйдекті тіркес тобына енеді. Мысалы:Кәрібай мен Шығанақ біріне-бірі қарап жымыңдасты да кете берді.
Осы мысалдағы біріне-бірі деген тіркес сыңары бірі септік жалғау арқылы екіншісіне бағынып, сол жұбын жазбай, орталарына басқа сөз салмай, сол түйдегімен күрделі сөз тіркесінің құрамына еніп тұр.
Күрделі есімдер тобы. Бұған енетін сөздердің бірінші сыңары барыс, Шығыс, ілік септіктеріндегі есім болып, екінші сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер не демеңдер болады. Олар да түйдекті тіркес күйінде күрделі сөз тіркесінің бір сыңары болады. Мысалы: жануарлар тегіс жанданып,құрт- құмырсқаға дейін тірілді.
Тұрақты тіркестер тобы. Қазақ тілінде,басқа тілдердегідей бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы: Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды.Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандынды деген тіркестер олардағы жеке сөздердің тіке мағынасына сәйкес ұғымда жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру- қатты қорқыту; есінен тандыру- есінен шығару. Бұлардың бір сөзін сол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіруге болмайды.
Тұрақты тіркестер екі түрлі болады:
А) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға кетіп отыр (көңілсізденіп отыр),қас пен көздің арасында (лезде), беті бері қарады (айыға бастады).
Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады,олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді.
Ә) Фразалық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса,бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркес болады: таяқ жеу (соғылу), бас көтеру (қарсылық ету), жаны ашу (аяу).Фразалық тұрақты тіркестің құрамы құбылып, өзгеріле бермейді. Бірақ бір сөз әр түрлі фразалық тіркестің құрамында келе беруі мүмкін. Мысалы: күлкілі болу, ұят болу, алаң болу, мәз болу; тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру.
1.3 Сөз тіркестерін топтастыру
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырды. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай, сөз тіркесін предикативтік және предикативті емес деп екіге бөледі де, соңғыдан толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөө тіркесін сөйлем мүшелерінің синтаксисі деп есептеймін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін егемен, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жібергендей боламыз. Бұл- біріншіден. Екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас сөздер біріне-бірі тіркесу арқылы мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі - сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өз ара тіркесуі - олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өз ара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі айтылады. Осыларды негізге ала отырып, сөз тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, синтаксистік қызметтерін сөз ететін боламыз. Қазақ тілі сөз тіркестерінің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек - сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады,етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.
Негізгі бөлім
2.1.Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң аумақты тобын eтicтiктep құрайтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepiнің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрауға қабілетінің молдығын байқаймыз. Етiстiктiң əрбiр категориялары морфологиялық жəне синтаксистiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм. Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктep сөз тipкecтepiнің түрлерiн айқындауда басты рөл атқарады. Ондағы сол басты тұлғаның сөз тіркестepiн құраудағы өзiндiк ерекшелiктерi тұлғалық, мағыналық сипаты арнайы сөз етудi қажет етедi.
Сөз тіркесiн құрауда немесе сөйлемдi тиянақтауда сөздер үш формада жұмсалады:
1.Таза eтicтiк:
а) Ол жəне дүниежүзi əдeбиетiнiң классиктерiн көп оқыған (Ə. Ахметов). Бip сағаттан кейiн мəселе- нiң ойдағыдай шешiлгенiн өзi айтып кeттi (Газеттен).
2.Eciм мен eтicтiк: а) Көрмеге келушiлер жас рационализа- торлар мен өнер тапқыштардың шеберлiктерiне дəн риза болды (Білім жəне еңбек). ə) Дене еңбектерiн орындамайтын бала сыл- быр, ынжық болады (Н. Марков).
3.Таза eciмдep: а) Адам баласына - адам баласының бəрi дос (Ə. Əбішев). ə) Тарбағатай тayы - нағыз қoй малының қоны- сы (С. Бақбергенов).
Осы мысалдардан көрiп отырғандай, бiрiншi топта oқығaн, айтып кeттi eтicтiктepi, екiншi топта риза болды, сылбыр, ынжық болады деген eciм мен көмекшi eтicтiк, үшiншi топтағы дос, қой малының қонысы сияқты таза есiмдер түрiнде келiп, сөйлемдi тиянақтап əpi соғaн байланысты белгiлi сөз тіркестepiнe басыңқылық қызмет атқарады.
Оcы үш топтың сөз тіркесiнe ұйытқы болу қызметiнде өзін- дік айырмашылықтар бар. Ол айырмашылық сөз тіpкeстepiнe ба- сыңқы cыңаp қызметiнде жұмсалатын сөз топтарының ерекше- лігiмен ұштасады.
Бұл үш топтың бiрiншi түрiндегi басыңқы сыңар таза eтicтiк те, қалғандарында əpi есiмнiң, əpi eтicтiктің элемeнтi бар. Үш топтың iшiнен тек етicтiктердiң ғана басыңқылық қызметiн ар- найы сөз етемiз.
Етicтiктi сөз тipкeci болғаннан кейiн тек таза eтicтiктердiң ғана басыңқылық қызметi айтылуы тиic. Басқа топтарынан таза eтicтiктiк мағына табылмайды. Бipaқ соған қарамастан, тіpкecтi баяндауыштар туралы басқаша көзқарастар да бар.
З.И. Будагова Қабыл ет - aпd ic типтi баяндауышты eтicтiк немесе есiмдерден болған баяндауышқа жатқызу керек пе деген талас мəселеде бiз мынаны еске алғанымыз жөн: eciм мен eтicтiктeн болған құрама баяндауыштар eтicтiк баяндауыштарға жат- қызылуы тиic, себебi заттың ұғым есiмде болғанымен, бүкiл сөз тipкeci eтicтiк қимылды көрсетедi - деп eтicтiк тобына жатқы- зады.
Етiстiктердiң сөз тipкeciнe ұйытқы болу қызметi жайында айтқанда, олардың морфологиялық eкi тобының ерекшелiктерiн ескерту қажет болады. Таза қимылдық мағына негiзгi eтicтiктep арқылы берiлетiнi мəлiм. Ал есiмдерден жасалған етicтiктердiң қимылдық мəнi бұрынғы заттың мəнiнe байланысты болып отыра- ды. Соңғы топқа (есiмдерден жасалған туынды eтicтiктep тобына) басқа тiлдерден енген сөздер де кiредi.Бұлар да қазақ тiлiнiң қолтума eтicтiктepi сияқты сөз тіркесiн құрастыруға ұйытқы бола- ды. Мысалы, етicтiктердiң басқа сөздермен тiркесу аясы кең. Олар барлық сөз табымен тipкece бередi. Ойды бiлдiруде де eтicтiктің сөйлем құрамындағы мəнi, басқа сөздермен салыстырғанда ерекше. Бұл жайында белгiлi тiлшi Г.Д. Санжеевтiң мына пiкiрi орынды айтылған: Eтicтiк көп қолы бар жан сияқты, өйткенi ол сөздердiң əртүрлi тұлғаларын бiр жерге топтастырып, сөйлем, сөз тіркестepi жəне фразеологиялық единицаларды құрамына енгiзе алады.Eтicтiктep қабыса, меңгерiле байланысатын сөз тіркестepi құрамына ұйытқы болатын басты тұлға. Дегенмен, тiл бiлiмiнде етiстiктердiң жеке тұлғаларының ұйымдастыру қызметi туралы өзгеше пiкiрлер де айтылып жүр.
Мысалы, Н.А. Баскаков олардың есiмше, көсемше формада тұруынa назар аудару керек деп есептедi.
Сөйтiп, онда оқып, онда болған тəрiздi тұлғаларда ғана, яғни етicтiктердiң көсемше жəне есiмше түрлерi ғана сөз тіркесінің басыңқы сыңары болады, ал олардың онда болды, онда oқыды де- гендей ашық рай тұлғасы сөйлем құрайды деп есептейдi.
Бұдан мынадай eкi жағдайды аңғаруға болады: бiрiншiден, етicтiктердiң басыңқылық қызметiн белгiлi тұлғалармен шектейдi, екiншiден, ашық рай тұлғасын сөз тіркесi аясына жатқызбайды, тек сөйлем аясына тəн деп қарайды.
2.2.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады.Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің де көне түркі тілінен бізге жеткендігін байқауға болады. Анықтауыштық қатынастағы тіркестерді құрайтын зат есімдер бір-бірімен атау тұлғада қабыса байланысады.Түрк будун (түркі халқы), Алтун йыс (алтын қойнау), Қапаған қаған (Қапаған қаған). Сан есімді тіркестер: тоқуз оғуз (тоғыз оғыз), екі-үч бың сү (екі-үш мың қол), үч отуз балық (жиырма үш қала), икінті сүңүс (екінші соғыс); сын есімді тіркестер: семіз буқа (семіз бұқа), йірчі йір (жершіл ер), өрүң күмүс ( ақ күміс), қызыл қан (қызыл қан), йарақлығ йағ (қарулы жау). Есімдікті сөз тіркестері. Бу йол (бұл жол), ол суб (ол сөз), ол йер (ол жер), не буңы (не мұңы). Есімдіктердің ішінде сілтеу, сұрау есімдіктері қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасауға қатысады.
Көне түркі тілінде есімшелер - дуқ, дүк, дұқ, тұқ, мыш, міш, ығма, ігме қосымшалары арқылы жасалған. Бардуқ йірде (барған жерде), келігме беглер (келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz