Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Жоспары:
1. Кіріспе
Адамның табиғатты игеруі
2. Негізгі бөлім:
Алғашқы адамның ерекшеліктері
3. Қорытынды
Экологияның қалыптасуы
4. Пайдаланған әдебиеттер
1. Кіріспе
Адамның табиғатты игеруі
2. Негізгі бөлім:
Алғашқы адамның ерекшеліктері
3. Қорытынды
Экологияның қалыптасуы
4. Пайдаланған әдебиеттер
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тақырыбы:"Әлеуметтік экологияның
қалыптасуы "
Орындаған:Аликеева А.Е.
БЭК 3 курс,1топ
Тексерген: Қапанова Б.
Алматы 2012 жыл
Жоспары:
1. Кіріспе
Адамның табиғатты игеруі
2. Негізгі бөлім:
Алғашқы адамның ерекшеліктері
3. Қорытынды
Экологияның қалыптасуы
4. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды. Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.
Бірінші кезең -- бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды. Екінші кезең -- неолит дәуіріндегі (VIII -- VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады. Үшінші кезең -- өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті. Адам - биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары - бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера - биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі бөлім. Адам биологиялық жаратылыс. Баска жан-жануарлардан өзгешелігі саналы, яғни айнала коршаған заттар туралы өзіндік танымы бар, өз табиғатын үга алатын, санасына орай саналы эрекет етеді. Адам биологиялық жаратылыс ретінде дене қүрылысымен сипатталады, ягни нақты белгілерімен сипатталады:түзу жүреді, еңбек етуге, танып- білуге ыңғайлы кол- аягы бар, элеуметтік жағдайдагы элемді үга алатын жэне оны өз талдап тілектеріне оң ыңгайына қарай өзгерте алатын жогары дамыган миы бар.
Адам сонымен катар қоғамдық мэнге ие. Ең маңыздысы да осы. Қогамдық өмір мен еңбек адамның табиғи күрылысын жетілдіріп кана коймай, оны өзіне тэуелді ете алады. Адам- сана сақтаушы, ягни қогамдық өнім. Тек қогамда , когамның арасында гана адам дүниені танып, еңбектенуге қабілетті болумен қатар, өзінің ішкі дүниесін түсінуге эрекет ете алады. Сана- сезім адам санасының биік шыңы, ол фиологенезде де, онтогенезде де осылай. Адам үгымы сан кырлы. Ол жаратылыстану ғылымының да, қогамтану ғылымының да зерттеу нысаны.
Адам табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан олар табиғат заңдарына багынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады. Басқа тірі организмдер сиякты адамдарга да оттек, су, коректік заттар керек, олар маусымдық жэне тэуліктік табигат кұбылыстарына көндігіп, үйренеді, температура мен күн сәулесі жарыгы өзгеруіне байланысты, коргану әрекетін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялык организмдер қатарына жататындыгын дэлелдеп, олардың табиғатқа багынышты екенін көрсетеді.
Адам - жануарлар патшалыгынан шыга отырып, қазіргі кезде де сол патшалықтың бір мүшесі болып есептелінеді. Оның органикалык дүние жүйесінде алатын орны мынадай: Жануарлар патшалығы - көпклеткалылар патшалық тармагы - екі жакты симметриялы бөлімі - хордалылар типі -омыртқалылар тип тармагы - жакауыздылар тобы- сүтқоректілер класы -приматтар отряды- маймылдар отряды асты - тартанаулылар секциясы -жогары тартанулылар (гоминоидтар) түқымдас үсті - гоминоидтар түкымдасы - адам туысы - түрі : ақылда адам.Адам осыдан млн жыл бүрын жогары тартанулы маймылдар гоминид бүтагының өкілдері -дриопитектерден келіп шыкты делінген ғылымда жинақталган көзқарастарда . Маймылдан адамға айналу жолының шешеуші кадамы - тіке жүру болды. Ертедегі адамдар млн жыл бүрын пайда болып, питеконтроптан
неандерталдықтар (200 мың жыл бұрынгіайда болды) эволюциясынан өткен жэне эрі карай 40-50 мың жыл бұрын пайда болды қазіргі - қалыпты адамдарға айналған деп есептеледі.Питекантроп- маймыладам , биіктігі 170 см, ми көлемі 900-1100 см (Ал адам ми көлемі - 1400-1600 cm) Ми сыңарлары кыртысының беткі аумағы 1250 см2)Неандертальдықтар (1856 жылы ФЩ-и^й^ неандер өзенін бойлап , мұздың дэуірінде өмір сүрген. Олардың бойы аласа 155-158 см, ми көлемі -1400 см" бірақ ми сайлары аз. Одан соң ең алғашқы адамдар бұдан 30-40 мың жыл бұрын краманьондықтар (Францияда краманьон деген жерде табылды) қалыптасты. Олардың бойы 180 см , ми сауытының көлемі 1600 см . Олар рулық қоғамда өмір сүріп, діндарлық бастамасы пайда болды. Краманьондықтар мен қазіргі адамдардан - Homo Sapiens- 3 -ші тұқымға - жаңа адамдарға жатқызылатын саналы адам түрі пайда болды.
Адам жаратылыстану танымының заты ретінде 3 тұрғыда карастырылады. 1) шығуы, 2) ондағы гуманитарлық пен жаратылыстық қатынасы 3) адамның ерекшелігін жаратылыс ғылымдык таным әдісімен оқу. Бірінші бағыт - антропология деп аталады. Екінші бағыт - соцбиология - адам қызметінің генетикалык негізгі жэне адамдағы физиологиялық жэне психикалық жағдайын оқып білді. Үшінші бағытқа табиғи жолмен адамның миын, оның танымын және жанын оқып үйрену жатады.Адам туралы жаратылыс ғылыми пэнінің кешенінде негізгі орынды антропология алады, оның негізгі зерттейтін пэні антропосоциогенез, немесе адамның жэне қоғамның шығу тегі. Антропология - адамның пайда болуы мен эволюциясы , адамзат нэсілінің пайда болуы жэне адамның физикалық құрлысының қалыпты нүсқалары туралы ғылым.
Бірте - бірте ғылымда , мэдениетте, қоғам танымында эволюция даму идеясы қалыптаса бастады. XVIII - ғасыр ортасында К. Линней Адамның шығуы туралы ғылыми ұғымның шығуына жол салды. Ол 1735 жылы Табиғат жүйесінде деген еңбек жазды, онда адамды адам тэріздес маймылдармен катар қойды. XVIII - ғасыр - ғасырда ғылыми приматология ілімі пайда болды.
Негізгі бөлім
Алғашқы адамның ерекшеліктері
Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа деін -- Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін -- палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан -- 100,000 жылға дейін -- Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 -- 30 мың жыл бұрын -- Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 -- 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын -- Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын -- Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар -- Мыстас дәуірі. Б. з. б. 3533 -- 1311ғасырлар -- Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар -- Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. -- Темір дәуірінің басы. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері
1. Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс - жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды. А. Ерте палеолит - Ежелгі палеолит - ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б. Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Ә. Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері - грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Адамдар және олардың тіршілігі. Орта палеолит дәуірінің адамдары - неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір - біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген. Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
Б. Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық - матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
2. Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше мезос - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). еолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу неолиттік революция деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы - планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады. Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис - шебер адам (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі. Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус - тік жүретін адам сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды. Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді. Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу - коу - дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.
Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.
Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды. Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді.
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады. Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды. Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе - басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.
Сөйтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.
2.Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс - жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды.
Ежелгі палеолит - ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);
Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.
Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.
Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.

Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар).
Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері - грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.
Адамдар және олардың тіршілігі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары - неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір - біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.
Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.
Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz