Сақаудың патоморфологиясы


Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сақаудың патоморфологиясы .
Орындаған: Асан И.
Қабылдаған: Мауланов А.
ЖОСПАР:
- Сақау қоздырушысы.
- Сақау-оның алдын алу шаралары, емдеу тәсілдері.
- Сақау ауруының бактериологиялық балауы
- Іріңдегі сақау стрептококтары жағындыларда ұзын тізбекшелер түрінде орналасады (өзінің түрімен інжудың жіптеріне ұқсас 50-ге дейін және одан да көп кокктар тізбектеледі) . Сақау стрептококктары кәдімгі анилин бояуларының барлығымен жақсы боялады, Грам бойынша - оң.
Микроб қозғалмайды, спора, капсула және пигмент түзбейді
Сақау стрептококтарына қолайлы температура 36 - 37ºC; төменгі температураларда (+10ºC) (іріңдік стрептококктардан айырмашылығы) өспейді. Барлық қарапайым қоректік орталарда өседі (pH - 7, 2 - 7, 6), орталарға 10 - 20% қан сарысуын немеме 5 - 10% жылқы қанын және 1% глюкозаны қосқан өсуін жақсартады.
Қан сарысуы бар кәдімгі ЕПА-да немесе агарда сақау стрептококгі ұсақ шық тамшысы сияқты шырышты тізбектер түзеді, олар соңында араласып мөлдір емес болып кетеді. Агардың конденсациялы сұйықтығында өсу жеңіл ақ тұнба түрінде, оны микроскопиялағанда стрептококктардың ұзын жіпшелері табылады.
ЕПС-да микроб мамықты нәзік үлпектері бар бұлыңғырлану түзеді. 3 - 5 күннен кейін түбіне тұнып, ортаны мөлдірленеді.
Қан сарысулы ЕПС-да (3% пептон) өсу кілегейлі тұнба түрінде, іріңдік стрептококктан айырмашылығы, ол ұнтақты тұнба түзеді. 1% лактозалы сорпада стрептококтың жаңадан бөлініп алынған өсінділердің көпшілігі өспейді.
ЕПЖ-да жекелеген ақ өте ұсақ тізбектер (түйінді жіп) түрінде өседі. Желатинаны сұйылтпайды. Қанды орталарда (5%) - гемолиз бета типті (тізбектердің айналасы түссіз аймақты) байқалады.
- Сақау
Сақау (Ademitis equorum) - жылқының әдетте ыстығы көтеріліп, танауы мен жұтқыншақ кілегей қабығы іріңдеп, алқым бездері іріңді бітеу жараға айналатын және жіті түрде өтетін жұқпалы ауру. Әдетте сақаумен құлын мен тай ауырады. 6-7 айлық құлындар, немесе 4-5 жасқа дейінгі жас жылқы ауырады.
Тарихи деректер. Сақау туралы ең алғаш 1664 жылы Золлейзель(Француз ғалымы) . ХІХ ғасырдың басында Виборг пен Эрдели ауру жылқының танауынан шыққан жылқаяқтан сақау індеті жұғатынын дәлелдеді. Сақау дүние жүзінің барлық елдерінде дерлік, әсіресе климаты қоңыржай және суық аймақты елдерде кездеседі. Жылқыдан басқа мал түлігі сақаумен ауырмайды. Табиғи жағдайда індетпен ауырған жылқы сау жылқымен жанасқанда және сақау малдан аққан іріңмен ластанған жемшөптен, судан, оттықтан, төсеніштен жұғады.
Аурудың өршуі. Танау, жұтқыншақ, кілегей қабығына түскен стрептококтар оны қабындырады, сондықтан танаудан алғашқыда сұйық, ал кейіннен жалқаяқ ағады. Кейінірек сөл жолдары арқылы алқым бездеріне барады да, оларды ісіндіреді, іріңдетеді. Микробтар уыты бойға жайылғандықтан дене ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп, жүрек қызметі бұзылады. Егер іріңдеген бітеу жара жарылса, қоздырғыштың уыты бойға тарамайды да, жылқы сауығып кетеді. Егер індет асқынса, ауру қоздырғышы қан арқылы бүкіл денеге тарап, ішкі органдардың бездеріне іріңді ошақтар пайда болады.
Белгілері. Жасырын кезеңі 4-10 күн. Ауру жіті және жітілеу түрде өтеді. Ең алдымен танау мен жұтқыншақ кілегей қабығы күрт қабынып, ауру жылқының танауынан сарысу ағады, бара-бара оған ірің араласады. Малдың алқымы ісіп кетеді. Жақ астындағы және оған таяу жердегі сөл бездері ісініп, мал қасынады, іскен жер іріндейді. Бездің ұлпасында бітеу жара пайда болады. Кейінірек жара жарылып, ішінен сап-сары қою ірің ағады.
Ауру басталысымен малдың ыстығы көтеріледі. (40-41°) . Бітеу жаралар жарылған соң дененің ыстығы қайтады. Ауру асқынбаса, 15-30 күннің ішінде жылқы жазылып кетеді. Бірақ кейде ауру асқынып, малды бронхит, бронхопневмония, плеврит ауруларына ұшыратады. Ішкі органдарға қаулап бітеу жара шығады. Малдың ішкі органдарына(сөл бездері, бүйрек, бауыр, өкпе, талақ т. б) зақымданса, сақау ұзаққа созылады. Мал әбден арықтап, көтерем болады, өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Емі. Ауру жылқыны бөліп алып, таза, жылы, ауа айналымы жақсы, құрғақ изоляторға қамайды. Малдың рационында сапалы шөп, сәбіз, жазда жоңышқа, беде, ал жұту қиындаса кебек быламығын енгізу қажет. Бітеу жаралардың тезірек пісуі үшін алқымға құрғақ жылы компресс жасайды. Кейін жұмсарған ісіктерді жарып, олардың іріңін ағызып жібереді, өлі етке айналған жерлерін сылып тастайды да, жараны зарарсыздандырғыш дәрілермен жуып, тазартады.
Ауру малдың азығы мен күтімін жақсартып, оның терісінің астына арнаулы сыворотка - антивирус жібереді. Антивирусты 50-100 мл(малдың тірілей салмағына байланысты) мойын тұсынан терінің астына егу қажет. Егер бұл шара нәтиже бермесе антивирус егуді 2-3 күннен кейін қайталау керек.
Сақауды пенициллинмен емдеу де жақсы нәтиже береді. Пенициллиннің судағы ерітіндісі малдың тірілей салмағының әр килограмына 1-2 мың МЕ мөлшерінде егіледі. Пенициллинді дененің ыстығы төмендегеннен кейін 1-3 күн бойы тәулігіне 2 рет қолданады. Сульфаниламид препараттарын жеммен, сумен қосып береді немесе егеді. Егер мал тұншығып бара жатса, трахеотомия жасалады. Кейбіреулер құлын сақаумен міндетті түрде ауырады деседі. Бұл пікір дұрыс емес. Ауырған жылқыны дер кезінде оқшаулап, оны емдеу қажет.
Қоректі ораларға (рн-7, 4-7, 6) себінді жасау
(жылқының қан сарысуы немесе қансарысуы
және глюкозасы немесе жылқының ұйыған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz