Агрессия түсінігі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт
Орындаған: Өмірзақ Саятбек
Тексерген: Тленчиева Нуржамал Сайдалиевна
Алматы 2021
Жоспар:
1. Кіріспе
1. 1. Қарым қатынастағы агрессия және конфликт дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
1. 2. Конфликт
1. 3. Агрессия түсінігі
3. Қорытынды
1. 4. Қарым қатынастағы конфликт пен агрессияның алдын алу немесе шешімін табу
Кіріспе: 1. 1. Қарым қатынастағы агрессия және конфликт дегеніміз не?
Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі - қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А. Н. Леонтьев, А. Б. Добрович, И. А. Зимняя, Г. В. Казнова, М. И. Лисина, А. В. Мудрик, Л. А. Поварницынаның және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М. Н. Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М. Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған. Тұлғааралық қарым-қатынас - білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Тұлғалараралық қарым қатынас әрдайым өзгеріп отырады. Олар арасында жылы қарым қатынас, достық, сыйластық немесе керісінше агрессия және конфликттердің туындауы әбден мүмкін. Ендеше біз бүгін қарым қатынастағы агрессия мен конфликт түсінігіне тоқталып, оны түсінуге және шешімін табуға тырысамыз.
Қарым қатынас кезіндегі агрессия немесе конфликт дегеніміз адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан - тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымыныңтұлғааралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар.
Негізгі бөлім: 1. 2. Конфликт және оны шешу жолдары
Конфликт - «(лат. тіл. conflictus- қақтығыс) - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. »
«Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін. » «Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А. Я. Анцупов және А. И. Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің алды болып саналады.
Б. И. Хасанның айтуынша, мәдени-тарихи психологияның дәстүрінде конфликт маңызды орын алғанмен де зертеу пәні болып табылмайды. Осы терминнің мәдени-тарихи концепцияда пайдаланылуына байланысты үш негізді бөлуге болады.
Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде - конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді.
Конфликт диагностикалық ситуация ретінде - осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады.
1. 3. Агрессия түсінігі
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Психолог А. А. Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда - шабуыл, басқындық дегенді білдіреді) - бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат. Агерессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А. Басс және А. Дарки агрессияны бес түрге бөледі.
Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемішешімі шексіз болып қала береді. Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады. Көптегенәр түрлібір-біріне қарама -қайшытеориялық негіздергеқарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше олардыңкөбісі келесі төрткатегорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия бірінші кезекте мыналарға қатысты :
- Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
- Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
- Танымдық және эмоционалдық процесстерге
- Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты.
Эмоционалдық уайымдауларға және тітіркенушілікке, сонымен қоса адам өзі меңгеретін өмірлік тәжірибегедеген табиғибейімділік, міне, осылар адамның өзінің жақын адамдарына деген қатынасын анықтайды. Бірінші кезекте, балаларға қиындықтардың көбеюін жеңе білуге үйретуіміз қажет. Г. Паренстің пікірінше мұны біз балаларды агрессивтілікті жеңе білуге үйрету арқылы жүзеге асыра аламыз. Агрессивтілік уақытысы келгенде көрініс беретін инстинкт емес.
Қорытынды 1. 4. Қарым қатынастағы конфликт пен агрессияның алдын алу немесе шешімін табу
Кез келген конфликт пен агрессияның алдын алу әдістері:
- Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбиежүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек.
- Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz