Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

Мектеп бөлімі

Педагогика, психология және жеке әдістемелер кафедрасы

Айдос Алтынай

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі

А. А. Хасенова

педагогика пәнінің оқытушысы,

педагогика және психология

ғылымдарының магистрі

Нұр-Сұлтан, 2022ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
I Бөлім Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың
1. 1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз не?Пайдалану жолдары.
5
1. 2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі . . .
10
IIБөлім Сын тұрғысынан ойлау технологиясын ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ . . .
14
2. 1 Бастауыш сыныбында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі мен пайдасы.
14
2. 2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясын жүргізу барысы және нәтижесі . . .
20
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
25

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі : бүгін шет тілі сабақтарында кері байланыс пен өзара үдерісті басқару - үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасауға үлкен ықпал жасайтындықтан, кері байланыстың ағылшын тілі сабағы барысында рөлі орасан зор. Өйткені кері байланыс дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жою, мақсатқа жетуді қамтамасыз ету; сабақ үдерісі субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау, сонымен қатар оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру мен оқушының әлеуметтенуін қалыптастыру, рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу, сондай-ақ оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату секілді функцияларды тиімді атқаруға ықпал жасайды.

Кері байланыс жайлы бірнеше ғалымдарды өзекті тақырыптарды қозғаған. Айтар болсақ, шетелдік ғалым Джефф Петти «Қазіргі заманғы оқыту. Тәжірибелік нұсқаулық» кітабында екі жақты процесс ретінде қарастырылады. Егер осы екі шарт қамтамасыз етілмеген болса, оқу процесі сәтсіздікке ұшырайды: 1. Оқушы сұрақ қояды; 2. Мұғалім оқушының материалды қалай түсінгенін табу. Бұл жерде біз кері байланысты көреміз. Яғни, міндетті түрде сабақта кері байланыс орнатылу қажет. Н. П Локалова «Мектептегі үлгерім: себептері, психокоррекциясы, психопрофилактикасы» кітабында оқытуды оқытушы мен оқушы арасындағы өзара әрекеттік процесі ретінде қарастырылады, нәтижесінде белгілі бір білім мен дағды жеке іс-әрекеттің негізінде қалыптасады; оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың білімдерін игеруін қамтамасыз ту және білім әдістерін меңгеру. Бұл еңбекте де сабақта кері байланыстың маңыздылығын көре аламыз. Бірқатар қазақтың ғалымдары, педагогтары да осы оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс соның ішінде кері байланысқа аса мән берген. Халел Досмұхамедов өзінің «Психологиялық сөздікте» қосымша кері байланыс туралы былай түсінік берген: 1. Ақпараттың қайнар көзінен адресатқа жеткен-жетпегендігі және сигналдың нәтижесі қандай болғандығы туралы ақпарат алу. 2. Әлеуметтік психологиядағы кері байланыс, бір адамның екінші бір адамнан оның сол адамды қалай қабылдауы туралы ақпарат алатындығын білдіреді.

Курстық жұмыстың нысаны: ағылшын тілі сабағында қолданылатын тиімді кері байланыс түрлері.

Курстық жұмыстың мақсаты: ағылшын тілі сабағында тиімді кері байланыс қолданудың мүмкіншіліктері мен ықтималдылықтарын анықтау тәсілдерін қарастыру арқылы тиімді кері байланыс әдістерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • шет тілін оқытудағы кері байланыс және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін қарастырып талдау;
  • ағылшын тілі сабағында кері байланысты қолданудың тиімділігін саралап, тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау;
  • 7 сыныптың мысалында ағылшын тілі мұғалімі мен оқушылар арасындағы кері байланысты зерделеу;
  • ағылшын тілі сабағында кері байланысты қолданудың тиімді жолдарын анықтап, ұсыну.

Ағылшын тілі сабағында рефлексияның мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Ағылшын тілі мұғалімі рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс-әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың маңызы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы: тұжырымдама, стратегиялар және оқу үрдісінде қолданудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың әдістемесі мен стратегиялары
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың қалыптасуы және дамуы
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың теориясы мен әдістемесі
Бастауыш сынып математика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ағылшын тілін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану және оқушылардың дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz