Ауа – экологиялық фактор



Жоспары:


І. Кіріспе . 2.3


ІІ.Негізгі бөлім:
А)Ауаның газдық құрамы . 4.13
Б) Ауаның ластануы және оның өсімдіктерге әсері . 13.19

ІІІ. Қорытынды . 20


ІV. Пайдаланған әдебиеттер . 21

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы:"Ауа - экологиялық фактор "

Орындаған:Аликеева А.
БЭК 3 курс,1топ
Тексерген: Қойбағарова Б.Х.

Алматы 2012 жыл

Жоспары:

І. Кіріспе - 2-3

ІІ.Негізгі бөлім:
А)Ауаның газдық құрамы - 4-13
Б) Ауаның ластануы және оның өсімдіктерге әсері - 13-19

ІІІ. Қорытынды - 20

ІV. Пайдаланған әдебиеттер - 21



Кіріспе

Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А. Лавуазье 1774 жылы анықтады. ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін ауа сеп ойлаған, әрқайсысына ерекше қасиеттері үшін мысалы, сутекті жанғыш ауа, көмірқышқыл газын орман ауасы деп атаған.Тек ХҮІІІ ғасырдың аяғында ғана ауа -- газдар қоспасы екендігі анықталған. XIX ғасырдың аяғында ауаның құрамында оттек пен азоттан басқа аргон, ксенон, криптон элементтерінен тұратын инертті газдар болатындығы анықталған. Көп уақыт бұл бекзат газдар химиялық қосылысқа түспейді деп есептелгендіктен инертті деген атқа ие болған. Кейін ауыр инертті элементтердің қосылысқа түсетіні белгілі болды.Ауа дегеніміз -- әр түрлі газдардың қосындысы. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1% инертті және басқа газдар. Инертті элементтердің молекулалары бір атомнан тұрады. Олар бір-бірімен байланыспайды, сутекпен, металдармен әрекеттеспейді. Ауа құрамын мына әдіспен анықтауға болады: іші ауамен толтырылған қалпақ суға төңкеріледі. Фосфорды темір қасыққа салып жағып, қалпақ ішіне орнатады. Фосфор жанып біткенше қалпақтағы су біртіндеп оның 15 бөлігіне дейін көтеріледі, өйткені фосформен әрекеттесетін барлық ауа емес оның кұрам бөлігі -- оттек газы.4Р+5О2=2Р2О5. Демек, ол көлемі бойынша ауаның 15 бөлігін алып жатыр. Қалпақ астында қалған газ жануды қолдамайды, өзі жанбайды. Онда тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Сондықтан қалған газ азот деп аталады. Жай заттардан басқа мөлшері өзгеріп отыратын көмірқышқыл газы мен су буы болады. Ауа райы ылғал және жылы кезінде аса көп, қүрғақ және суық кезінде аз болады.Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр.Ол -- Жердің ең сыртқы қабығы. Ауаның жұқа қабаты түссіз болады. Атмосфера қабаттардан тұрады. Ауаның температурасы, құрамы, тығыздығы т.б. бір жерден екінші бір жерге барғанда биіктік бойынша өзгеріп отырады. Атмосфера үш қабаттан тұрады: тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты.Тропосфера -- атмосфераның Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты. Онда температура биіктік бойынша біркалыпты төмендейді. Оның қалыңдығы экваторда шамамен 20км-ге, ал полюстерде 10 км-ге жетеді. Тропосферада ауаның ең тығыз және көп мөлшері (45 бөлігі) орналасқан. Су буы да түгелдей дерлік осында, бұлт үйіліп, жауын-шашын жауады, жел тұрады, ауа райы түзіледі. Ауа козғалысының және көлбеу қозғалыстары да осы қабатта болады.Стратосфера -- қабаты Тропосфераның үстінде орналасады. Оның төменгі бөлігінде температура тұрақты, жоғарғы жағында температура айтарлықтай өседі. Температураның жоғарылауы да осы қабатта шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты. Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Бұл қабат 50-55 км биіктікке дейін болады.
Атмосфераның жоғарғы қабаты -- бірнеше концентрациялық қабаттардан тұрады. Ол ауаның аз тығыздығы мен жоғарғы дәрежелі ионданған ауаларға басым. Онда ауа температурасы 80-90 км биіктікте төмендейді де одан әрі 1000-2000 С дейін көтеріледі. Атмосфераның төменгі қабаттарына жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін күшті жұтып алып, қатты қызады.Күннен таралатын электр зарядтары Атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласын тудырады. Атмосфераның ең сыртқы қабатынан газ бөлшектері Жер төңірегіндегі әлемдік кеңістікте шашырап жатады. Жердегі табиғат үшін Атмосфераның үш қабатының үлкен маңызы бар. Жер бетіндегі өтіп жататын түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршіліктер атаулы ауамен байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер беті температурасы Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өтетін үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді.Ауа Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағы -- биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып тарататындықтан, күндіз жер беті қатты қызып кетпейді.Биосфера қабығы -- жер ғаламшарының тірі организмдер таралған бірнеше қабықтарынанқұралған.Биосферадағы микроорганизмдерді, саңырауқулақтарды, өсімдіктерді, жануарларды тірі организмдер дейді.Жер бетіндегі биосфераның қазіргі қалпы -- тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекетінің жемісі. Атмосферадағы газдар қоспасының қазіргі кездегі пайыздық арақатынасы тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде біртіңдеп қалыптасқан. Жасыл өсімдіктер миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттекпен байытты. Бұл жасыл өсімдіктерде жарықты жүзеге асатын фотосинтез процесімен түсіндіріледі.Құрлықтағы биомассаның негізгі бөлігін өсімдіктер құрайды, яғни олардың массалық үлесі 99,2%, ал қалған 0,8%-ы жануарлардың үлесіне тиеді.Қүрлықтағы организмдер биомассаның 90% -ға жуығын орман өсімдіктері құрайды.Жер ғаламшарындағы тропиктік ормандардың адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін осыдан байқауға болады.25000-50000 га орманның фотосинтез процесінде 50-75 тоттегі бөлінеді.Табиғаттың әр түрлі құбылыстарында мысалы, жер сілкінісінде, жанартау аткылағанда, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Оларға азоттың (II, IY) оксидтері, күкірттің (ІҮ, ҮІ) оксидтері, күкіртсутек жатады. Жану процестері ауадағы оттекті азайтып, көмірқышқыл газының мөлшерін көбейтеді.Ал көмір, бензин және т.б. отындар толық жанбаса атмосфераға күйе, иіс газы СО, тағы басқа газдар таралады. Ұшақ пен космостық ракета қозғалтқыштары да атмосфераға улы газдар таратады. Өз кезегінде бұл газдар қоршаған ортаның бүлінуіне, озон қабатының бұзылуына әкеліп соғады. Атмосфера қабатының 20-50 км биіктігінде тірі организмдердің тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерлерінен қорғайтын озон кабаты бар. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Соңғы кезде түрлі химиялық қалдық заттардың әсерінен озон қабатының ыдырап, онда тесіктер пайда болатындығы туралы айтылып жүр. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны ғарыш сәулелері мен Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерлерінен қорғайды. Атмосфераға темекі таратудан да зиянды заттар таралады, себебі темекі толық жанбайтындықтан уытты заттардың мөлшерін көбейтеді.Ауа жерде тіршілік ететіндердің бәрінің мекені болғандықтан, оны ластанудан қорғау қажет. Қазіргі кезде ормандардың қырқылуы қарқыны жылына 11 млн гектарға жетіп отыр. Бұл бүкіл адам баласын ойландыратын басты мәселе. Ғаламшардағы оттек мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тропиктік ормандарды қорғау -- бүкіл адамзаттың басты міндеті.

Негізгі бөлім
А) Ауаның газдық құрамы
Атмосфера -- жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. БАтмосфераның құрамы және маңызыАтмосфера -- Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот -- 78%, оттек -- 21%, инертті газдар -- 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан -- 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200 -- 1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25 -- 30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.Тропосфера -- атмосфераның ең төменгі және тығыз қабаты, мұнда ауаның 4 5 бөлігі шоғырланған. Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша өртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10 -- 12 км-ге, ал экватор үстінде 15 -- 17 км-ге дейін созылады. Бұл қабатта атмосфера құрамындағы су буының барлығы дерлік шоғырланған, мұнда бұлттар мен тұмандар пайда болып, ауа райы қалыптасады. Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте -- 55°С болса, экваторда бұл көрсеткіш -- 70°С-қа төмендейді.Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қальцдығы 1 -- 2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты -- стратосфераға ауысады. Стратосфера шамамен 50 -- 55 км биіктікке дейін созылып жатыр. Ауа құрамындағы озоттың күн радиациясын сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктеген сайын артады. Шамамен 25 км биіктіктен соң ауа температурасы күрт жоғарылай бастап, 50 км биіктікте максимум шамасына (ГС) жетеді. Шамамен 15 -- 70 км биіктікте оттектің біраз бөлігі ультракүлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдырайды. Бос атомдар құрылымын сақтап қалған оттек молекулаларына қосылып, озонның үш атомды молекулалары түзіледі. Стратосферада бұл процеспен қатар керісінше реакциялар, яғни озонның қайтадан ыдырауы қоса жүреді. Озон негізінен 25 -- 30 км биіктікте шоғырланады, бұл қабатты озотты деп те атайды. Қазіргі кезде озон қабатының жұқаруы шешімін ташаған ғаламдық экологиялық проблемаға айналып отыр.Атмосфераның ең жоғарғы қабатында өте жоғары температура (1000 -- 1500°С) байқалады, сондықтан бұл қабатты термосфера деп атайды. Термосфера өз кезегінде зарядталған бөлшектерден (иондар) тұратын ионосфера мен "сыртқы атмосфера" деп аталатын экзосфераға жіктеледі. Термосферада газдардың температурасы ете жоғары болғанымен, ауаның сиректігіне байланысты осында орналасатын Жердің жасанды серіктеріне қызып кету каупі төнбейді.Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радиация әсерінен жүреді. Ионосферада ғарыштың бөлшектердің ауа бөлшектеріне соқтығысуынан айрықша жарқырау пайда болады. Жоғары ендіктерде байқалатын бұл электрлік құбылыстар полярлық шұғыла деп аталады. Экзосферада ете жоғары жылдамдықпен қозғалатын жеңіл газдардың бөлшектері ғарыш кеңістіғіне шашырап кетеді. Соңғы кезге дейін экзосфера, сонымен бірге жалпы Жер атмосферасы 2000 -- 3000 км биіктіктен соң таусылады деген үғым бар болатын. Қазіргі заманғы ғарыштық зерттеулер бойынша экзосферадан шашыраған сутектің Жердің айналасында шамамен 20 000 км биіктікке дейін созылатын жер тәжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр. Қазіргі кезде ғарыштық техниканың көмегімен атмосфера қабаттары қарқынды түрде зерттеліп жатқанымен, оның жоғары қабаттарының адамзатқа түсініксіз құпиялары әлі де болса жетерлік.
Атмосфераның жылынуы. Күн энергиясы -- Жер шарындағы тіршіліктің арқауы және көптеген табиғи процестердің қозғаушы күші. Жер шары Күннен жылына 5628 -1021 Джсм2 энергия алады, бұл жалпы күн энергиясының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана. Соған қарамастан бар болғаны 36 сағ ішінде Күннің Жерге беретін жылуының мөлшері дүниежүзіндегі барлық электрстансыларының жыл бойы өндіретін энергиясына пара-пар болады.Шашыранды радиация үлесіне, шамамен, Күннен келетін радиация мелшерінің 25%-ға жуығы тиесілі. Жиынтық радиацияның жылдық мөлшері күн сөулелерінің жер бетіне түсу бұрышына, атмосфераның мөлдірлігіне және жарық түсу ұзақтығына тәуелді. Жалпы алғанда, жиынтық радиация мелшері экваторлық және тропиктік ендіктерден полюстерге қарай азаяды.Жер бетінің күн сәулесін кері шағылдыруы альбедо деп аталады, оның көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына байланысты болады. Мәселен, жаңа жауған қар күн радиациясының 90%-ға жуығын шағылдырса, құм 35 -- 40%, өсімдік жамылғысы 10 -- 25%, ал ылғал топырақ 5%-ын ғана кері қайтарады (жиынтық радиацияның жер бетіне жұтылған бөлігін не деп атайды?). Шағылу есебінен күн радиациясының 5 -- 20%-ға жуығы жоғалады. Шағылған радиацияның басым бөлігі әлем кеңістігіне сіңіп жоқ болады.Атмосферада күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15 -- 20%-ы жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін радизциялық баланс немесе қапдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан полюстерге қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онъщ үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады. Сондықтан атмосфераның жылу режімінде атмосфера мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы маңызды рөл аткарады. Ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де әсер етеді. Бұл туралы келесі тақырыптан таныса аласыңдар.
Атмосфера құрамындағы ылғал. Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың км3 болатын су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріл отырады. Ауаның ылғал сыйымдылығы оның температурасына байланысты болады. Температурасы неғүрлым жоғарылаған сайын ауа өзінің құрамында соғұрлым көп су буын ұстай алады, ал суық ауа ылғалға қанығу шегіне аназғұрлым жылдам жетеді. Жылы, ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суының, конденсацияланады. Яғни, ауа құрамындағы су буы бөлінен шығып, тамшы күйіне өтеді. Су тамшылары мен мұз кристалдарының тұтасуынан бұлттар пайда болатынын білесідцер. Су буынын конденсациясы жүзеге асатын ауа температурасын шық нүктесі деп атайды.
Физикалық қасиеттері
Құрғақ ауа құрылымы[[3]]
Газ
Көлемі
бойынша, %
Салмағы
бойынша, %
Азот
78,084
75,50
Оттек
20,946
23,10
Аргон
0,932
1,286
Су
0,5-4
--
Көмірқышқыл газ
0,0387
0,059
Неон
1,818x10[−3]
1,3x10[−3]
Гелий
4,6x10[−4]
7,2x10[−5]
Метан
1,7x10[−4]
--
Криптон
1,14x10[−4]
2,9x10[−4]
Сутек
5x10[−5]
7,6x10[−5]
Ксенон
8,7x10[−6]
--
Азоттың шала тотығы
5x10[−5]
7,7x10[−5]
Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін бөлігі:
Су буы (H2O)
~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан онын сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5,157-1011 т. тең.
Химиялық құрылымы

Жоғары көрсетілген газдардан басқа атмосферада SO2, NH3, СО, озон, HCl, HF, Hg, I2, және NO газдары құрамында бар.

Құрғақ ауа құрылымы
Тропосфера
Жер бетінен экватор тұсында шамамен 18 км, полюстерде 6 км, ал орта ендіктерде 10 -- 12 км биіктікке дейін созылатын атмосфераның төменгі қабаты. Ол атмосферадағы барлық су буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады. Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауын-шашынның жаууына және басқа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналарын құрайды.
Стратосфера
тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.
Мезосфера
Мезосфера (грек. mesos -- ортаңғы және sphaіra -- шар) -- атмосфераның 50 -- 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ГАЗДЫҚ ҚҰРАМЫ

Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos - ауа және phaira-шар,алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданытынауаны біз атмосфера деп атаи береміз Бірақ-та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң негізгі бөлігінбірі ғана.атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Ауа осы газды қабаттың жреге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады:

Биіктік (км) 0 1 2 3 4 5 20 50 100

Қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007

0С кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағынасына тең ауа қысымы өлшем бірлігі болып саналады .Интернационалдық жүйе бойынша км - 101 , 325 кПа-ға тең.Атмосфераның жалпы массасы 5,51.1015 тоннаға (500 тирллион т) жуық, оның ішінде оттекке еклетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%. Планетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда тоық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.
Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.
Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін жері жылы қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты. Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен -- 56 "С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат - стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 "С шамасында.Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 "С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында.Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, сы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.
Атмосфераның химиялык құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90' км-дейін жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бүзылады, осыған орай оның химиялық күрамы да түрақсызданады.
Космонавтар ( Сагдаев, Зайцев 1975ж) жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, 250-300 км биіктікте атмосфераның негізгі компоненті атомарлық оттек, 500-600 км-гден жоғары биіктікте атмосфераның негізгі құрамы - гелий мен сутек, атмосфераның ең сыртқы жоғарғы қабатын (1600 км жоғары) құрушы компонент автомарлы сутек.
Ауаны көп компоненттен түратын газды ерітінді деп айтуға болады. Оның құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа бөлуте болады:тұрақты өзгеріп тұратын және қосалқы. Біріншіге оттек (21,0 %) , азот (78,1% ) және инертті газдар (шамамен 1%) жатады.ауа сынамасының қай жерден алсақ-та соы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекулалык. массасы (28,98). Екінші топқа көмір қышкыл газы (0,02 - 0,04%) мен су буы (4% - ке дейін) жатады. Ал қосалқы компоненттердің табиғаты және мөлшері сынама алынған жер бетінен көтерілген( жану процесстерінде және вулкандар атылғанда түзілген заттар, топырақ бөлшектері, т.б.), космостан түсетін қатты бөлшектер, сондай-ақ, әртүрлі өсімдіктер, жәндіктер мен микроорганзмдер жатады.
Атмосфераны сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Бірақ-та тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінің тіршілігіне бос күиінде емес, тек әртүрлі қозғалыс түрінде ғана пайдалана алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде элекрт өрісінің әсерінен түзілетін оксид түрінде ғана қабылдайды. Сулы ортада немесе топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл-жасыл балдырлар атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтап биогеохимиялвқ циклдарға қажетті түрге айландырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге қажетті азот қосылыстары топырақтағы оргнаикалық қалдықтардың ыдырауынан да пайда болады. Табиғатты азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен тығыз байланысты.
Адамның шаруашылық іс- әрекетінің салдарынан көшктхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардыңмөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластушы компоненттерін атмосферда көп мөлшерде ьолуы биогеохимиялық циклдардың бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағдайда жаңбыр суына онда еріген азот және күкріт
Оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де қышқыл жаңбыр немесе тұзды жаңбыр жауады, тұмща да орын алады.Түзілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық фактор
Экологиялық фактор түсінігі
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы мәлімет
АУТЭКОЛОГИЯ ( Организмдер экологиясы). ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР. ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА
Экологиялық факторлар жайлы ақпарат
Экология пәні ,мақсаты,міндеттері және зерттеу әдістері
Ландшафт түзуші құрайтын факторлар
Пәндер