Ресей Федерациясының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Ресей Федерциясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шарт



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 3 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақстан және Ресей қарым-қатынасы: тарихи тамырластық,
болашағы

Мамандығы: Электроэнергетика 6B07101
Орындаған: Сабир Айдос
Тобы: ЭЭк-21-17
Тексерген: Утегалиева А.Д. Тарих ғылымдардын кандидаты, әлеуметтік пәндер кафедрасынын доцентi
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_____________ ______________ _____ ______________2021__ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2021

Кіріспе
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды. Сонда бейресмиді қоспағанда ресми түрде Қазақстан 260 жылы бойы яғни 2 жарым ғасыр Ресеймен тығыз байланыста болды. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейін екі еліміздің стратегиялық түрде қарым-қатынас жүргізуінің жаңа бір жарқын кезеңі басталды.
Қазақстан мен Ресей бірге жүріп өткен өзгерістердің күрделі де қарама-қайшылықты жолының қорытындыларын шығару үшін он жыл көп пе, аз ба? Жаһанданудың қуатты үдерісіне тартылған біздің елдеріміз үшін қолайлы перспективалар туралы сұраққа кесімді жауап беруге осынау жылдар негіз бере ала ма?
Бұл әлемдік тарих үшін қысқа мерзім. Онда уақыт ауқымы басқаша және де дәуірлердің алмасуы кезіндегі ғаламат өзгерістердің нәтижелері өз бағасын ғасырлар бойы күтеді. Бұл орайда екі ел де егемен мемлекетке айналған, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалған, мемлекетаралық қатынастардың жаңа тұрпаты нақты мазмұн он жыл уақыт қас қағым сәт секілді.
Он жыл -- адам ғұмырының елеулі кезеңі. Экономикалық қыспақтар, саяси- идеологиялық бағдарлардың өзгеруі, дағдарыстар мен оқтын-оқтын туындап жататын проблемалар сынынан өте келіп, Қазақстан мен Ресей соңғы жылдары: қоғамдық өмірдің нақты демократияландырылуына, экономикадағы түбегейлі өзгерістерге ғана қол жеткізіп қойған жоқ, тәуелсіз мемлекеттер ықпалдастығының мүлдем өзге; бұрындары мүмкін емес деңгейіне көтерілді, 1998 жылы шілдеде қабылданған, "XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы декларщия" атауы оның ең айшықты анықтамасы бола алады.
Біздің елдеріміздің серпіндіде өзара тиімді ынтымақтастығының іргесін, қалауға, оның бүкіл содан былайғы барысына Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин және Ресей мемлекетінің қазіргі басшысы В. В. Путин қосқан үлес өлшеусіз.
Қазақстан мен Ресей жаңа мыңжылдыққа сенімді әріптестер ретінде ғана емес сонымен бірге әлемдік экономикалық және саяси үдерістердің белсенді қатысушылары болып келді. Бүгіндері XXI ғасырдың бастауында Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы халықаралық қоғамдастықтың тең және лайықты мүшелері болып табылады, және де олардың әлемдік кеңістікке тартылуының бүгінгі деңгейі екінші сауалға да орнықты жауап қайтаруға мумкіндік береді. Иә, Қазақстан да, Ресей де өздерінің бірлескен және біріккен күш-жігерімен әлемдік өркениет үдерісіне белсенді қатысушыларға айналды.
Мемлекеттер басшыларының берік саяси ерік-жігері мен қажыр-қайратының арқасында Қазақстан-Ресей қатынастары нақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне көтерілді. ынтымақтастықтың қуатты берік негізі мен серпінді үрдісі біздің мемлекеттеріміздің жан-жақты өзара қарым-қатынасы таяу және көз жетерлік болашақта да біздің елдеріміз халықтарының мызғымас достығы тиімді дамып, нығая беретініне сенеді.

Негізгі бөлім
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіздікті алған кезден бастап-ақ Қазақстанның жоғарғы басшылығы Ресеймен тату көршілік қатынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылады. Қазақстанның пікірі бойынша, екі мемлекеттің әл-ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың оң әлеуметінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым-қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекет аралық кооперацияға айналдыруға байланысты.
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына жол ашатын көптеген факторлар бар. Бұл ортақ тарих, 7 мың км-ге ұзақтыққа созылатын ортақ шекара, ортақ тіл және ұқсас діл. Сондықтан тату көршілік пен тең құқықты ынтымақтастықтан басқа қандай да бір өзге саясат екі мемлекеттің түбірлі мүдделеріне қайшы келеді.
Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Астана мен Мәскеудің көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды. Мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне - стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді.
Отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын кезеңдерге бөлу мәселесіне қатысты бірнеше көзқарастар бар. Біздің көзқарасымызша төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсету орынды секілді:
1. Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991 ж. тамыз - 1992 ж. мамыр);
2. Саяси экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 ж. мамыр - 1994 ж. соңы);
3. ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 ж. бастап осы уақытқа дейін).
Бірінші кезеңде тараптардың күш-жігері шарттық-құқықтық құжатты әзірлеуге бағытталды. Мұндай құжат екі жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін айқындайды. Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин 1992 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Бұл құжатта КСРО ыдырағаннан кейін болған іргелік өзгерістер және екі мемлекеттің қарым-қатынасы сапалы жаңа геосаяси деңгейге көтерілгені көрініс тапты. Шарт екі жақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалап, Қазақстан мен Ресейдің ресми мемлекетаралық өзара қарым-қатынасының жаңа бетін ашты.
Шартта Қазақстан мен Ресей тарихи қалыптасқан байланыстарды негізге ала отырып, өздерінің қарым-қатынастарын Одақтас мемлекеттер ретінде құратыны айтылады. Екі жақты қатынастар мемлекеттк егемендікті, аумақтық тұтастықты және қазіргі шекаралардың мызғымастығын өзара құрмет тұтуды, дауларды бейбіт жолмен шешуді және қысым жасаудың экономикалық және өзге де тәсілдеріне жол бермеуді, тең құқылықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауды, адам құқығын сақтауды, сондай-ақ негізгі бостандықтарды, міндеттемелерін адал ниетпен орындауды қоса алғанда, күш қолданбау және күш қолдану қауіпін туғызудан бас тарту принциптеріне негізделеді.
1994 ж. наурызда болған, Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі роль ойнады, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру ісін жүзеге асыру туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды.
Осы келісімдер тату көршілік рухындағы ынтымақтастықты дамытуда төтенше маңыз алды. Осыған байланысты Азаматтық және Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне байланысты құжаттарды айырықша бөліп көрсету қажет. Қол жеткізілген уағдаластықтардың әлемдік практикада ұқсас нұсқалары жоқ. КСРО ыдырауынан туындаған күрделі проблемаларды шешу екі жақты қатынастардың ерекше достық сипатына, олардың тұрақтылығына және болжай білуге болатындығына байланысты.
Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесіне қатысты құжаттардың тарихи маңызы ТМД аумағында болған оқиғалардың тұрғысында осы күндері айырықша көзге түседі. Қара теңіз әскери флоты бойынша Ресей мен Украинаның тайталасы, Әзірбайжан мен Армения арасындағы жанжал, Кавказдағы жағдай - мұның бәрі жоғары деңгейде қабылданған, жалға алу шарты мен ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы саяси шешімнің ұтымдылығын көрсетеді ( жыл сайын 115 млн. доллар). Қазақстан мен Ресейдің ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі болып табылатын Байқоңыр ғарыш айлағының мәртебесі жөнінде басқаша шешім қабылдануы мүмкін емес еді. Қалай болғанда да осы күрделі проблемаға өзгеше көзқарас екі елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне қайшы келіп, әлемдік космонавтиканың болашағына қатысты қолайсыздық туғызатыны айдан анық.
Бірқатар құжаттар екі жақты ынтымақтастықтың әскери-саяси аспектілерін қозғады, олар: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштер туралы келісім, әскери ынтымақтастық туралы шарт; Семей сынақ алаңы жабылғанға дейін онда қаланған, ядролық құрылғыны бөлшектеу жөніндегі әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзге де құжаттар. Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарына да үлкен назар аударылды.
Тараптар үкіметтік деңгейде қаржы-өнеркәсіптік топтар құрудың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды. Тап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым қатынас
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерциясының қарым-қатынастары: тарихи аспект (1991-2009 жж.)
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынасты зерттеу
Байқоңыр қаласы әкімшілігі қызметі, жалға берілген аумақтағы мемлекеттік билік органдары қызметтерінің келелі сұрақтары, ерекшеліктері мен негіздері
Шетелдік түсінігін бірнеше мемлекеттің халықаралық - құқықтық басқаруы үлгісінде талдау
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
Пәндер