Тақырып идеяға тартылған жол


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1. Д. Исабеков шығармаларының ерекшеліктері

1. 1 Д. Исабековтың шығармашылық лабораториясы

1. 2 Д. Исабеков әңгімелері мен повестеріндегі тақырыптық идеялық

ізденістер

2. Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері

2. 1 Д. Исабеков шығармаларындағы «əйел» концептісінің ауыспалы мағынаның берілуі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда ондаған прозалық кітаптардың, жиырмаға жуық драмалық шығармалардың, көптеген кинофильмдер мен жүзден астам мақала, эсселердің авторыболып табылатын қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Д. Исабековтың суреткерлік таланты негізінен повестері мен прозадағы шағын жанр әңгімелері арқылы танылды десек қателеспейміз. Зерттеуде жазушының повестері мен әңгімелеріндегі кейіпкерлерді сомдау шеберлігі, олардың заман рухына сай болмыс-бітімі, идеялық көркемдік ерекшеліктері, стильдік ізденістері қарастырылады.
Қазіргі кездегі кейбір әдебиет зерттеушілері 1968-1990 жылдар аралығын Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі деп атап жүр. Қаламгер Д. Исабеков әдебиетке осы Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы кезеңінде, яғни 0966 жылы келді.
Д. Исабековтың шығармалары туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көріп отырмыз.
Мезгілі жағынан жиырма жылдан астам уақытты қамтитын бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс ерекше қарқынмен жүрді. Қаламгер, ақын-жазушылардың қатары көбейді. Әдебиет жанрының барлық түрі бір-бірімен қатарласып, тепе-тең дамыды.
Түр мен жанр ізденістер арқылы даму сипатына ие болды. Ал, сол кездері жазылған көркем дүниелердің өзіндік ерекшеліктеріне барлау жасасақ, төмендегі жайтар басты назарға ілінеді.
Ақын-жазушылар тарапынан халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін көркемдік тұрғыдан зерттеп, қаһарамандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс жасалды. Ұлы Отан соғысы тақырыбы жастық шағы сол кезге сәйкес келген ұрпақ өкілдері Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» (1967), Н. Ғабдуллиннің «Жігер» (1983), М. Мағауиннің «Бір атаның балалары», С. Мұратбековтың «Жабай алма», Д. Исабековтың «Біз соғысты көргенбіз» повесть, романдарында көрініс тапты.
Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйүіндесіп жатты. Ә. Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық» (1964), «Махамбет жебесі» (1960), О. Бөкейдің «Қамшыгер» (1970), «Ән салады шағылдар» (1978), Т. Әбдіковтің «Ақиқат» (1978), С. Елубаевтың «Ойсылқара», Т. Жармағанбетовтың «Соңғы хат» (1974), Ә. Кекілбаевтың «Дала балладалары» (1967), «Шыңырау» (1982), Д. Исабековтың «Қарғын» (1980), «Тіршілік» (1975), М. Мағауиннің «Көкмұнар» (1972) жинақтарында жанрлық стильдік соны ізденістер байқалады.
Қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Рухани өмірімізде мұндай серпілістің болу себебі халықтың өз тарихы мен ежелгі болмысын жетік білуі керек екендігіне байланысты еді. Қатпары қалың тарих І. Есенберлинің «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Алтын орда» (1982), Ә. Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» (1974), «Тағдыр» (1989), Д. Досжановтың «Жібек жолы» т. б. романдарында көркемдік шешімін тапты.
Біз қарастырып отырған Дулат Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшелігі дипломдық жұмысқа арқау болуын зерттеу жұмысының өзектілігі деп білеміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еңбекте Д. Исабеков шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау мақсаты жұмыстың алдына нақты міндеттерді қояды. Д. Исабеков әңгімелері мен повестерінің идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін жүйелеу, суреткердің шығармасына өзек болған замана мәселелеріне сипаттама беру, шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдері (стилі, деталь, мінездеу, тілі) мен даралығын сараптау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері. Жұмысымызға әңгіме жанрының табиғаты жөніндегі, сонымен қатар Д. Исабеков туындыларының өзіндік ерекшеліктерін танытатын зерттеу еңбектерін басты бағдар еттік. Әшімбаев С. «Сын мұраты», Балажанов А. «Өліарада туған жыр», Бектасова Г. «Жазушыға жазу - міндет, айту - парыз», Бөкей О., Шағатай Ж. «Жусан исі», Бөпежанова Ә. «Болмыспен бетпе-бет», Елеукенов Ш. «Замандас парасаты», Ергөбек Қ. «Ұлтын сүйген жүрек үні», Әдебиет теориясына қатысты еңбектер Аристотель «Поэтика», Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясы», З. Қабдолов «Сөз өнері», «Әдебиеттану терминдер сөздігі», Қ. Алпысбаев «Көркем шығарманы талдау жолдары», Т. Ақшолақов «Көркем шығармаға талдау жасау» пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Д. Исабеков шығармаларының көремдік ерекшеліктерін зерттеу жұмысының басты нысанасы еткендіктен, біз жазушы әңгімелері мен повестеріндегі тақырып және идея мәселесіне, образдар жасау ерекшелігіне, жазушы шығармаларынан аңғарылатын автордың өзіндік стильдік, тілдік, ерекшеліктеріне ғылыми талдаулар жасалуын жұмыстың ғылыми жаңалығы деп түсінеміз

1. Д. Исабеков шығармаларының ерекшеліктері

1. 1 Д. Исабековтың шығармашылық лабораториясы

Дулат Исабековтың шығармашылық өмір жолы ерте басталады. 1963 жылы
басылып шыққан Қазақстан жазушыларының Замандастар атты әңгімелер
жинағында оның Жолда деп аталатын алғашқы әңгімесі жарық көреді. Сол жылы
Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газетінің бірнеше нөмірлерінде
Шойынқұлақ атты әңгімесі жарық көреді.
Арада үш жыл өткенде, 1966 жылы, небары жиырма екі жасында,
университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезінде оның Бекет деп аталатын
повесі мен әңгімелері жеке жинақ болып басылып шықты. Кейін Ащы бал
(1969), Мазасыз күндер (1970), Қара шаңырақ (1973), Тіршілік (1975)
повестері мен әңгімелер жинақтары, қрағын (1980) романы жарық көрді.
Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып Полынь (1978), Отчий дом
(1979), Сметение (1986), Новоселье в старом доме (1986) деген атпен
басылды. Жекелеген туындылар венгер, неміс, поляк, чех тілдерінде
жарияланды. Сондай-ақ, оның театр сахнасында табысты қойылып, көрермен
жүрегіне жол тапқан Редактордың қабылдау күндері (1975), Әпке(1977),
Ертеңгі күту (1979), Мұрагерлер (1982), Алыстан келген ананас (1984),
Кішкентай ауыл (1986) т. б. пьесалары да өнер сүйер қауымға жақсы таныс.
Гауһар тас (реж. Ш. Бейсенбаев, 1975), Дермене (реж. Ә. Әшімов,
1986), Тіршілік (реж. Ұ. Қолдауова, 1996) повестері бойынша көркем
фильмдер түсірілді .
Жазушыға сапалы да жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1992 жылғы желтоқсанның 15-індегі Әдебиет,
өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы қаулысымен Ай-Петри ақиқаты деген
повестер мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлығы берілді. Ол кісі, сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының
лауреаты болып табылды.
Ең алғашқы әңгімесі Шойынқұлақтан бастап ширек ғасырға жуық уақыт
ішінде жазушы қаламынан көптеген туындылар дүниеге келді. Д. Исабеков
шығармашылығының болашақ бағыт-бағдарын айқын бағамдатқан алғашқы повестері
- Гауһар тас пен Пері мен періште болды. Адамгершіліктің әлеуметтік
құндылықтың, одан өрбитін махаббат пен мейірімділікті кіршіксіз сақтай
білудің парыз екендігін жан-жақты зерделеген Гауһар тас, Мазасыз
күндер, Пері мен періште, Қарғын ұлттық әдебиетіміздің гуманистік
құрамын байытқан дүниелер. Бұл шығармалар адамгершілік үшін тек қилы
замандар емес, күнделікті тіршіліктің, тұрмыстың өзі де қатал сын болатынын
ұғындырды.
Әпке пьесасы бір отбасындағы ата-анасыз жастардың бір-біріне
қамқорлығы, оқып адам болып, өмірден өз орындарын тауып, жалпы махаббат-достық мәселесін көрсетуге арналған.
Кезінде Софокл:
Монго есть чудес на свете,
Человек - их всех чудесней, - деген екен.
Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек өзімізде ғана емес, әлемнің
көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Дулат Исабеков шығармашылық жолы
туралы еңбек жазу мойнымызға үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.
Белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек: Дулат Исабеков творчествосы
жайында жазу оңай мінбет емес. Қиын. Қиын болатыны ол өз буынында өзіндік
ізденісті бастан кешіп, өзгеге ұқсамас творчестволық тағдырға талпынып
жүрген жазушы. Әдебиетте тапқан жиһазын оңашалау ұстап келе жатқаны да
мәлім. Егіздің сыңарындай ұқсас, айтары аз, көлемі көз қорқытар шығармалар
топаны белең алған қазіргі шақта өзіндік ерекшеліктің болуы, әрине қуанышты
жағдай. Ұқсас сарындар, қайталау - көркемөнер құнын түсірер болса,
творчестволық даралық өнер атаулының бағын жандырып, бағасын арттырады.
Дулат Исабеков іздене өсіп кледі, - деген болатын.
Сонымен бірге Д. Исабековтың 60 жасқа толуына орай көптеген мақалалар
мен зерттеу еңбектер жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Міржақып Дулатұлының күрескерлік шығармаларындағы азатшылдық рух
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Көркем шығарма
Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы
Ұлт саясатының ұғымы
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Шығармашылық шеберлікті шыңдау
Қобыланды батыр жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz