Дисфемизмдер және олардың зерттелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұмаділов шығармаларындағы дисфемизмдердің кейіпкер тілінде қолданылуы

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
Жоспар:
Кіріспе
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі.
Негізгі бөлім
2.Қ.Қ.Жұмаділов шығармаларындағы дисфемизмдердің кейіпкер тілінде қолданылуы.
2.1 Ахметов. Ә,Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы ғ. еңбектеріне шолу жасау.
2.2 Ғалымдардың еңбектерін салыстыру
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаңөлкесі, Тарбағатайаймағы, Шәуешекауданындадүниегекелген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).

Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).

Қазақ әдебиеті газетінде (1965-1967) Жазушы баспасында (1967 - 1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 - 1981) қызмет істеген.

1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.

Олардың негізгілері Қаздар қайтып барады (1967) атты әңгімелер жинағы, Көкейкесті (1969), Соңғы көш (1974-1981), Атамекен (1985), Тағдыр (1988) романдары, Дарабоз (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - Таңғажайып дүние (1998) ғұмырнамалық Қылкөпір (2003) романдары.

Жазушының публицистикалық мақалалары Қалың елім қазағым (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, Соңғы көш романы түрік тілінде басылып шыққан.

Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990),Тәуелсіз Тарлан сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының Құрметті азаматы.

Үржар аудандық Уақыт тынысы, Пульс времени газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың Дарабоз дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының Құрметті азаматы

Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты-Қ.Жұмаділов шығармаларының жалпы қазақ әдебиеті даму үрдісіндегі алатын орны мен Көкейкесті романының дисфемизмдердің кейіпкер тілінде қолданылуын айқындау. Жазылған мақалаларға сүйене отырып, жазушы шығармашылығы хақындағы қазақ әдебиетіндегі зерттеулерге ой қосу, ғылыми тұжырым жасау. Сол арқылы Қ.Жұмаділов шығармашылығының өсу, өркендеу жолы мен оның шығармашылығындағы Көкейкесті романының көркемдік ерекшелігіне баға беру. Бұл үшін мынадай мәселелерге баса назар аудардық.
-Қ.Жұмаділовтің жазушылық және шығармашылық жолы, ондағы көркемдік әдіс-тәсілдердің қолдану аясы.
-Қ.Жұмаділовтің шығармашылығындағы тақырып пен оның көркемдеуші- бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігі.
- Көкейкесті романының жазылуы мен ол туралы сынды бағымдау.
- Көкейкесті романындағы кейіпкерлер әлемін талдау.
- Көкейкесті романындағы көркемдік әдіс-тәсілдер қыр-сырына талдау жасау.
Қ.Жұмаділовтің шығармашылығындағы Көкейкесті романының көркемдік ерекшелігі, ол арқылы жазушының өзіндік қаламгерлік келбетін танытудағы зерттеу объектісіне айналуы жұмыстың жаңалығы болып табылады. \ Сондықтан жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселенің өзектілігімен айқындалады.
-Қ.Жұмаділов шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістерге баға беріледі.
- Көкейкесті романындағы қаламгерлік шеберліктің қырлары дәйектеледі.
- Қ.Жұмаділов Көкейкесті романының көркемдік ерекшеліктері, кейіпкер
бейнесі мен өмір шындығы, көркем шындыққа айналудағы ерекшелігіне талдау жасалынады.

1.Дисфемизмдер және олардың зерттелуі.

Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы әдеби тілмен байланыс ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің көрнекті өкілі В. Виноградов функционалды стильдің тілдегі үш түрлі қызметін атап көрсетеді: бірінші - қарым-қатынас қызметі (ауызекі сөйлеу стилі), екіншісі - хабар беру қызметі (ресми және ғылыми), үшінші - ықпал ету қызметі (публицистикалық және көркем әдебиет стильдері [1, 84 б.].

Қазақ тіл білімінде эвфемистік, дисфемистік құбылыстарға жеке-жеке түсінік беріліп, оларды зерттеуге арналған біршама еңбектер бар. Осы ретте Ә. Ахметов, Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев, Ғ Қалиев, Б. Сағындықұлы т.б. ғалымдарымыздың пікір-тұжырымдары мен еңбектерін атауға болады. Ал эвфемизмдер мен дисфемизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылу мәселесі кейбір зерттеулерде жалпы лексика тұрғысынан алынып қарастырылғанымен, олардың функционалдық стильдер ішінде көрінуі - бүгінгі күнге дейін айқындалмаған құбылыс. Бұл құбылыс - кешегі - бүгінгі емес, ғасырлар бойы қалыптасқан (әсіресе фразеологизмдер тұрғысынан келгендері) тілдік заңдылық.

Осы тұрғыдан келгенде әр кезеңдегі көркем әдебиет стильдері материалдары негізінде қазақ тіліндегі эвфемизм мен дисфемизмдерді жеке алып, олардың көркем шығармаларда қолданылу ерекшелігін зерттеген еңбектер жоқ. Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мәселесі - әлі де толық айқындалып, зерттелді деуге болмайды.

Жалпы тіл білімінде түркі тілдеріндегі эвфемизм мен табуды соның ішінде қазақ тіліндегі эвфемия құбылысын ғалым Ә. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің нысанына алып жан-жақты қарастырған. Ғалым табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға жатқызады: Кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады [2,176]. Ғалым бұл сөздердің қыр-сырын ашуда этнография мен лингвистика ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің этнолингвистикалық бағытта айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын этнолингвистикалық жүйе және этномәдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді топтастырып көрсетеді, яғни өлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге, саяси эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік метафора, эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ, эвфемистік ирония түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Қазіргі таңда тіл, тіл мәдениеті, ғылымға деген талап, жауапкершілік, ықылас, мүдделілік шынында да күн сайын артуда. Осы тілдік, қазақ ділдігінің бір мәселесі эвфемизмдік қолданыстарда жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан [3, 125-126] деп, эвфемизмді құбылыс ретінде қарастырып, оның өзіндік еркшеліктерін көрсетеді.

Сондай-ақ М.Жұмағұлова: Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал газет бағаналарындағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады [4, 19] деп есептейді. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдердің әлеуметтік сипатымен ерекшеленетінін: ...сөздің эвфемистік мағынасын да тілдің өз ішінде ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық, дүниетанымдық ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра қарау құбылыстың мәнін айқындай түседі [4, 19] деп, эвфемистік мағынаның мәнін айқындайтын басқа себептеріне де тоқталады. Мысалы: Басына пұшпақ бөрік киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам 133. Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына көтеріп, әлденеге келісе алмай дауласып отыр 133. О дүниеге аттану кезегі кімге келіп тұр? дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сөз етіп отыр 133.

Яғни, көркем шығармада жазушылар кейіпкер бейнесін сипаттауда эвфемизм мен дисфемизмді жиі қоданады. Эвфемистік мағынаның басты қызметі - дөрекі, тұрпайы, айтуға қолайсыз сөздерді алмастырып, тыңдаушысына коммуникативтік қолайсыздық тудырмау.

Белгілі тіл білімінің маманы Б. Сағындықұлы: Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс, соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өз қаћармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды [5, 100], - деп сипаттайды. Сондықтан эвфемизмдер мен дисфемизмдерді қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырғанда ғана олардың негізгі мәні мен қызметі айқындалады.

Сондай-ақ бұл - тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін тигізері, тілді тиімді жұмсай білуге үйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің мұндай қоян жүрек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын білген болсам... (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Біреуі аңқау, ақ көңіл, екіншісі момақан, момын келген де, енді үшінші біреуінің тұрлаусыз, екі жақтылау мінезі бар-ды (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деп қолданудағы адамның мінез-құлқын ашу мақсатында контрастық құбылыстарға жататын дисфемизмдер мен эвфемизмдердің қызметі айрықша екендігі көрініп тұр. Контекстік мағынада қоян жүрек пен екі жүзді, ақ көңіл, момақан мен тұрлаусыз, екі жақтыларды, яғни дисфемизмдер мен эвфемизмдерді қаламгер жалпы адам болмысын ашуда өте ұтымды қолданған. Дисфемизмдер мен эвфемизмдердің бұл сияқты қатар келуі стильдік алуан түрлі қызмет атқарып, ойды жеткізуде өзіндік бояуымен оқшау танылатын сөздер тобы болып табылады. Немесе: Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Ұлтшылдар ғой жұрт қан жылап отырғанда, бұлардың рахаттанып жүргендерін қарашы, - деп Борис оларға кектене қарады (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деген тұстары қаламгердің дисфемизм мен эвфемизмдер секілді контрастық құбылыс қолданымдарына енгізіп, жекелеген сөйлемдер құрамында өзара салыстыра шендестіріп, айқын қарсы қойылған мән сипаттарын ұштай түсуде бұл тілдік құбылыстар ерекше стильдік қызметте жұмсалған.

Осы сөйлемдерде қаламгер суреттеліп отырған жайтты көз алдымызға нақты елестете алады. Осылайша жазушы болған оқиғаны көзбен көріп, қолмен ұстағандай асқан шеберлікпен береді. Осындай шеберлікке М. Серғалиев былай деп баға береді: "Көркем әдебиеттің басқа жанрларындай, прозада сөз қолдануға, шалқи сөйлеуге де, аз сөзбен көп мағына беру мақсатымен дәмді сөйлеуге де еркіндік мол екендігін ескерсек, мұндағы қолданыс кей ақындардың өлең ұйқасы үшін сөз тұлғаларын еріксіз тықпалауында емес автордың сарыла ойланып, санаға салуының, жаңалыққа құштарлығының жемісі деп білеміз" [6, 40].

Сондай - ақ дисфемизмдер көркем шығармаларда кейіпкерлердің тілінде қолданылып, әртүрлі жағымсыз эмоциялық мән тудырады. Олар белгілі бір стильдік мақсатпен сөздерді дөрекі, тұрпайы етіп қолдану тәсілдерін құрайтын қарапайым сөйлеу тілінің құрамына енеді. Кейіпкер тілінде қолданылған қарапайым сөздер кейіпкердің бір сәттік бейнесін жасауға, көркем бейнесін беруге қызмет етеді. Кейіпкер аузынан шыққан қарапайым сөздер оның шыққан ортасын, алған тәлім-тәрбиесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін көрсете алады [7, 17]. Көбінесе дисфемизмдер тілдік агрессия құралы ретінде көрініс табады. Төмендегі мына сөйлемдерге де назар аударсақ:

- Сен, немене, керең болғансың ба өзің! ( Жүнісов С.). Әуелі божыны ағыт, көтермені түсір, дүлей. ( Жүнісов С.). - Әне бір сілімтік кімдікі. (Жүнісов С.).

- Сұлыны сен бердің бе, есуас! - деп үй алдындағы биік қарды шұңқырлап ойып, соған төккен сұлыны күрт - күрт жеп тұрған кебеже қарын, мегежін биеге қарап, зірк етті (Жүнісов С.).

- Онан да ән тыңдамайсың ба, ақымақ! ( Жұмаділов Қ.).

- Мақұлық-ау, өлтіресің бе қаршадай баланы? (Жұмаділов Қ.).

Негізінен, құлағы нашар еститінді - керең дейді немесе дүлей, мақұлық-, ақымақ дегендер әдеби нормадағы тура мағыналы тұрпайы мәнді сөздер. Мұндай тұрпайы сөздер өте көп. Сөздіктерде әдеби норма деген белгі қойылған. Сондықтан тұрпайы сөздердің бәрі дисфемизм немесе қарапайым емес. Бұлардың синонимдері болмаса екінші бір әдеби баламасы жоқ сөздер. Ал, сілімтік, есуас т.б. - дисфемизмдер. - Ау, әкім мырза, сен не көкіп отырсың - деді ол бірден тұлан-тұта, саңқ етіп. - Көкігенің не, ей-й? Мен көзбен көргенді айтамын! - деді сасып қалған әкім. (Әзиев Ә.). Немесе: - Әй, мынауың не дейді?! Қадиша, әй, Қадиша! Қайда құрыдың омалып! Не дейді мына күшігің! (Ә.Тарази..) дегендердегі көку, омалып, күшік дөрекі мәндегі дисфемизмдер болса, кісіге қарата айтылған әй немесе өй деген одағайлар да сауаты төмен кейіпкерлердің мінез-құлықтарын көрсететін тұлғалар болып табылады.

Яғни, қаламгер дисфемизмдерді кеңінен пайдалана отырып оқырман қабылдауына оңай, бәрін көзбен көріп, құлақпен естуге болатындай етіп негіздеген. Баяндалып отырған оқиғалар дисфемизмдердің әсерінен ақиқат дүниенің қайталамасы тәрізді көрінеді.

Тілдік оралымда (контекстерде) кез кеген сөз ауыс мағынада дисфемизм ретінде қолданылуы мүмкін. Себебі контекст пейротивтік мағына туғыза алады. Қайсыбір дисфемизмдер ауызекі тілде жағымды кері мағынада қолданылады. Ол жек көрушілік емес. Айталық, ақсақал немерелерінің атқа отыруға жарағанына риза болып: Мына біздің боқмұрын да атқа отыруға жарапты ғой - деп айта береді. Жаман ініңізден енді ақыл-кеңесіңізді аямассыз (Жұмаділов Қ.Б.). Ол күшікті де көрмегелі көп болды, - деді Рахима немересін еске алып (Жұмаділов Қ.) Күллі ауылдың боқмұрын тентектері де өзіне өлердей үйір болатын. (Жұмаділов Қ. ). Маған осы боқмұрының болады! Боранды бекет.

Ана тілімізде таза поэтикалық метафоралармен қатар дисфемистік мағынада жұмсалатын метафоралар да кездеседі. Айырмашылығы мән-мазмұны, коммунативтік қызметі жағымсыз сипатта қолданылатындығында ғана. Осы ретте академик Р. Сыздықтың мына бір пікірі орынды: "Нағыз жазушы кейіпкерлерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады" [8,11]. Қайсыбір стильдік мақсаттарда жазушы метафора, метонимия, т.б. секілді сөздердің ауыс мағыналары нәтижесінде жасалынған дисфемизмдерді құбылыс немесе бір нәрсені суреттеуде көркемдегіш құрал ретінде жиі пайдаланады. Мысалы: Бұнысын кәпір ісі деп Қасапшы Нұрасулла атанған Бұхар әмірі, биылғы жылы көп әскермен кеп Мәделіханды бауыздап, ал сұлу Ханпадшайымның күнтимесіне қорғасын құйып өлтірген - ді. Граф соны айтып тұр. (Есенберлин І.). Әрине күнтимес деген дене мүшені атаудың өзі айтуға ыңғайсыз, мүмкіндігі болса қолданыла қоймайтын нәрсені екінші бір затқа ұқсату, балау арқылы жазушы болған шындықты метафора арқылы еріксіз жеткізу амалын тапқан сияқты. Ал мына мысалдардағы: Манадан бері өзеннің арғы жағына топырлай жиылып, лагерь боп жайғасып жатқан қалың әскерге қызықтап қарап тұрған қала халқы: Осынша көп обыр ауыздан құтылғанымыз өтірік пе, шын ба! - деп, іштерінен тәуба айтып тұрған шығар. (Кекілбайұлы Ә..) Осы арада бой жылыту үшін қойынға тығылып алған бір шөлмекті бөліп іштік. (Жүнісов С.). Бүтіннің орнына бөлшекті қолданып, оған обыр деген анықтауыш тіркеспен обыр ауыз (тойымсыздар) мағынасындағы синекдохалық дисфемизм халықтың күдігі мен қаупін, қуанышы мен реніштерін араластыра суреттеуде сәтті шыққан эмоциялы мәнді тұлға болса, шөлмек (арақ) мағынасындағы сыпайылап жеткізуде қолданылып отырған іргелес ұғымдағы метонимиялық эвфемизм. Осынша эмоция, экспрессивтілік әрине сөздің ауыс мағынасынан, контекстік мағына қолданысынан туындап отыр.

Кейіпкерді жазушы әдетте өз заманының немесе өмір сүрген кезеңінің тілімен сөйлетеді, сондай-ақ кейіпкер өзінің мінезіне, алған тәрбиесіне, өскен ортасына, жасына, әлеуметтік орнына сай сөйлеуі қажет.

Қортындылай келе, көркем шығармалардағы эвфемистік және дисфемизтік қолданыстар, біріншіден, халқымыздың тіл байлығын көрсетсе, екіншіден, тіл мәдениетінің бір кілті ретінде оқырман қауымның жалпы мәдени өрісін артуына септігін тигізетіні сөзсіз. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер кейіпкер бейнесін ашуда әр түрлі көзқарасқа, қарым-қатынас пен көңіл-күйге байланысты жұмсалып, лексикалық мағынасы арқылы жағымды-жағымсыз сезім тудыратын сөздер қызметін атқарады.

Негізгі бөлім
2.Қ.Қ.Жұмаділов шығармаларындағы дисфемизмдердің кейіпкер тілінде қолданылуы.
Қазіргі қазақ әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген қаламгер - Қабдеш Жұмаділовтің шығармалары оқырман назарынан тыс қалған емес. Мәселен Жемдеген қырғауылдар, Құдайдың үйі, Бір ғана ғұмыр, Дөңгеленген дүние-ай, Тіленші, Бұқарбайдың бұқасы секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері де жаңа заманның адамдары. Бір ғана ғұмыр әңгімесіндегі жазушы Әділ Тазабеков, Жемдеген қырғауылдар әңгімесіндегі аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, Құдайдың үйі әңгімесіндегі молданың, Бұқарбайдың бұқасындағы кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекетін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ашып көрсетеді. Қоғамды жаңартып қоймай, сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын, тірлігін, жан дүниелеріндегі өзгерістерді де дәл, шынайылықпен суреттей білген. Қаламгер шығармаларындағы жаңалықтарды осы қырынан кездестіреміз. Жұмаділовтің Бір ғана ғұмыр әңгімесінің сюжеті былай беріледі: бас кейіпкер жазушы Әділ Тазабеков қала өмірінің тіршілігінен шаршап, бір жағынан денсаулығының сыр беруіне байланысты, Алматы маңындағы бір санаторийге келіп жайғасады. Ол санаторийге жайғасып алғаннан кейін, осы жердің тыныс-тіршілігімен танысады. Осылайша бірнеше күндік демалыста кейіпкер біраз оқиғаларды бастан кешіреді. Әңгімеде санаторий өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстыра айтылады. Әңгіменің ең басты кейіпкері Әділ Тазабеков бейнесімен сомдаған. Әңгімені оқи отырып, Әділдің ақ көңіл жан, ашық мінезді жан екенін көруімізге болады. Бір ғана ғұмыр әңгімесінде оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, белгілі бір шегіне жеткен соң шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аудартады.

Бірде ол таңғы ас ішкелі отырғанда, жетпіс бестегі қарт, отыз бестегі келіншек, он жасар ұл келіп үстелдес болады. - Ас дәмді болсын! - деді мұнтаздай қырынып, біршама таза киінген, тарамыс қара шал бас орынға жайғасып жатып. Сыпайылық салтымен түсін жылытуға тырысқанымен, ызғар шашқан суық жанары сол күйі қалып қойды [2, 242 б].
Жазушы өз кейіпкерінің қимылын жеке-дара алмай, оның сөйлеген сөзі мен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын білдіріп тұр. Бұл кейіпкердің кім екенін қандай мінез-құлықтың адамы екенін тайға таңба басқандай көз алдымызға әкеледі. Қысқасы, әдебиеттегі адам образдарын жасаудың жолдары мен әдіс-тәсілдері сан алуан. Сондықтан бұған шеберлік, ізденімпаздық, суреткерлік керек. Әдебиетте портрет деген ұғым бар. Қаламгердің портрет жасаудағы шеберлігін әдебиеттанушы әрі ғалым Н. Жұмаділова: Портрет жасауда адамның сырт пішінінің статикалық көрінісін суреттеп қана қоймай, ол арқылы кейіпкердің ішкі жан сарайына барлау жасайды [1, 182 б] - дейді. Жазушының портрет сомдауда да ұтымды тұстарын көреміз. Мәселен қасындағы келіншектің портретін сомдауда былай деп ашып көрсетеді: Екі көзі боталаған, қараторының әдемісі. Қос жанарының мойылдай қаралығы сонша, көз шарасына көлеңке түсіп, көгілдір сағым ойнап тұр [2, 242 б]. Осындағы әйел портретін сомдауда қып-қысқа айтылған бірнеше сөз, ал оқи қалсақ суреттеліп отырған адамның ең айрықша белгісі көзге елестейді және жай елестемейді, көз алдымыз манағы айтылып отырған әйелдің қимылына толып кетеді. Портреттің әрлі де, әсерлі үлгісін Жұмаділов шығармаларынан табуға болады.
Бұқарбайдың бұқасы әңгімесінің бас кейіпкері еңбекқор Бұқарбай еді. Жазушы Бұқарбайдың еңбекқорлығын былай деп көркем сөз өрнектерімен әдемілеп жеткізген: Көкөзекке келісімен машина, тракторлар тұратын гараждың кілтін ұстады. Осында кіші-гірім шеберхана, токарь станогы бар. Қашан көрсең де көрікті қыздырып қойып, көк темірді кәуаптай қақтап жатады. Бұқарбай келгелі әлдебір бөлшегі кем болып, кеңкейіп босқа тұрған совхоздың талай тракторы дүрілдеп жүріп кетті. Бұл жігіт бос жүру дегенді білмейді екен [2 ]. Бұл жерде жазушы кейіпкердің еңбекқорлығын іс-әрекеті арқылы көрсетіп отырған. Портрет сомдауда Бұқарбайдың портретін былай дәл суреттеген: Ал, жасы қырықтың ішін енді аралаған Бұқарбай еңсегелі ірі денелі, жауырыны қақпақтай, қайратты, сом жігіт - тұғын [2, 277б]. Міне осылайша Бұқарбайдың сырт кескіні оқырманның көз алдына тұра қалады. Ендігі кезекте қаламгер Кеңес өкіметінің құлап, совхозда қалған мал-мүліктерді бөліске түсіріп жатқан кезі еді. Ол ауыл басшысына жолығып, атасы Сүйіндіктің малын кеңес өкіметі кезінде бөліп алынғандығы туралы былай дейді: Баяғыда атам Сүлейменнің бес мың қойын, бес жүз жылқысын, үйір-үйір түйе мен сиырын Кеңес өкіметі тартып алып, осы елге пышақ үстінен бөліп берген екен. Сол малдың сілекейі ретінде маған тым құрыса бір бұзау бұйырмағаны ма? - деген түсін суыққа салып [2]. Осылайша ауыл басшысы Кәкімбек Бұқарбайға совхоздағы жалғыз бұқаны береді. Бұқарбай бұл бұқаны бекерге жібермей бұдан пұл жасайды. Бұқарбайдың бұл қылығына ауылдастары қарсы болады. Солардың бірі жасы сексеннен асқан Сәбден шал былай дейді:
- Бұқарбай шырағым, мен сенің әкең Сүйіндікті, атаң Сүлейменді көрген кісімін. Екеуі де бастарына бақ қонған, осы елдің ырысы болған адамдар еді. Сол жақсылардың ұрпағы - мына сен елде жоқ ырымды бастап, бұқаның сыбығын сатқаның қалай? Оның өзі де бәрімізге ортақ кешегі колхоздың бұқасы емес пе еді?! - деген күңірене тіл қатып [2, ].
Бұл сөзге иіле қоятын Бұқарбай ма? Бұрынғы әдетіне басып ақыры бұқаны саудалауды қоймайды. Ақыры жұрт Бұқарбайдың дегеніне көнеді. Бұл шығармада жазушы қазіргі ауылдың тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін көз алдыңа алып келеді. Шығармада кейіпкердің іс-әрекеті арқылы оның психологиялық қырлары ашыла түседі. Ауыл тағдыры мен шебер өрілген әңгіменің сюжеті мен композициясы тұтас тұлғасымен, қоғамдық зор маңынан аша түскен ерекшелігімен толымды. Жазушы құдіреті - сол өмірдің бедерлі де бейнелі типтік көрінісін сан құбылған бояу нақышымен қайта тірілтіп, алдымызға жайып салады. Көз тұндырар тірі көріністер, қазақ ауылының тіршілігі ғана емес, ең алдымен адам мінезін, адамның жан дүниесін айқара ашады.
Құдайдың үйі әңгімесі кеңес өкіметінің құлап, егемендік алған қазақ ауылының тіршілігін бейнелейді. Тасбұлақ деген жерде Әкпар есімді мұғалім жұмыс істейді. Кейіннен күтпеген жерден Түркияға жол түседі. Түркиядағы бірнеше мешіттерді көріп, қайран қалады. Әлеуметтік шындықты көркем шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі - суреткерлік - дейді [3,14 б]. Ол кең мағынада айтатын болса, күрделі болмыстағы, адам бойындағы көзге көрінетін, көрінбейтін құбылыстарды көркем тілмен қозғалыс, даму үстінде жанды суреттер арқылы көрсету, көркем бейнені суреттермен елестету. Түркияда алғаш азанды естігендегі сезімін ақын жанды суретпен былай бейнелейді: Антанна демекші, сол мешіттерден намаз ал азанды шырқалатын айтсаңшы! Әсіресе, Ыстамбұлдағы азандар... Мыңдаған мешіттен бір мезгілде шарықтай көтерілген азан үні біразға дейін үзілмей, көкте қалықтап тұрып қалады. Дауыстары әр қилы: бірі - баритон, бірі - тенор. Жарыса көтерілген сол азан арқылы жеті қақ көктегі Жаратушының өзіне тіке тіл қатып тұрғандай әсерге бөленесің. Мерейің тасиды. Өзіңнің дін мұсылман әулеті, Мұхаммед пайғамбардың үмбеті болғаныңды мақтаныш етесің [2, 231 б].
Түркияның министрлігімен жолығып, ауылға мешіт тұрғызу керектігін айтып, көмек сұрайды. Министр бірден келісіп, мешіт тұрғызуды алға қояды. Осылайша мешіт салынады, Әкпар мектептен шығып, біржола мешітке жұмысқа орналасады.
Халықтың жетпіс жылдан астам уақыт бойы тыйым салынған, енді көреміз бе, көрмейміз бе деген күдік аралас көңілге мешіттерін ауылының ортасынан көрген кездегі көңіл тасуын жазушы әсерлі етіп суреттейді: Тасбұлақ тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Мешіттің тұсаукесер рәсімі үлкен той болып өтті. Сол күні жұма намазынан кейін аруақтарға құран оқылып, ас берілді. Мерейі тасыған жұрт садақа-сыйлықтарын да ала келіпті. Көп түкірсе - көл. Мешіттің іші-сырты қызыл-жасыл кілемге оранып қалды. Малымның зекеті деп тай, тайынша, қой жетектеп келгендер де бар. Ақсақалдар әкелген заттарды қаттап-шоттап, қабылдап жатыр. Мына жиналған көпшіліктің әлі калимаға тілі де келмейді. Бірақ ниеттері хақ. Көңілдері кірден тазарғандай, Жаратушы жаппар иеге бір табан болса да жақындағандай сезінеді өздерін. Құдай үйі Қағба - сонау Меккеде. Бірақ Аллаға ететін үлкенді-кішілі мешіт атаулы құдай үйі саналады. Халық сол құдай үйінің көп жылдардан кейін өз орталарына оралғанына бек риза еді [2, 233 б ]. Осы тұста айта кететін жайт Қазір таң атар-атпастан костюмін киіп, галстугін қылғындыра байлап, ақ плаштың етегінен ұзын тізесі көстеңдеп, мектепке қарай жүгіретін баяғы Әкпар жоқ. Бұл күнде сопыларға тән тік жағалы көйлек, кең бешпет, қазақы шапан киіп жүретін болған. Бұйраланып тұратын жалбыр шашты сыпыртып, сырмалы тақия киді. Дөңгелекте тұжырып қойған, сақал-мұрты да аққұба, ашаң жүзіне иман ұялатып, жарасып тұрады [2, 233б]. Осы үзіндіден мектептегі костюм киген, галстук байлаған, ақ плащ киген мұғалімді елестетсек, ал мешіттегі Әкпарды шашы сыпырылған, сырмалы тақия киген имам Әкпарды көз алдымызға алып келеді. Әкпардың кескін-келбетін құбылтып, қиюластырып өзінше бір көркемдік суретке көз жеткіземіз. Әкпар баяғы мұғалім емес, дін адамы ретінде бейнеленеді. Бұны қиыстыру үшін де жазушылық ұшқыр ой, қиял, шеберлікті қажет етеді. Жұмаділовтің жасаған Әкпар образы эстетикалық мәні бар, әрі нақты, жинақы жасалған адам өмірінің әсем суреті.
Ал Әкпардың шүкіршілігінде шек жоқ. Ол өз еңбегінің зая кетпегеніне, кеш те болса, Алланың ақ жолымен қайта қауышқанына бақытты еді. Бүкіл өмірінің мазмұны да, көңіліне тоқ санайтын қазынасы да осы - мешіт. Кейбір жұлдызды, жарық түндерде далаға шығып, құдайдың үйін бір айналып өтетіні бар. Сол сәт көкке бой созған мешіт мұнарасы алыс аспаннан нұр сеуіп тұрғандай әсер қалдырады. Ол - сөз жоқ, күн мен айға шағылған Алланың нұры. Адам пендесінің жүрегіне жарық түсіріп, тура жолға бастайтын сол ғана [2, 239 б]. Осы жерден шешімнің күштілігін біз дәлелдемесек те, оқып, әсеріне бөленген адамның өзі-ақ аңғара алады.Ал жазушылық шеберлік тұрғысынан келсек, Құдайдың үйі - суреткер қаламын мықтап ұштанған, тілін айта қалғандай ұстартқан шығарма. Әңгіменің сюжет желісі, композициялық құрылымы, образ жүйесі өте шебер өріліп, еркін дамыған.
Эпитет, теңеу, метафора Жұмаділов шығармаларын тек көркемдік жағынан байыптап қана қоймай, сонымен бірге олар шығарманың идеялық мазмұнын барлық жағынан айқын көрсетуге көмектеседі.Терең ой мен биік көркемдік жымдаса біткен осынау ғажайып туындылардың бітім-болмысы көз тартады.
Қ. Жұмаділов әңгімелері сюжеттік сонылығымен, композиция жасау, көркемдік сапа, тіл шеберлігімен ерекшеленеді. Ол кеңес өкіметінің құлап, тәуелсіздік алып, енді ғана бостандыққа қолы жеткен қазақ ауылының оқиғаларын, тұрмыс-тіршілігін, адам образын шеберлікпен суреттей отырып, көркемдік дәстүрлерді қазақ прозасына жаңашылдықпен алып келді.
2.1 Ахметов. Ә,Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы ғ. еңбектеріне шолу жасау.

Әр этностың ұлттық киімі өзінің шаруашылығын, тұрмыстық өмірін, ұлттық дәстүрін, мәдени ерекшелігін, ұлттық мінезін, ұлттық дүниетанымын танытады. Киім-кешек адамдарға әлеуметтік және этикалық қызмет атқарады. Адамның үстіндегі киіміне қарап әлеуметтік жағдайын, жыныстық ерекшелігін, жас мөлшерін, этникалық ортасын аңғаруға болады. Осыған байланысты қазақ халқының ұлттық киімдері жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, камзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі) т.б. Сол сияқты той, жиын, аза кезінде киетін киім түрлері де болған. Киім сонымен бірге этникалық (рулық, жүздік, аймақтық т.б.) және жалпы ұлттық ерекшеліктерді бейнелейді.
Қ.Жұмаділовтың Тағдыр, Соңғы көш, Дарабоз романындарында кездесетін көптеген киім- кешек атаулары лингвистикалық, лексика-семантикалық және этнолингвистикалық талдау жасауға негіз береді және этнос мәдениетін танудың бір жолын көрсетеді. Қазақ лексикасындағы киім-кешек атаулары - қазақ халқының әсем тұрмысын табиғи сұлулықта жарастыра білген мәдени өмірін, әр кезеңнің тарихын, эстетикалық талғамын танытады. Бұның барлығы сан ұрпақтың санасына тек этнографизмдер арқылы жетіп отыр. Жазушы шығармаларында кездесетін кейбір киім-кешек атауларына қатысты көнерген сөздерге талдау жасасақ.
Сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу, маржан, меруерт, ақық сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі.
Сәукеленің тігілуі туралы ғалым ӨЖәнібек былай Дейді: Сәукелеге ұқсас баскиімДерДі археологтар ерте ортағасырлық мүрделерден де кездестірген. Үйлену салтына арнап, қалыңдықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамалар қыстырылатын қаңқа ретінде биіктігі 20-30 см-дей келетін бағалы аң терісімен көмкерілген сүйрік бөрік кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсететін [1,16]. Сәукеле сөзінің шығу төркіні туралы Е.Жанпейісов былай дейді: Қырғыз тілінде шөкүлө - богото украшенное конусобразное свадебная шапка невесты. Сәу sau, сағ выражает значение целой, всецело, цельный, чистый, а компонент келе күлө, kula название головного убора связан с его основным признаком конусообразностью, относительной удлиненностью [2, 7].
Бұрын ауылда киетін қос етек көйлек, оқалы камзол, асыл тасты биік сәукелесін тастап, қала сәніне, оның ішінде татар қыз-келіншектерінің киім үлгісіне қарай бейімделе бастаған (Соңғы көш).
Үстіне қос етекті торғын көйлек, кестелі қызыл қатипа қамзол, басына асыл тастары шам нұрына шағылған, ақ жібек кіреукелі, биік суәкеле киген Айжан мен мұндалап, көзге оқшау шалынады (Тағдыр).
Қазақ халқы әйелдерінің бас киімінің бірі - кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі - кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді. Кимешек - ақ матадан тігіліп, омырауы мен арқасын жауып тұратын, беті ойылып жасалған әйелдің ұлттық баскиімі [ҚТТС,34]. Қазақ әйелдері тұңғыш баласын туған соң оның басынан желегі алынып, кимешек кигізіледі. Ә.Марғұланның көрсетуінше, кимешекті 25-40 жастағы әйелдер киген. Ал В.В.Радлов: кімашак [kir.] - головной убор старых женщин деген түсінік береді. Кәрі әйелдер мен кемпірлер бастарына кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы орамал - шылауыш тартады
Аппақ шатырдай кимешек-шаршысына өмірі қылау түспейтін, қызыл күрең қатипа камзолының екі өңірінде қапсырмалы күміс түймелер үймелеген, екі қолының салалы саусақтары алтын жүзіктерге толы Ажардың қазіргі сәні де жұрттан өзгеше (Соңғы көш).
Қазір ол да жұқарып, ақ кимешек астынан қамшының шолақ өріміндей сұлбасы ғана шалынады (Дарабоз).
Жаулық - әйелДерДің басына салатын, тартатын орамал. АкаДемик Ә.Марғұлан жаулықты қазақ әйелі өмірінің үшінші кезеңінде, мосқал тарта бастағанда киеді. Әбден қартайған, кемпір болған кезде басына күндік салады, бұл форма әйелдің баскиімінің ең соңғы түрі болып саналады дейді [3, 49]. Жаулық сөзінің этимологиясы туралы екі пікір бар. Өзбек тілінің маманы М.Асамутдинова осы атаудың төркінін jan (покрывать, укрывать) түбірінен таратады [4, 69]. Ал В.В.Радлов сөздігінде иағлық сөзі осы атаудың мағынасын беріп, йақ (масло, жир) және -лық сөз тудырушы аффикс деп көрсетеді [5, 52-53]. Жаулық түркі тілдерінің біразында орамал мағынасында, кейде баскиімнің түрі қызметінДе қолДанылған. Мысалы, азербайжан тілінДегі жаулық - жібектен тоқылған баскиім, ұйғырларда - қолорамал, ал қазақ тілінде егде әйелдің баскиімін танытады.
Ауылдың әр тұсынан ақ жаулықты әйелдер түндік ашып, шаруаға шөгел кей жерошақ бастарынан жұлындай болып түтін көтерілді (Дарабоз).
Бешпент - жеңілдеу тігілген астарлы шапан. Бұл сөздің төркінін Ә.Нұрмағамбетов парсы тіліндегі пәшм - жүн, жабағы, ал пәшминә - жүннен жасалған мата сөзімен байланыстырады [6, 51].
Шекпен - түйенің немесе қойдың жүнінен тоқылған жаздық сырт киім. Түйе жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардың ғана қолына түсетін болған. Ал шамасы келмеген кедейлер шекпенді қой жүнінен тоқып киген. Шекпеннің де бірнеше түрі болған. Мысалы, бозшекпен (боз түйе жүнінен тоқылып тігілген шекпен), биязы шекпен (түйе жүнінен түйін қосып тоқылған шекпен), шидем шекпен (түйе жүнінен тоқылып астарланған, сырып тігілген шекпен), име шекпен (биязы жүннен сәндеп тоқылған жеңіл шекпен), қаптама шекпен (сырты тысталған қалың киім), мая жүн шекпен (түйе жүнінен тоқылған, жауын-шашында киетін ұзын сырт киім).
Ұзын түйежүн шекпенін желбегей жамылған батырдың нар тұлғасы қазір төбе басында тіпті зорайып көрінеді (Дарабоз).
Күпі - матамен тысталған тері тон не жабағы киімді қазақтар осылай атаған. Іздене қарағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыйым салынған атаулар
Қазақ тіліндегі дисфемизмдер
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау
ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақ тілі - менің тілім, бабамның тілі
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Қазақ контентінің дамуы
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Қазақ тілі сабағын оқыту
Пәндер