Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы:” Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары

Орындаған: Аликеева А. БЭК 2 курс, 1топ

Тексерген: Макеева А.

Алматы 2012 жыл

Жоспары:

Кіріспе

Жалпы егіншілік туралы

Негізгі бөлім:

Топырақ географиясы және егіншілік

Қорытынды

Кіріспе

Егіншілік - ауыл шаруашылығының негізгі саласы және өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін негізінен мәдени өсімдіктерді өсіреді. Бұл сала халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етеді. Егіншілік - 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 - 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 - 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік - диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4, 1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96, 5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес - алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т. б. ) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т. б. ) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т. б. ) тығыз байланысты.

Негізгі бөлім

Егіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В. В. Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгетеді. Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В. Р. Вильямс шөп егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді.
Егіншілікті шөп өсірумен қатарластыру тек қара емес топырақты орталыққа пайдалы екені дәлелденуі КСРО аумағының тундра аймағында егіншілік сирек тұстарда қолданылады. Тайга орманы аймағының оңтүстік жартысы егіншлікке пайдалы, түгелге жақын жыртылған.
Егіншіліктің ең көп тараған жері орманды далалық және далалық аймақтар. Құрғақ дала мен далаларда егіншілік ауданы тағы да қысқарады. Бұл жерде таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.
Егіншіліктің таралуы топырақ табиғи жағдайға ғана емес, оның мамандандандырылуына байланысты орманды дала, кейде құрғақ дала аймағында дәнді дақылдар өсіріледі.
Мақта егінілігі Орта Азияның сұр топырақты жерлерінде дамыған. Кендір дақылын өсіру - шым топырақты күлді топырақты жерлерде дамыған.
Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т. б. шаалар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі табиғи аймақтар топырақтар тыңайтқыш әсері пайдаланылады. Орманды Күлді және шым-күл топырақты жерлер : Жоғары әк (известь) Орманды-далалық Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ:
Далалық Типтес, кәдімгі, оңтүстік Орташа. Көбіне топырақ
және шабындық - қара топырақты жерлер тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады: Құрғақ Каштан Әлсіз. Қуаңшылық жағдай
Шөл дала Сұр топырақтар Күшті. Суармалы егіншілік

Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта георафиялық жұмыстар маңыға ие болып келеді.

Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы
Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор. Топырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады. Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.
Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.
Әсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді. Топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген. Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі; егіншілік технологиясы. Агротехника өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайын, дақылды егіп өсіру тәсілдерін және агрономия жетістіктерін негізге алады. Агротехниканың мақсаты - топырақтың ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау, сондай-ақ аз қаржы жұмсап ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу. Агротехника шараларына ауыспалы егісті пайдалану, топырақ өңдеу, тыңайтқыш шашу, тұқым әзірлеу, тұқым дайындау, егін егу, егісті күту, суару, ору, бастыру, арамшөптерден, ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау, ауруларынан тазарту жатады. Қазақстанда агротехниканы дамытуда Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шортанды) ғалымдары көп еңбек сіңірді. Қуаң далада құрғақшылыққа жол бермеу, өнімділігі аз, шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солтүстік облыстарына лайықтап тұқым өсіру жүйесін жасап, өндіріске енгізді; эрозияға қарсы қолданылатын машиналар (сыдыра жыртқыш құралдар, тұқым сепкіштер, тырмалар, т. б. ) құрастырды. Агротехниканы шаруашылықтың және ауа райының жылдық ерекшеліктеріне, ауыл шаруашылық ғылыми және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соның нәтижесінде агротехниканы егіннің тұрақты мол өнімін беруін, еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Агрохимия, агрономиялық химия - топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. Агрохимияның негізін салушылардың бірі - француз ғалымы Жан Буссенго (1836) . Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Кейін неміс ғалымы Юстус Либих (1840) топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт (1843) салынды. Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды. Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалады. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі. Қазақстанда агрохимиялық зерттеулерді Қазақ мемлкеттік аграрлық университеті мен Егіншілік ғылыми-зерттеу институты үйлестіріп отыр. Агрохимия, агрономиялық химия - топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. Агрохимияның негізін салушылардың бірі - француз ғалымы Жан Буссенго (1836) . Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Кейін неміс ғалымы Юстус Либих (1840) топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш суперфосфат шығаратын зауыт (1843) салынды. Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды. Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар жасалады. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі. Қазақстанда агрохимиялық зерттеулерді Қазақ мемлкеттік аграрлық университеті мен Егіншілік ғылыми-зерттеу институты үйлестіріп отыр.

Топырақтың құралуына жел де қатысады. Ол топырақтың әр түрлі бөлшектерін ұшырып әкетеді немесе ұшырып әкеледі. Жел көбінесе өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпылдақ жыныстарды ұшырады. Бір жерден жел ұшырған шаң, тозаң, құм, заттар басқа ойлау жерлерге жиналады. Жел қарды да, сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшырып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал қайта бөлінетін болса, тұздарды ұшырғанда жер сортаңданады. Температура жоғары кезде, жел ылғалдың булануын үдетеді. Жел - жалпы жылылық пен ылғалдың реттеуші тетігі болып саналады. Далалық аймақта топырақты кептіріп егістікті қурататын аңызақ желі жиі соғады. Бұл - зиянды жел. Жауын-шашын, температура және желдің бірлескен әсерлерінің нәтижесінде кейбір топырақтар жеткілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынып, кей жер жылынбай өсімдіктердің дамуына әртүрлі әсер етеді.

Егіншілікте ауаның салыстырмалы ылғалдығының да маңызы үлкен. Ылғалдың азаюы құрғақшылыққа соқтырады. Ауа құрамындағы су буының ең көп кезі ерте көктемге, қысқа және қара күзге дәл келеді, бұл кезде бір жылдық дақылдардың вегетациялық кезеңі бастала қоймайды. Қерісінше, жаз айларында, әсіресе, июнь, июль айларында ауаның салыстырмалы ылғалдығы, көп жылдық орташа мәліметтер көрсеткендей 30-40% артпайды, дәл осы кезде өсімдіктер бойындағы су көп мөлшерде буланады.

Бұл аймақтардағы көп жылғы мәліметтерге қарағанда, июнь, июль айларында жауын-шашын өте аз жауады. Жаздағы болмашы мөлшерде ғана жауған жауын-шашын топырақтың қоректендіретін қабатындағы ылғалды сақтауға жете қоймайды. Осыған байланысты бұл жерлер жаздың ортасында топырақ қуаңшылығына ұшырай бастайды, мұның өзі жоғары температурада ауа ылғалдығының азаюына ұласады. Нәтижеде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне көп зиян тиеді.

Аймақтың оңтүстік бөліктерінде кейбір жылдары көктем февраль, март айларында шығады да апрель айында нағыз айқын шөл өмірі басталады. Көктемнің ерте көктеген өсімдіктері май, июнь айларында-ақ ыстықтың әсерінен қурай бастайды, тек жаздың құрғақшылығына әбден беиімделген, тамырлары өте тереңге кететін өсімдіктер ғана әлі біраз уақыт көгеріп тұра алады. Бұларға жантақ, ақмия, сортаң шөптер, құм сексеуілі, жыңғыл және тасбеде жатады. Бұл өсімдіктердің көбінің тамыры 2 метрден аса тереңге кетеді, сөйтіп олар ылғалды өте тереңнен пайдаланады. Сұр топырақтардың кәдуілгі, ашық қара сұр секілді түрлері кездеседі. Қоңыр сұр топырақ қоректік заттарының қоры жағынан қалған екеуінен басымырақ келеді, ал ең құнарсыздауы ашық сұр топырақ. Бұл топырақтардың әр түрлеріне қарай қарашірік қабатының қалыңдығы 10-20 сантиметрге жетіп, оның мөлшері 0, 8-2, 0 процентке дейін болады. Сұр топырақтардың барлық түрлері калийге өте бай, ал азот пен фосфорға кедей келеді. Айта кету керек, бұл топырақтарда фосфордың қоры біршама мол, бірақ сіңімді түрі өте аз, ал оның негізгі себебі - карбонат тұздардың фосформен суға ерімейтін және өсімдіктер оңай сіңіре алмайтын түрлерін түзуі болып табылады.

Оңтүстіктің сұр топырағы карбонаттар мөлшері 7 -8% болса, солтүстік аудандарда 5-6% болады. Ал органикалық заттар мен азот, фосфор қоры жағынан қара сұр топырақ бай. Ал, ашық сұр топырақта ол мүлдем аз. Кез келген топырақ тек қана өлі минералды заттардан құралмайды, оның құрамында әр уақытта азды-көпті тірі организмдер болады. Бұлар, негізінен топырақтың тірі бөліктерін құрайтын түрлі микроорганизмдер мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Олар топырақтың бір белігі саналады, сондай-ақ өсімдіктердің тамырлары да топырақтың тірі бөлігіне жатады. Микроорганизмдердің атқаратын негізгі қызметі - өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға, суға, көмір қышқыл газға, аммиакқа және басқа да заттарға айналдыру. Жүгері өсірілетін Тянь-Шань таулы аймағына кіретін облыстардың топырағының морфологиялық және химиялық сипаттамасы 1-таблицада берілген. Топырақтардың климаты, жер бедері биіктігі әр түрлі болуына қарай жеке облыстар арасында бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар. Мысалы, Алматы облысында ашық қара қоңыр топырақтың қарашірік қабаты 25-35 см болса, қалыпты сұр топырақ пен шалғынды сұр топырақтың қарашірік қабаттары тиісінше 22-27 және 50-70 см болады. Бұл облыстардың топырақтарының қышқылды ортасы бейтарап, аздап сілтілі болып келеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардағы ашық-қара қоңыр топырақтар өзінің құрылымындағы қарашірік, азот және басқа құрамы жағынан жазықтықта орналасқан ашық қара топырақтардан онша айырмашылығы болмайды, тек қана бул топырақта жалпы фосфор қоры аздап жоғары, карбонатты болады. Бұл облыстардағы сұр топырақтардың құрамында органикалық заттар мен азотты қосылыстардың азаюы өсімдік қалдықтарының біртіндеп ыдырамай, құрғақшылық пен ыстықтың әсерінен өте тез күйіп кетуі, басқаша айтсақ өсімдік қалдықтарындағы ыдырауға тиісті азотты органикалық заттардың жанып кетуінен болады. Бұл топырақтардың жеңіл механикалық құрамдылары эрозияға ұшырағыш келеді, сондықтан мұнда егіншілік үшін арнайы желден қорғаушы шаралар жүзеге асырылады. Сапалы суарып әр түрлі тыңайтқыштарды жүйелі қолдану арқылы ғана ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуға болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың табиғи климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы дақылдарының қай түрін өсіруге де қолайлы. Суармалы жерлердің болуы, жылы мерзімнің ұзақтығы, әрі пайдалы температураның молдығы-жылылықты сүйетін бір жылдық немесе көп жылдық дақылдар өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да, егіншілік мәдениеті дегеніміздің өзі агрономиялық мәселелердің үлкен ауқымын қамтиды. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы - топырақтың құнарлылығын ұдайы арттыру және жерді тиімді пайдалану. Ғылыми негізделген ұйымдастырушылық, экономикалық биологиялық және агрономиялық шаралар комплексі де осыған кіреді. Ал егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштері - шығымдылықтың қол жеткен дәрежесі, өнімнің сапасы, оның өндірілу мөлшері мен өзіндік құны. Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және оның құнарлылығының басты элементі - жауын-шашын. Топырақтың ылғалдылығын жауын-шашыннын жылдың әр түрлі маусымдарындағы мөлшері анықтайды. Жауын суларының бір бөлегі жер бетінен буланатын болса, екінші бөлегі ылдиға қарай ағып кетеді. Тек үшінші бөлегі ғана топыраққа сіңіп, ылғал қорын жасайды. Оны есімдіктер пайдаланады. Топырақтан өткен су ондағы заттарды ерітіп, химиялық процестердің жеделдеуіне бағыттайды. Ал, топырақ үстімен аққан су оны жуып-шайып, эрозияға шалдықтырады. Топыраққа сінген су мөлшері жалпы жауын-шашын мөлшерімен ғана анықталмайды. Топырақтағы ылғал қоры булануға, ауа температурасына, жер бетіндегі ағысқа да байланысты болады. Сондықтан жылдық жауын-шашын мөлшері ауа температурасымен, жер бедерімен және топырақтың қасиеттерімен өзара байланыста болады және өзара тәуелді келеді. Топырақ құнарлылығы мен оны құнарландыру - мол өнімнің негізі көзі. Топырақ құнарлылығының түрлері. Құнарлылықты ұлғаймалы ұдайы және қарапайым ұдайы жоғарылату.

Топырақ құнарлылығының биологиялық факторлары. Топырақтың органикалық заттары, топырақ биотасы, фитосанитарлық жағдайы. Топырақты құнарландырудағы мәдени өсімдіктер мен ауыспалы егістердің, тыңайтқыштардың атқаратын рөлі.

Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері. Топырақтың - гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. Олардың өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. Топырақтың гумустық қабатының қалыңдығы және оның маңызы туралы агрономиялық түсініктер. Егіншілікте агрономиялық жағынан бағалы топырақ құрылымының пайда болуы. Топырақ құрылымының оның агрофизикалық қасиеттерімен байланысы, оны жақсарту жолдары.

Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақтағы қоректік заттардың құрамы мен мөлшері. Олардың топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріндісіне, орта реакциясына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланыстылығы. Топырақ режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру. Топырақтағы су түрлері, өсімдіктерге сіңімділігі. Өндіріс жағдайындағы судың ысырап болу жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және коэффициенті. Суарудың топырақта жүретін процестерге және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық режимінің ерекшеліктері. Топырақтың ылғал режімін реттеу жолдары.

Топырақтың ауа режимі және оны реттеу. Топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу факторлары. Топырақтың ауалық қасиеттері. Топырақтың ауа режимін реттеу тәсілдері.

Топырақтың жылу режимі. Ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық қасиеттері. Олардың топырақ құрылысына, гранулометриялық құрамына, жер бедеріне және агроландшафтың басқа көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың тоңдануы мен жібуі. Егіншілікте топырақтың жылу режимін реттеу тәсілдері.

Интенсивтік егіншілікте топырақ құнарлылығын жақсартудағы нормативті-технологиялық негіздердің маңызы. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің құрылымы, бірдақылдылық (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз) дақыл, қайталап себілетін дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы түсініктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос және байытылған суперфосфаттар
Сорланған топырақты жіктеу
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Жайылманың топырақ жамылғысы
Топырақ үлгілерін алу
Өсімдіктің қорғану механизмі
Жүгері дақылының тіршілігіне қажетті факторлар
Алматы облысының жазық бөлігінің қоңыр топырағының құнарлығымен жүгері өнімділігіне тыңайту жүйелерінің әсері
Жайылма аллювиальді - шалғынды топырақтардың жіктелуі
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz