Ғалымдардың зерттеулері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау университеті

Филология жəне педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
пəнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ойконим тарих хаты

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
6B01707- Қазақ тілі мен əдебиеті
Күндізгі

Орындаған: Туробова Г.
Тексерген: Мусин Л.
Бағасы:

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Топонимдер:жер-су атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.Ғалымдардың зерттеулері
1.3.Топоним түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Ойконим ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Қазақстандағы ойконимдер ... ... ... ... .
Қортынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

АНЫҚТАМАЛАР

Топоним - ононимнің түрі, жер-су атаулары.
Топонимия - бір елді- мекеннің немесе аумақтың атауы.
Топонимика - ономастиканың жер-су,мекен атауларының шығу тегі, пайда болуын, дамуын,таралу аймағын,зертейтін ғылым.
Топонимдік рефлексия қарапайым тіршілік иесі
табылатын адамның қатынасқа түсетін географиялық нысан (тау, өзен, көл,
ауыл, қала, аудан, облыс, жота, сай, сор, құдық т.б.) атауының метатілдік
сана бейнесінде көрініс табуып сол нысандар жайында түсініктің вербалдануы.
Жер-су атауларының түрлеріне және адам өмірінде алатын орнына,маңыздылығына қарай байланысты топонимдік рефлексияны негізгі біз 3 топқа бөліп қарастырамыз. Олар: оронимдік рефлексия, гидронимдік рефлексия және ойконимдік рефлексия.
Ойконим - елді-мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары.
Ойконимдік рефлексия - адаммен байланысқа,қатынасқа түсетін (яғни өзі
орналасқан жер: ауыл, қала, орталық, аудан, облыс, көше т.б.) географиялық
нысан атауларының қарапайым , түсінікті метатілдік сана бейнесінде көрініс табатын
рефлексия.
Ороним - таулардың, шоқылардың атаулары.
Оронимдік рефлексия - жердің үсткі бедерінің барлық түрімен қатынасқа,байланысқа
түсетін адамның қарапайым сана бейнесінде түзілген сол нысан
атауларына қатысты түсінігі, оларды қабылдауы мен оларды түсіндіруі болып табылады.
Гидроним - грек тілінен аударғанда су,атау дегенді білдіреді.Яғни әрбір су объектісінің жалқы есімі.
Гидронимдік рефлексия жер бетіндегі барлық су нысандары
(өзен, көл, теңіз, мұхит, батпақ, сор, құдық, арал және т.б.) мен оны тұтынушы адамдардың арасында орын алатын қатынас қалыптасқан қарапайым бейне.
Хоронимдер -- аймақтардың немесе облыстардың және аудандардың жалпы географиялық атаулары;
Астионимдер -- Қалалардың,облыстардың географиялық атаулары;
Урбонимдер -- ішкі нысандарының географиялық атаулары;
Годонимдер -- жол көшелерінің атаулары;
Агоронимдер -- алаңдардар мен саябақтардың атаулары;
Дромонимдер -- байланысу жолдарының географиялық атаулары;
Гидронимдер -- сулардың географиялық атаулары, соның ішінде:
пелагонимдер -- теңіздердің атауы;
лимнонимдер -- көлдердің атауы;
потамонимдер -- өзендердің атауы;
гелонимдер -- батпақтар және батпақтанған жерлердің атауы;
Микротопонимдер -- кіші географиялық нысандардың атаулары: қыстау, қыстақ, құдық, бұлақ, т.с.с. көбіне белгілі бір аймақ тұрғындарға белгілі, өзішінде пайдаланатын атаулар. ;
Геонимдер -- жолдардың, өтпелердің атаулары.

КІРІСПЕ
Географиялық атаулар әлемі өте алуан және қызықты.Туғаннан бастап біз осы әлемде өмір сүріп жатырмыз.Біз өмір сүріп жатқан әлемде географиялық атауларды кездестірмеу мүмкін емес.Олар бізге бала кезімізден таныс.Біз оларды күн сайын радиодан естиміз,кітап,газеттерден оқимыз,күнделікті өмірде көреміз.Біздің өміріміздің көптеген оқиғалары сол географиялық атаулармен байланысты.Қазіргі дамыған қоғамды географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес.Бірақ біз географиялық атаулардың мағынасы жайлы сирек ойланамыз.Неге ол ауылға олай атау берілген,қандай мағына береді? Бұндай сұрақтар бізді қызықтырмайды да.
Географиялық атаулар адамның өмірі,тұрмыс-тіршілігіне,физикалық жағдайына,тарихы мен мәдениетіне байланысты дамып,жетіліп,қалыптасып отырады.
Географиялық атаулар кез-келген мемлекеттің,тілдің ажырамас бөлігі болып табылады,сондықтан олар тілмен бірге дамып келеді. Адамдардың көбеюіне,қоғамның дамуына байланысты географиялық атаулар жаңарып,ылғи толықтырылып отырады. Кейбір географиялық атаулар бір кездері өмір сүрген адамдардың айналысқан кәсіптеріне байланысты қойылған.Сол кездегі атаулардың көбісі, халық егінмен,мал шаруашылығымен,терімшілікпен айналысатын болғандықтан,соларға байланысты қойылған.Біз кейбір географиялық атауларға қарап сол кезеңнің адамдарын тани аламыз.Уақыт сияқты атаулар да өзгеріп отырады олар қатып қалаған заң емес.Қоғам дами келе географиялық атауларда өзгеріске түседі.Кейде бір әріп түсіп ал кейде әріп қосылады. Географиялық атаулардың пайда болу мәселесі жиі қозғалады.Олар көптеген ғылымдардың назарын аударған. Географиялық атаулардың шығу тегін,тарихын зерттеумен жас сала топонимика айналысады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Зерттеудің нысаны.
Зерттеу жұмысының пәні.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Зерттеудің ғылыми әдістері.Зерттеу жұмысына қойылған мақсатты орындау үшін материалдарды жаппай жинақтау,зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.Курстық жұмыс кіріспе бөлім үш тақырыпшадан,негізгі бөлім екі тақырыпшадан және қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-тарау. Топонимдер:жер-су атаулары.
Топонимика-географиялық атауларды зертейтін жас ғылым.Тіліміздегі географиялық жалқы есімдерді зерттейтін үлкен бір сала.Топонимика (грек сөзі,топос-орын,жер және ономо-атау.Топонимдерді зерттеудің маңызы өте зор.Қала,ауыл,көл,теңіз,өзен,тау атаулары сол жерде ертеде мекен еткен халықтың тілінен шыққан. Бұл атаулар адамдар өзгергенімен бір қалыпты өзгеріссіз сақталады.Топонимика сол жердің тарихын,сырын және саяси этнографиялық шекараларын анықтағанға көмектеседі.Біз географиялық картаға қарағанда елдердің,ауылдардың,қалалардың,көлд ердің,өзендердің,таулардың,аралдард ың аттарын көреміз.Ал бізге өте кіші қыраттар,үстірттер,кейбір ормандар,өрістер,батпақтар,төбелерд ің географиялық атаулары сирек кездеседі,Олардың қалай пайда болғаны жайлы деректер де жоқ.
Топонимдерге түрлі ғалымдар тілдік талдау жасаған.Ең алғаш Махмұт Қашқари "Түрік сөздігі" еңбегінде географиялық атауларға талдау жасап,топонимдерді екі түрге бөліп қарастырған.Біпіншісі-арнау топонимдер,екіншісі-сипаттау топонимдер.
Географиялық атаулар негізінен кейбір жағдайларда ғана өзгеріске ұшырайды.Олар мынандай жағдайларда қатты өзгереді.
1)Бір ел екінші бір елді жаулап алған кезде жергілікті атаулар міндетті түрде өзгереді.Алыс тарихқа көз жүгіртіп ақ күні кеше болған Ұлы Отан соғысында немістер ауыстырып жіберген кейбір топонимдер.Мысалы:Польша,Словакия күні бүгінге дейін қалпына қайта келтірілуде.
2)Бір ел екінші бір елді отарлап алған кезде атаулар өзгеріске ұшырайды.Оған өткен ғасырлардағы ірі капиталистік державалардың отарлау саясаты дәлел.Сол отарлау саясаты кезінде көптеген атаулар өзгеріске ұшыраған.
3)Үлкен елдің кіші елді немесе күшті елдің әлсіз елді бейбіт қалыпта ассемиляциялап жіберуі.Яғни бір елдің екінші ел құрамына кіріп жұтылып кетуі.Бұған ұсақ мемлекеттердің КСРО кезінен қазіргі кездегі Ресейге қосылып өздігін жоғалтқан,ұсақ мемлекеттер дәлел бола алады.
4)Бір елдің идеологиялық,таптық күрестер салдарынан өзгеріске ұшырауы.Оған мысал түрлі ед ішімдік соғыстар,азамат соғысы.Қазақ халқы,қазақ тілі осы төрт түрлі жағдайдан да өтті.Маңғол,жоңғар шапқыншылығын да көрді.Патшалық ресейдің отаршылығын да бастан өткізді.Елде азамат соғысы да болды.Кеңестік ассемиляциялау да елде етек алды.Осылардың салдарынан көптеген қалалар өзгеріске ұшырады.
Қазақстанның топонимиялық жүйесінде әлі шешілмеген мәселелер өте көп.Біз күні бүгінге дейін жалқы есімдерді,жалпы есімдерден ажырата алмай келеміз.Қазақ тіл білімінде бұл туралы В.А.Суперанская жалпы есімдерді мынандай белгілері арқылы жалпы есімдерден ажырата алатынымызды айтқан.Жалпы есімдер анық емес және шексіз болады.Ал жалқы есімдер анық,нақты болып келетінін айтқан.

Географтар негізінен географиялық атауларды зерттеуге көп көңіл бөлді.Олар топонимика арқылы көптеген жерлердің тарихын.физикалық ерекшеліктерін,сол жерде мекен еткен халықтың мінезін біліп әрі қарай тағыда біршама зертеулер жүргізіп отырды.Негізінен географиялық атаулар тек географтарды ғана емес ленгвистердің де қызығушылығын тудырды.Олар топонимдерді зерттеп оларды құрылысы мен құрылымына қарай бірнеше топқа бөліп жіктеді. Ең біріншілерден болып Н.А.Баскаков топонимдерге классификациясы жасап оларды морфологиялык және семантикалық деп екі топқа бөлді.Морфологиялық топонимдерде сөз таптары қарастырылады. Яғни топонимдердің жасалу жолында сөз таптары -- зат есім, сын есім, сан есім, етістік,есімдік, үстеу қатысады.
Зат есімнен жасалған күрделі топонимдер негізінен бір немесе бірнеше сөзден құралуы мүмкін, Мысалы:Бетпакдала, Құрқамыс.Көбінесе, топонимдер сын есімдерге ак, қара, қызыл, сары, шұбар,ащы, жалпақ, жуан, жаңа, сұлу, суық сиякты географиялык жалпы атаулар қосылуы арқылы жасалады. Мысалы, Қарабұлақ, Қызылқұм, Сарысу, Шұбартау, Ащысай, Жамансор, Жаңақорған, Сұлутөбе, Тереңөзен. Сын есімдерге өсімдік аттары қосылуы арқылы жасалатын топонимдер де бар: Қаратал, Көктал, Сарыағаш.Сын есімге жануар атаулары қосылуы арқылы да жасалатын жер-су аттары бар мысалы:Арықбалык, Жиренайғыр. Топонимдер көбінесе Сын есімнің -- лы, лі, ды, ді, ты, ті жұрнағы арқылы жасалады мысалы: Алматы, Жусалы, Жыңғылды, Шиелі, Шідерті, Жымпиты, Сексеуілді.
Сын есімдерге сан есім қосылу арқылы жасалған жер-су аттары да бар: бір, екі, үш, бес, жүз, мың, т.б. Біршоғыр, Бесшоқы, Қосқұдық, Үштөбе, Бесарық, Жүзағаш, Мыңарал, Жалғызтөбе.
Кейбір топонимдер бір ғана есім сөзден жасалады (кісі атына байланысты): Наурызбай, Байқадам, Байқабыл, ру атына байланысты: Кыпшақ, Қоңы рат. Халық атына байланысты : Қырғыз, Башқұр .
Есімшенің -ар, -ер, -с жұрнағына аяқталатын топонимдер: Отырар, Тұрар,Қайнар, Қойбағар, Барсакелмес, Оқжетпес, Козжетпес. Жедел өткен шақты етістіктің -ды, -ді формаларына аяқталатын жер-су аттары:Қарауылкелді,Қожакелді,
Сан есім арқылы жасалған жер-су аттары: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, жалғыз, қос, жүз, мың сан есімдерімен жасалады. Мысалы, Екішек, Екісор, Үшқамыс, Үшбидайық, Төрткұлақ, Төртқұдық, Бесқонақ, Алтыайғыр, Алтыбас, Жетікөл, Тоғызкен, Тоғызкүн, Қосқұдық, Қосқарағай.Етістік тұлғалардың қатысуы арқылы жасалған жер-су аттары : дара, біріккен және күрделі тұлғада кездеседі. Дара тұлғалы етістіктен жасалған жер-су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Сөздерді топтастыру принциптері
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Ғылыми Психологияның пайда болуы. Алғашқы психологиялық білімдер
Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы жайында
Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Пәндер