Күрделі қимыл атауларының қазақ тілінде қолданылуы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Дулат Исабеков шығармаларындағы күрделі қимыл
атауларының қолданысы
Орындаған:Жарылқасын Перизат КОК-203
Оқытушы:Жукенова Сұлушаш Какенқызы
Мазмұны
Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3-11
0.1. Қазақ тілі-ғажап тіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3-4
0.2. Күрделі қимыл атауларының қазақ тілінде қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ..
4-9
1.3. Күрделі қимыл атауларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9-11
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11-20
2.1. Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлғасы Д.Исабеков және оның шығармашылық лабараториясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Исабеков әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Дулат Исабековтың шығармаларындағы күрделі қимыл атауларының қолданыстық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11-16
16-21
21-25
Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
КІРІСПЕ
Ең бірінші қазақ тілі-ғажап тіл дей келе-,мен бұл тақырыпты бастағым келеді.Әр тілдің өзінің жұмысы,құрмет-қасиеті болғандай,әр адам баласына өз ана тілі қымбат болып қала береді.Тіліңді оқымай,оны дамытып зерттемесең,сен оны ұқпай қадірін елемей жүре бересің.Қазақ тілінің сан қилығы соншалық кейде синонимдес сөз тіркестерінде кездестіріп жатасың.Бәлкім ерекшелігіде сол болар.
Тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, Тіл туралы Заңдардың қабылдануы, халықаралық Қазақ тілі Қоғамы және Тіл комитеттерінің құрылуы, Тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қабылданып, кезең- кезеңімен іске асырылуы- бәрі-бәрі Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей басшылығымен жүзеге асып отырған тарихи жағдаяттар.
Тіл пайдаланылып жүрген кезде өшпек емес, қоғамдық қатынастарды толымды түрде және белсене пайдаланатын тіл болып тұрған кезде ұлт өмір сүре бермек. Еліміз бен тіліміз мәңгілік жасай берсін. Ұлт болашағы жастардың қолында, ал тіл - ұлттың жаны. Сол себепті ұлтымызды сақтап қалғымыз келсе, ең алдымен, тілімізді түзетейік, шұбарлануына жол бермейік. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Қазір қай басылым бетіне қарасаңыз да, тіл мәселесі. Мемлекеттік тіліміз қашан бір тұғырына мінгенше, бұл тақырыпты тіл жанашырлары жалғасты жаза да, айта да берері даусыз. Елімізде Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілінде еркін сөйлей алмайтын қандастарымыз қаншама? Біз бұл топты Мұхтар Шахановтың тілімен айтсақ, Шала қазақтар, жаңа қазақтар деп әспеттеп жүрміз. Осы топтағы адамдардың көбісі, мемлекеттік мекемелер мен халық көп топталатын орындарында отырғаны да рас. Соқыр тауыққа бәрі бидай демекші, өз тілінде сөйлей алмайтын адамға ұлттық рухтың да, ұлттық сана, салт-дәстүрдің де, ұлттық тәрбиенің де керегі шамалы. Ана тілдің қамы үшін, жарғақ құлақтары жастыққа тимей жанталасып жүрген ағаларымыздың Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болдының кебін киіп, тамағы қарлықты, жағы қарысты.
Абай, Ыбырай, Шоқан, Сұлтанмахмұт, олардың бұрынғы өткен және осы күндегі елінен, ана тілінен безбеген, қазақ халқының адал, ақ ниет алдағы ұлдары- қыздары өз ана тілімен сөйлеп, жаза білген. Олар тіл шеберлігінен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, мысал, асыл мұра да қалдырған.Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі - бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Қазақ тіл білімінде күрделі атаулар 1980 жылдарға дейінгі еңбектерде сөз тұлғасының бір түрі - күрделі сөз деген ұғымда морфологиялық категория ретінде қарастырылып келгені, 1989 жылдан бастап сөзжасам жүйесінде қарала бастағаны белгілі. Күрделі атаулардың кең тараған бір түрі заттың күрделі атауларын сөзжасам жүйесінде кешенді түрде арнайы зерттеу профессор Балқия Қасым еңбектерінен басталады десек, күрделі атаулардың ол жасаған басты тұжырымдамаларына тоқталып көрейік.
Бірінші, күрделі атауларды анықтау жөніндегі тұжырымдамаға келсек, Б.Қасым күрделі атауларды анықтау үшін, лингвистикада қалыптасқан үш түрлі ұстаным-белгіге сүйенеді. Оның біріншісі, мағыналық тұтастық белгісі. Бұл белгі бойынша күрделі атаудың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, біртұтас мағынаны білдіріп жеке атау болады (Жезқазған, көкқасқа, бозбала). Екінші, құрылымдық тұтастық белгісі. Күрделі атау да жалаң сөз тәрізді парадигмалық қатынастарға түсе алады, бірақ оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек емес, тұтасқан күйінде түрленіп бір тұлғаға ие болады. Сыңарларының орнын ауыстырып, қалыптасқан күйін өзгертуге болмайды. Үшіншісі, синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі атаулар сөйлеу, қатысым әрекетінде даяр қалпында қолданылып, лексикалық бірлік ретінде сөйлемнің бір мүшесі болады. Екінші, күрделі атаулардың уәжділігіне байланысты тұжырымдама. Сөздің уәжділігі жайындағы зерттеулерге сүйене отырып, тіл білімінде бұрын негізінен синтетикалық сөзжасамда қолданылып келген уәжділік, уәждеме теориясын автор аналитикалық сөзжасамда қолданып, сөзжасамдық уәждеме теориясын әрі қарай кеңейткен. Аталымдық белгі, оны таңдау туралы тұжырымдамада автор атаудың пайда болуында аталатын нысанның өзіне тән белгісін анықтауға, яғни белгі таңдаудың мәні зор екеніне көңіл аударған. Күрделі атаулардың тарихи қалыптасуы жайындағы байламында ғалымның түсіндіруінше, қазақ тіліндегі күрделі атаулардың алғашқы қалыптасу кезеңі көне түркі (Орхон-Енисей) заманынан басталып, одан кейінгі ортағасырлық дәуірлерде жетіліп, сараланып отырған. Күрделі атаулардың негізінде сөз тіркестері жатыр. Олардың атаулық қызметіне ауысуы сөз тіркесінің ономасиологиялық сипатына байланысты. Мәселен, атқа міну тіркесі ономасиологиялық негізді жасаса, осы тіркестің алдыңғы сыңары ономасиологиялық белгіні танытады, ал одан шыққан атқамінер күрделі атау болып табылады. Осылайша сөз тіркесінен күрделі атаулық лексемалар туындайды. Күрделі атаулардың мазмұнына қарай топтастыру, сөзжасамдық типтер жайындағы тұжырымдамада Балқия Қасым күрделі атауларды "адам", "қоғам", "табиғат" (Ә.Қайдар бойынша) салаларына қатысты тақырыптарға жіктеп, сөзжасамдық типтерді анықтайды. Күрделі сөзжасамдық типтер туынды атаулардың сыртқы құрылымдық тұрпатымен және ішкі семантикалық белгілерімен анықталатынын көрсетеді. Критерий ретінде олардың үш түрлі ерекшелігіне тоқтайды: Бірінші туынды атаулардың лексика-грамматикалық ерекшелігі; екінші туынды атау мен тудырушы негіздердің мағыналық қатынасындағы ерекшелігі; үшінші туынды атаудың жасалуындағы сөзжасамдық құралдар мен тәсілдердің ерекшелігі. Күрделі атаулардың семантикасына байланысты олардың көпмағыналы, синонимдік, омонимдік сипатын ашып көрсеткен. Сөзжасамды зерттеушілер күрделі атаулардың жасалуында метафоралардың қызметіне жете мән бермегенін ескертіп, оларды қызметіне қарай: атауыштық метафоралар (егеуқұйрық, бізтұмсық), танымдық метафоралар (ғаламшар, тұсаукесер), экспрессивті-бағалаушы метафоралар (жексұрын, оқжылан), т.б. деп саралап зерттеген. Қорыта айтқанда, қазақ тіл білімінде сөзжасамға қатысты бұрынғы теориялық тұжырымдар негізінен дара атауларға байланысты болып келгені, бұл тұжырымдар күрделі атаулар мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейтіні белгілі. Балқия Қасым еңбектерінде күрделі атаулардың теориялық негіздері екі басты мәселенің: уәждеме және аталым маңында дамытылып, күрделі атаулардың дербес лексема мәртебесіне ие болуының заңдылықтары ашылған. Жоғарыда айтылғандай, тұжырымдамаларды қазақ сөзжасамының әлі де қалыптасу үстіндегі композиттану теориясын дамытып, жетілдіруге қосылған маңызы зор үлес деп бағалауға болады. Ғ. ҚАЛИЕВ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Күрделі атаулар - кемінде екі сөздің бірігуі, қосарлануы және тіркесуі арқылы жасалып, атауыштық қызмет атқаратын лексикалық бірліктер.Қазіргі қолданыстағы күрделі атаулардың негізгі қатары бұрынғы мағынасының кеңеюі немесе тарылуы не болмаса мағыналық жағынан мүлде жаңа сипатқа ие болған сөздерден құралады. Олардың арасында жаппай қолданысқа түсіп, тілде орныға бастағандары да, сондай-ақ бірнеше балама атаулармен қатар қолданылып жүргендері де бар. Жалпы күрделі сөздердің біріккен, қосарланған және тіркескен сөз тәрізді түрлерге бөлінуі оларды құрауға негіз болатын сөздердің бір-бірімен байланысу сипатына қатысты. Ал күрделі сөздердің атауыштық қызметі олардың біртұтас тұлғада белгілі бір затты, құбылысты атап көрсетуімен анықталады.
1) Атауыштық сипаттағы күрделі сөздерді ресми атаулардағы сипатына қарай мынандай топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Мемлекет, республика, облыс, өлке атаулары;
2. Мемлекеттік басқару органдары мен халықаралық ұйым атаулары ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Конституциялық Кеңесі, Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі т.б.;
3. Мәдениет мекемелері мен қоғамдық ұйым атаулары Опера және балет театры, Қазақстан Жазушылар одағы т.б.;
4. Құрметті атақтар атаулары Халық Қаһарманы, Алтын алқа белгісі, Қазақстанның халық жазушысы т.б.
2) Тіл жүйесінде сөздерді біріктіру арқылы жасалған күрделі атаулар жиі кездесіп, іс қағаздарында белсенді түрде қолданылады.Мұндай жағдайда, яғни біріккен сөздер мен тіркескен сөздердің аражігін тек орфографиялық сөздік негізінде айыруға болады.Күрделі сөздердің атауыштық қызметке ие болуы сыртқы жағдайларға да байланысты. Сондықтан кез келген толық мағыналы сөз белгілі бір затты атамай, сол заттардың үлкен бір тобы туралы ұғымды ғана беруі де мүмкін. Мысалы, Салық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Халықаралық Абай қоры, Басқару академиясы т.б. Осы атаулардағы комитет, қор, академия сөздері жалпы қолданыста да бар. Ал олардың күрделі атау қызметін атқаруы екінші бір сөзбен тіркесіп, бастапқы мағыналарының жалпылануы, қолданылу жиілігі, форма тұрақтылығы арасына басқа сөздерді кірістірмеуі, сөйлемнің бір мүшесі болуы, соның негізінде номинативтік бірлік ретінде қалыптасуы арқылы жүзеге асады.
Күрделі атауға негіз болатын сөз тірек сыңар болып табылады. Бір тірек сөздің қатысымен жасалған күрделі атаулардың жазылу қазақ тіліндегі біріккен сөздер -ар, -лар, -лық, -ғыш қосымшаларымен келуі және тану, жанды, құмар, ақы, ара, жай, хана сияқты кейбір лексикалық бірліктердің грамматикалануы негізінде жасалады. Қазіргі қолданыстағы біріккен тұлғалы күрделі атаулар құрамы да осындай сипатта болып келеді. Бұған тіліміздегі жалпы қолданыстағы белгілі бір сөздердің қатысуымен жасалып, тұрақты сипатқа ие болған біріккен тұлғалы атау сөздер дәлел бола алады. Мысалы, әуежай, әуежол, елжанды, елтаңба, жолсапар, жолсілтеме, ғарышайлақ, ғарышкеме т.с.с. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атауларды баспасөз материалдары негізінде зерттеген еңбегінде Ш. Құрманбайұлы жалпы термин шығармашылығында бір үлгімен жасалған біріккен атаулар санының едәуір артқандығына назар аудара отырып, бірқатар біріккен атауларды келтіреді. Атап айтсақ,айып сөзінің қатысуымен жасалған айыппұл, өсімпұл, айыптұрақ, әуе сөзімен әуежай, әуесерік, әуедоп (волейбол), ғұмыр сөзімен ғұмырнама (мемуар), ғұмырбаян (автобиография), ел сөзімен елжанды, елжандылық, елорда, елтаным, елтаңба т.б. Бұлардың қатарында тұрақты қолданысқа ие болғандары да, бірнеше нұсқада жарыса қолданылып жүргендері де және термин жүйесінде әлі де тұрақтала қоймағандары да бар.
3) Күрделі атаулардың келесі бір түрі - қосарлану арқылы жасалған сөздер. Атаулардың бұл тобындағы сөздердің қатарында да атау қызметіне ие болып, ресми құжаттар тілінде қолданылу белсенділігімен ерекшеленетін бірліктер бар. Мысалы, сараптау- талдау, анықтама-көрсеткіш, әкімшілік-аумақтық, әскери-далалық, ғылыми-көпшілік, зымырандық-ғарыштық т.с.с.
4) Күрделі атаулар қатарында сөздердің тіркесуі арқылы жасалған екі, үш, төрт сыңарлы сөздердің де өзіндік орны бар. Күрделі атаулардың бұл тобындағы сөздерді құрамындағы сыңарларының санына қарай екі, үш және көп сыңарлы деп топтастыруға болады. Мысалы: екі сыңарлы КА:әлеуметтік сақтандыру, әкімшілік айыппұл, валюта бағамы, бағалы қағаз, ілеспе құжат т.б.; үш сыңарлы КА: әлеуметтік жеке код, баламалы электр қуаты, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, айлық есептік көрсеткіш, жалпы ішкі өнім т.с.с.; төрт сыңарлы КА: салық тіркеушінің жеке нөмірі т.с.с. Қолданыста әлі қалыптаса қоймағандықтан, жарыспалы түрде қолданылып жүрген күрделі атаулар да кездеседі. Мәселен, іс қағаздарында, ресми құжаттарда әлсіз топтар түрінде жиі қолданылатын тіркестің кейде әлсіз жіктер, әлжуаз жіктер, прорывные проекты ұғымының серпінді жобалар, шепбұзар жобалар түріндегі жарыспалы қолданысы.Күрделі атаулардың бірнеше нұсқада осылайша жарыса қолданылуы бұлардың біреуінің әлі басымдыққа ие бола қоймағандығымен байланысты түсіндіріледі. Тіліміздегі бір ізге түспегендіктен, жарыса қолданылып жүрген күрделі атаулар қатарындағы мұндай қолданыстар ресми құжаттар мен іс қағаздары тіліне де әсер етеді.
5) Күрделі атаулардың келесі тобын орыс тілінен калькалау тәсілімен жасалған сөздер құрайды. Мысалы, ашық есік күні, ашық қоғам, сенім телефоны, төлқұжат үстелі, үлкен сегіздік, айлық есептік көрсеткіш, көлік құралы, жол-көлік оқиғасы, зымырантасығыш.Күрделі сөз - қазіргі кезде араларындағы синтаксистік байланысы үзілген, семантикасы және грамматикалық қызметі жағынан біртұтас сөз лексикалық бірлік ретінде қалыптасқан сөз тіркесі. Бұған біріккен өмірбаян, қолтаңба, пікірталас, мекенжай, қағазбастылық, іссапар т.б., қосарланған әкімшілік-аумақтық, іс-әрекет, қадір-қасиет, қолма-қол, тепе-теңдік т.б., тіркескен төрелік сот, әуе қатынасы, дауыс беру, зиян шегу, күшін жою, жеке еңбек бөлінісі, табыс көзі т.б. сөз тұлғалары жатады.Қазақ тілінің әлеуметтік қызмет өрісінің кеңеюін тілдің орфографиялық нормаларының қалыптасып, біріздендірілуімен байланыстырсақ, бұл орайда ресми құжаттар тілінде сараланып, өзіндік белгілерімен айқындалған күрделі атаулардың да жазылу ерекшеліктерінің тілдік нормадағы орнын нақтылаудың маңызы зор.
Ғалым Р. Сыздықтың тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі-тілдік нормадеген тұжырымын негізге ала отырып, күрделі атаулардың жазылу емлесінің орфографиялық норма тұрғысынан әлі де болса бір қалыпқа түсе қоймағандығын айтуға болады. Тіл бірліктері, оның ішінде күрделі атаулар да қолданыста тілдік құрылымға иек артса, тілдік құрылым тілдік жүйеге негізделеді.Күрделі атаулардың орфографиялық нормаларға сай дұрыс жазылуына тек емле ережелерінің дұрыс я бұрыстығы ғана емес, сол ережелер қамтитын тілдік құбылыстың дәл, анық танылмауы, оның сыр-сипатының анықталмауы да кері әсерін тигізеді. Күрделі атаулардың кем дегенде екі сөзден құралып, бір мағынаны білдіретіндігі белгілі. Олардың ішінде зат есім, сын есім, сан есім, үстеулерден жасалған күрделі атаулардың жазылу емлесінде айтарлықтай қиындықтар кездесіп отырады. Мысалы, алғышарт, ауызбірлік, ауызсу, дербес шот, есепшот, жолдама құжат, жолдамақағаз, жолсапар, ресми сапар, ашықхат, ашық хат, аяқасты болу, әр кез, әр нәрсе, әр уақытта, әрбір, әрдайым, әркім, әртарап, әртарапты, әртүрлі т.с.с. күрделі сөздердің бірге не бөлек жазылуы олардың бір ғана немесе жекелеген ұғымды емлесінің бірдей болмайтындығына жоғарыда мысалдар келтірілді. Мәселен, бір ұғымның кейде бір құжаттың атын білдіретін қағаз тірек сыңарымен келген күрделі атаулардың бірқатары бірде бірге, енді бірде бөлек жазылады: жолдамақағазжолдама құжат, куәлікқағаз, қатынасқағаз, мақтауқағаз, рұқсатқағаз, шақыру қағаз т.б. Себебі біріккен сөз құрамындағы қағаз сөзі өзінің дербес лексикалық мағынасынан қол үзсе, тіркескен сөз құрамындағы қағаз сөзі оның алдыңғы шақыру сөзі сияқты бастапқы лексикалық мағынасынан айрылмаған.
Күрделі атаулардың жазылуындағы қиындық тек біріккен немесе тіркескен сөздердің бірге я бөлек жазылуы ғана емес, оларға қосымшалардың жалғану ретінде де кездеседі. Бұл орайда, яғни күрделі атауларға, оның ішінде күрделі атаулардан қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғану тәртібі де бір жүйеге келтіруді, нақтылауды қажет етеді.Мысалы, БҰҰДБ-ға Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасына, БСҰ-дан Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымынан, ЕЭҚ-ға Еуропалық экономикалық қауымдастыққа т.б. Салыстыра қарасақ, күрделі атаулардың толық түрі мен қысқарған түріне қосымшалардың жалғану реті бірдей емес. Қысқарған атауларға қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис арқылы жазылады.
Күрделі атаулардан қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғану реті олардың қысқару жолдарына байланысты. Сондықтан күрделі-қысқарған сөздердің жазылуы мен оларға қосымшалардың жалғануы мынадай ережелермен анықталады: жеке сөздердің басқы әріптерінен қысқарған атаулардың әрбір сөзі бас әріппен жазылып, қосымша соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис арқылы жалғанады: БҰҰ-ға, ЖШС-ға, ТМД-ға т.б.;-алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарған күрделі атаулардың алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, қосымша соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай жалғанады; ҚазТАГ-қа Қазақ Телеграф Агенттігіне; -күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің басқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылып, қосымша екінші сөздің соңғы буынының ыңғайына қарай жалғанады: пединститут-қа, педиснтитут-тан, педкеңес-ке, дискеңес-те т.б.
Айтылуы мен жазылуы ұзақ күрделі атаулардың қолданылуын жеңілдетуде қысқарған сөздер ерекше қызмет атқарады.Күрделі сөздердің ішінде күрделі сан есімдердің де жазылу ерекшеліктері бар.Олар: 1) күрделі сан есімнің әрбір сыңары бөлек жазылады; 2) күрделі сан есімдер санмен жазылғанда оларға қосымшалар дефис арқылы үндестік заңына сәйкес жалғанады:12-ден 16-ға дейін,10-нан астам, 25-ке толды, 30-дарда т.с.с.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің теориялық негіздерін зерттеген ғалым Б. Қасым оларды күрделі атаулар деп қарастырып, тілдік деректердің атаулық қасиеттерін сараптап, дәрежесіне орай 8 түрге бөледі: 1) тура уәжділік (лексикалык морфемдердің айқын, тура мағыналары); 2) жартылай уәжділік (уәждеуші сыңарлардың біреуінің мағынасы күңгірттеніп, көмескіленіп, ауыс мағынаға көшуі); көмескі уәжділік (айқын мағынаның орнына жасырын мағынаның пайда болуынан ауыс мағынаға көшуі). Көмескі уәжділікке ие күрделі атауларды тұрақты тіркестерге жақын бірліктер деп қарастыруға болады. Тілдің лексикология саласында қарастыратын, атауыштық қызмет атқаратын күрделі сөздердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы бар:
* күрделі сөздер тұрақты тіркестердің қалыптасу төркіні еркін тіркестер болғанымен, олардың қалыптасу үрдісі әр басқа (күрделі сөздер үшін - фонетикалық фактор мен лексикалану, грамматикалану, тұрақты тіркеске - тән үрдіс);
* тұрақты тіркестердің құрылым тұлғалары берік, олар көп компонентті (екіден көп), құрамы дербес атауыш сөздермен шектелмейді;
* күрделі сөздерге - тура мағына, фраземаларға - ауыс мағына тән;
* күрделі сөздердің қалыптасу уәждері ашық, тұрақты тіркестердің ішкі формасы ашық емес және т.б. Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестердің арасындағы ерекшеліктерді саралап, профессор Т. Сайрамбаев: тұрақты тіркестерделексикалықмағынаболса, сөзтіркестерінде болмайды, сөз тіркестері сөздің лексикалық бірлігі негізінде жасалса, тұрақты тіркестерде жеке лексикалық бірліктер жоқ. Сөз тіркесі мен фразеологизмдердің сырттай ұқсастықтары болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес, - дейді.
* Күрделі атаулардың мазмұнына қарай топтастыру, сөзжасамдық типтер жайындағы тұжырымдамада Балқия Қасым күрделі атауларды адам, қоғам, табиғат (Ә. Қайдар бойынша) салаларына қатысты тақырыптарға жіктеп, сөзжасамдық типтерді анықтайды. Күрделі сөзжасамдық типтер туынды атаулардың сыртқы құрылымдық тұрпатымен және ішкі семантикалық белгілерімен анықталатынын көрсетеді.
Критерий ретінде олардың үш түрлі ерекшелігіне тоқтайды: Бірінші туынды атаулардың лексикаграмматикалық ерекшелігі; екінші туынды атау мен тудырушы негіздердің мағыналық қатынасындағы ерекшелігі; үшінші туынды атаудың жасалуындағы сөзжасамдық құралдар мен тәсілдердің ерекшелігі. Күрделі атаулардың семантикасынабайланыстыолардыңкөпма ғыналы, синонимдік, омонимдіксипатынашыпкөрсеткен. Сөзжасамды зерттеушілер күрделі атаулардың жасалуында метафоралардың қызметіне жете мән бермегенін ескертіп, оларды қызметіне қарай: атауыштық метафоралар (егеуқұйрық, бізтұмсық), танымдық метафоралар (ғаламшар, тұсаукесер), экспрессивті-бағалаушы метафоралар (жексұрын, оқжылан), т.б. деп саралап зерттеген.Қазақ тіл білімінде сөзжасамға қатысты бұрынғы теориялық тұжырымдар негізінен дара атауларға байланысты болып келгені, бұл тұжырымдар күрделі атаулар мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейтіні белгілі. Б. Қасым еңбектерінде күрделі атаулардың теориялық негіздері екі негізгі мәселенің: уәждеме және аталым маңында дамытылып, күрделі атаулардың дербес лексема мәртебесіне ие болуының заңдылықтарыашылған. Жоғарыдаайтылғандай, тұжырымдамаларды қазақ сөзжасамының әлі де қалыптасу үстіндегі композиттану теориясын дамытып, жетілдіруге қосылған маңызы зор үлес деп бағалауға болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында туылған. Шыққан руы қоңырат .Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған.
1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;
1967 -- 68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор;
1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор;
1971 -- 76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі;
1976 -- 80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі;
1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы;
1988 -- 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.
Шығармашылығы:
Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды.Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын-ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985).
Марапаттары:
* ҚЖО Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық лауреаты
* ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты
* Халықаралық ПЕН клуб сыйлығы лауреаты
* Платиналы "Тарлан" сыйлығы лауреаты
Әдебиет тарихы көшінің бел ортасында жүріп, әлі күнге кемелді қазіргі біздің әдебиеттегі ерекше көзге түсер бір талант - Д.Исабеков - оқымай мақтай салсаң, обал болатын, оқып мақтасаң-қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, драматург Д.Исабеков 1956 жылы Бадам стансасындағы он жылдық мектепті бітіргеннен Д.Исабековтың шығармашылық лабораториясы Дулат Исабековтың шығармашылық өмір жолы ерте басталады. 1963 жылы арада үш жыл өткенде, 1966 жылы, небары жиырма екі жасында,университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезінде оның "Бекет"-деп аталатын повестері мен әңгімелер жинақ болып басылып шықты.Кейін Ащы бал (1969),Мазасыз күндер (1970),Қара шаңырақ (1973), Тіршілік (1975) повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрді.Бірқатар шығармалары орыс тілінеде аударылған-Полынь,Отчий дом,Сметение,Новоселье в старом доме-деген атаулармен басылған болатын.Тіпті жекелеген туындылары-венгер,неміс,поляк,чех тілдеріндеде жарияланған болатын.Сондай-ақ,оларды театр сахнасындада табысты қойылып,көрермен жүрегіне жол тапқан-Редактордың қабылдау күндері,Әпке,Ертеңгі күту,Мұрагерлер,Алыстан келген ананас,Кішкентай ауыл т.б. пьессалары да өнер сүйер қауымға жақсы таныс.Гауһар тас (реж.Ш.Бейсенбаев,1975), Дермене (реж. Ә.Әшімов,1986), Тіршілік(реж.Ұ.Қолдауыва,1996) повестері бойынша көркем фильмдер түсірілді.
Кезінде Софокл:
Монго есть чудес на свете,
Человек - их всех чудесней, - деген екен.
Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек өзімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Дулат Исабеков шығармашылық жолы туралы еңбек жазу мойнымызға үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.Белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек: "Дулат Исабеков творчествосы жайында жазу оңай мінбет емес.Қиын.Қиын болатыны ол өз буынында өзіндік ізденісті бастан кешіп,өзгеге ұқсамас творчествалық тағдырға талпынып жүрген жазушы. ".
Әдебиетте тапқан жиһазыноңашалау ұстап келе жатқаныда мәлім. 60-жылдардың ортасына таман (дәлірек айтсақ 1963 жылы) сол кездегі Лениншіл газетітін екі-үш нөмерінде Д.Исабеков қаламынан осы Шойынқұлақ әңгімесінен кейін талай-талай әңгіме жарияланып, ә дегенде-ақ әдебиет құмар қалың оқырманды ғана емес,белгілі сөз зергерлері-қаламгерлер қауымын елең еткізген әңгіме авторымен танысу әркімге мұрат болу айналған.Қилы пікір,талай қисын тудырған әңгіменің авторы...Автордың әңгіме деп аталатын шағын жанрда жазылған шығармалардың тырнақалдысы кейінгі шығармаларында жазушы оқушысын ойға қалдырып, түйінді шешуді, қорытындылауды көрсеткен.Ал жергілікті ақын Абай Балажан өзінің мақаласын:
Әсілі, әдебиетте белгілі бір суреткердің шығармасына пікір айтқаннан гөрі расында да, бүгінгі көркем көкжиегің ертеңгі өлшем болуға жарамайды. Немесе кешегі репрессия, қуғын-сүргін жылдары туралы кешегі күндері ғана расында да ,әдебиеттің дәуірден-дәуірге көшетінін бес саусағындай біле тұрып, енді өзіміз таңдап алған негізгі тақырыпқа - жазушы Д.Исабеков кез-келген қаламгердің шығармасын талдау дегеніміз - оның шығармаларының тарихын Тақырып - творчестволық актының басы. Жазылмақ шығарманың кіндік мәселесі.Сонымен, тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Өнер өмірден сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, жазушының шындық осы тұрғыдан алып қарасақ, жазушы Д.Исабеков шығармаларының тақырыптары қандай?Сонымен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz