Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштықтар: құжаттар, статитистика, ақпарат деректері бойынша контент-талдау

Орындаған: Сарсенбай Зейнеп
Тексерген: Камза Айнура Талгатовна

Алматы
2021 жыл

Жоспары:
Кіріспе.
1. 1921-1922 жылдардағы Батыс Қазақстандағы аштықтың көрінісі.
2. Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру - аштық себептерінің бірі
3. Ашаршылық жылдары жазылған хаттар мен құжаттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жалпы ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстандағы ашаршылық адам айтқысыз сипатта өткені анық екені баршамызға мәлім. Соғыс өз алдына, ал бейбіт уақытта адамдардың осылай қырылуы адамзат тарихында ешқашан болған емес.
Облыстық мұрағат құжаттарына қарап отырсақ, ашаршылық жылдардың ақиқаттарына көзіміз жете түседі. Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршылық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі деңгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанының да салдары.
Елдегі жаппай ашаршылық осы партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады. Ашаршылықтың салдары адамдарды ауруға, індетке ұрындырды, қырғынға ұшыратты. Демек, ашаршылық жеке адамның, жеке отбасының қорексіз қалуы ғана емес, ол бір аймақтың, бүтіндей бір халықтың, мемлекеттің нәубетке түсуі болды.
Енді осы нәубет жылдар қалай келді? Мұрағат құжаттарына үңілелік. Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі -- елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап азық-түлікті тәркілеу саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізіле бастаған азық-түлік саясатына сайма-сай дәл келген еді. Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1919-1922 жылдардағы аштықтың негізінен алғанда Ақтөбе облысын қалай шарпығанын мұрағат қорында сақталған құжаттарға сүйеніп әңгімелер болсақ, облыстық губерниялық атқару комитетінің төрағалары Ряхов, Назаров, Сердюковтардың ашаршылыққа қатысты Ленинге жазған хаттарында мынадай мәліметтер бар. Олар егіншілікті губерния қолға енді алып жатқанын, ал мал шаруашылығы мықты қиындықтарға кезігіп отырғанын көрсетеді. Малдардың ауруға ұшырап қырылып жатқанын, мал дәрігерлердің жоқтығын басты мәселе етіп хабарлайды.

1.1921-1922 жылдардағы Батыс Қазақстандағы аштықтың көрінісі.

Губкомиссияның орталыққа жіберген тағы бір баяндамасында: Ақтөбе губерниясы 2 жыл қатарынан астық пен жалпы шөптің шықпауынан зардап шегіп келеді. 1920 жылдары Темір, Ойыл аудандарында, жалпы Ақтөбе губерниясының оңтүстік аудандарында астық пен шөп жәндіктердің зиянынан түгелдей жойылды. Сондықтан мал жаппай шығынға ұшырап, жергілікті халық мемлекет тарапынан нан өнімдерінен көмек алды. 1921 жылы егін егілді, бірақ ол да нәтиже бермеді. Сол жылдың шілде айында елде нан өнімдері қалмағандықтан, болашақта қуаңшылықтың салдарынан ашаршылықтың болатынын білген жергілікті тұрғындардың кейбірі көшуге мәжбүр болды. Қазақтар (құжатта қырғыздар деп көрсетілген) Өзбекстанға (сол кездегі Хорезм республикасына), Түркістанға, орыстар Украинаға, Ресейдегі өздерінің келген жақтарына қоныс аударды. Губерниядан 23 пайыз халық көшіп кетті. Оның ішінде тек Қарабұтақ ауданында 75 пайыз тұрғын басқа жаққа қоныс аударды.
1921 жылы Ақтөбе губерниясында ашаршылыққа душар болған, көмекке зәру адамдардың нақты санын білу қиын. Дегенмен біздің қолымызда губкомиссияның ішінара мәліметтері бар. Ол бойынша Ақтөбе губерниясында 15-27 қазан аралығында 116 679 адам көмекке зәру болған. Олардың ішінде 26 661 ересек адам, 89 991 бала ашыққан. Оның 22 077-сі қазақ ұлтынан, 94 602-і орыс ұлтынан деп көрсетілген.
Осындай жағдайға байланысты арнайы губкомиссия құрылып, ашаршылықта көмекке зәру жандарды есепке алып, оларға көмек қорын жасау барысында жоспар құрылды. Сонымен қатар аудандардағы аш адамдарға қажетті азық жеткізу жолдары қарастырылды. Губкомиссияның араласуымен 1921 жылдың қазан айында 300 баламен 120 мүгедек адам астықты губернияға көшірілді. Сонымен қатар күніне 400 адам тамақтанатын балалар асханасы ашылды. Ақтөбе қаласында 500 орындық тамақтану орындары 1200 адамға кеңейтілді.
Шалқар мен Ырғыз аудандарына 1 вагон картоп жіберілді. Ырғызда екінші 500 адамдық тамақтану орны ашылды. Сонымен қатар ауданда балық аулауға адамдарды бейімдеу мәселесі насихатталды. Темір ауданында да 700 адамдық тамақтану асханасы ашылды. Ауданмен байланыстың нашарлығынан нақты қанша адамның азықсыз қалғанын тап басып айту қиын болды. Ал Шалқар ауданында аштыққа деген шағымнан басқа ешқандай мәлімет алудың мүмкін болмағандығы құжаттарда ашық жазылған. Ойыл ауданында 400 адамдық асхана ашылып, онда да аш адамдар қатары 24754 адамға жеткендігі көрсетілген. Аштыққа киліккен адамдарға балық аулауға бейімделу қажеттігі барынша түсіндірілген. Алайда мал баққан елге бұл насихат қона қоймады. Сонымен бірге, бірен-саран ауқатты адамдардың көмек қолын созғанын да көреміз. Мәселен, Қарабұтақ ауданында қолда малы бар азамат 1 сиырды аштыққа ұшыраған халыққа сойып беріп, ел басына түскен қиыншылықты бірігіп жеңуге тырысады.
Аштықпен күресетін комитеттер құрылады. Орталық төтенше жағдай комитетінен 315 миллион рубль қаржы бөлініп, аш адамдарға көмек көрсетіледі. Аталған қаржы Ақтөбе қаласына, Темір, Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Қарабұтақ, Ақбұлақ аудандарына бөлініп беріледі. Сонымен қатар осы бөлінген қаржыдан Ақтөбе қаласында 100 адам түнейтін үй салынды. Мәскеуден 2 вагонбидай және Ташкенттен 1 вагон ұн, 1 вагон жеміс-жидек, 2 цистерна мұнай жеткізіліп, губерния тұрғындарына таратылады.
1921 жылы 46 тамақтану асханасы ашылып, губерния бойынша 15043 адам осы асханалардан тамақтанған. Сонымен қатар Түркістанға 12785 ересек, 4209 бала1102 мүгедек жандар көшіріледі. Мұндай адамдардың барлық саны 18096 дамға жетеді.

2.Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру - аштық себептерінің бірі.
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мөжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құкын беретін қаулы шығартты.
Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Түркістан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10 -- 16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пүт астық салығын салып, бұл астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға мәжбүр болды. Өкінішке орай мұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Сөйтіп, жергілікті жерлерде егіншілікпен айналыспағандарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті ешкімнің ешкімді аямауы, әрқайсысы өз басын қорғау үшін жауапкершіліктен бас тарта отырып, басқаларды құрбандыққа шалу үйреншікті қалыпқа айналды.
Сталиндік-сібірлік тәсілді негізге алған Голощекин астық пен ет дайындау науқаны барысындағы қателіктерін кулактар мен байларға қарсы күрес желеуімен бүркемеледі. Азық-түлік дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, өз өмірлеріне де қауіп туғызды. Партия басшыларының қатыгез саясаты жергілікті жерлерде үрей отын шашты. Өйткені партияның арнайы және жергілікті өкілдері 107-баппен соттау, түрмеге камау әрекеттерін кең жүргізді. Ал 1932 -- 1933 жылдары азық-түлік даярлау барысындағы жазалау шараларын қатаңдатқан, негізінен, ату жазасын белгілеген бірнеше құжат жарық көрді.
1932 жылғы 7 тамызда қабылданған Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымдар мен кооперацияның мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы заңы жазалаушылық әрекеттерді одан әрі өршіте түсті. Ол заң бойынша ату, немесе жазасын жеңілдетіп, мүмкін жағдайда мүлкін төркілеп 10 жылға түрмеге отырғызу жазасы белгіленген еді. Осылайша қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Торғай облысында, мәселен 1931 жылғы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды.
Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60 -- 80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу -- Қазақстанның ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару көзделді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтерде де оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды.
Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Әсіресе Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамында Құрамысов, Альшанский және Асылбеков бар комиссия ерекше белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, жері құнарсыз тоғыз аудан белгіленді. Олар темір жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаган аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 мың бай-кулак қожалықтары жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Жеке мұрағат қорларының қалыптасуы және дамуы
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
Пәндер