Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
  1. Мектеп және отбасы әркеттестігінің нәтижесі.

Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін» деген сөзін басты назарда ұстап, ата-анамен үнемі байланыс жасап отыру қажет.

Отбасында баланың күн тәртібі негізделеді. Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т. б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Бұл мақсатты орындауда мектеп пен отбасының тығыз қатынасы өте маңызды.

  1. Ата-ананың педагогикалық мәдениеті.

Педагогикалық мәдениет - ол адамның жалпы мәдениетінің бір компоненті, ғасырлар бойы бала тәрбиесі жайлы жинақталған білім мен тәжірибе. Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне тікелей байланысты.

Педагогикалық мәдениет құрылымына жатады: бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, баланың дамуы, тәрбиесі, білім беру туралы білімдері, балалардың отбасындағы өмірін ұйымдастыру жайлы іскерліктері, білім беру мекемелерімен тұрақты байланыс жасап отыру.

Ата-аналардың жоғары педагогикалық мәдениеті деңгейі келесідей сипатталады:

1) Ата-аналар тәрбиесінің басты мақсаты - дамыған, әлеуметті белсенді тұлғаны қалыптастыру қажеттілігін түсінеді. Ата- аналар бағыттарды таңдайды және баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес отбасыдағы тәрбие жұмысының мазмұнын құрайды. Баланың жеке дамуы кезіңде қалыптасатын негізгі қасиеттер туралы нақты біледі.

2) Ата- аналар балармен өзара әрекеттесе әр түрлі әдістемелерді пайдаланады және оның жағымды қасиеттеріне сүйенеді. Ата- аналар ынталандыру мен жазалау әдістерін теңгерімді түрде пайдалана біледі, Баламен қарым- қатынас стилі демократиялық сипатта болады.

3) Ата- аналар педагогикалық өз білімін көтерумен белсенді айналысады, балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ғылыми- педагогикалық әдебиетті оқиды және пайдаланады, қиындық туған кездері білікті мамандарға - сынып жетекшілермен, мектеп психологтарынан және әлеуметтік ұстаздардан көмек сұрайды.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың ұлағатты сөзіне құлақ түрсек, жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы ең біріншіден ата-анаға байланысты болады. Сондықтан, бала тәрбиесі жайында сөз еткенде, бар жауапкершілік алдымен ата-анаға жүктелетіні шындық. Әр бала дүниеге келген сәтінен бастап, ес біліп, ер жеткенге дейін ата-анасынан үлгі алады.

  1. Отбасының педагогикалық мәдениетін көтеруде мектептің рөлі.

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Қазір ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ата-аналардың тәрбие үрдісінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру - мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Мектептің отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады.

Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, олардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің ұжымдық жұмыстарына атсалысады.

  1. Ата-анамен психологиялық-педогогикалық жұмыс бағыты.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады.

2-кезең : Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыр;
  • қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
  • сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
  • психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.

3-кезең : Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.

Келешек ұрпақты тәрбиелеуді олардың еңбекке дайындығын, рухани шынығуын, денсаулығының дұрыс қалыптасуын, адамгершілік жауапкершілігін шешуді ата-анамен мектеп ынтымақтаса отырып ұйымдастырса нәтижелі жұмыс болмақ.

5. Мектеп және отбасы жұмыстарының мазмұны

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

2-кезең : Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;

сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;

психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.

Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады?

Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?

Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?

Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?.

Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әртүрлі сауалнамаларды алып қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.
Әр жиналыс сайын кері байланыс парағы таратылып отырады. Бұл жұмыстан мен өзім жоспарлап өткізген жиналыстың бағасын білем және ұсыныстарды ескеріп келесі жиналыста талдап түсіндіруге тырысамын.

6. Ата-ананың әрекеттестік ұстанымдары

Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:

- баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани - адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;

- оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;

- оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;

- әлеуметтенуіне көмектесу - қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;

- еңбек тәрбиесі;

- мамандық таңдауға көмектесу,

- бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;

- айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;

- жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;

- жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді жұмысқа дайындығына бағыттау;

- өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.

7. Мектеп пен отбасының атқаратын жұмыстарының шарттары

Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті -сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т. б. ) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.

Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы) , сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді ( көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға) .

Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.

Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:

Топтың жиналыс әңгімесі, алғыс сөз.

Жанұямен жеке дара жұмыс.

Оқушының мінездемесі.

Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру.

Педагогикалық талап.

Қиын жанұялармен жұмыс.

Педагогикалық консультация, жеке әңгіме.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:

Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.

Үшінші топ міндеттері - адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.

Төртінші топ міндеттері - жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.

8. Педагогика қағидасына қоғам және отбасы тәрбиесінің ынтымақтастығы

Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру - сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасы нда қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.

Отбасы тәрбиесі.
Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы - оны жақсы тәрбиелеу.
Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.
Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.
Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата - аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата - аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата - аналар балаларымен ынтымақты қарым - қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.
1. Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата - анасы үлгі болуға тиіс
«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі - саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.

9. Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі.

Баланы жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде - отбасы басты рөл атқарады, Халықтық педагогика - отбасындағы тәрбиенің негізі. Адамның жеке басының мінез-құлқын калыптастыруда, оның бойына жоғары адамгершілік касиеттерді сіңіруде отбасы мүшелерінін атқаратын кызметі ерекше. Ұлы педагог А. С. Макаренко: «Адам мінезін қалыптастырып тәрбиелеуде отбасы қоғамдық рөл атқарады», - деген болатын.

Халық өздерінің мақал-мәтелдерінде де «Ұяда нені көрсең - ұшканда соны ілесің» деп, адам келешегі отбасындағы тәрбиеге байланысты деген философиялық ұғымды білдірген.

Отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады», - деп өте орынды атап өткен. Ана балаға өмір сыйлауымен ғана жакын емес, ол өзінің өмір тәжірибесімен, бар білгенін туған күннен бастап баланың бойына сіңіруге жүмсауымен, аналық мейірімімен, сүйіспеншілігімен, камкорлығымен жақын. Бала да ес біле бастағаннан-ақ айналасындағы құбылысқа, басқа адамдарға деген қуаныш немесе корқыныш сезімдерін алдымен анасына білдіреді. Анасынан қорғаныш, қолдау табуға ұмтылады. Баланың алғаш тілінің шығуы «апа» деген сөзден басталады. Ана -баланың ең жақын корғаушысы, ақылшысы, қамқоршысы. Балаға дүниеде туған анасынан жақын, қымбат адам жоқ. Себебі, ана баласын жаңбырдан қанатымен қорғаған қызғыш сиякты өмір бойы корғаушы, ақылшы, қамқоршы болуға тырысып бағады. Ана баласы үшін басын ажалға тігуге де дайын. Ол баласының табанына кірген шөгір маңдайыма кірсе екен дейді. Баласы қиыншылыққа кездескенде алдымен жаны қиналатын, шамасы келсе қол ұшын беріп, көмекке келетін анасы. Тіпті ашаршылық заманда қолындағы соңғы бір үзім нанын баласына беріп, өзі аштықтан жан тапсырған немесе ел шетіне жау қаптап келіп баласын қинағанда, ол үшін өз денесін оққа төсеген аналарды тарихтан көптеп кездестіруге болады.

10. отбасындағы психологиялық қал-ахуал

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Бала тәрбиесі және отбасы
Отбасы тәрбиесіндегі ата ана үлгі өнегесі
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz