Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар



1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.
2. Архивтік файл.
3. ARJ архиваторы программасын қолдану.
4. Архивке файлдар енгізу.
5. Файлдарды архивке енгізу.
6. Файлдарды архивтен шығару.
7. Архив мазмұнын қарау.
8. Архивтердің дұрыстығын тексеру.

Мазмұны:
1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.
2. Архивтік файл.
3. ARJ архиваторы программасын қолдану.
4. Архивке файлдар енгізу.
5. Файлдарды архивке енгізу.
6. Файлдарды архивтен шығару.
7. Архив мазмұнын қарау.
8. Архивтердің дұрыстығын тексеру.

1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.
Бұл МД-нің физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды өшіріп алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен информацияның бұзылуынан, файл эталондарын сақтауды талап етуден және т.б. болуы мүмкін.Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанмен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеттігі жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мәлімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз - өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі - төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қосуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (COPY КОМАНДАСЫ АРҚЫЛЫ) 60-қа дейін дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады.Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архмвтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді.Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналасқандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.Архивтеу программалары тегін (SHAPEWEARE) немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен таратылады.Олардың ішінде
кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZІPжәне PKUNZIP тәрізді программалар жатады.Бұлардан басқа да архиваторлар бар.

2.Архивтік файл
Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
-файлдың аты;
-файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
-файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

3.ARJ архиваторы программасын қолдану
Бұл программаның бірнеше нұсқасы бар. ARJ программасын қолдану командасының форматы мынадай:
ARJ {-{-...}} {{файылдың аты...}}
ARJ программасының режимдері: ARJ программасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны тандау программаны шақыру кезіндегі командалық қатарда белгілі бір латын әрпін көрсету арқылы орындалады.
ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындауы тиіс жұмыс түрін анықтайды.Мысалы:А(add)-архивке файл енгізу, Т(test)-архивті тест арқылы тексеру, Е(extract)-файылды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D(delete)-архивтегі файылды жою және т.с.с.
Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі,ол команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді.Режим белгісі алдында - немесе таңбалары болуы мүмкін.

4.Архивке файылдарды енгізу
Архивке файылдар енгізу үшін мынадай команда форматы пайдаланылады:
ARJ {каталог } {файыл аттары}...
Команда параметрлері:
Команда-ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты,мысалы,А-архивке файл енгізу,М-архивке файлдарды жылжыту және т.с.с.
Режимдер-*-*неиесе **таңбаларынан басталатын режим атаулары,олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды.
Архив-аты-өңделуге тиіс архивтік файлдың аты,бір сөзден тұрады.
Каталог-архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты.Каталог атын нақты түрде көрсете отырып, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады.
Файл-аттары-архивке енгізілетін файл аттары .Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (?және*) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе,онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.

5. Файлдарды архивке енгізу.
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жылжытып жібереді,яғни дискіден ол файл өшіріліп тасталады. Файлды архивке осылай жөнелту үшін ARJ программасының келесі D режимі (A, U F командаларымен бірге көрсетіледі) немесе M командасы жеке режимсіз қолданылады.Айта кететін жайт,- D A командасының режимі болып табылады, ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлдарды тек архив ішінде ғана сақтайды.

6.Файлдарды архивтен шығару
ARJ программасы архивтен файлдарды өзі шығарып ала алады. ARJ Е [][]...
Команда параметрлері алдыңғы көрсетілген сияқты, мұнда тек команда Е әрпінен тұрады, мысалы:
ARJ Е STUDENT - student.arj архивінен барлық файлдарды шығарып бұрынғы қалпына келтіру.

7. Архив мазмұнын қарау
Архив мазмұнын қарау функциясы арқылы архивте қандай файлдар орналасқанын білуге болады.Бұған қажет команда форматы:
ARJ L ...

8. Архивтің дұрыстығын тексеру
Архивтің бүлінбей дұрыс сақталғанын бақылау кодын есептемей-ақ мынадай тест командасы арқылы білуге болады:
ARJ T []...
Бұл форматта соңғы параматрі жазылмаса, архивке кіретін барлық файлдар тексеріледі. ARJ T * - ағымдағы каталогтың ішіндегі архивтік файлдардың барлығындағы файлдарды тексеріп шығу.
Жинақтауыш уатты дейінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға диеніде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдын бәрін жайғаннан кейін де дискідегі орын болса, мұндай жағдайда дискіденгі орынды файлдан көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде саутауға орналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдын не файлдер топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Архиваторлардың маңызы
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметті - файлда қайталанып тұратын фрагменттердің орнына ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қолынға келтіретін мүмкіндікті пайдалану. Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға еңгіділген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бақылау коды болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі бөлім
Win RAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нусқасы бар. Мысалы: DOS, OS2, UNIX, BEOS. Windows-да арналған RAR-дын екі нұсқасы бар:
# Win RAR.exe - графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;
# Rar.exe - мәтіндік режимдеу арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.
Win RAR-ды екі түрде қолданылуымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршаушы режимінде және командалар қатарында.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Файлдарды архивке енгізу
Ең алдымен, Win RAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін Win RAR белгішесін алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Қажетті файлдары бар бұлсаға кірген сон, архивтейтің файлдар мен бұлсаларда ерекшелер белгілейміз. Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелер алып, қосу батырмалын шертеміз. Пайда болған сухбат терезесіне архивтің атын енгіземіз. Осы жерден жаңа архивтің (RAR немесе ZIP) форматын, жасалу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет. Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Win RAR терезесін жүйесін науада үшін, фондық батырмасын басамыз. Архивтеу алуталған сон, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады. Win RAR терезесінде архивті белгілеп және онын атында Enter пернесін болсақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорытынды
Файлдарды архивтен шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде корсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:
# Windows -тың ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Enter-ді басу;
# Win RAR терезесіне архивті тасымалдау. Бұны жаумас бұрын Win RAR терезесінде архивтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтеу программалары
Unіx операциялық жүйесі туралы
Ақпарат. ақпараттың берілу түрлері. ақпараттың көлемі
Мс және амс мәліметтері бойынша, ауа температурасына салыстыру
Ақпарат және информатика туралы
Операциялық жүйелер жайлы
Желілер топологиясы
Почталық файлдық сервер
Сервистік бағдарламалар
Файлдарды архивтеу. архиватор бағдарламалар
Пәндер