Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Курстық жұмыс
Пәні: Қазіргі қазақ тілі ( к.ж )
Тақырыбы: Құдайберген Жұбановтың зерттеулеріндегі тіл мәселелері

Орындаған: КОК-201 тобының студенті Бердімұрат Жәнібек
Жетекші: Филология ғылымдарының докторы
Молгаждаров Касиет Какенович

Көкшетау қаласы
2021-2022 оқу жылы

1
Мазмұны
Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Құдайберген Қуанұлы Жұбанов ұстаз, ғалым, ағартушы... ... ... ... ... ...
1.1 Құдайберген Жұбановтың ( Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар 2-бөлім) атты ғылыми еңбегі бойынша тіл мәселесі - фонетика, морфология, салаларын топшылаудағы ерекшеліктер... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Құдайберген Жұбанов - синтаксис зерттеушісі
1.3 Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі , қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . атты еңбегі бойынша - буын, сингармонизм тақырыбындағы зерттеулеріне сипаттама. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Құдайберген Жұбановтың тіл мәселесіндегі әдістемелік негіздер
2.1 Құдайберген Жұбановтың Тіл білімі , Буын жігін қалай табуға болады? қазақ жазуы-орфография еңбегінің маңызы-мазмұны. Ондағы біріккен-кіріккен сөздердің қолданылуы... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2
Қорытынды... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қосымша (ғылыми деректер)... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

2

Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбы: Құдайберген Қуанұлы Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мәселесі
Кез-келген заңдылық яки белгілі бір процесс уақыт өте келе қоғамның материалдық сондай-ақ рухани байлығымен бірге ғылым да, өнер де жетіліп бір ұрпақтың еңбек процесіндегі тәжірибе екінші ұрпаққа мирас ретінде ауысып отыруы баршамызға тусінікті әрі заңды құбылыс. Айтқым келгені жас ұрпақ яғни біздер, аға буын өкілдері жинақтаған зерттеулер мен тәжірибиелерді өз бойымызға сіңіре отырып, өзіндік білімімізді кеңейте түспекпіз.
Сондай бір аға буын өкілі, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі - Құдайберген Қуанұлы Жұбанов. Оның тіл білімі саласындағы әмбебап ғалым екеніне фонетика, морфология, синтаксис, сөзжасам, орфография, терминология, этимология жайындағы ой-пікірлері дәлел. Олай болса , менің бұл жұмысым Құдайберген Жұбановтың зерттеулеріндегі тіл мәселесі , мәртебесі, оның зерттеліп-жинақталуы, әдістемелік негізі, көрнекілік принциптері, қолданылуы жайында болмақ.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жалпы білім алу, білім беру сондай-ақ оқудың ғылыми негіздерін және ақыл-ой, білім-ғылым тәрбиесін игерудегі әдістемелік заңдылықтарды анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағартушы, педагог, ғалым Құдайберген Жұбановтың зерттеулеріне талдау жасай отырып , ондағы тіл мәселелерін зерделеп, мәні мен маңызын ашып көрсету. Тілдік қолданыс аясын айқындап ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
* Профессор Қ.Жұбанов- қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық дидактик екенін дәлелдеу;
* Құдайберген Жұбановты ғалым , педагог ретінде тану;
* Құдайберген Жұбанов және оның 10 принципі негізінде құрастырылған терминологиялық еңбегін қарастырып, сипаттама жасау;
* Тіл тарихы мен дидактика мәселелері еңбегінің мән-мазмұнын ашу;

3
Зерттеу әдістері:
* Баяндау әдісі
* Салыстыру әдісі
* Пәнаралық байланыс
* Көрнекілік әдісі
* Суреттеу әдісі
* Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен , қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу нысаны: Қ.Жұбановтың еңбектері

4

1.Құдайберген Жұбанов - педагог, ғалым, ағартушы
Қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаған түрколог, шығыс пен батыс тілдерін бірдей меңгерген полиглот-лингвист, ағартушы, қоғам қайраткері-Құдайберген Қуанұлы Жұбанов. Өзінің азғана ғұмырында келер ұрпаққа мол мұра қалдырған , өзіндік қолтаңбасы қайталанбас тұлға. Өкінішке орай тағдыр тәлкегіне түсіп, мезгілсіз опат болды. Ғалымның 1937-1938 жылдары жазылған еңбектері баспа бетіне даярлап беріліп, баспа кезінде қолды болады, үйіндегі қолжазбалары тәркіленіп жұртшылық назарынан тысқары қалады. Сол еңбектердің біздің қолымызға жеткені оннан бір бөлігі ғана деп айтуға болды. Қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны , Мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және профессоры, ағарту халық комиссариатының коллегия мүшесі, мемлекеттік терминология төрағасы - СССР ғылым академиясының Тіл және ойлау институттарында аспирант блып жүрген кезінде Н.Я.Марр, С.Е.Малов, И.И.Мещанинов, В.А.Богородицкий, Е.Д. Поливанов сияқты даңқты түркологтерден тәлім алып, кейіннен дидактика мәселелерімен шұғылданып лингвистика атап айтқанда фонетика, морфология, синтаксис салаларын елеулі еңбектерімен еселей түсті. Сөзіме дәлел ретінде, Қазақстанның отызыншы жылдарында жазылған терминология мен алфавит орфография, мектеп, жоғарғы оқу орны бағдарламалары мен оқулықтарын айтуға болады. 1936 жылы қазақ тілін мектеп бағдарламасының нұсқасында жасап оны кітапша етіп жазып жариялады. Артынша, орта мектептің 5-сыныбына арналған Қазақ тілінің грамматикасы, морфология атты еңбегі жарық көреді. Айта кету керек бұл жұмыстың басты ерекшелігі оқу жылының әр кезеңіне сондай-ақ балалардың жас ерекшелігіне ыңғайластырып барлық дидактикалық талаптарға сай жазылды. Аталмыш еңбекте оқушыларға ғылыми-тіл пәні атауларын толық, жан-жақты білдіру, грамматикалық ережелерді бір-біріне сабақтастыра оқудың мазмұны, оқудың принциптері, ұйымдастыру түрлері, әдіс-тәсілдері берілді. Құдайберген Жұбанов баланың ақиқатты жеңіл түрде айқын ұғынуы үшін өмірмен байланыстыру тәсілін қолданады, сөйтіп оның беріліп отырған оқу материялын тереңірек түсініуіне көлемді ойлауына жол ашады. Ал ұстаздық жолы - оқыту саласындағы теориялық жағынан терең, практикалық жағынан құнды тағылымдарға толы. Оқыту теориясымен мықты қаруланған, ішкі сырларын терең де, жан-жақты меңгерген тұлға.
5
Ағартушылық бағыттағы Құдайберген Жұбановтың тарихи-әлеуметтік мәні терең көлемді еңбегі, мектеп оқушыларының орта буын дәлірек айтқанда V-VII сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасын жасап, оқулықтар жазуында. Бұл оқулықтар мен бағдарламалардың жоғары бағаланатын себебі бұл тұңғыш бастама, сондай-ақ өзге ғалымдарға негіз, материал болуымен ерекшеленеді. Алайда бұл еңбектер тілдің мектеп саласына арналған бағдарлама дегенмен - бір жағынан әдеби тіл нормасына да қатысты мұра болып табылады. Аталмыш еңбекте фонетика, синтаксис салалары тұңғыш рет ғылыми негізде зерттеліп , ұсынылады. Әрине қазіргі таңда мектептерде қолданылып жүрген бағдарламалар басқа және авторлары да өзге ғалымдар екендігі мәлім. Десекте негізгі құрылым, материалдарды ұсыну тәртібі Құдайберген Жұбановтың ізімен дайындалғанын аңғаруға болады. Қ.Жұбанов Қазақ тіл білімі грамматикасы еңбегінің толық курсын жазып оны; V-сынып VI-VII сыныптарға деп екі бөлімнен топтастырады. Мұнда қазақ тілі салаларының ( фонетика, синтаксис, морфология ) әрқайсысына ғылыми негізде зерделеп, тертең талдау жасалады, алғашқы ғылыми түсініктерде беріледі. Әсіресе дыбыс оның түрлері, үндестік заңы , буын тақырыптарына кеңінен тоқталады. Ал бүгінгі таңда оқырман назарына ұсынылып, зерделеніп отырған Құдайберген Жұбановтың мұрасын мұрағаттардан, түрлі мекемелер мен архивтерден, адамдардан іздеп табуда балалары Ақырап пен Есет Жұбановтардың сондай-ақ інісі Ахмет Жұбановтың үлкен үлес қосқандарын айтып өтпеске болмайды. Кейіннен ғалым оқулықтарды өзі ғана жазып қоймай, басқалардың да мүмкіндігін шыңдап, оларға консультатция кеңес беріп, білімдерін жетілдіріп , семинар сабақтар ұйымдастырып көп еңбек етеді. Құдайберген Жұбановқа әріптестерінің, шәкірттерінің көз көрген замандастарының жаған естеліктерінен-ақ оның өз ортасында беделді, абыройлы, өте білімді ғылымның алуан саласынан хабары бар,бірнеше тілді жетік меңгерген, Баршамызға тарихтан белгілі тіл ғылымы дүниесінде 1934-1935 жылдары қалам тарта бастаған Сәрсен Аманжолов, Хасым Басымов сияқты тұлғаларға ұстаздық жасаған , өте қарапайым - кемел жан болғанын айқын көреміз.

6

1.1 Құдайберген Жұбановтың ( Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар 2-бөлім) атты ғылыми еңбегі бойынша тіл мәселесі - фонетика, морфология салаларын топшылаудағы ерешеліктер.
Енді, Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі тіл мәселелеріне тоқталайық. Ғалымнымның бұл тақырып төңірегінде зерттеу жасаған салалары мынадай:
Фонетика

морфология

синтаксис
Қазақ тілі грамматикасы
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары

Оқулық , әдістеме
Бағдарлама, терминология

Қазақ жазуы, орфографиясы

Құдайберген Жұбанов жоғарыда аталған ғылым салаларына әдістеме жасауда Грек-латын мәдениетінен бастап, европа, орыс жерлеріне сондай-ақ араб парсы, түркі тілдес елдердің ғылыми еңбектеріне шолу жасап, алғаш рет салыстыра - сипаттама береді. Ғалым тек лингвистика саласымен шектеліп қана қоймай педагогика, психалогия физиология ғылымдарымен байланыстыра отырып қазақ тілі граммаьикасын жазу үшін жаңа жол іздейді. Осы ретте ғалымның ұстанған негізгі бағыты- қазақ тілі грамматикасының үлгісі мен жүйесін сол тілдің өзіндік ерекшелігінен аңғарту, іздеу болған. Нәтижесінде ғалым педагогика мен дидактиканың прнциптері мен әдіс тәсілдерін іріктей келіп, нақтылы дидактикалық принциптерді белгілейді.
7

Құдайберген Жұбановтың тіл мәселелері соның ішінде қазақ тілі саласында тұңғыш қарастырған , зерттеу жасаған көлемді тақырыптарының бірі - фонетика. Дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауысты-дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциясы мен акустикасы, дыбыстау апараты немесе дыбыстау мүшелері, буын, сингормонизм, екпін сяқты тақырыптар түгел сөз болады. Әуелі Қ.Жұбанов: Фонетика-дыбыс тілі. Дыбыстардың тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым -деп, анықтама береді. [8,192] (қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар) Қарапайым тілмен айтқанда, фонетика түрлі-түсті , ұшы-қиыры жоқ кез келген физикалық дыбыстар туралы ғылым емес, лингвистикалық яғни фонографиялық қызмет атқаратын тіл дыбыстары туралы ғылым. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін көтеріп, оны жан-жақты фонологиялық тұрғыдан карастырған да , түгел қамтып алғаш рет ғылыми сипаттама жасаған ғалым. Қазақ халқының жазу сауаттылығының дамуына арабшаның тигізген кері салдарының нәтижесінде Қ.Жұбанов бұл мәселенің алдын алу мақсатында латын жазуын қабылдау және оны қазақ тіліне лайықтап жетілдіре түсіу; х, ф сынды таңбаларды еңгізу , ондағы емле ережелеріне талдау жасап, тиянақтауда нақты ұсыныстар жасаған. (Берікұлы Н. Жұбанов және дидактика мәселелері) Жәнеде ғалымның Материалы к научной грамматике казахского языка 1-том фонетика деген монографиясы жазылып бітіп 1937-1938 жылдары баспадан шығару барысында қолды болғандығын жоғарыды айтып өткен болатынымн. Емле жайындағы пікірлер, Бас әріп керек пе, Қосар ма, дара ма, Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы және тағы да басқа еңбектерден оың әліпби, орфография мәселелері туралы тек тіл маманы ретінде ғана емес ғалым-педагог ретіндегі зерделі зерттеулері мен ұлағатты ойларының куәсі боламыз. Тіл дыбыстарының табиғатын қалай танып келдік, қалай тануға тиіспіз деп аталатын 2-лекциясында лингвистикадағы индоевропалық әдіске өзінің қарсылығын ашық айта келіп, фонетиканы зерттеу саласында мыдай теріс ұғым тудырды дейді:

8

1. Тіл дыбыстарын өзгермейтін, мәңгі құбылыс ретінде түсіндірді;
2.Фонетикалық дыбыс жүйесін тілдің басқа жүйелерінен бөліп оңашалап тексерді;
3.Дыбыстың қоғамдық тілдік жағын есептемей жаратылыстық яғни физиологиялық жағын тексеруге ауып кетуі;
Зерттеуші қазақ тіліндегі дыбыстардың фонемалық яғни дыбыстық сипатын сараптай келіп, жалпы фонемалар саныны 26 деп тұжырымдайды. Сондай-ақ дауысты дыбыстарды жүйелеу барысында олардың дыбысталу ерекшеліктеріне қарай:
* Толық (осы күнгі ашық)
* Келте (қысаң)
* Қосынды
-деп, үшке; ал жасалу жолына қарай: Еріндік, езулік -деп, екіге бөліп көрсетеді. Сонымен қатар диалект-ғалым емле ережелері мен принциптерін белгілеуде тек экстралингвистикалық, әлеуметтік факторларға ғана сүйеніп қоймай нақтылы лингвистикалық дәлелдерді назарға алған. Дыбыстық қоршауға тәуелді кез-келген дыбыстық құбылысты жазуда таңбалай беру ультра-фонетик бағытқа бой ұру болар еді -деп, жазу теориясына қатысты мәселенің басын ашып береді. Мәселен: жұмұшшұ деп айтылуы бойынша жазбай жұмысшы деп жазу себебіміз фонологиялық жазудың ерекшелігі бойынша фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады. С-ның Ш-мен алмасуы фонетикалық ортаға байланысты, яғни С мен Ш іргелес келгендіктен С фонемасы Ш реңкі мен көшіп яки алмасып тұрғандығын аңғарамыз.Жалпы айтқанда бұндай іргелес өзгерістерді шартты түрде фонетикалық алмасу деп атауға болады. ( Н.Уалиев 20.201-208бет ) Автордың зерттеу әдістерінің басты ерекшелігі тіл құбылыстарын бір-бірімен органикалық бірлікте қарайтындығы яғни қарапайым тілмен айтқанда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық сематикалық құбылыстарды зерттеп-топтастыру процесінде бір-бірне деген байланыс болатындығын шебер көрсетеді бұл дегеніміз біреуінде болған өзгеріс екіншісіне ықпал етіп, тіркесті реакция жасауын айтамыз. Бұл процеске автор өз мақаласында былайша мысал келтіреді. Ерте заманда тілде р мен з дыбыстары фонема ретінде ажырамаған кезі болған.
9
Ал сол уақыттағы көр сөзі мен көз сол заңдас семір семіз сөздері бірдей мағнада қолданылып яғни заттық мағнада да, іс-қимылды білдіріп етістік сондай-ақ есім сөздер мағнасында да жұмсалған.Алайда уақыт өте келе етістікті есім сөздерден ажырату қажеттілігі туған кезде тіл бұған сөз тудырудың басқа да тәсілдерімен қатар, дыбыстарды алмастыру тәсілін пайдаланады: көз сөзін есімге, ал көр сөзін етістікке бекітеді. Яғни бұл жерде дыбыстық ерекшелік сөз жасауға қатысып лексикалық тұрғыдан қолдау тапқандығын байқаймыз. Нәтижесінде екі түбірдің бірігуінен - бір есім, бір етістік пайда болып морфология саласы кезекті теориямен толықтырыла түседі. Әрі қарай р з дыбыстары лексикалық, морфологиялық жаңа элемент жасай алатын қасиетке ие болып өздері фонемалық мән алып фонетикалық категорияға айналды,- дейді. ( Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар 2-бөлім) Сөз жоқ Құдайберген Жұбанов қазақ тілі дыбыстарының классификациясы, екпін, буын, сингорманизм бағыттарына ауқымды зетеу жасап, көптеген тың жаңалықтар ашты. Құдайберген Жұбанов қазақ тіл білімінің сан-саласына іргелі-іргелі зерттеулер жасап, маңызы терең ғылыми еңбектер жазған. Олай болса, кезекті көкейтесті мәселелердің бірі болған тіл білімінің ауқымды саласы - морфология. Бұл саланың негізгі категорияларына қатысты алғашқы деректерді ғалым мектеп грамматикасында береді. Морфология нақтырақ айтқанда көмекші етістіктер, күрделі сөздердің жасалуы, сөз құрылымы оның ішінде өлі түбір мен өлі қосымшалар сияқты мәселелер ғалымның қаламына ілігеді. Бүгінгі таңда қолданылып жүрген қазақ тіліндегі отыр, тұр, жатыр, жүр деген 4-қалып етістіктің басқа етістіктерден ажыратып жіктеп берген алғашқы зерттеуші осы Құдайбереген Жұбанов. Аталған ерекшеліктерге тоқталар болсам:
* Тек аталған төрт етістіктің ғана қазақ тілінде нақ осы шақ жасауға қабілеттілігі;
* Күрделі нақ осы шақ құрамында төрт етістіктің көмекші етістік болуы;
* Шақ, жаұ жалғауын тікелей қабылдауы;
* Екі райдың да көрсеткіштері болу мүмкіндігінің барлығы;
* Отыр, тұр, жатыр, жүр естістіктеріндегі гаплология құбылысының болуы;

10
Құдайбереген Жұбанов өзінің көмекші, күрделі етістіктер туралы деген орыс тіліндегі шағын кітапшасында төрт етістіктің осы сияқты сематикалық-функциялық , дифференциясын терең талдап көрсетеді. Ал бұл қазақ тіл біліміндегі төрт қалып етістік туралы ең алғашқы ғылыми еңбек еді. Құдайберген Жұбановтың Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер , көмекші және күрделі етістікдер туралы ескертпелер еңбегінде қазақ тілі грамматикасындағы мынадай өзекті мәселелер сөз етіледі:
1. Қазақ тіліндегі шақ категориясы
2. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер мәселесі
3. Күрделі кқмекші етістіктер мәселесі
4. Славян тіліндегі вид категориясының қазақ тіліндегі ерекшелігі
Қазақ тілі грамматикасында Қ.Жұбанов шақ категориясы теориясының негізін қалағанын да айта кетіу керек.

1.2 Құдайберген Жұбанов - синтаксис зерттеушісі
Профессор - Құдайберген Жұбановтың тіл біліміне қатысты ой пікірлері айқын, кезекті зерттеу саласы - синтаксис. Ғалымның бұл бағытқа қатысты ой- пікірлері өз алдына бір төбе. Автордың Қазақ сөйлемдеріндегі сөзердің орын тәртібі деп аталатын орыс тілінде жазылған еңбегінде дидактик-ғалымның лингвистикалық эрудициясының молдығы, аса бір тың, бұрын соңды өзге зерттеушілердің қаламына ілінбеген ауқымды, өзекті тақырыптарға тереңінен талдау жасап сөз қылуы жеке қазақ тілі ғана емес жалпы тілдерге қатысты даму кезеңдерін сипаттайтынымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда сөз тіркесі аясында қарастырылып жүрген жайттардың бірі - тіркесімділік мәселесі. Тіркесімділік тілдің барлық қабаттарында орын алатын құбылыс. Тіл салаларының ішінен синтаксис бұл жағынан үлкен орын алатыны белгілі. Бұл жөнінде Т.Сайрамбаев Егер фонетикалық, лексикалық, тіркестер бір сөздің аясында ғана берілсе синтаксис еш уақытта бір сөз арқылы берілмейді. Кемінде екі сөз не сөйлемнен болатынын ескерсек тілдесімділік синтаксистің өз бойына ғана тән және синтаксис үшін қажетті белгілі [Қ.Жұбанов тілдесімділік мәселесі халқында] (60 бет) Құдайберген Жұбанов тілдесімділік тіл жүйесінде атқарар қызметі мен маңызы мол екенін сол кездің өзінен-ақ топшылайды.

11
Ғалым, жақсы бала, екі бала мен жақсы келдің , екі келдің деген тіркестердің құрамындағы жақсы, екі сөздері екі сөз табына - сын есім мен үстеуге , сөйлем мүшелерінен анықтауыш пен пысықтауышқа жататынын көрсетіп, сөз табы мен сөйлем мүшелерінен хабардар екенін тағы бір дәлелдейді. Мәселен, (сочетания слов в предложении или отднльной группе бывает параллеьное , когда несколько слов одиноково зависят отодного и тогоже слова, и последователное, когда одно слово зависит от другого, последнее от третьего и т.д. Первиные члены привеленного предложения служат примером параллельного сочетания) Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме . здесь сыртынан - первичный член, управляемый непосредственно сказуемым жүрме; аттың - вторичный член относящийся к сыртынан ; білмеген - третичный, зависящий от аттың сырын - четвертичный, зависящий от білмеген [482 бет] . Сондай-ақ ғалым егерде заттың екі анықтауышы болса, олардың қайсысының алдыңға, қайсысының соңғы шепте тұратынын былай деп көрсетеді. Мәселен, ғалым бйік тас үй және екі тас үй деген мысалдарды ала отырып сөздердің тіркесу еркіндігі туралы сөз қозғайды. Бұл былай. Үй деген сөздің мәселен екі анықтауышы бар екен : бірі-биік сын есім, екіншісі-тас зат есім, ал енді қайсысының бірінші тұруы керек? Биік бұрын, тас содан соң тұруы керек дейді. Биік тас үй түрінде. Тас сөзін үй сөзімен екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Сөз таптарының мәселелері
Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Пәндер