Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романындағы етістіктердің өткен шақ формасы, мағыналық ерекшеліктері.

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1. Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романы
1.1 Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
1. 2 Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігі
2. Қазақ солдаты романындағы етістіктердің өткен шақ формасы, мағыналық ерекшеліктері.
2.1 Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесіндегі етістіктердің мағыналық ерекшеліктері
2.2 Етістіңтің өткен шақ формасының романдағы көрінісі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің абыройын асырып, мәртебесін биіктеткен классиктердің бірі, көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романы қазақ әдебиеті тарихындағы әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Бұл роман 1941-1945 жылдары неміс басқыншыларына қарсы күресте кеңес одағы халықтарының көрсеткен ерлігі хақында сыр шертеді.
Шығарманың бас кейіпкері - Қайрош Сарталиевтің прототипі Керчь, Қырым майданындағы көзге түскен барлаушы, Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов.
Жазушының бұл шығармасы жайында ғылыми мақалалар жазылып, сыни пікірлер айтылды. Курстық жұмысымызда романның көркемдік ерекшеліктерін қарастыруды мақсат тұттық.
Ғабит Мүсіреповтің бұл романының идеялық-көркемдік ерекшелігін қарастырудың өзіндік маңызы бар. Біріншіден, роман бұрынғы одақ халықтарының Отан соғысында көрсеткен ерліктерін, ұлттар арасындағы достықты, біртұтастықты дәріптейді.
Екіншіден, жазушының өзіндік стилі мен поэтикасын, сөз қолданыстарын саралап анықтау арқылы романның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын нақтылауға қол жеткізуге болады. Мұның бәрі жинақталып келіп, курстық жұмысының көкейкестілігін айқындайды.
Курстық жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романының етістіктің ерекшелігін анықтау - жұмыстың басты мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер туындайды:
1. Романдағы жазушы қолданған көркемдік тәсілдерді талдап, суреткерлік шеберлігін таныту;
2. Автордың кейіпкер тұлғасын сомдауы мен мінезін ашудағы шеберлігін пайымдау;
3. Алғашқы повесть нұсқасын романмен салыстыру;
4. Қазақ солдаты романы туралы бұрын-соңды жазылған сыни мақалалар мен еңбектерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қалыптастыруға тырысу.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Курстық жұмысын жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы орныққан теориялық тұжырымдар мен қағидалар негізінен басшылыққа алынды. Сонымен бірге талдау, жинақтау және салыстыстыру әдістері қолданылды. Зерттеудің дерек көзі ретінде Ғабит Мүсіреповтің 1980 жылы Жазушы баспасынан шыққан шығармалар жинағының 3 томы алынды. Салыстыру мақсатына орай Ғабит Мүсіреповтің 1945 жылы жарық көрген Қазақ батыры повесі мен Қазақ солдаты романы қарастырылды. Бұларға қоса әр жылдарда баспасөз бетінде жарияланған Ғабит Мүсірепов туралы түрлі мақалалар да пайдаланылды.
Курстық жұмысының құрылымы. Жалпы жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романы
1.1 Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау

Профессор Р. Нұрғалиев: Ғ. Мүсірепов творчествосы қазақ өнерінің сұлу бір арнасы. Ғабит әні - таза үнді, әсем әуезді шырқау ән. Ғабит арнасы - мөлдір, тұнық арна. Ғабит шығармалары ұзақ баптап, әбден жаратып, жал-құйрығын сүзіп барып, бәйгеге қосқан жүйріктерді еске түсіреді, оның шығармалары әдебиетімізге мәдениет, көркемдік, тереңдік әкелді; ұлттық және интернационалдық сипаттарды тұтастырды, - деп Ғабеңнің шығармашылығына тәнті боп, бағасын берген. Ал Зейнолла Қабдолов Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығынан реализм мен романтизмді көреді. Ғабит шығармаларында орынсыз тұрған бір де бір сөз болмайды дейді. Алайда, біз бүгін қаламгер Ғабит туралы емес, оның кейіпкері, батыр Қайрошы жайында айтатын боламыз.

Қазақ батыры повесі 1950 жылы Қазақ солдаты деген атпен роман ретінде басылып шыққан. Бас-аяғы 300 беттен тұрады. Роман үш бөлімге, бөлімдер бірнеше тарауларға бөлінген. Романның бірінші бөлімі он тараудан, екінші бөлімі он үш тараудан, үшінші бөлімі он бір тараудан тұрады.

Бас кейіпкер - Қайрош Сарталиев, прототипі - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов екені оқыған жанға айдан анық. Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытып. Зытып келе жатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін. Шығарма басы осылай басталады. Оқиға Қайроштың сөзімен баяндалады. Сиыр айдап жүрген бала шығарма соңында ержүрек, қайсар, батыр тұлға болып қалыптасады. Барлық кейіпкерлердің өз прототипі бар, демек, ойдан шығарылмаған әдеби шындығы бар роман. Осы ретте, жоғарыда айтылған Зейнолла Қабдоловтың сөзі дәлелденгендей.

Романның композициялық құрылысы өзгеше шеберлікпен берілген. Кеңес заманында туып-өскен адамның өсу, жетілу жолы басты әңгіме болып баяндалған. Ұрыс кезіндегі жауынгердің батырлық мінезі, азаматтық бейнесі, адамды танып-білу сияқты қасиеттері қалыптасуын көресіз.

Шығармадағы кейіпкерлердің бейнесі, мінезі, іс-әрекеті, табиғат суреті, болып жатқан оқиға - бәрі жүйелілікпен берілген.

Шаңқан шілденің аяқ кезі болар деймін... Пісіп қалған ақселеулер баяу теңселіп, үкідей бұлғаңдап, кейде жұмсақ қана тізеден сипайды да, кейде инесін қадап алады. Сипағанда, талғамай сипаса, инесін қадарда екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды.

Күннің көзі жер бетінде шаншыла қадалып, көлеңкең тәлтиіп, бауырыңа кіріп барады. Бар ыстық менің қойныма тығылғандай, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж қайнайды.

Табиғаттың бір бөлшегі - ақселеудің адам денесіне қалай әсер ететінін оқырманға дәл жеткізеді. Әсіресе деп екпін беріп, жара мен жарықты тауып алатынын да әсерлі береді. Күннің төбені тесетін көзі, денені қыж-қыж қайнататын ыстығы да оқырманға таныс дүние секілді.

Ал Ақбота туралы әңгіме бір бөлек. Қайрош өзінен үш жас кіші, бойында жас ботаның ерке сипаты мен жас лақтың ойнақы мінезі бар, селтиген ғана бұрымы бар, лақтай секіріп жүретін, мөлдір қара көзді, аппақ Ақботаны жанындай жақсы көреді. Бір тайынша жоғалса, он жыл сарайға қамаймын! дегеннен қорыққан бала Қайрош сол кезде Ақбота өзгемен кетіп қала ма деген ойдан да қорыққан еді. Ақбота мен Қайроштың балалығы суреттелген тұсы да өте қызықты. Бірі жұдырықтап жіберсе, бірі құлағынан тартып ойнаған шағы, кейін татуласқандары еріксіз күлкі сыйлайды...

Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа өмір жатқан шығар. Мүмкін шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі өміріне қанағат етпеген бала ойы осындай бір себепті бұрыннан іздеп жүрген шығар... о да мүмкін, бұ да мүмкін... Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін. Мына мәтіннен, қандай жағдай болмасын, болашағына сенетін баланың ойы жатқанын байқайсыз. Өзге тірлікті, өзге өмірді көргісі келеді. Жүгіргені соншалық, жүрегі қабырғасын тесіп шығардай дүрсілдеп, таныс дүниеден беймәлім ортаға бара жатқаны үшін өз-өзіне масаттанып қояды.

Базар шетіндегі шаштараздың қасынан өте бергенімде, есігіне жапсырған айнасына көзім түсіп кетіп еді, бет-ауызым шын-ақ астан-кестен екен. Туғалы жуынбаған адамдай қарала, торала бетімді жұдырықпен уқалап айғыз-айғыз етіппін. Көз деген бір қос томпақтың үстіңгі жағы маса талағаннан көлт-көлт етіп тұр. Тыриған арық мойыннан әр жеріндегі шұңқырына қақ тұрып қалғандай. Көзімді ежірейтіңкіреп ашайын десем, бет пернем одан жаман бұзыла түседі. - Қайда жүріп масқара болғансың? - дегендей, айнадан бір сұмпайы бала маған қарайды.... Мына әзіл-шыны аралас мәтіннен баланың өңін көресіз. Қашып жүріп, сұқпыты қашқан бейнесін өз суретіне ұқсатқысы келмейді. Образды суреттеудің өзінен-ақ Ғабит шеберлігін байқайсыз. Адам бейнесін суреттеудегі дәлдік, оны жеткізудегі ұшқырлықты танисыз.

Кейіпкерлердің диалогтері де қарапайым тілмен жеткізілген. Ағайынды Шеген мен Борашты кездестіргендегі олардың тіл табысуы да ерекше. Өй, өзіңді қасқыр талаған ба? дегеннен басталған әңгіме танысуға ұласады. Танысудан кейін Костя деген есім алған Қайрош олармен достасып та кеткен. Әдемілікті жаны сүйетін екі ағайынды өнерге жақын, әнге жақын болып шықты... Әндетіп, әуелетіп базарға қарай жол тартты...

Ал жастық шағы аты жаман сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді. Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу үшін майданға аттанған Қайрош бойындағы, шығарма басындағы қорқынышты жеңе білді. Новороссийск, Элтиген, Керчь жерлерін жаудан азат етуге күшін салған ол түрлі жарақат та алды. Сол кезде бейнеленген соғыс алаңы, жауынгер рухы, Отанға деген махаббат, туған елге деген сағыныш бір-бірін жалғап жатты.

Қазақ романдарының ішіндегі ерлік пен асқақтықты насихаттайтын, ауыл баласының ерік-жігерін көрсететін Қазақ солдаты романы өзге тілдерге аударылып, тек қазақ елінің ғана емес, шет мемлекеттердің кітапханаларында сақтаулы.

1. 2 Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты романындағы Қайрош бейнесін берудегі автор шеберлігі
.
Ғабит Мүсірепов ардақты тұлға. Мүсірепов туралы мың сөзден Мүсірепов деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны ерекше бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек, - деп З.Қабдолов айтқандай, кеңестік дәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсіреповтің есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, новеллалар, очерктер туды. Сондай туындыларының бірі - Қазақ солдаты романы.

Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытып келе жатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін деп шығарма басын жазушы сиыр айдап жүрген Қайроштың сөзімен бастап, оның соңында ержүректі, қайсар батыл тұлға болғанын әңгімелейді. Қайрош - романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Сыпағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев еді. Ал осы кейіпкердің образын жасауда жазушы қандай шеберлік танытты? Қайрош бейнесі қалай сомдалады?

Біріншіден, Қайрош, ол - қысылшаңда жол табатын, басқа ажал қаупі төнген қиын қыстау шақтарда еңсесін түсіп езілмейтін, сонымен қатар, қайғы мұңға болй алдырмайтын жігерлі жауынгер. Романда соғыс шындығының талай қиын өткелдері, жауынгерлер басынан өткен талай қатерлі сынақтар көрсетілген. Осы қысылтаяң кездерде Қайрош үнемі сабырлы, байсалды қалыпта көрініп, қиындықтан шығудың жолын тауып отырады. Ер мінезділігімен, алғыр ойымен батыр тұлға әрдайым серіктерін сүйсіндіріп, оларға үлгі болып көрінеді. Мәселен, романда Қырым жағасында соғыс сипатталған бір сәтті көз алдымызға келтіріп өтелік. Сол бір қилы заманда совет сарбаздарының оқ дәрілері де азайған, азық түліктері де таусылған, көп күн ұйқы көрмей қажып шаршаған кездері болатын. Осы қатаң шайқаста Қайроштың көр серігі, жан жолдастары ерлікпен қаза табады. Толстов, Гришин, Қайрош үшеуі ғана тірі қалады. Егер жау берілмесе, оны құртар болар, міне, дұшпанмен қанды шайқас үстінде әр совет жауынгерінің көкейінде сайрап жатқан сөз осы еді. Дұшпанға қарсы ерлікпен күресу үшін жауынгердің бойында Отанға деген зор махаббат болуымен қатар, оның оттай жүрегінде дұшпанға деген ызалы өшренділікте лапылдап жанып тұруы керек. Ғ.Мүсірепов Қайрош пен оның майдандастарының ерлігін суреттегенде, олардың бойындағы осы қасиеттерді толғана ашып отырады. Шығарманы оқығанда оқушыны өзіне баурап, оны ерлік сезімге бөлеп отыратын салалары да, міне осында еді.

Екіншіден, көркем шығарманың, оның кейіпкерлерінің толық ашылу қасиеті оқиғаларды таңдап алумен, шебер композициясымен, характерлердің шыншылдығымен ғана шектеле бермейді.Сол себептенде, Қазақ солдаты романында тілдік шеберліктің неше алуан жарқын, әрі сәтті мысалдарын кездестіруге болады. Мұнда мінез бен тұлғаны жарқ еткізіп аша түсетін диалогтарда, ішкі жан дүниесін танитын монологтар да, жанды бейнедей елестейтін табиғат суреттері де аз емес екеніне көзім жетті.

Қорыта келе, Қазақ солдаты романы - Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндерінің шындығын бейнелейтін туынды болып табылады, Ал жазушының бақыты мен мәртебесі халықтың оған деген сүйіспеншілігі мен сенімінде, аталмыш шығармаларының жержүзілік даңқа ие болуында деп ойлаймын..

Жауынгерді айналдырып кұрышқа,

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамыз жарқылдаған қылышқа

Бұл қазақ солдаты - Қайырғали Смағұлов.

2. Қазақ солдаты романындағы етістіктердің өткен шақ формасы, мағыналық ерекшеліктері.
2.1 Қазақ солдаты романындағы Қайырғали бейнесіндегі етістіктердің мағыналық ерекшеліктері

Ғабит Мүсірепов - "Қазақ солдаты"1950, "Оянған өлке"1953, "Ұлпан"1980, "Жатқолында"1984романдарын жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан бүл дүниелер - заманның эпикалық сипатын бойына берік қонақтатқан туындылар. Миллиондардың басын жұтып, жұмыр жерді теңселтіп өткен Ұлы Отан соғысы әңгіме жанры шеберлігінен өткен, классикалық пьесалар жазып қаламгерлік өнерге ысылған Мүсіреповті бей-жай қалдырмады. Ол адамзат баласының басына төнген зауалдың залалын жалпақ панорамада алып, зұлымдықтың философиясын әшкерелеп, көпке қол көтеріп, топырақ шашқанның сүйегі жинаусыз қалатынын суреттеуді мақсат етеді. Соғысты басынан өткермеген қаламгерге өзіне бейтаныс тақырыпты игеру оңайға түспеді. Соғыс шындығын ізін суытпай жазып жатқан газет-журнал материалдарын, құжаттарды көп қарастырады, кинофильмдерді зер сала көрді, майданға барған делегацияның құрамын-даболып, жауынгерлермен, әскери мамандармен сырласты. Ажал оғын сепкен сұсты құралдарды, соларды іске қосатын адамдардың жүзін барлап, ішіне үңілді.

Романның басты ке й іп к е р і -- прототипі Совет Одағының Батыры Қайырғали Смағүлов болып табылатын Қайрош Сарталиев.Үлке н прозалық шығармада замандастың өмірін , соның ішінде жекеөмірін, жауынгер-дің өмірін шынайы бейнелеу, оның майдандағы ңаһармандығын, көңіл-күй әлемі мен ішкі дүниесін көрсету -- қазақ әдебиетіндегі жаңа қүбылыс. Сондыңтан сара суреткерлік шешімді табу маңызды міндет болды. Қайрош тың реалистік образын жасау жазушының ғана емес бүкіл қазақ әдебиеті-нің табысы болды. Романда басқа совет жауынгерлерінің де образдары жасалган: әзілқой және қуаңы Самед Абдоллаев, алып тұлғасымен және батылдығымен ерекшеленетін Семен Зонин, бейбіт кезеңдегі еңбектегі кү ндерін жиі еске алуды жақсы көретін Петр Ушаков, суретші Сережа Астахов, Русаковтың, Ревякиннің, Мирошкиннің образдары есте қалады. Олардың барлығы тайсалмастан неміс фашистеріне қарсы айқасқа шығып Отан қорғауға қатысты , м ызғымас достық олардың жеңіп шығуына жол ашты.

Міне, Қайроштың өмірін алып қаралық. Оның балалық шағынан есейген өмірі күнделікті тұрмыстан басталады. Қайрош өмірі әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетінде бар жеке тұлғаның қалыптасып өсуін көрсетуге арналады. Бұл тек адамның қалыптасып есеюі ғана емес, белсенді азамат ретінде өсуі, әр кезеңде Қайроштың өсуінің өзіндік қыр-сыры, сенімділіктен өмірге аяқ басуы аса маңызды күйде суреттеледі. Қайроштың ірі адами тұлғаға айналуындағы әрбір кезең, әрбір іс-әрекет - бұл кейіпкердің өз тағдыры үшін күресі, өсіп жету жолындағы шынығуы, нағыз адам болып қалыптасудағы бітім-болмысы. Романның алғашқы бетінен-ақ батыл бала Қайрошты көреміз, қорқыныш пен абыржып сасқан ол өзі үшін күреседі, сол үшін ауылдан қалаға жаңа өмір үшін қашып келеді. Сырттай қарағанда бұзаудың жоғалуы қамауға себепкер болғанымен, негізгі себеп - Қарамұртты председатель Ащығали. Бұл туралы Қайрош былай дейді. "Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа бір өмір жатқан шығар. Мүмкін, шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі өміріне қанағат етпеген бала ойы осындай бір себепті бұрыннан іздеп жүрген шығар... О да мүмкін, бұл да мүмкін... Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін" 5, 131.

Қайроштың сөзінен біз өз ауылына үстемдік жүргізген Қарамұртты бейнені көреміз. Бұзауды жоғалтқан Қайрош жазадан ғана қашып келе жатқан жоқ, ол жетімдіктен, әділетсіздіктен, жетімдік өмірінен қашып келе жатыр. Бұл қашу - Қарамұрттыға көрсетілген кек. Осы көріністен-ақ ескі мен жаңа тартысы, жас пен егде айқасы, таза бала жалшының қатыгез үлкенге деген ниеті байқалады. "Қазақ солдаты" романы балалық шақтан басталған есейген жанның өмірлік жолын әңгімелейді, ол қалай отырып, өз қадірін арттырады, бұл әрине фольклорлық дәстүрге ден қою деген сөз емес. Керісінше, бұл жерде романның эпикалық табиғаты ашыла түседі. Бұл деген бір жағынан романның эпикалық мәнін бекіту, орнықтыру сияқты. Бұл үрдісті қазақ романының соның ішінде М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын қоса есептегенде кездестіруге болады. Роман өзінің ерекше белгілерін жоғалтпайды, қайта ол эпикалық масштабын кеңейте түседі. Ғ.Мүсірепов экстремальды ситуацияларды көп қолданады.

Ғабит М үсірепов алғаш бірі болып соғыс кезіндегі халықтардың бауырластық достығын көрсете отырып совет ж ауынгерлерінің бейнесін жасады. Кеңес Одағының Батыры аға сержант Қайырғали Смағұлов басынан кешкен жайларын апталап айтқызып, бәрін қорытып санада саралап барып повесть дүниеге келді. Күллі Еуропаны, таяу ПІығысты табанынан тік тұрғызып, өртке тұншықтырған, көк темірге құрсанған жау Кеңес Одағынан мылжа-мылжасы шығып, масқара боп жеңілді? Неге зұлым жаумен шайқасып жүрген біздің әр жауынгеріміз Отан үшін қасық қаны қалғанша айңасып, жанын пида етуге бел буады? Осының бір бұлтартпас дәлелі болуы керек қой. Сондықтан жазушы бірден майдан даласындағы суретті алдыға тартуға асықпайды. Бас қаһарманы Қайрош Сарталиевтің балалың шағынан азамат болып қалыптасуына дейінгі басынан кешкен оқиғаларын байыптайды. Ұлы Қазан төңкерісі, социалистік құрылысты жүзеге асыру кезеңіндегі аумалы-төкпелі, ауыртпалығы мол шақта өскен Қайрош не көрмеді? Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған он жасар жетім бала аш-жалаңаш жүріп, нан тауып жеудің амалын түгел бастан кешті. Бір табын сиырды алдына салып беріп, бейнетке жеккені аздай, астында қара көк арғымағы, қолында ырғай сапты дырау қамшысы бар қара мұрт басқарма қырына ала бастады. Аңызағы аймалап, "шаншыла қадалған" күн астында ерні жарылып, жалаң аяғы тілім-тілім болып, шанышқы безектеткен сиырлардың соңынан жанұшыра қуған қорғансыз сәби, "бір торпақ жоғалса, он жыл сарайға қамалу" күтіп тұрған тозақтан құтылудың жолы - қалаға қашу деп түйеді. Өйткені, ағасы Айдынғали "Қайрақты" колхозы ұйымдасып жатқанда оның "қызығына" алдын-ала тойып, "аяқ еңбек іздеп" қалаға кеткені көңілінде қалып қойған. Бұл да әлінен асқан азап пен дырау қамшы уытына шыдай алмай, "бақыт сыйлар" қалаға "артына қарай-қарай зытады". Обалы не, кеңес үкіметі ауылдан қашып, қаланың көшесінде тентіреп жүрген Қайрош, Бораш, Шеген, Сергей Астахов тәрізді кезбе-жетімдерді жинап, балалар үйінде тәрбиелейді. Ақысыз-пұлсыз тамақтандырады, киіндіреді, білім береді, қулық, арамдық, пайдакүнемдік, жағымпаздық, бойкүйез, арамтамақтық, әлімжеттік, қаныпезерлік, қатыгездік тәрізді ұнамсыз қылықтардан жирендіріп, өнерлі де жайсаң,

жақсы азамат қатарына қосады. Шыңдап, шынардай сымбатты жігіт етіп өсіреді, мамандық береді, жарқын болашақтың сара жолына салады. Қатарынан қалдырмай, әкеңнен артық жақсылық, шешеңдей мейірім сыйлайды.

Сөйткен туған жерге, сүйікті Отанға фашистер оқ атып, "кеңірдегіне" пышағын тақады. Анасына қауіп төнгенде ақ сүтін емген перзенті неден тартынбақ, сескенбек? Романның жартысынан көбінде Қайроштың балалық шағын, өсу, ержету кезеңін баяндау арқылы автор Қайроштарды ерлікке жетелеген қуатты көздерді ашып көрсетуге күш салған. Ғабит Мүсірепов халқының басынан кешкен оқиғаларын суреттей отырып, жалпы жауынгерлерге ортақ жайдың өрісіне бастайды. Қазақ Қайрош, Шеген, украин Мирошник, өзбек Самед, орыс Володя Толстов, Петр Ушаков, Вася Гришиндер - туған жерін шексіз сүйетін, бір сүйемін жауға бергенше, жанын беруге әзір нағыз патриоттар. Демек, олар- Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Невский, Суворов ерлігінің сырын көкірегіне түйіп өскендер. Қырық рудан құралған діні, тілі бөлек жауынгерлердің басын қосып, дұшпанға "бомба болып жарылуға" бастаған құдірет - осы уақытқа дейін жалаулатып келген социалистік интернационализм ұраны емес, әркімнің туған жері, Отаны, отбасының жеккөрінішті дұшпаннан қасірет шекпеуі, қанға батпауы, болашағы қырқылмауы.

Қазақ-қырғызға, өзбек, украин, орыс, армян, грузинге, т.б. жау ортақ, Қайроштың Ростов, Кавказ, Новороссийск, Керчь, Қырым үшін болған қанды шайқастарда ғажайып ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алуы заңды құбылыс. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жан берісе соғыспаса, алда-жалда, бұл жерлерде айдыны асқан жаудың танкісі, бомба артып құзғын қарғадай аспанды бүркеген самолеттері одан әрі қазақ сахарасын жүндей түтпесіне кім кепілдік береді? Осындай патриоттық сезім - өзбек жігіті Самедтің және т.б. қыршынынан қиылуына себепкер. Отаншылдық ұлы сезім, зұлым жаудан туған жерді шапшаңырақ тазартып бейбіт аспан астында басыңа қонған бақытты аялау арманы әскери госпиталь дәрігері Гуля, Қайроштың сүйген қызы, санитар Ақботаны да қан майданға еріксіз тартып, ерлер басына түскен ауыртпалықты бірге көтерткізеді.

Соғыста жауынгерлердің жанқиярлық ерлігі шешуші рөл атқарады. Ал соғыс стратегиясы мен тактикасын жете зерттемеу адамды қырып, орны толмас өкінішке соқтырары сөзсіз. Жазушы "Қазаң солдатында" болат төзімді, жаны сергек, досқа адал, дұшпанға ажал солдаттарды тәрбиелеуде еңбегі өлшеусіз, ақылды, білімді саяси жетекші политрук Ревякиннің тартымды образын жасаған. Ол өте қарапайым, әділ, шовинизм кеселі бойына жұқпаған, кіммен де, қай ұлттың адамы, қандай тәрбиенің ықпалында жүргеннің де жанына жол тауып, ортақ іске жұмылдыруға қажыры жететін нағыз ержүрек, жомарт мінезді командир. Ал майор Русаков - соғыс ісін, техника тілін, шабуыл тактикасын, қарсы күштің қуат-күшін, мүмкіндігін бағалап, қиын-қыстау, тығырықтан шығар жолды тауып, асықпай, байыппен қимылдайтын алды кең, тәжірибеге бай, көреген әскери басшы. Ол ұйымдастырған шабуыл аз шығынмен, үлкен табыспен жеңіске жетеді. Өйткені ерлікке өзі бастап, жауынгерлеріне қуат беріп, жеке басының өнегесімен тәрбиелейді, темірдей тәртіпті сүйеді.

Жауды жеңгендер тұрмыс ауыртпалығын көріп, еңбек дәмін тартып, қиындықты қайыспай көтеруге шыңдалған жандар. Мәселен, Қайрош қаршадайынан мал бағады, балалар үйінде, көптің ішінде тәрбиеленеді, шаштараз боп еңбек етеді, шекара күзетеді қиыншылықтарға мұқалмайды, жасымайды, өмірі-ғұмыры әлі алда. Оларға ізденімпаздық, жаңашылдық тән, ерлікке құштар, моральдық бейнесі асқақ, жандары сұлу.

1945 жылы повесть боп жарық көрген "Қазақ батыры" өңделіп, толыңтырылып 1950 жылы "Қазақ солдаты" романына айналды. Ол кезде Кеңес әдебиетінде "тартыссыздық "бесконфликтность"', "жылтырата көрсету" "теория лакировки" теориялары шындықтың бетіне перде тұтып, дәуірлеп түрған шағы еді. "Қазақ солдаты" романында да сол "дерттің" ізі айқын. Жау жағы кілең қара бояуға малынған: жауыз, қарақшы, қорқақ, сатқын, қашқын, есер, қатігез, зорлықшыл, ал кеңес жауынгерлеріне тек жарқын бояу тән: батыл, күшті, мейірімді, батыр, табанды, сенімді, ақылды, айлалы, қайсар, табанды, жеңімпаз, бауырмал.

2.2 Етістіңтің өткен шақ формасының романдағы көрінісі

Ғабең әдеби тілдің нормасын қатаң сақтауды қалаған. Ол ауызекі тілде, жергілікті жерлерде қолданылатын сөздерді көркем шығармаға орынды, орынсыз тықпалауды қаламайды. Барғам, жазғам, айтқам дегендерді сөйлескенде де, жазғанда да, Барғанмын,айтқанмын, жазғанмын дейтін болайық- дейді.
Тілдің ұлт өмірінде алатын орны көркем әдебиеттің ұлт тілін дамытудағы ерекше рөлі жайлы аса құнарлы пікірлер айтты.Әдебиет көркем тілден басталады десек, көркем шығарманы тілдік тұрғыдан талдаудың тамаша үлгісін көрсетті. Тіл шеберлігін өзгелерден талап етіп қоймай, өзі үлгі көрсетіп қазақ сөз өнерінің ұзақ туындыларын кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Ғ. Мүсірепов шын мәніндегі сөз зергері. 13. 3
Академик В.В.Виноградов көркем шығарманың тілі туралы еңбегінде: Әдеби шығарманың тіл ерекшеліктерін оқып-үйрену әдебиеттің, сондай-ақ кез-келген жеке жазушының тілі мен стилін зерттеудің келелі міндеттерімен тығыз байланысты, - дейді.
Тілдік ерекшеліктерді талдауда жазушының жекелеген сөз қолданыстарына, сөйлем құрылымы мен контексіне, түрлі бейнелеу тәсілдері мен автордың өзіне тән баяндау мәнеріне назар аударылады. Сонымен қатар суреткердің жазу машығының, тіл байлығының шығармадағы образдар характерін сомдауда, сюжет пен композиция құруда қандай көркемдік қызмет атқаратынын, ол туындының жалпы идеялық-көркемдік мәнінің ашылуына қалай әсер ететінін байқату да көзделеді. Жазушы өзінің сексен жасқа толған торқалы тойы өткеннен соң, Қазақ әдебиеті газетінің сол кездегі қызметкері, белгілі әдебиет сыншысы Сайлаубек Жұмабековке берген сұхбатында көркем тіл мәселелеріне байланысты терең ойлы, ерекше маңызды пікірлер айтады. Әдебиеттің ең басты құралы - тіл екендігіне, оның тазалығын сақтауға жалпы жұртшылық, әсіресе қаламгерлер қауымының назарын аударады: Біздер тілдегі бір норманы сақтауға ұмтылуымыз керек. Бұл тұрғыдан біздің мектебіміз Абай, Махамбет, Алтынсарин тілдері болу керек. Қалай десек те, қазақ тілінің нормасын Абай мықтап жасап кеткен. Біздің қара сөзбен айтып жеткізе алмайтынымызды Абай өлеңмен-ақ айта алатын болған. Абайдың ұлылығы да осынысында ғой. Қазір бізде тілді араб, парсы сөздерімен шұбарлан-
дыру өз алдына, қазақтың сөйлемін, тілінің заңдылығын сақтамай орысша құрып, жазып жатамыз. Мысал дегендерден аяқ алып жүргісіз. Әсіресе, жастарымыздың дүниелерінде бұл керемет көп кездеседі. Енді бірсыпыра жастар бар, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Шығарманың бас кейіпкері
Ғабит Мүсірепов
Ғ. Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтың «қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі
Ана туралы әңгімелер циклі
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1946-1960 жылдардағы жазылған шығармалардағы ұқсастықты табу. Абай Жолы роман-эпопеясы туралы ой толғау жазу. Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына шығармашылық талдау жасау
Пәндер