Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ӘОЖ 614: 616-053. 2 Қолжазба құқығында
НАЗЕРКЕ ЖОРАБЕКҚЫЗЫ ШОЛАНБАЕВА
«Тастанды балалардың
денсаулығын бағалау, психо-эмоциалық ерекшеліктерінің сабақ
үлгеріміне әсері»
6М110300 - «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне арналған
диссертация жұмысы
Ғылыми жетекші:
м. ғ. к., доцент Алдешев А. А
Шымкент, 2016ж
МАЗМҰНЫ
Қазіргі таңдағы тастанды балалар үйіндегі балаларға
физикалық өсуі және медико-әлеуметтік сипаттама
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Магистрлік диссертацияда қолданылған келесі негізгі нормативті құжаттық сілтемелер:
1. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыз №345 заңы.
2. Мемлекет Президентінің «Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» бағдарлама.
3. «Баланың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 ақпан №223
4. Асырап алу, патронат атанудың шарттары, міндеттері Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысымен бекiтiлген.
АНЫҚТАМА
Магистрлік диссертацияда қолданылған негізгі анықтамалар:
Акселерация -латынша (accelarae) жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді.
Әлеуметтік жетім - ата-анасының екеуі де немесе біреуі бар, бірақ ата-құқығынан ажырағандардың балаларын және тастанды балаларды айтамыз.
Әлеуметтену - (латын сөзінен шыққан «socialis» - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибе.
Депривация - ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы.
Жетім - белгілі бір себептерден (көлік апаты, қатерлі ауыру, табиғат апаттары) ата-анасының екеуі де қайтыс болған баланы айтамыз.
Патронат -ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚҚ - Артериялық қан қысымы
ЖСЖ - Жүрек соғысының жиілігі
ӨТС - Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады.
Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің басты приоритеттерінің рангіне шығарылған демографиялық саясат болып табылады. Мемлекет Президентінің «Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ұзақ мерзімді приоритеттерінің бірі ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, әл - ауқаты көрсетілген, ал ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекет үшін де, денсаулық сақтау мекемелері үшін де, қоғам үшін де приоритетті бағыттар рангіне қойылған. Бұл кезеңдегі негізгі стратегиялық мәселелер демографиялық үрдістегі жағымсыз тенденцияларды жеңу, депопуляцияны жою, мемлекет дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, әрине, нарықтық экономикамен демократиялық, кеңестік, құқықтық мемлекет құру жағдайындағы жанұяның орнын анықтамай және оны бағаламай мүмкін емес. Сонымен қатар, тәуелсіз егемен Қазақстанның өтпелі кезеңі қоғам өміріндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Транзиторлы кезең реформалары қоғамның материалды және рухани өмірінің барлық құрылымына енді, құндылықтар, арман - мұраттар, жасөспірімдер жүріс - тұрысының нормалары мен стереотиттері өзгерді. Некеге дейінгі, некесіз жыныстық қатынасқа түсу қалыпты жағдайға айналуда, ал бұл, әрине, бала алдырудың, некесіз бала туудың, туған балаларынан бас тартудың жоғарлауына, яғни жеке адам, жанұя, мемлекет, жалпы қоғам үшін аса жағымсыз мәселелер кешенінің туындауына алып келуде. Күрделі демографиялық жағдайда некесіз бала туу санының тенденциясы-ның айқын жоғарлауы байқалуда, бұл тастанды балалардын жогарылауына әкелуде. Ресми статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2011 жылы 40 мыннан астам тастанды балалар тіркелген, ал қазіргі таңда жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы мәліметтер бойынша жетім балаларға және ата-ананың қарауынсыз қалған баларға арналған 188 балалар үйі жұмыс жасайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2014 жылы жасаған баяндамасына сүйенсек, елімізде 32362 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Бұл 32362 баланың барлығы толық жетім емес, көпшілігінената-аналары бас тартқан немесе балаларына құқықтары шектелген. Барлық балалар үйінде тәрбиеленушілердің 81, 6 %-ң ата-аналары тірі, тек қалған 18, 6 %-ң бір немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған. Демек, 6000-ға жуық баланы толық жетімдер деп айтуға болады [1] . Тастанды балалар саны 32 362, олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда. 5 жылдың ішінде еліміздегі жетім балалардың саны 8559 адамға азайды. Тастанды балалар жоғары медико-әлеуметтік қауіп тобына жататындық-тан, олар медициналық бақылаудың приоритетті нысаны болуы керек.
Зерттеу мақсаты. Жұмыстың мақсаты тастанды балалар үйіндегі балаларға медико-әлеуметтік сыйпаттама беру және олардың денсаулығын нығайту сонымен қатар психо-эмоциалық ерекшеліктерінің сабақ үлгеріміне әсерін зерттеу мақсатында ғылыми негізделген медико-әлеуметтік шараларды өңдеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
-Балалар үйіндегі тастанды балаларға медико-әлеуметтік сипаттама
-Балалар үйіндегі тастанды балалардың аурушаңдығына талдау жасау
-Балалар үйінде тәрбиеленік жатқан тастанды балалардың психо-эмоциалық ерекшеліктері, сабақ үлгеріміне әсері
Орындалған жұмыстың ғылыми жаңалығы. Тастанды балалардың психо-эмоциалық ерекшеліктерінің сабақ үлгеріміне әсерінің деңгейлік көрсеткіші.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. З ерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша тастанды балалардың денсаулық жағдайын бағалау, денсаулығын нығайту сонымен қатар психо-эмоциалық ерекшеліктерінің сабақ үлгеріміне әсерін зерттеу мақсатында ғылыми негізделген медико-әлеуметтік шараларды өңдеу болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
-Тастанды балалардың балалар үйіндегі медико-әлеуметтік сыйпаттамасы.
-Тастанды балалардың денсаулығын бағалау.
-Тастанды балалардың психо-эмоциалық ерекшеліктерінің сабақ үлгеріміне әсерін зерттеу.
Зерттеу базасы. Шымкент қаласы, №3-і Балалар үйіндегі тастанды балалар.
Жұмысты сынақтан өткізу. Қазақстан мен ТМД елдерінің жас ғалымдары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының Қорымен бірігіп өткен жылдың ең ауқымды іс шарасын - «БИОЛОГИЯ, МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты жас ғалымдар мен студенттердің үшінші халықаралық ғылыми конференциясына «Тастанды балалар үйіндегі балалардың денсаулығын бағалау», Шымкент 2016ж. "ОҚМФА хабаршысы" №4 (73), 2015. 99-101 бет
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар:
1. Қазақстан мен ТМД елдерінің жас ғалымдары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының Қорымен бірігіп өткен жылдың ең ауқымды іс шарасын - «БИОЛОГИЯ, МЕДИЦИНАЖӘНЕ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты жас ғалымдар мен студенттердің үшінші халықаралық ғылыми конференциясына «Тастанды балалар үйіндегі балалардың денсаулығын бағалау», Шымкент 2016ж. "ОҚМФА хабаршысы" №4 (73), 2015. 99-101 бет.
2. «Тастанды балалар үйіндегі балалар денсаулығының сабақ үлгеріміне әсері», Қазақстан Респулбикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ғылым және медицина жастардың заманауи көзқарасы» атты студенттер мен жасғалымдардың үшінші халықаралық ғылыми-, Алматы, 2016ж.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Диссертациялық жұмыс 61 беттен, кіріспеден, тастанды балалрдың денсаулығын бағалау, тастанды балалардыға медико-әлеуметтік сыйпаттама беру, балаларждығ өсу мен дене бітімі, зерттеу материалдары мен әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, түйін мен тәжірибелік ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімдерін қамтиды. Жұмыста 14 кесте, 8 сурет қөрсетілген. Қолданылған әдебиет 58 тізімнен тұрады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Қазіргі таңдағы тастанды балалар үйіндегі балаларға физикалық өсуі және медико-әлеуметтік сипаттамаҒылыми зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен жетім балалар үйіндегі тастанды балалардың физиологиялық және әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде ғана емес, сондай-ақ олардың қоғамдағы белгілі бір орынды иеленулеріне де байланысты екені байқалды. Ал, бұл жайлы жинақталып, бір жүйеге келтірілген мәліметтер өте аз. Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біз әлеуметтендіру бейімдеу арқылы іске асырылатынына және адамдардың әлеуметтік тәжірибесі, қоғамдағы әдебі, нормаларымен байланыстылығына көз жеткіздік. Сонымен қатар, тастанды балалар мәселесінің даусыз өзектілігі мен оны зерттеу қажеттілігіне қарамастан, отандық әдебиеттерді шолу ғалымдардың бұл мәселені әлі күнге дейін толығымен зерттелмегендерін көрсетеді. Тастанды балалардың денсаулығы мен әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Айталық, тастанды балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың дене бітімдерінің немесе физиологиялық, психологиялық даму өзгешеліктерін Е. М. Рыбиновский Д. Янхольц, И. В. Дубровина, А. Г. Рузская, Дж. Боулби, И. М. Бгажнова, С. А. Беличева, Ю. В. Василькова және т. б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н. И. Пономарев, В. И. Жолдак, С. Б. Тихвинский, И. М. Воронцов, О. Ю. Фадеева және т. б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых және О. Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың денсаулығы мен психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М. В. Осорина тастанды баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаса, В. С. Мухин балалар үйіндегі тастанды балалардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептерін зерттеген. Ал, Л. С. Славина мен Г. М. Сысоева балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тастанды балалардың өз мүмкіндіктерінің бағасын жоғарылату үшін жасайтын іс-әрекеттерін сипаттаған. Қазақстандық ғылымда А. С. Уманов, В. В. Трифонов, Л. К. Керимов және т. б. тастанды балаларды әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырған. Мысалы, Л. К. Керімов өз еңбегінде тастанды балалардың денсаулығы мен психикасына ықпал етудің белгілі жүйесін жасап көрсеткен. Ш. Е. Жаманбалаеваның еңбектерінде әлеуметтік аспектілері қарастырылған. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттарда тәрбиеленуші тастанды балалардың дамуы мен тарихын Л. Г. Ақжаркенова зерттеп, осы саланың дамуына өзіндік үлес қосты [2] . Әлеуметтендірудің нәтижесі, қоғам талабын қанағаттандыратын әлеуметтену үдерісі болып табылады. Бірақ та, бұл үдеріс жетім балаларды әлеуметтендіруде өзіндік қиындық туғызады. Республикамыздағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар көрсеткіші жылдан жылға азаю үдерісі - көңілге медеу болуда. 1999 жылы Қазақстан Республикасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 мың бала болса [3] . 2009 жылы - 46 мыңнан астам [4], 2011 жылы - 36777 [5], 2012 жылы - 34785 бала, 2013 жылы - 33682-ге азайған [6], ал 2014 жылы - 32362 жетім бала тіркелген. Бұл мәліметтер Қазақстандағы жетім балалардың саны жылдан жылға азайып келе жатқандығын көрсетеді. 1999 жылмен салыстырғанда жетім балалардың саны 3 есеге азайған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Патронат туралы ережесінде осы ұғымға төмендегідей анықтама берілген: «Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаушы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны. Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады». Сондай-ақ, асырап алу, патронат атанудың шарттары, міндеттері, т. б. мәселелер Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысымен бекiтiлген. Жетімдік баланың психикалық дамуына қаттар әсер етеді. Ата-анадан айырылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым бөлігі өмірге деген құштарлығы жоғалады, өзіне -өзі сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды [7] .
1. 2 Тастанды балалар үйіндегі балалардың өсу немесе дене құрылысының даму ерекшеліктерҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша (2013 ж) балалар үйіне немесе тастанды балалар (шешесі бас тартқан балалар) ішінен 64% құрсақ ішіндегі даму кедергілерімен анықталса, ол балалардың 10%-да тұқым қуалаушылық немесе тума аурулармен кездеседі екен. Балалардың 30-40% маскүнемдер отбасынан шықса, 13% әкесі туберкулезбен, сифилис, диабет немесе психикалық ауруларымен анықталғандар[8] .
Психикалық жағынан да денсаулық жағынан да барлық тастанды балалардың жартысына дейін аурулар кездеседі. Көптеген тастанды балалар ішкі жатырлық аурулармен ауырады, мысалы, цитомигалия, таксоплозмоз, хламидиоз.
Тастанды балалардың көбісі балалар үйіне немесе қазіргі лексиконмен айтар «жетімдер үйіне» келіп түскенге дейін жағымсыз, яғни ыңғайсыз отбасы үйлерінде немесе көшеде тіршілік етуі мүмкін. Сол уақыттаға балалардың басынан өткен стресс жағдайлары баланың эмоциалық ахуалы саласының дамуына кері ықпал етеді.
Психологтардың зерттеуі бойынша тастанды балаларға бір сипатты белгі тән, ол: мінез-құлық пен өзіндік ұстанымдарында үлкендерге тәуелділік, сыртқа адамдармен ортада өзін бөтен, бөгде іспетті сезіну, өз ойын ашық айта алмау.
Республикада жетім балаларға арналған 188 ұйым бар. Оның ішінде 43 ұйым денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде. Оның құрамында 2095 бала. Ал құрамында 7784 бала бар 145 ұйым білім беру жүйесіне қарайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғамда өз орнын тауып, отбасында жақындарымен өмір сүруге бейімделуі үшін отбасы үлгісіндегі балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары желісін дамытуға баса назар аударылуда. Аталған интернат үйлері үшін Үкімет жыл сайын ортақ қазынадан 8 миллиард теңге бөледі [9] .
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы бойынша 18 мыңнан астам ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тастанды балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 80% қазақ балалары. Олардың 4% ғана әртүрлі тағдыр тауқыметтерімен ата-анасынан айырылғандар болса, 96% ата-анасынан айырылғандар, яғни әлеуметтік жетімдер (әке-шешелерінің ішімдікке салынуынан, өз балаларын перзентханаларға немесе өзге орындарға тастап кетулеріне байланысты сәбилер үйі мен балалар үйлеріне қабылданғандар) . Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 78% - нан астамында физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамуында ауытқушылықтар байқалады. Оған себеп ата-ана өлімі, отбасының ұрыс-керістері, күнделікті күн тәртібінің балалар үйіне келгенге дейінгі уақытта дұрыс болмауының әсерінен болады. [10] .
Қазақстандағы балалар үйіне келіп түсетін балалардың денсаулығы жылдан жылға нашарлауда. Мысалыға тәуелсіздік жылдарына дейінгі уақыттарда тастанды балалардың денсаулығы бойынша түрлі аурулармен, психикалық науқас балалардың құрамы 40%, болса, 2009 жылға қарай бұл көрсеткіш -81% жеткен[11] .
Жанұяда тәрбиеленетін балалармен салыстырғанда балалар үйіндегі балаларда тыныс алу мүшелері, асқорытыу жүйесінің бұзылыстары, зат алмасу және иммунитеттің төмен болуы іспеттес аурулар 1, 5-2 есеге көп кездеседі[12] .
Тастанды балаларда мұндай ауру түрлерінің көп болу себептері мына пункттерден байқаймыз:
-Тастанды балалардың басым бөлігі негативті тұқым қуалаушылық белгілерімен туылады (маскүнемдік, нашақорлық) ;
-«Тастанды» балалар көбінесе тума дене және психикалық аномалиялармен дүниеге келеді (мысалы, анасы баласының туылуын қаламай жасанды қолдан түсік тастау үшін түрлі зиянды дәрмектерді пайдалануынан болуы да мүмкін) ;
-Қаланбаға жүктіліктің өзі баланың денсаулығына үлкен кері әсерін тигізеді.
Балалардың күрделі контингенті сол балаларды тәрбиелеп, кешенді емдеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерді талап етеді.
Тастанды балалардың дене бітімінің өсу -даму кешені мағынасы өте кең ауқымды. Бұл түсінікке баланың организмнің қызмет ету кешенді қасиеттері, дене күшінің мөлшері мен іс-әрекетке қабілеттілік өлшемдерін жатқызамыз[13] .
Тастанды балалардың физикалық (дене) өсіп дамуының негізіне организмнің механикалық-құрылымдық қасиеттерін анықтайтын белгілерімен анықталады, ол белгілерге төмендегілер кіреді:
-дененің ұзындығы;
-дене салмағы;
-кеуде қуысының аумағы[14] .
Тастанды сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады[15] .
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі[16] .
Әр-түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды) . Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм) ; Жыныстық диморфизм-өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады[17] .
Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдейе түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу-дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz