Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бұл курстық жұмыс қазіргі қазақ тілінің ең күрделі мәселелерінің бірі - үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер мен олардың қолдану өрісін тереңдетіп зерттеуге арналған. Берілген тақырыпқа байланысты көптеген ғылыми мағлұматтар, авторефераттар, қолжазба деректер, бұқаралық ақпараттар көздері қолданылды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер - лексикология мен лексикография саласының әлі толық зерделенбеген көлемді тақырыптарының бірі. Қазіргі қазақ тіл білімінде үй жануарларына қатысты фразеологизмдерді зерттеген ғалымдар бар болғанымен, үй жануарлары негізінде туындаған фразеологизмдердің нақты классификациясы қалыптасқан жоқ. Бұдан бөлек, үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің мағыналық тобы - тұтастай жүйеленбегенін айтқымыз келеді. Осы мәселені ескере отыра, біз үй жануары негізінде қалыптасқан фразеологизмдерді өз ішінен субъектінің іс-қимылына, эмоциялық-экспрессивтік реңке және мекен-мезгіл атауына қатысты деп бірнеше семантикалық топқа жіктедік. Бірақ жасаған талдауымыз - үй жануарларына қатысты фразеолгизмдердің мағынасын топтастырудың субстанциясы екендігін мойындамақпыз. Алайда болашақта бұл еңбегіміз ғылыми айналымға енер деген үміттеміз. Себебі үй жануаралы негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің семантикалық тобын құрастыру - қазақ тіл білімі үшін тың жаңалық болып табылады. Оның үстіне бүгінгі уақытқа шейін үй жануарлары негізінде туындаған фразеологизмдердің зерттелім тарихы, ғылыми аспектісі, семантикалық тобы, ұйытқы сөзі, концептуалдық мәні мен классифкациясы жалпы түрде зерделенді. Бұны қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикография саласының даму қарқына байланысты деп білеміз. Сондықтан зерттеу жұмысы барысында біраз мәселені айқындағанымызды еш жасырмаймыз. Мәселен, үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдерді зоофразеологизмдер деп нормативтендіру - арттық болмас еді. Зоофразеолгизмдер термині фразеологизмдер табиғатын әлдеқайда кеңірек ашатынына нық сенім білдіреміз.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдерді зерттеудің көкейкестілігі: күнделікті тұрмыстық лексикада жиі кездесетін үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің шығу тарихын анықтап, оларды тілде орнымен қолданудың өзіндік заңдылықтары барын дәлелдеу боп табылады.
Зерттеудің нысаны: үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісінің қазақ тіліндегі ерекшеліктері;
Зерттеу пәні: үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісі;
Зерттеудің мақсаты: үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісінің мәселелерін анықтау;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісіне зертханалық жұмыс жасау;
үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісінің тарихын қарастыру;
үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісінің қазіргі қазақ тіліндегі жұмсалу аясын зерттеу;
үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісіне фразеологиялық талдау жасау;
үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер және олардың қолдану өрісіне жасалған сараптамалық жұмыстың қорытындысын шығару;
Зерттеудің дереккөздері: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы (Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев., 3-бөлім, 2006), Қазақ тілі тарихи лексикология мәселелері (Ә.Қайдаров., 3-бөлім, 1988), Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі (І.Кеңесбаев., 3-бөлім, 1977), Қазақ мифологиясының тілдік көрінісі (Қ.Ғабитханұлы., 7-бөлім, 2006) Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты (Р.Кенжебекқызы), Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі (Ж.Дәрібекқызы), Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты (А.Нурсеитова), Ә.Т.Қайдар Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік), 3 томдық (2009-2013) және т.б еңбектер пайдалынылды.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында ғылыми еңбектерге шолу жасалынып, тіл біліміне кіріспе пәні бойынша фразеолгизмдер туралы жалпы түсінік қалыптастырылды. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы саласы негізінде қалыптасқан іс-тәжірибені пайдалынып, үй жануарларына қатысты фразеологизмдерге лексика-семантикалық, семантикалық, морфологиялық және этнолингвистикалық талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің болжамы: Егер, үй жануарлары незінде қалыптасқан фраезеологизмдер және олардың қолдану өрісі туралы әрбір жеке тұлға дұрыс түсінік қалыптастырса, онда бүгінде тілдік қарама-қайшылықтар туындамаушы еді.
Зерттеу жұмысының бағасы: Көкшетау қаласының тұрғындары мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттерінің тұрмыстық лексикасы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен нормативтік қосымшалардан тұрады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің зерттелім тарихы және ғылыми аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің мағыналық топтары және олардың ұйытқы сөзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

II
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНУ ӨРІСІ ЖӘНЕ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде қолдану өрісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдерге фразеологиялық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...34

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің зерттелім тарихы және ғылыми аспектісі

Фразеологизм - грек тілінен аударғанда phrasis сөйлемше, logos ілім деген мағынаны білдіреді. Фразеология - тілдегі тұрақты тіркестердің құрылымдық сипаты мен қолдану ерекшеліктерін зерттейтін лексикологияның бір саласы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы саласын байыбына барып зерттеген тілші ғалымдар Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтің монографиялық еңбектеріне сүйенетін болсақ, қазақ тіл білімінде фразеология екі түрлі семантикада қолданылады. Біріншіден, фразеология - тілдегі тұрақты тіркестердің құрамын зерттейтін саласы. Екіншіден, фразеология - белгілі бір тұрақты тіркестердің синтезі боп саналады. Фразеология туралы алғашқы көзқарастар Кеңес тіл білімінде 20-ыншы ғасырдың 40-ыншы жылдарында пайда болса, ал қазіргі қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелуі І.Кеңесбаевтың құнды зерттеулерінен басталады. 1977 жылы ғалымның көпжылдық еңбегінің арқасында қазақ тілінде тұңғыш фразеологиялық сөздік жарық көрді. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі деп аталатын бұл еңбекте бұрынғы қазақ халқының мал шаруашылығына қатысты фразеологизмдер де баршылық. Мәселен, ат құйрығын кесті, ат сауырын берді, ит өлген жер, ит арқасы қияда және т.б. Осы тұста үй жануарлары қатысты фразеологизмдер қалай пайда болды және оны кімдер зерттеді деген заңды сұрақ туындайды. Болашақ университетінің магистрі У.Куаныш Акбаровичтің Қазақ тіліндегі анималистік фразеологизмдердің танымдық сипаты атты мақаласына сүйенсек, қазақ тіл біліміндегі үй жануарларына қатысты фразеологизмдерді зерттеумен Ш.Жанәбілов, Ә.Жақыпов, Т.В.Линко, С.К.Сәтенова, М.С.Бейсенова, Б.Тлепин, Р.З.Панзарбекова, Б.С.Тоқтағұл сынды тілші-ғалымдар айналысты. Ал Х.Арғынбаев, Ж.Бабалықұлы, Е.Жанпейсов, О.Нақысбеков, Ә.Ермеков, С.Қасиманов, Қ.С.Ахметжанов, А.Тоқтабаев, Ж.Сейтқұлова т.б. ғалымдардың концептуалдық мақалалары мен еңбектерінде төрт түлік мал атауларына байланысты мәселелер әртүрлі деңгейде қарастырылды. Оған қоса, Нурсеитова А.А, Ж. Дәрібекқызының жылқы атауына байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық мәнін түбегейлі зерттеп, көлемді еңбек жазғанын айта кетуіміз шарт.
Үй жануарлары негізінде туындаған фразеологизмдердің зерттелу мен даму тарихы түсінікті. Енді олар қалай пайда болды деген сұраққа келейік. Үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің туындауына негізінен екі фактор әсер етеді: біріншісі - белгілі бір мемлекеттегі халықтың географиялық тарихы, екіншісі - белгілі бір мемлекеттегі халықтың байырғы шаруашылығы. Ең әуелі біріншісіне тоқталайық. Мемлекет болу үшін халыққа жер керек екені баршамызға белгілі. Жері шұрайлы, топырағы құнарлы халықтың мал шаруашылығы да жақсы дамиды. Осыған орай, халықтың сөйлеу тілінде үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің шоғыры пайда болады. Мәселен, Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты атты зерттеу жұмысының авторы Үрімова Рахила Кенжебекқызының тұжырымдауынша: қазақ тіліндегі аймақтық мақал-мәтелдерінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі - халықтың шаруашылық жағдайы. Қазақ тіліңдегі дерексіз зат есімдерден деректі зат есімдер туындай алады (Мысалы, кісілік дерексіз зат есімі кісі деректі зат есімінен туындаған) деген кейінгі пікірлерді ескере отыра, біз ғалымның пікірін қуаттап, халықтың географиялық жағдайына байланысты үй жануарлары негізінде фразеологизмдер қалыптасады демекпіз. Анығын айтқанда, халықтың орналасу аймағы - үй жануарлары негізінде фразеологизмдердің қалыптасуына ықпал жасайды. Мәселен, бүгінгі Маңғыстау қазақтарының сөйлеу тіліндегі Ақ құн сөзінің фразеологиялық қыры бар. Бұндағы құн сөзі ерте кезде ірі қара, жылқы мағынасын білдірген. Бұған Есентемірлер ақ құн төлеп, жаладан зордан құтылады деген фразеологизм аксиома болары хақ.
Екінші факторы - белгілі бір мемлекеттегі халықтың байырғы шаруашылығы. Қазақ халқы көшпенді халық ретінде ұзақ жолға бейім үй жануарларын ұстауға барынша тырысқан. Өйткені бұндай жануарларды бір жерден екінші жерге алып жүру - көшу кезінде еш қиындық тудырмаған. Мәселен, ат қойды, ат құйрығын кесті, өгіз аяң, өгіздей өкірді және т.б фразеологизмдер біздің сөзіміздің дәлелі жүйелі бола алады.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдерді зерттеудің бірнеше ғылыми аспектісі бар. Мұғайындап айтсақ, тарихи лексикологиялық, этнологинвистикалық, этнологиялық, фольклорлық, мифолологиялық, географиялық және зоологиялық аспектісі. Бәрінен бұрын үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің тарихи лексикология саласымен байланысына тоқталып өткеніміз жөн болар.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің тарихи лексикологиялық аспектісі.
Тарихи лексикология - тіл білімінің сүбелі саласы. Ол тілді халықтың даму тарихымен сабақтастырып зерттейді. Тарихи лексикология саласы тілді тереңдетіп зерделеуде екі заңдылықты басшылыққа алады: этногенез және глотногенез. Бұл заңдылықтарының үй жануарлары негізінде пайда болған фразеологизмдерге тікілей қатысы бар. Алғашқы заңдылық фразеологизмнің шығу тарихын айқындауға мүмкіндік берсе, екіншісі оны географиялық принцептермен байланыстырады. Яғни, фразеологизмдердің пайда болуының географиялық негіздемесі барын айтады. Осыдан, үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің географиялық аспектісі туады. Үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің географиялық аспектісі дегеніміз, фразеологизмдердің елдің орналысу жағдайы тұрғысынан зерттелуі мен пайымдалуы болып табылады. Мәселен, халықтың тығыз орналасқан жеріне байланысты фразеологизмдердің түрін белгілеу - географиялық негіздеменің алғашқы функциясына жатады. Сөзімізді нақтылай түсу үшін бірнеше мысал келтірерлік. Мәселен, Есек мінген ат сұрамайды, балық жеген ет сұрамайды. Бұл фразеологизм балықты кәсіп еткен аймақтарда жиі айтылады. Мағынасы Балық еті де адамды аш қылмайды дегенді білдіреді. Олай болса, үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің қалыптасуында - географиялық аспектінің алатын рөлі зор болмақ.
Үй жануарлары негізінде пайда болған фразеологизмдердің этнолингвистикалық аспектісі.
Этнологинвистика - тілдің халықтық сипатын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Этнолинвистика тілді ұлттық құндылықтар тұрғысынан зерттеу арқылы тіл білімінің аясын кеңейтеді. Тілдің ұлттық ерекшілігін танытады. Қазіргі лингвистикатанушылар тілді зерделеуде этностық белгілерге назар аударады. Лингвистердің пікірінше, бұл тілдің табиғатын тануға едәуір көмектеседі. Ғұлама ғалымдардың тұшымды пікірін ескере отырып, біз үй жануарлары негізінде пайда болған фразеолгизмдердің этнолигвтистикалық сипатын ашуға бел будық. Зерттеу жұмысымыз оң нәтиже көрсетті. Сөзіміз асбурд болмас үшін үй жануарлары негізінде туындаған фразеолгизмдерге мысал келтірейік. Мәселен, тазы қуған қояндай фразеологизмі қазақ халқының құмай тазыларды баптап өсіруіне байланысты пайда болған.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің фольклорлық аспектісі.
Фольклор - ұлттық код пен ділдің біте қайнасқан жері. Фольклор - ауыз әдебиетінің қоймалжын бұлағы. Ұлттық әдебиетте кездесетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтардың барлығы дерлік үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің жасалуына негіз болған. Олар тілді ширатып қоймай, тілді тереңірек тануға септіктерін тигізген. Мәселен, тілімізде кең мағынада ұшырасатын: Ит жеті қазынаның бірі, Ит адамның құлағы, Ит сегіз туып, елден аспайды, ешкі егіз туып, қойдан аспайды, Ер қанаты - ат, Бір биеден ала да туады, құла да туады, Ат айында, бие жылында құлындайды, Жылқыда от жоқ, құс та сүт жоқ, Ат баспаймын деген жерін, үш басар, Екі қошқардың басы бір қазанға симайды, Теке де болса, сүті болсын, қоян да болса, еті болсын, Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды, өгіз мүйізді сиырдың сүті болмас, Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді, Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады және т.б фразеологизмдер мақал-мәтелдер есебінен пайда болғаны баршамызға белгілі.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің мифологиялық аспектісі.
Мифология - схоластикалық білімнің іргелі жанры. Мифтің схоластикалық болатын себебі - ғылыми түсінік жоқ кезде туындауы бірінші есепке кірсе, екіншісі - мифте шыңдық утопиямен берілетіндігінде. Миф ешқашан ақиқатты тура айтпайды. Миф - жұмбақтап сөйлеуді жаны сүйеді. Миф сонысымен құнды. Осы тұста миф пен фразеологизмдердің қандай байланысы бар деген сұрақ туындайды. Сауал орынды. Халық ғылыми пайымы жоққа саналатын мифке арқа сүйеуінің арқасында тілімізде фразеологизмдердің тізбегін жасалған. Мәселен, өгіз аяң фразеологизмі тотемдік түсініктен туған. Олай болса, бұл фразеологизмді тотемдік фразеологизм деп атау әсте қате болмас.
Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің зоологиялық аспектісі. Зоология - жануарлар туралы ғылым. Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің шығу тегін анықтауда зоологияның алатын рөлі зор екендігін айтқымыз келеді. Өйткені ҮЖ-на қатысты фразеологизмдердің құрылымын анықтау - зоологиялық факторларға байланысты. Қазақ халқы үй жануарларының сыртқы болмысына қарап фразеологизмдердің шоғырын қалыптастырған. Мәселен, сиырдай мүйіздесті, сиырдың бүйрегіндей бытырады, сиырдың жорғасы секілденді фразеологизмдер сөзіміздің айқын дәлелі болары хақ.

1.2 Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің мағыналық топтары және олардың ұйытқы сөзі

Қазіргі қазақ тіл білімінің лексикатанушылары төрт түлікке қатысты фразеологизмдердің ұйытқы сөзін ашуға барынша тырысып бақты. Мәселен, Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев жылқы, қой, түйе, сиыр сөзінің ұйытқы болуымен төрт түлік мал атауларына қатысты фразеологизмдер туындайтынын айта келіп, үй жануарларына ит концептісін қосады. Пікіріміз ұғынықты болу үшін назыр келтірерлік.
Қазақтың гносеологиясында жеті қазына түсінігі бар. Ол - адамдардың күнделікті тұрмыста ұтымды пайдаланып, қолданып жүрген асыл заттары. Жеті қазынаға қазан, ат, ит, бүркіт, мылтық, диірмен, кітап жатқызылатыны баршамызға мәлім. Біздің тақырып үй жануарларына қатысты болғандықтан, ғаламзат атауларына аса тоқталмауды жөн көрдік. Сондықтан бірден адамның адал досы - итке байланысты туған фразеологизмдерге тоқталып өтейік.
Ит - адамның абзал серігі. Ит қашанда батырдың таймас досы, адал жүректі жануар иесі болған. Қазақ халқында итке қатысты аңыздар да баршылық. Мәселен, қазақ әфсаналарында қырағы тазыларды құмай құстың жұмыртқасынан жаралған, оның құстай жүйріктігі содан қалған-мыс делінеді. Құмай тазыларға тән ерекшеліктерді парақтасақ: алғыр, қимыл-қозғалысы көз ілеспес шапшаң, сирақтары жіңішке, алдыңғы екі аяғының арасы сәл дөңестелген, құрсағы ішке кірген, бітімі шымыр, жүні сұлу (тарап қойғандай әсем), танауы үшкір, тік құлақты, тістері ақсиыңқы боп келеді. Құмай тазыларды қазақ халқы аң ұстауға, із кесуге кішкене күнінен баулыған. Мылтықтың дауысы құмай тазыларға жат еместігі - сондықтан. Қазақта құмай тазыларға байланысты тазы қуған қояндай атты фразеологизм бар. Бұл фразеологизм холерик адамдардың эмоциональдық іс-әрекетін ашуда қолданылады.
Ат. Көшпенділер өмірінің символы - сәйгүлік. 1980 жылы Ботай жерінде салмағы он тоннаға жуық жүз мыңдаған жылқы сүйіктері табылды. Бұл археологиялық мұралар зерттеуші ғалымдардың назарын ерекше аударды. Археологтардың қажырлы еңбегі - концепциялық пікірдің іргесін қалады. Адамзаттың алты мың жыл бұрын жылқыны ауыздап үйренгендігі дәлелденді. Міне, көшпенді халықтың тілінде жиі кездесетін Ер қанаты - ат фразеологизмнің шығу тарихы осында жатыр.
Бүркіт. Қазақ халқында құс салып, аңға шығу - көнеден келе жатқан құбылыс. Ұлтымызда тазымен қатар, бүркітті қолға үйрету - серіліктің белгісі саналған. Сал-серілер құсбегілікті ерекше қастерлеген. Олар бос уақыттарында құсбегілікпен шұғылданып, олжалы қайтқан. Қазақта бүркітке қатысты: бүркіт бабына келгенде қасқыр алады, қаршыға бабына келгенде түлкі алады, қыран құсты ұстау қиын, тәтті тағамды сақтау қиын, бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады деген кең мағыналы фразеологизмдер жетерлік.
Қазақ тіліндегі қой, сиыр, өгіз, түйе үй жануарларына қатысты фразеогизмдердің пайда болу тарихы.
Қой. Қой шаруашылығы қазақтың көшпелі шаруашылығының іргетасы болып табылады. Мыңдаған жылдар бұрын тылсым табиғаттың ыстық-суығына өте төзімді қазақтың қойлары пайда болды. Қазақ қойды ерекше күтіп-баптаған халық. Көктемде жаппай қырыққан жүнді қазақ жабағы жүн дейді. Қазақ жабағы жүнмен жаңа туған нәрестені орап қояды. Себебі жабағы өте жұмсақ әрі жылы боп келеді. Бұл сәбиді суықтан сақтайды. Қазақтың бұрынғы емшілері жабағыны суықтап қалған адамдарды құлан таза айықтыру үшін пайдаланған. Мұғайындап айтсақ, тілімізде жабағы жүнге байланысты жарыспалы мағынадағы фразеологизмдер пайда болған. Назыры, Жүн керек болса мизамда қырық, қой керек болса қазанда қырық, жүн-жүн болды, жүні жығылу, жүйкесі жүн, жігері құм этнофразеогизмдері сөзіміздің айқын дәлелі болмақ. Қойға қатысты фразеологизмдерге: қой басты, қой болды, қой басындай ділдә, қойға келген ешкідей болды, қойдай бөріктірді, қойдай жусатты, қойдай қырды, қойдай өргізіп, қозыдай көгендеді сынды фразеологизмдер жатады.
Сиыр. Сиыр - қазақтың төрт түлігінің бірі. Сиыр малын тек сүт пен ет үшін ғана емес, көлік ретінде пайдалану көшпелілер тұрмысында кеңірек орын алған. Сиырға қатысты фразеологизмдерге: сиырдай мүйіздесті, сиырдың бүйрегіндей бытырлатты, сиырдың жорғасы секілденді, сиыр құйымшақтатты, сиыр мінез, сиыр тектес, сиыр сәске сынды фразеологизмдер енеді.
Түйе. Қазақтың шөлге төзімді үй жануарларының бірі - түйе. Түйе қапырық ыстыққа да, ызғарлы суыққа да шыдамды жануар. Қазақ түйенің жалғыз өркештісін нар, ал қос өркешті түйені айыр деп атайды. Түйе тұқымын жіктеп айтуымыз - зәуіқайыр жайт емес. Түйенің дара өркештісі ыстық аймақтарға төзімді болса, ал қос өркештісі суық жерлерге бейім. Бұның себебі - түйенің өркешінде сақталатын қорға байланысты. Дара өркешті түйеге қарағанда қос өркешті түйеде азық көп болады. Азық деп отырғанымыз - май. Май - ағзаға жылу беретін органикалық зат. Міне, түйенің осындай ерекшеліктеріне байланысты тілімізде фразеологизмдердің парагдигмасы қалыптасқан. Анығында, фразеогизмі сөзіміздің айқын дәлелі болары хақ.
Қазақ лексикологиясында үй жануарлары ішінен жылқы фт-і едәуір зерттелінген. Бұған Байталиева Жанар Дәрібекқызының Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі мен Нурсеитова А.А. Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты атты мақаласы дәлел бола аларына кепілдік береміз. Ғалымдардың бұл еңбегі үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің табиғатын тереңірек тануға зор көмектесті.
Фразеологиялық мағына деп, құрамындағы сөздердің не басыңқы һәм бағыңқы сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған мағынасын айтады. Үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің де басқа тұрақты тіркестер іспетті өзіндік семантикалық мағынасы бар. Зайырын айтқанда, үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдер адамдардың іс-әрекетін, міне-құлқын, типтік бейнесін ашуда маңызды рөл атқарады. Оны сіздер төмендегі концепциялық талдаулардан біле аласыздар:
Қазіргі қазақ тілінде үй жануарларына байланысты фразеологизмдердің көптеп кездесетіні баршамызға мәлім. Олар тілімізде ұшырасу арқылы белгілі бір семантикалық ұғымды білдіреді. Атап айтқанда, үй жануарларының мінез-құлық ерекшеліктерінің ассоциацалуының нәтижесінде туған бұл зоофразеологизмдер көбіне адамның тұлғалық көрсеткішін айқындауда қолданылады.Үй жануарларына қатысты фразеологизмдер субъектінің моральдық қасиетін, болмыс-бітімін, жеке-даралығын, саналық әрекетін тануға көмегін тигізеді. Оны біз төрт түлік мал атауларының ұйытқы болуымен туындаған фразеологизмдерден көре аламыз. Сөзімізді аксиомалау үшін әрбір зоофразеологизмдердің ұйытқы сөзіне аналогиялық талдау жасап шығайық:
Ат концептісі. Қазақ тілінде ат сөзі үй жануарларына қатысты фразеологизмдерге ұйытқы бола келіп, тұлғаның іс-әрекет белсендігін танытады. Мәселен, ат құлағы көрінбейді, ат құйрығын кесті, ат қойды, ат сабылтты, ат сауырын берді, ат-тоңын ала қашты, ат қосты, жылқыдан торы, жылқылы бай деген фразеологизмдерден анық байқаймыз.
Қой концептісі. Қой - қазақ ұғымында жуас жануар болғандықтан, тұйық адамдар мінезін ашуда қолданысқа ие. Мәселен, қой асығын қолына ал (қабілетіне қара), қой аузынан шөп алмас (жуас), қойға келген ешкідей болды (жатырқады), қойға шапқан қасқырдай (қырып-жойды), қойдай бөріктірді (дүрліктірді), қойдай қырды (қан-жоса қылды), қойдай өргізіп, қозыдай көгендеді (дегеніне көндірді), қойдай өрді (қаптады), қойдай шулады (азан-қазан болды), қой мойынды (қойдың мойыны сияқты), қой ішіндегі марқа (өте жағымды) және т.б фразеологизмдерден момын адамдардың тұлғалық ерекшелігін аңғару қиын емес.
Сиыр концептісі. Сиыр концептісі қызба мінез адамдарға қатысты айтылады. Мысалы: сиырдай мүйіздесті, сиырдың бүйрегіндей бытырады, сиырдың жорғасы секілденді.
Түйе концептісі. Түйенің өркештісі нар делінетіні көпшілікке аян. Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық. Мәселен: нар еді (өте күшті), нар бурадай шабынды (қатты айбат көрсетті), нар кескен (асыл, өткір қылыш).
Үй жануарлары тіл біліміндегі үлкен тақырып саналатындықтан, жоғарыдағы концептілер болашақта тармақталып жазылады деген үміттпен, келесі талдау жұмысымызға көшеміз:
Қазақ халқы кәсіпті нәсібім деп білген. Халқымыз саятшылық, құсбегілік, аңшылықпен айналысып, кәсіптің түрлерін шыңдаған. Осылайша, тіліміздегі үй жануарларына қатысты фразеологизмдердің саны артқан. Олар енді төрт түлік мал атауымен шектелмей, басқа да хайуанаттардың аттарын ұйытқы қылған. Бұған ит, құс, бүркіт, өгіз, қоян, балық, мысық сықылды нормативтерінің қатысымынан туған фразеологизмдерді жатқызамыз.
Ит концептісі. Қазіргі қазақ тілінде ит ұйытқы сөзі едуәір зерттелінгендіктен, біз күшік ұғымын зерделеуге көбірек мән бердік. Күшіктің үйқамақта отыруына байланысты тілімізде күшік күйеу этнофразеологизмі қалыптасқан. Бұл фразеологизм ұқсату заңынан туған. Мағынасы үйден шықпайтын адам ұғымына телінеді.
Құс концептісі. Қазақ халқының құсбегілікпен шұғылдануы - құс концепцісінің пайда болуына себеп болған. Мәселен, құстай ұшты, құстай қалықтады сынды фразеологизмдер сөзіміздің жүйелі дәлелі боларына нық сенімдеміз.
Қаз концептісі. Тілімізде қаз сөзінің ұйытқы болуымен іс-әрекет мәніндегі фразеологизм жасалды: қаздай қалқыды. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде Қаздай қалқыды фразеологизмінің сап түзеп ұшты, емін-еркін жүрді деген мағынаны білдіретіндігі тәптіштеп жазылған. Сөздікте фразеологизмге қатысты мысал да берілген: Луганский мен Бигельдинов бастаған ұшқыштар тобы қаздай қалқып Днепрге бет алды.
Үйрек концептісі. Үйректей жүзді, қаздай қалқыды (өмірдің қызығын көрді), үйрек ұшып, қаз қонды (еркін өмір сүрді).
Қоян концептісі. Қоян - қазақ танымында үркек аң. Қоянның осы қорқақтығы үй жануарларына қатысты фразеологизмнің жасалуына негіз болды десек еш қателеспезбіз. Мәселен: қоян жүрек (қорқақ), қоян-қолтық аралас (өте тығыз), қояншығы ұстады (долданды) және т.б.
Бұдан басқа бүркіт концептісі, өгіз концептісі, балық концептісі, мысық концептісі жіктеп көрсетуге әбден болады.
Қазіргі таңда ғылым мен техника қарыштап дамуына байланысты адамдардың үй жануарларына деген гносеологиясы өзгерді. Адамзат мәдениеттің зор жетістігіне жетіп, жыртқыш аңдарды, жәндіктерді үй жануарлары ретінде қолға үйретпекке ниеттенді. Осыған орай, байырғы қазақ түсінігіндегі жәндік, жыртқыш аңдардың атаулары үй жануарларының қатарына еніп, фразеологизмдердің типологиялық классификациясын жандандырды. Біз жоғарыдағы пікірді қуаттай отырып, үй жануарларының ұйытқы сөзіне жәндік атауларын қостық. Бұлай бөлуіміздің басты себебі - жәндіктердің қолға үйретілуі болмақ.
Құмырсқа концептісі. Құмырсқа - еңбекқор жәндік. Құмырсқаның үйірі - нағыз еңбекқорлар алаңы. Қазақ құмырсқаның үйірін асоциациалап, бірқатар фразеологизмдерді жасақтаған. Мәселен, құмырсқадай қайнады фразеологизмі ығы-жығы болды мәнін білдіреді.
Ара концептісі. Ара - үйір боп өмір сүруге бейімделген жәндік. Атам қазақ араның өмір сүру заңдылығын бақылап, жәндіктерге қатысты фразеологизмдер есебін молайтқан. Бірақ қазір ара қолға үйретілендіктен үй жануарларының қатарына жатады. Сол себептен, біз араға байланысты фразеологизмдерді үй жануарларына енгіздік. Мәселен, ара ағайын (ақыл айтатын адам), арадай талады (барлығы бірдей жабылды), ара қонды (орта жолға бір түнеді) және т.б.
Өрмекші концептісі. Өрмекші - өрмек тоқуға әуес жәндік. Қазақта өрмекші дүниетанымы негізінде өрмек жүгіртті, өрмек жүзі ауғанда сықылды фразеологизмдер қатары моншақ тізген. Оған қоса, көбелектің қолға үйретуге байланысты көбелек концептісін зерттеу - қызықты болары хақ. Бұлар да қазіргі үй жануарларының есебіне кіреді (Қала тұрғындары көбіне өрмекші, көбелек асырайды).
Үй жануарларының балаларына қатысты тілімізде фразеологизмдер баршылық. Мәселен:
Күшік концептісі. Күшік деп төбеттің баласын айтатыны баршамызға белгілі. Тілімізде күшік сөзінің ұйытқы болуымен бірталай фразеологизмдер жасалған. Зайырында: күшік иттей үрді (қолынан түк келмесе де жарбаңдап жармаса беру), күшік күйеу (үйқамақта отырған адам) және т.б.
Марғау концептісі. Марғау - мысықтың баласы. Қазақ тілінде марғау сөзінің тікелей қатысымымен Марғау кетті атты жалғыз фразеологизм бар. Оның мағынасы алысқа, көз ілмеске кетті концепциясына бағынады.
Балапан концептісі. Құстың баласын балапан дейді. Балапан ұғымына қатысты тілімізде: балапан ашты (жұмыртқа шайқап, балапан шығарды), балапан басына, тұрымтай тұсына кетті (әркім өзінше, өз жөнімен), балапан құстай оңдалды (талпынды) сынды фразеологизмдер жиі ұшырасып жатады.
Бота концептісі. Түйе баласын бота деу тілімізде ертеден бар. Бота сөзінің қатысымының нәтижесінде тілімізде: ботадай боздады (көз жасын көл қылып, жылады), боталаған нардай зарлады (қайғырды), ботасы өлген түйедей зарлады (жоқтады), бота тірсек (жүйрік аттың эпитеті) және т.б фразеологизмдер қалыптасқан.
Құлын концептісі. Жылқы тұқымын құлын деп атау бұрынан келе жатқан құбылыс. Құлын ұғымының тоғысуымен тілімізде: құлындағы дауысы шықты (жан дауысы шықты), құлындағы сақау, құнандағы тістеуін айтты (тәптіштеп сөйлеу), құлындай ойнап шыға келді (құлан таза айығу), құлын-тайдай айқасты (татау болу) сияқты фразеологизмдер шоғыры пайда болғанын ескерген жөн.
Үй жануарларына сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, жыртқыш аңдар мен Африкалық хайуандар да жатады. Бұндай жануарлар жаңа дәуір фразеологизмдерінің жасалуына незіз болып, сөздік қорымызды байытты. Мәселен:
Кірпі концептісі. Зоофразеологизмге мысал: кірпідей жиырылды (жақтырмады, тыжырынды).
Тасбақа концептісі. Баяу жүрісті адамдарға қатысты қолданылады: тасбақа жүріс (тым баяу), Тасбақаның аузынан шөп алған адам (өте айлалы, тапқыр адам). Сонымен қатар, маймыл концептісін тарамдап жазу - тақырыпты аясын кеңейтер еді.

II. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНУ ӨРІСІ ЖӘНЕ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Үй жануарлары негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің қолдану өрісі

Қазақ халқы көшпелі тұрмыс кешкендігі ертеден белгілі. Бұрынғы ата-бабаларымыздың өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты болғандықтан, сөйлеу тілінде, сәйкесінше, үй жануарлары қатысты фразеологизмдер пайда болған. Көрнекті тілші ғалымдар Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаев бұндай фразеологизмдерді Төрт түлік мал атауларына қатысты фразеологизмдер деп атай отырып, оларды өз ішінен бірнеше топқа бөледі. Атап айтқанда: төрт түлік мал атауының қатысымен туған фразеологизмдер, түйемен байланысты фразеологизмдер, қой-ешкімен байланысты фразеологизмдер және сиыр малымен байланысты фразеологизмдер. Ғалымдар төрт түлік мал атауларының қатысымен туған фразеологизмдерге: ат құлағы көрінбейді, ат құйрығын кесті, ат салысты, ат сауырын берді, ат-тонын ала қашты, ат сабылтты, ат қосты, ауыз жармаған құлан, қойдан қоңыр, жылқыдан торы; жылқылы бай, су жорға, төкпе жорға, от орнындай тұяқты, ат болар тай саяқққа үйір, бесті айғырдан азынап, құлын салды, үйірге түсті, бүйірінен жарады, қаншырдай қатып жарады және т.б фразеологизмдерді жатқызады. Жоғарыда аталған фразеологизмдерден қазақ халқының жылқыны күнделікті тұрмыс жағдайында қаншалықты жиі пайдаланғанын байқауға болады. Біз ғалымдардың классификациясын қолдай отыра, төрт түлік мал қатысымымен туған фразеологизмдерді тағы да жылқыға қатысты, өгізге қатысты және итке қатысты деп бірнеше топқа жіктеуді ұсынамыз. Мәселен, жылқыға қатысты фразеологизмдер: ат құлағы көрінбейді, ат құйрығын кесті, ат қойды, ат сабылтты, ат сауырын берді, ат-тоңын ала қашты, ат қосты, жылқыдан торы, жылқылы бай, су жорға, төкпе жорға, ат болар саяққа үйір, бесті айғырдан азынап, үйірге түсті және т.б. Өгізге қатысты фразеологизмдер: өгіз аяң, өгіздей өкірді, өгізді өрге салма, қанатың талады және т.б. Итке қатысты фразеологизмдер: ит терісін басына қаптады, ит арқасы қияда, ит өлген жер және т.б [1, 184 б].
Түйемен байланысты фразеологизмдер: бір күн бие, бір күн түйе, жел мая, ботасы өлген інгейді, түйенің танығаны - жапырақ, түйе бас қылды, түйенің жарты етіндей, қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресін, ақ түйенің қарны жарылды, түйе үстінен сирақ үйіткендей, түйе үстінен ит қабады т.б[1, 217 б].
Қазіргі қазақ тілінің көрнекті өкілдері Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтің Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы атты көлемді еңбегінде фразеологизмдердің тар және кең мағынасы қалыптасқандығы туралы айтылады. Фразеологизмдердің тар мағынасы дегеніміз, біртұтас, яки, даяр қалпында қолданылуы болып табылса, ал кең мағынадағы фразеологизмдердің қатарына мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың негізінде туындаған фразеологизмдер енеді. Тілші ғалымдардың калокагатиялық пікіріне сүйене отырып, біз үй жануарларына қатысты туындаған фразеологизмдердің тар және кең мағынадағы қолданысына талдау ұсынбақпыз:
I. Тар мағынадағы фразеологизмдер:
1. Фразеологиялық тұтастықтар: қой аузынан шөп алмас, ит арқасы қиян, өгіз аяң және т.б фразеологизмдер жатады.
2. Фразеологиялық бірліктер: тайға таңба басқандай, ит байласа тұрғысыз, ат құйрығын кесісті, ат ізін салмады және т.б фразеологизмдер жатады.
3. Фразеологиялық тіркестер: тоқты торым, қоян жүрек, сиыр-миыр.
4. Фраезеологиялық сөйлемшелер: әй дер әже, қой дер қожа жоқ және т.б фразеологизмдер жатады.
I. Кең мағынадағы фразеологизмдер:
1. Үй жануарларына қатысты мақал-мәтелдер: Ит жеті қазынаның бірі, Ит адамның құлағы, Ит сегіз туып, елден аспайды, ешкі егіз туып, қойдан аспайды, Ер қанаты - ат, Бір биеден ала да туады, құла да туады, Ат айында, бие жылында құлындайды, Жылқыда от жоқ, құс та сүт жоқ, Ат баспаймын деген жерін, үш басар, Екі қошқардың басы бір қазанға симайды, Теке де болса, сүті болсын, қоян да болса, еті болсын, Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды, өгіз мүйізді сиырдың сүті болмас, Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді, Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады және т.б фразеологизмдер жатады [1, 184 б].
2. Үй жануарларына қатысты қанатты сөздер: Бір биеден ала да, құла да туады және т.б.
3. Үй жануарларына қатысты жаңылтпаштар: Ат жарыс бақ жарыс, сыналар ар-намыс, Батырға қай көлік сай көлік? Батырға сәйгүлік сай көлік, Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па?, Қаз маңғаз, маңғаз қаз және т.б фразеологизмдер жатады.
4. Үй жануарларына қатысты жұмбақтар: адамға серік, күзетке берік (Ит), падишадай жатысы бар, жолбарыспен шатысы бар (Мысық), аласа ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (Қой), өзі жуас, өзі момын, бір шешпейді тонын (Қой) және т.б фразеологимздер жатады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің топтастыру екі түрлі принцепке негізделеді: бірі - Ісмет Кеңесбаевтың классификациясы, екіншісі - В.В.Виноградов пен Н.М. Шанскийдің парагдигмасы бойынша топтастыру. Профессор Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтің пікіріне сүйенсек, Ісмет Кеңесбаев фразеологизмдерді мағыналық тұтастығы мен құрылым тұтастығына қарап, фразеологизмдерді екі топқа жіктейді. Олар: фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес. Ғалымдардың пайымдауынша, фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркестің ұқсастығы - тиянақтылыққта. Ал айырмашылығы мағыналарына байланысты. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі үй жануарларына қатысты фразеологиялық түйдекке, біздің топшылауымызша: өгіз аяң. Фразеологиялық тіркес: ат құйрығы жетті, ат сауырын салды, ақсақ қой түстен кейін маңырайды, ақ қойымның асығы болсаң, ақ сөйле және т.б.
Ресейлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөздігі
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Қазақ фразеологизмдері мәдени деректерінің тағы бір үлкен саласы ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасы
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Этнолингвистика
Фразеологизм мен сөз және фразеологизмнің мақал-мәтелдерден айырмашылығы
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Қазақ тілі мен əдебиеті
Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Пәндер