Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қолданылған қос сөздердің сипаты»

Мамандық шрифі

Оқу бөлімі

Мамандық шрифі:

5В011700

Оқу бөлімі:

Күндізгі

Орындаған Кенжебаева. А

Тексерген аға оқытушы Жукенова. С. К Бағасы

2021 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
:

1

Кіріспе: Қос сөздердің тіл ғылымындағы зерттелуі
3: 4
:

1. 1

Кіріспе: Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
3: 4-10
:

2

Кіріспе:

М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қос сөздердің

қолданысы.

3: 11
:

2. 1

Кіріспе:

М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қос сөздердің

лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері.

3: 11-25
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 26
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 27
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: «М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қолданылған қос сөздердің сипаты».

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздердің қолданысы мен сипатын талдай отыра қос сөздер туралы теориялық білімді практикалық тұрғыдан талдау болып табылады. Жалпы қос сөздер деп - күрделі сөздердің бір түрін айтамыз. Сөздің тұлғасын зерттейтін саланы - сөзжасам деп атайды. Сөздің жасалу жолдары тілі білімінің осы саласында зерттелінеді. Қос сөздер деп екі түбірдің қайталануынан немесе қосарлану арқылы жасалған сөздер тобын атаймыз.

Курстық жұмыстың мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан қос сөздерге мысалдар келтіре отырып, жалпы сипаттама жазу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері: Жалпы, курстық жұмысты жазу барысында мынандай міндеттер қойылды.

  • «Абай жолы» романынан қос сөздерді теріп алу;
  • Романдағы қос сөздердің қолданыстарына сипаттама жасау;

-Тіл біліміндегі қос сөздер туралы зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерімен танысу.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны мен дереккөзі: Мұхтар Әуезовтың

«Абай жолы» романы болып табылады. Сондай-ақ

Курстық жұмыстың жазылу әдісі - жинақтау, жалпылау, талдау, салыстыру, саралау, тұжырымдау әдістері қолданыла отыра жазылды.

Курстық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қос сөздердің тіл ғылымындағы зерттелуі
  1. Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар

Қазақ тілі - қазақ этносының тілі. Б. Хасанов: "Қазақ тілі-өзінің ішкі құрылымы бойынша әлемдегі барлық тілдерден, басқа тілдерден ерекшеленетін және қазақ ұлтына тарихи тиесілі, санына қарамастан, оның ұлттық санасында бекітілген, ол этникалық қажеттіліктерді толық қанағаттандыру үшін өмірдің әртүрлі салаларында қолданатын тіл, тұрғылықты жерін, жынысын, жасын, нанымын, кәсібі мен қызмет түрін, Әлеуметтік және мүліктік жағдайын есепке алмай, ұлттың барлық мүшелері үшін бастапқы ортақ құрал» [1] дейді ғалым тіл туралы ойында. Әр ұлттың өзіне тән тілі бар. Сол тілдің шығу тарихы, сөздердің жасалу тәсілдері болады. Әр сөзінің қолданылу аясы мен беретін мағынасы, атқаратын қызметі бар.

Қазақтардың ұлттық сана-сезімі оның этноцендік бағдарлары, ұлттық мінез-құлық - менталитет жүйесі арқылы өзектендіріледі. Қазақ менталитетінің өзіндік ерекшелігі оның табиғи-географиялық өмір сүру жағдайларына, шаруашылық қызмет түріне, көшпелі өмір салтына, ру-тайпалық иерархия және тектік-топтық этникалық топтар түрінде қалыптасқан этникалық құрылымның ерекшелігіне байланысты. Нақ осы табиғи - географиялық орта, көшпелі мал шаруашылығымен айналысу, ру-тайпалық этникалық құрылым және патронимияның болуы қазақ ұлтының сөздік қорының қалыптасуына басты негізі.

Сөздің мағынасы тақырыбында сөз қозғаған кезде ең алдымен лексика ғылымын ауызға алуымыз орынды. Себебі тіл білімінде сөздің мағынасын қарастыратын сала - лексикология. Лексикология сөздің жиынтығы - тілдің сөздік құрамын зерттейтін тілдік сала болып табылады. Лексикалық бірліктердің жиынтығынан тілдің сөздік құрамы пайда болады. Лексикология тілдің лексика - семантикалық жүйесі туралы мәселе, тіл бірліктерінің ішіндегі сөздің алатын орны, сөзге тән түрлі белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы мен байланысы және т. б. көптеген мәселелерді қарастырады.

Қазақ тілінде сөздер дара және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Күрделі сөздердің төрт түрі бар. Күрделі сөздер екі немесе одан да көп бірнеше түбірдің бірігуі, тіркесуі, қосарлану мен қысқару арқылы жасалынады. Қос сөздер деп екі немесе одан да көп түбірдің қосарлану мен қайталану арқылы жасалынатын сөздер тобы болып табылады. Бұл туралы тіл білімінің белді өкілі, ғалым А. Ысқақов былай дейді: «Күрделі сөз деп кемі екі я одан да көп дара сөзден, жалаң я туынды түбірден құралып, ритм-ырғақ жағынан бір ұдай лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика- грамматика жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз» [1] .

Ғалымның айтпақ ойы күрделі сөздердің жасалыну жолдарымен таныстыру болып табылады. Жалпы алғанда қазақ тілі сөздік қоры жағынан молдығымен, сөздердегі мағыналардың көптігімен ерекшелінетін тілдердің бірі болып табылады. Күрделі сөздердің жасалу жолдарымен, олардың мағыналық тұрғыдағы ерекшеліктеріне тіл білімінде зерттеу жүргізген ғалымдарға толталатын болсақ, олар Ж. Шакенов - қазақ тіліндегі күрделі сөздерді зерттеген ғалымдардың бірі. Оның зерттеу еңбектерінің негізі осы - күрделі сөздер тобы болып табылады. Күрделі сөздерге байланысты ғалым мынандай анықтама береді: «Күрделі сөз деп екі я одан да артық сөздердің тізбегінен құралып, лексика-грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын тұлғаны айтамыз»- дейді. Мұнда да ғалым күрделі сөздің құрамына лексикалық, грамматикалық тұрғыдағы тұтастығы, сөйлемде бір мүше қызметін атқаруы, бір ұғымның аталымы қызметін атқаратындығына мән берген [2], - десе, тіл біліміндегі зерттеуші ғалымдардың бірі К. Аханов былай дейді «күрделі сөздің сыңарлы жеке тұрғандағы мағынасынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы немесе тіркесі тұтасқан күйінде бір бүтін сөз - күрделі сөз ретінде ұғынылады » [3] . - деп анықтаған. К. Ахановтың күрделі сөздерге берген анықтамасынан күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлары жеке тұрып мағынасы мен қызметі алшақтап кететіндігін аңғарасыз. Олар бір бүтін мағынаға ие болып, сөйлемде бір қызмет атқарады. Ал профессор Н. Сауранбаев болса қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне тоқтала келіп: «Бірінші топтың өзгешілігі - олар синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл . . . Изафеттің бұл түрі қазір тұтас бір атау болып ұғынылады», - дейді. Мысалы: қаламұш, баскиім, желбеу дегендерді келтіреді де сөйлемге бір мүше болатынын айтады [4] . Жоғарыда келтірілген ғалымдардың күрделі сөздерге берген анықтамаларынан байқайтынымыз күрделі сөздер бірге жаңа мағына мен сөйлемде бір қызмет атқарады.

Орхон жазуынан бастап бүгінгі күнге дейін барлық түркі тілдерінде күрделі сөздердің бірі - қос сөз. Олар тілде лексикалық бірліктер ретінде берілген, сөздіктерде өз орны бар. «Қазақ грамматикасында» өзіндік ерекшеліктері бар деп жазды. Барлық сөздер қатарынан қос сөз бола алмайды. Қос сөздерді құрудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қос сөздегі екі сөз де сөздің бір бөлігіне қатысты, мысалы: қыз-келіншек - келін, көрпе-жастық - көрпе- жастық, қауіп-қатер, қарым - қатынас-өзара қарым - қатынас және т. б». Бұл тіркестер екі зат есімнен тұрады [3, 25] .

Қазақ грамматикасында қос сөздер сын есімдерден, жұптық етістіктерден, есімдіктерден, сөз тіркестерінен және т. б. сөздерден тұрады деп

айтылған. Жұптасқан сөздердің тағы бір ерекшелігі: мағынасы жақын сөздер жұптасып, бір синтаксистік рөл атқарады.

«Қазақ тілінің сөзжасам» оқулығында қос сөзді қалыптастырудың екі әдісі бар екендігі айтылған. Бірінші әдіс: екі түрлі сөзден. Бір сөзді қайталаудың екінші әдісі. Грамматикада да, сөзжасам да сөздің құрамы, құрылымы туралы айтылады. Көбінесе қос сөзжер топонимдерде көздеседі. Топонимдерде де қос сөздер кездеседі: мысалы: Ақсу Аюлы-Белые воды Медвежная( ауыл атауы), Ырғыз Торғай атындағы резерват -Ырғыз Торғай, Сайрам Өгем-национальный парк имени Сайрам Огем, Ақтау Бозашы қоры-заповедник Белые горы, (Бозашы-тот, кто готовит сусын из түйе сүтінен) ; Қарақия Қаракөл - Чернозем

- қара көл, Иірсу дінбасы қорығы - Иірсу Дәубаба қорығы, Қиын Керіш шатқалы - киін Керіш шатқалы, Теріс Ащыбұлақ бөгені - Ащыбұлақ бөгеті (ащы бұлақ), Азынабай каналы - Азынабай каналы, Балқаш Алакөл - Балқаш Алакөл (көл), Жоңғар Балқаш - Жоңғар Балқаш, Форт Шевченко - Форт Шевченко, Шерубай Нұра өзені, сондай - ақ Шерубай Нұра бөгеті мен станциясы, Қарағанды - Мойынты темір жолы, Каменск-Уральская темір жолы және т. б.

Геокеңістік нысандарының атауларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Географиялық объектілердің атауларын қалыптастыру танымдық механизмдермен байланысты, ал оның құрылымы мен әдісі сөзжасам механизмі болып табылады, мысалы, материалдық, рухани, діни құндылықтармен байланысты топонимдер бар. Ғалым Рысберген к. топонимдер Гүлдермен байланысты екенін айтты [5, 81] . Ұлттық ономастикада лингвокогнитивті негізде зерттеу қағидаты бойынша алдымен қоршаған ортаны зерттейді, содан кейін тілдік бірліктердің принциптерін ашады. Ономастикалық атаулар екі түрден тұрады: табиғи (стихиялық), табиғи (стихиялық), жасанды [5, 80] . Бұл атаулар экстралингвистикалық сипаттамаға жатады, мысалы: Қарағанды облысында Абай ауданында Шерубай - Нұра өзені мен бөгеті бар. Атауы қарапайым, ол екі сөзден тұрады. Бірінші сөз - адамның аты Шерубай, екінші сөз-түрікше" шери", ал Алтайда «черу». Бұл сөз қазіргі орыс тілінде

«армия», ал өзбек және ұйғыр тілдерінде «шерік - армия, қолбасшы», қазақ тілінде бұл сөзге бай - бай қосылады және адамның аты - Шерубай шығады, Нұра гидрониміндегі екінші сөз моңғол тілінде «ән» дегенді білдіреді.

Келтірілген мысалдардан сөздердің қосарлануы, қайталануы арқылы жаңа мағынаға ие сөздердің тууын байқауға болады. Екі сөз қосарланып келіп, бір мағыналы сөз шығады. Бұл сөзжасам саласының бір ерекшелігі болып табылады.

Күрделі сөздер оның табиғаты мен морфологиялық құрылымы және түрлері жайындағы жоғарыда айтылған мәліметтерді жинақтай келгенде,

күрделі сөз кемінде екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің шыққан тегі - сөз тіркесі. Тілдің даму барысында сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.

Қос сөздердің жасалыну жолына назар аударатын болсақ, ең алдымен

  • жер-су атаулардың жасалу жолдарында байқауға болады;
  • бір сыңарының мағыналы екінші сыңарының мағынасыз екі сөздің қосарлануы арқылы жасалынады:
  • бір сөздің екі рет қайталану арқылы жасалынады.

Тіл - ұлт пен ұлтты, халық пен халықты байланыстыратын алтын көпірлердің бірі. Жаңа заман жаңа қоғамды, жаңа заманға сай адамды қалыптастыруда. Енді жаңа адам бейнесі қандай болу керек деген сұраққа тоқталсақ. Ол жан-жақты дамыған, кез келген ортаға тез бейімделгіш, білігі мен білімі қатар дамыған адам. Яғни қай тілді меңгерсе де сол тілді жетік білуі керек. ХХІ ғасыр ұлт пен ұлтты, халық пен халықты тығыз байланыстырып, бір- бірімен жақын араласуға мүмкіндік берді. Сол себепті әр халықтың тілдерін салыстыру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айыра білу керек. Тіл білімінде салыстырмалы грамматика деген ұғым бар. Ол тілдерге ортақ ұғымдарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажыратып көрсетеді. Тізбектелген көркем тіркестер, ерекше бояулы сөз тіркестері, мақал- мәтелдер адамның танымын көрсетеді. Заман талабына сай ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған түрлі тіркестерді жатқызуға болады. Тіл білімінде күрделі сөздер, оның ішінде қос сөздер барынша көп кездеседі. Тіл ғасырлар бойы жасалып қалыптасады. Әр сөздің өзінің ішкі мағынасы мен сыртқы дыбыстық қалыбы болады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмыстық көрінісі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тарих, мәдени өзгерістер есебінен жаңа сөздер не болмаса бұрынғы сөздер жаңа дыбыстық өзгешеліктер еніп өзгеріп қалыптасуы мүмкін. Сөздің мағынасы қолданыстағы контенттік қызметіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Тіл білімінде сөздердің жасалуы жолдарына барынша тереңінен үңіліп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, сөздің шығу төркініне бойлаған ғалымдар жетерлік. Әр ғалым қос сөздер туралы мынандай анықтама беріп өтеді. Қос сөздер туыстас сөздер тобына ортақ тілдік құбылыстың бірі деуге болады. Әрі ең көне ескерткіштің бірі болып табылатыр Орхан жазбаларының құрамында да қос сөздердің кездесетіндігін ғалымдар дәлеледеген болатын. Бұдан аңғаратынымыз қос сөздердің қалыптасуы тым әріде екендігінде. Жалпы қос

сөздер түркі тілдердің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктердің бірі болып табылады.

Қос сөздер тіл білімінде аналитикалық тәсілдің қосарлама тәсілі арқылы жасалады. Қос сөздерді зерттеген ғалымдардың бірі А. Есенғұлов көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қос сөздерді зерттеу барысында қосарлама қос сөздердің көптеп кездесетіндігін. Ал қайталама қос сөздердің мүлдем кездесепейтіндігін байқаған. Ол туралы өз жазбасында быйлай дейді: «Көне түркі жазба ескерткіштерінде қос сөздердің қосарлама түрі қолданылады да, қайталама қос сөздер кездеспейді» деп атап өтеді [6, 19-25] .

Тіл білімінде қос сөздер туралы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Т. Қалабаева сынды ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады. А. Байтұрсынов қос сөздер туралы былай дейді: «Қос сөз дегеніміз - қосарынан айталатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады. Біреуі нәрсенің көбін айтады, екіншілері айыра атайды. Алдыңғысы жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады» дейді [7, 182] . Тіл білімінің атасы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының қос сөзге қатысты айтқан пікірінен қос сөздерді екіге бөліп қарастырғанын байқаймыз. Ал белгілі тіл маманы Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді:

  1. Мәндес қос сөздер
  2. Қайшы мәндес қос сөздер 3. Сыңар мәндес қос сөздер
  1. Қайталама қос сөздер
  2. Қоспа буынды қос сөздер [3, 64] .

Н. Сауранбаевтың қос сөздерді 5 топқа бөліп қарастыруынан сөздердің жасалынуы мен мән-мағынасына қарай бөліп көрсеткенін байқаймыз. Ғалым Ә. Қайдаров Н. Сауранбаевтың қос сөздерге қатысты классификациясымен клесіе отыра қос сөздерді бес түрге бөлі отыра, олардың барлық сөз таптарына да ортақ екенін, алайда қос сөздердің қайқайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығын, оның әрбір сыңарының кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатындығын айтады.

Профессор, ғалым Қ. Жұбанов «Түбір сөзден туынды сөз жасаудың жалғыз амалы түбірге қосымша жалғау ғана емес, түбір сөздің я туынды сөздің өзді- өзін қосақтап та сөзге үстеме мағына беруге болады. Мұндай, қосарынан айтылатын сөздерді қосар сөздер дейміз» дей келе, қос сөздерді мынадай бес топқа бөледі: 1. теңдес қосар 2. сөздес қосар 3. матаулы қосар 4. тіркеулі қосар

  1. қосақты қосар [8, 173-176] .

Т. Қалабаева «Қайталама қос сөздердің кейбір мәселелері» атты еңбегінде тілімізде қайталама қос сөздерге жатқызылып жүрген кейбір сөз тіркестері жөнінде профессор А. Ысқақовтың «Жалпы түсіну, талдау мәселелерін

жеңілдету үшін, қос сөздерді ең әуелі қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деген үлкен екі топқа бөліп алғаны дұрыс» деп түйіндеген, ол бұл екі топқа қысқаша ғана мәлімет беріп өтеді дейді [9, 70-76] .

Күрделі сөздер тіл білімінде - аналитикалық тәсіл арқылы жасалынады. Аналитикалық тәсіл - екі я одан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдердің басқа қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болуымен бірге, оның іштей бірнеше тұрі бар: 1) сөзқосым; 2) қосарлау; 3) тіркесу; 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар.

Аналитикалық - семантикалық тәсіл синтаксистік тәсіл деп те аталады. Мұндағы күрделі сөздер, білгілі бір жер-су аталары, қала, кісі есімдері болып табылады. Қазақ тілінің сөзжасамын зерттеулер арасында аналитикалық тәсілге сипаттама берцде әртүрлілік бар.

Аналитикалық-семантикалық тәсіл:

  1. тіркесу амалы: екі не бірнеше сөз тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіруі. Бірақ олар бөлек жазылу тәртібін сақтайды. Мысалы: қара торы, қара жол, темір жол т. б. Сөйлемнің бір ғана қызметі болады. Сөз түрлендіруші қосымшалар олардың соңғы сыңарларына жалғанады. [7, 58] .

Тіркесу амалы екі жолмен көрінеді: Жай тіркесу және күрделі тіркесу.

Жай тіркескен қол орамал деген сөз тіркесін күрделі тіркесу жолымен жасалған тіркеске айналдырсақ кестелі қол орамал дейміз.

  1. Бірігу арқылы жасалған сөздер - екі не одан да көп сөздер бірігіп, жаңа мағыналы күрделі сөз туындайды. Бұны бірігу арқылы жасалған сөздер дейді. Сөздерді біріктіруде екі жолды көруге болады.

Жай бірігу - сөздер ешбір тұлғалық өзгерістерді түйіспей бірігеді.

Мысалы: өнеркәсіп, ақсақал, атбегі, қолбасы т. б.

Кіріге бірігу: тұлғалық өзгеріске түсіп, бірігеді. Мысалы: биыл (бұл+жыл), апар (алып+бар), әпер (әкеліп+бер) т. б.

Қосарлану амалы арқылы қос сөздер жасалады. Қосарлану арқылы жасалған сөздер көне түркі ескерткіштерінде де бар: арқшы-тіркеш т. б.

Қос сөздің сыңарлары о баста бір-бірімен салаласа байланысқан бірыңғай сөздер болған: ағайын және туыс - ағайын-туыс т. б.

Қосарланатын сөздер бір-бірімен семантикалық байланысты болады.

Синоним сөздер не антоним сөздер қосарланады: жоқ-барды, бала-шаға т. б.

  1. Қосарлама қос сөздер сөз табының барлық түрлерінен болатындықтан сол сөз батының тұлғалары арқылы түрленеді. Сөз түрлендіруші қосымшалар екінші сыңарға жалғанады. Мысалы: үлкен-кішіге, дос-жаранға т. б.
  2. Қосарлану арқылы жасалған сөздердің мағынасы өзгеріп кетпейді, көбінеес көптік, жалпылық мән береді. Бұл амалдың екі түрі бар: Қосарлану және қайталану арқылы жасалған.

Қосарлану арқылы сөзжасамдық тәсіл арқылы сөздердің жасалынуы:

1. екі сыңардың екі түрлі болуы: аға-іні, әке-шеше, (екі сыңарының да мағыналы болуы) ;

  1. Қосарлану арқылы жасалған қос сөздің бірі мағыналы, бірі мағынасыз болуы: бала-шаға, қыз-қырқын т. б.
  2. Екі сөздіңде мағынасыз болуы: некен-саяқ.

Қайталану арқылы жасалған сөзжасамдық тәсілдердің жасалынуы.

  1. қайталама сөздерде бірдей емес, қарама-қарсы
  2. бір сыңары қосымшалы, кейде екі сыңары да қосымшалы: көзбе-көз.

Қос сөздер құрамындағы сыңарлар не бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан не оның бір сыңарының не бір буынының не бір дыбысының өзгеріп жұмсалуынан құралады. Қос сөзді бірыңғай мәндегі салаласа байланысқан сөздер құрайды. Мысалы: аяқ-табақ т. б. Қос сөз тілде қайталама және қосарлама қос сөз болып екіге бөлінеді. Сыңарлары мағыналы қос сөздер өзі іштей мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сыңарлардан бір-бірімен мәндес сыңарлардан құралған деп үш топқа бөлеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Қысқарған сөздердің түрлері
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Одағай
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Көсемшенің тұлғалары
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz