Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI

1. 1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты . . . 5

1. 2 Валюталық шот операцияларын есепке алу . . . 9

ІІ КӘСІПОРЫНДА ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ

2. 1 „Саят“ ЖШС-нің ақша қаражаттарының есебі . . . 12

  1. Валюталық шот операцияларының есебi . . . 19
  2. Банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі . . . 23

ІІІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ МАҚСАТЫНА ЖӘНЕ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЛУЫН ТЕКСЕРУ

3. 1 Есеп айырысу шотындағы қаражаттардың мақсатына жұмсалуын тексеру . . . 25

3. 2 Банктегi ағымдағы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражат-тар есебiнiң аудитi . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен көштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең өзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сөз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.

Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рөлi зор.

Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез - келген банктің жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететiнiн, олармен қандай қарым - қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын көрiп бiлуге болады.

Шаруашылық ұйымдарының төлем қабілеттілігі, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы бойынша дер кезінде есеп айырысуы, жабдықтаушы-мердігерлерге және бюджет пен бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлемнің уақытылы жүргізілуі ақша қаражаттары есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты. Сондықтанда қазіргі еліміздің нарықты экономикаға көшуді өзіне ұран етіп ұстаған тұсында қай шаруашылық ұйымында өз жұмысын жүргізуі барысында қаржыға, яғни ақшаға келіп кідіртектеп, ел бюджетіне немесе шетелдердің инвестициясына (қаржы салымына) қол жайып қарап отыруы қай экономистіңде жүрегін жаралап, ойландыратыны сөзсіз. Міне осы тұрғыдан алып қарағанда жоғарыдағы мәселелерді толық шешпегенмен, ол туралы ой қозғайтын, белгілі бір пікір тудыратын «Банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі» тақырыбына жазылған курстық жұмысымның актуальды, күн талабына сай екедігі анық. Міне осы себептенде курстық жұмысыма осы жоғарыда аталған тақырып таңдалынып алынды.

Ақша банк үшін жоспарлау, есеп және бақылау құралы ретінде, яғни олар шаруашылық әрекеттің маңызды элементі болып табылады. Банк олар арқылы сыртқы өмірімен байланысқа түседі, табыс табады және есеп айырысулар жүргізеді. Өйткені банктің негізгі мақсаттарының бірі табыс табу болып табылады, ол үшін ақша қаражаттарының қозғалысын дұрыс жүргізу қажет. Қаржылық жағдайын бақылаудан тыс өндіріс көлемін жылдам өсірудің өзі банкке сұраным жоқ өнім өндіру сияқты жылдам банкротқа ұшырау шегіне әкелуі мүмкін.

Касса және банктік шоттар бойынша операциялар маңызды орын алады, өйткені бірде-бір заңды тұлға касса мен есеп айырысу шотынсыз әрекет ете алмайды. Оларсыз банк әрекетсіз, берекесіз болады.

Кез-келген бухгалтер мен аудитордың міндеті құрылған ұйымның қалыпты қалыптасуын қамтамасыз етуінің негізі болып табылатын ақшалай операциаларды дұрыс және дермезгілде көрсету жолымен банктің әрекет қабілеттілігін қамтамасыздандыру болып табылады. Сондықтан ақша қаражаттары қозғалысын жүргізілуге, олардың сақтығына, ақша қаражаттарын кіріске алу толықтығын тексеруге, еспке айырысу жағдайын және төлемдердің дер мезгілділігін бақылауға, кассалық тәртіптің және тағы басқа сақталуына аса көңіл бөлу қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебін басқаруы туралы Шишкин А. К., Микрюков В. А., Дышкант И. А. ., Ван Хорн Дж. К., Кондраков Н. П., Кутер М. И., Тоқсанбай С. Р. тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.

Курстық жұмысты зерттеу кезінде Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Атап айтқанда Кеулімжаев Қ. К., Тулегенов Э. Т., Байдаулетов М. Б., Кұдайбергенов Н. А., Сәлменова Ә., Рахимбекова Р. М., Тасмағанбетов Т. А., Омаров А. Ш., Әлібекова Б. А., Рабатов О. Ж., Байболтаева Н. Ә., тағы басқа ғалымдардың еңбектері.

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік шоттардағы ақша қаражат-тарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру. Ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • ағымдағы банк шоттарыдағы ақша қаражаттарының құжатта рәсімделуін көрсету;
  • ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары қозғалысының есебін көрсету;
  • ағымдағы банк шоттарыдағы ақша қаражаттары аудитын жүргізу әдістемесін қарастыру;
  • ағымдағы банк шоттарыдағы кассалық және банктік операциялар аудитін жүргізу;
  • ағымдағы банк шоттарыдағы ақша қаражаттарының қозғалысын басқарудағы проблемаларға тоқталу.

І ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕМЕСI

1. 1 Қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы өзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.

Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде өндiрiлген өнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi төлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта өндiрiлген өнiмiн сатып немесе қызмет көрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол өнiмдердi өндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:

  1. ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
  2. Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
  3. Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
  4. Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;
  5. Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде есептеу.
  2. Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.
  3. Есеп айырысу, төлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.
  4. Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:
  5. Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.
  6. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
  7. Бөлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.
  8. Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.
  9. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
  10. Есеп айырысу - төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

Есеп айырысу шоты операцияларының есебi

Барлық шаруашылық субъектiлер ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мөлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде банктiк шоттарды ашады. Банктiк шот депозит қабылдаумен, келiсiм - шартта қарастырылған клиентке банктiк қызмет көрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келiсiм - шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктiк шоттар теңге мен шетел валютасында жургiзiлуi мүмкiн және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттiк шоттар болып бөлiнедi.

Корреспонденттiк шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктiк операциялардың жеке бiр түрлерiн ғана жүзеге асыратын банктiк шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлiмшелерiне (филиалдар мен - өкiлдiктер) ашылатын банктiк шоттар.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негiзiнде ашылады:

  1. шотты ашу жөнiндегi өтiнiш;
  2. қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгiсi бар карточка;
  3. субъектiнiң салықтық есепке қойылу фактiсiн растайтын салық органының анықтамасы;
  4. мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
  5. жарғы мен құрылтай шартының көшiрмесi (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) .

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектiсi оның иесi болып табылады. Ол өзiне берiлген құқықтардың шегiнде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелiк жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, берудi және аударуды банк мынадай құжаттардың негiзiнде орындайды:

  1. Қолма- қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгiзген кезде қолма-қол ақша салымының мәлiмдемесi ресiмделедi. Қолма - қол ақша салымының мәлiмдемесi түскен түсiмдi, депоненттелген еңбек ақыны және қолма - қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесiнiң банкке деген бұйрығы. Мәлiмдеменi сиямен бiр данада толтырады; қабылданған ақшаға банк квинтация бередi, ол шығыс касса ордерiне тiркеледi.
  2. Әртүрлi мақсаттар үшiн кассаға алынғанда-чек ресiмделедi. Чек ресiмделуi - чек берушiнiң чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнiң жүзеге асуын бiлдiредi.
  3. Басқа субъектiлермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма - қызмет көрсететiн банкке өз ақшасын тапсырмада көрсетiлген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнiнде төлеушiнiң тапсырмасы.
  4. Субъект босатылған өнiмдердiң, орындалған жұмыстар мен қызметтердiң құнын сатып алушыдан өндiрiп алуға тиiс болғанда - төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап -тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, көрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар үшiн дәлелдеушi құжаттар негiзiнде ақша аударушыға төлем ақыны жүргiзу туралы талабы.
  5. Шаруашылық iстерi жөнiндегi комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектiнiң шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуiне қарай күнтiзбелiк кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабiлетсiз деп жариялаған мiндеттемелер бойынша төлемдердiң кезектiлiгiн банк мекемесiнiң басшылығы белгiлейдi. Банктер мезгiл- мезгiл немесе күн сайын шоттардың иелерiне жүргiзiлген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негiз болған құжаттарды оған қоса берiп, оларға есеп айырысу шотынан көшiрме жолымен құлақтандыру жасайды. Көшiрмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгiленген көрсеткiштер болады. Бухгалтер банктен алынған көшiрменi тексередi, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептiк тiркелiмдерге жазу үшiн талдау есебi баптарының кодын қояды.

Банктiң көшiрмесi есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептiң тiркелiмiн өздiгiнен алмастырады және сонымен бiрге бухгалтерлiк жазулар үшiн негiздеме қызметiн атқарады. Кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шоты кредиторлық берешектi көрсететiн пассивтiк шот болып табылады. Көшiрмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуi, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетедi. Шаруашылық жүргiзушi субьектiнiң бухгалтериясында керiсiнше, есеп айырысу шоты активтiк болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуi дебет бойынша, ал кемуi (есептен шығару) кредит бойынша көрiнiс табады. Банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебi 1030 - шотта жүргiзiледi.

1030- шотта көрсетiлген операцияларды есепке алу үшiн №2 журнал ордер мен №2 ведомость қолданылады. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшiрмесiнiң және соларға қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Құжаттар алдымен әрбiр күн үшiн жиынтықтарды сомалау арқылы бiртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кiрiстiк және шығыстық құжаттар бөлек-бөлек), содан кейiн №2 журнал-ордерге (1030- шоттың кредитi бойынша) және 1030-шоттың дебетi бойынша №2 ведомоске жиынтық бiр сомамен жазылады.

№2 ведомостьке бiртектес жинақтамалы шоттар бойынша сомаларды жазудан басқа, ай басындағы сальдо (қалдық) көрсетiледi де, ай iшiнде есептелген дебеттiк және кредиттiк айналымдар ескерiлiп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кiтапқа 1030-шот бойынша көшiрiледi.

Есеп айырысу шотын жабу оның иесiнiң өтiнiшi бойынша:

- есеп айырысу шотын ашу үшiн тiптi болмағанда бiр ғана бөлiгiнiң болмауына (дербес баланстың бар болуы және т. б. ) әкеп соқтырған субъект қызметi сипатының өзгерiсi кезiнде;

- субъектiнi құрған органның шешiмi бойынша;

- 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргiзiледi.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субьектiнiң атауы өзгерген кезде шоттың иесi чек кiтапшасын пайдаланылмаған чектермен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмiрiн көрсетуге және есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға мiндеттi.

1. 2 Валюталық шот операцияларын есепке алу

Валюталық операцияларды жүргiзудiң негiзi №115 2001ж. 20 сәуiрде Ұлттық Банк қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» № 54-1 1996ж. 24 желтоқсандағы Заңы және «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргiзу ережелерi» болып табылады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негiзгi органы Ұлттық Банк болып табылады. Өкiлеттi банктерде заңды тұлғалар - резиденттермен шетел валютасындағы шоттардың ашылуы, жүргiзiлуi және жабылуы №266 2000ж. 2 маусымдағы «Қазақстан Республикасының банк клиенттерiнiң банктiк шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртiптерi туралы» Нұсқаулықта көрсетiлген тәртiпте жүзеге асады. Заңды тұлға - резиденттерiнiң тауарлар (жұмыс, қызмет) экспорты үшiн түсетiн валюталық сомасы экспорт күнiнен бастап 120 күн iшiнде мiндеттi түрде банк шоттарына кiрiске алынуы керек. Заңды тұлғалар - резиденттер резидент емес тұлғаға төлем ақы жүргiзген кезде өкiлеттi банкке дұрыс ресiмделген құжаттарды (келiсiм-шарттар, инвойстар, коноссаменттер т. б. ) ұсынуы тиiс. Өкiлеттi банктер валюта заңының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асып жатқан валюталық операцияға тиiстi қажеттi қосымша ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы. Ағымдағы валюталық операциялар өкiлеттi банктер арқылы шектеусiз жүргiзiледi. 2001ж. 31 наурызда №881 Қазақстан Республи-касының Ұлттық Банк Басқармасымен бекiтiлген 1996ж. 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңға және «Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тiркеу ережелерiне» сәйкес капиталдың резидент еместен резидентке қозғалысымен байланысты операцияларды жүргiзу мен есебiн ұйымдастырудың тәртiптерi бекiтiлген.

100 мың АҚШ доллар эквиваленттен асатын сомада мүлiктердiң Қазақстан Республикасына келiп түсетiн, капитал қозғалысымен байланысты келесi валюталық операциялар мiндеттi түрде тiркелуге тиiстi:

  1. 120 күннен астам резидент еместерден несие алу;
  2. экспорт-импорт мәмiлелерiн резидент еместермен несиелеу;
  3. Қазақстан Республикасына резидент еместердiң тiкелей және портфельдi инвестициялар түрiнде инвестициялар;
  4. Интеллектуалды меншiк объектiлерiне түгел құқықты иемденуiне резидент еместердiң ақысын төлеуi;
  5. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығына иемденуiнiң резидент еместердiң ақысын төлеуi;

Аталған операциялардың тiркелiмi сәйкес келiсiм-шартты (кредиттiк немесе инвестициялық мәмiле, контракт, қатысушылар келiсiм-шарты) және квартал сайынғы қаражаттардың қозғалысы туралы есеп берудi қамтиды.

Заңды тұлғалар - резидент емес тұлғалармен заңды тұлға - резиденттермен шетел валютасындағы есеп айырысулар қолма - қолсыз түрде валюталық шоттағы қаражаттар көлемнiң шегiнде ғана жүзеге асады. Валюталық қаржылар келесi көздерден құрылуы мүмкiн:

  1. экспортты валюталық түсiм;
  2. жарғылық капиталға үлес;
  3. резидент еместердiң қаржылық көмегi (гранттар) ;
  4. өкiлеттi банктердiң, шетел банктердiң, қаржылық ұйымдардың және басқа да шетел заңды тұлғаларының валюталық несиелерi;
  5. өкiлеттi банктер мен өкiлеттi ұйымдар арқылы iшкi нарықта теңгеге сатып алынған валюта;
  6. Орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге шетелдiк валюта, яғни шетелдiң ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ақша айырбастау курсы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен (теңгемен) көрсетiлуi тиiс.

Шаруашылық субьектiлерi ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлi мынадай валюталарда:

-ұлттық;

-еркiн айырбасталатын (шетелдiк басқа валюталарға еркiн және шектеусiз айырбасталатын) ;

-тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы елдердiң ұлттық валюталары) ;

-клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен мiндеттемелердi өзара есепке алу негiзiнде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келiскен валютада) операциялар жасайды.

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Реслубликасында валюталық операция-ларды жүргiзудiң ережесiне» сәйкес валюталық операцияларды жасау үшiн заңды және жеке тұлғалар өкiлеттi банктердiң бiрiнде валюталық шот ашады.

Шотты ашу үшiн заңды тұлғалар төмендегi құжатты тапсырады:

-Валюталық шотты ашу туралы өтiнiш;

-Құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмесi;

-Өкiлеттi тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгiсiнiң үлгiлерi;

-Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

-Салық төлеушi ретiнде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.

Резидент заңды тұғалардың валюталық шотты, жүргiзуi және жабуы «Клиенттердiң екiншi деңгейдегi банктерде банк шоттарын ашу, жүргiзуi және жабу тәртiбi туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы №61 Нұсқаулықта көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

9- «Шетелдiк валютадағы операцияларының есебi» БЕС-ына сәйкес валютадағы операциялар болып табылады. Мұндай кезде субъект:

Мүлiктi (тауарлы -материалдық қорларды, негiзгi құралдарды және т. б. айналым активтерiн) шетелдiк валютаға сатып алады немесе сатады.

Төленуге немесе алынуға тиiс сомасы шетелдiк валютада белгiленген несиелердi алады немесе бередi.

Өзгедей жолмен активтердi шетелдiк валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдiк валютамен өзiне мiндеттеме алады немесе сол мiндеттемелер бойынша валютамен есептеседi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті
Қаржылық бақылау жайлы
Қазынашылық жүйе
Қаржылық бақылаудың түсінігі
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
Қаржылық бақылау түсінігі
Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қызметі
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz