Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Ке АҚ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Күрделі мекен пысықтауыштар
Мамандығы: 6В01707 - қазақ тілі мен әдебиеті
Орындады: Әбдірақын Дана
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Жетекші: ф. ғ. к., доцент Р. Ж. Қияқова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент О. А. Жумагулова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Көкшетау, 2021
МАЗМҰНЫ
- Тіл біліміндегі пысықтауыштың ғылыми-теориялық түсінігі
1. 2 Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
ІІ КҮРДЕЛІ МЕКЕН ПЫСЫҚТАУЫШ
8
15
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Пысықтауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі. Ол анықтауыш сияқты, басқа сөздің әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен, ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің - зат есімдердің субстантивтенген басқа есімдердің әр алуан сапасын меншіктілік-пәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш негізінде заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер негізінен үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
Зерттеу жұмысының нысаны: Аталған зерттеу жұмысымызда біз пысықтауыштың сөйлемдегі қызметі, тұрлаусыз мүшелердің басқа түрлерінен айырмашылығы, тарихи тұрғыдан зерттелуі, пысықтауыштың мағыналық түрлері, оның ішінде мекен пысықтауышының жасалу жолдарын түбегейлі зерттеп шығамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Берілген жұмыстарды орындауда алға қойылатын мақсат-міндеттеріміз мынадай:
- Тіл біліміндегі пысықтауыштың ғылыми-теориялық түсінігі
- Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
- Пысықтауыштың мағыналық түрлері
- Күрделі мекен пысықтауыштың жасалу жолдары
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысының тақырыптық мазмұнын ашу мақсатында С. Мұқановтың, Б. Майлиннің, Ғ. Мұстафиннің, М. Әуезовтің, Т. Жароковтың, Ғ. Слановтың, Ә. Әбішевтің, Ә. Сәрсенбаевтің шығармаларына анализ және синтез тәсілдерін пайдаланып талдау жасалды. Негізгі зерттеу нысанына алынған материалдар толыққанды сараланды. Сондай-ақ, жұмыстың мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, жүйелеу, салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы мен нәтижелері: Жалпы тюркологиялык және қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Дегенмен, көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды. Түркі тілдерінде біркатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде карастырып отырды.
Дегенмен, олардың көпшілігі толықтауыш пен анықтауышқа ғана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады. Соған қарамастан, пысықтауыштың күні бүгінге дейін зерттелуінде көңіл қуантарлық жағдайлар көп-ақ.
Бүгінгі күні біз пысықтауыш ретінде үстеулер сын есім, сан есім, атау, ілік, табыстан басқа септік формасындағы зат есімдер жасалатынын, Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінетінін және пысықтауыштың түр - түріне қарай жасалу амалдары бар екендігін білеміз. Мұның бәрі сол зерттеулердің арқасында.
Пысықтауыштың 6 мағыналық түрінің ішінде біз зерттеуімізге мекен пысықтауышын өзек қылып алдық. Оның ішінде күрделі мекен пысықтауыштар. Сонымен қатар зерттеу барысында күрделі мекен пысықтауыштардың көркем әдебиетте, соның ішінде прозада да, поэзияда да актив қолданылатынын байқадық, және мысалдар келтіру арқылы ойымызды дәлелдедік. Сондай-ақ, күрделі мекен пысықтауыш сөйлемнің толық құрамын жеткізу үшін елеулі рөл атқаратынына аталған зерттеуде көз жеткіздік.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысында біз А. Байтұрсынов тың « Тіл тағылымы н», Ш. Бектаеваның « Қазіргі қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тəртібі », Балақае пен Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі», Т. Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі», т. б. құнды еңбектерді басшылыққа алдық.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Аталған зерттеу жұмысы кіріспеден, «Пысықтауыштың ғылыми-теориялық сипаты» және «Күрделі мекен пысықтауыш» деп аталатын екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
- Тіл біліміндегі пысықтауыштың ғылыми-теориялық түсінігі
Пысықтауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі. Ол анықтауыш сияқты, басқа сөздің әйтеуір бір сапасының, ерекше белгілерін білдіру үшін жұмсалатын бағыныңқы мүше. Солай болғандықтан, пысықтауыш анықтауышқа ұқсас. Дегенмен, ол екеуінің елеулі айырмашылығы бар: анықтауыш заттық ұғымы бар сөздердің - зат есімдердің субстантивтенген басқа есімдердің әр алуан сапасын меншіктілік-пәндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш негізінде заттың қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді. Басқаша айтқанда, анықтауыш зат есімнен болған мүшені пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды.
Сондықтан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер етістікке қатысты болып, етістіктен болған мүшені “анықтаса” оларды пысықтауыш деп атаймыз. Мысалы: Найзадай шоқылар дегенде, найзадай - анықтауыш , Жебе найзадай қадалды дегенде - пысықтауыш. Сол сияқты, ол - жақсы оқушы дегенде, жақсы - анықтауыш, ол - жақсы оқыды дегенде, жақсы - пысықтауыш.
Бұл сөйлемдерде найзадай, жақсы анықтауыш қызметінде де пысықтауыш қызметінде де өздері қатысты сөздермен қабыса байланысқан, екеуінде де лексикалық материалы мен тұлғалары бірдей. Дегенмен олардың айырмашылығы бірде зат есімдерге, бірде етістіктерге қатысты болуында ғана емес, сол арқылы грамматикалық мағыналардың да өзгеше болуында. Бұл ерекшелікті оларға қойылатын сұрақтарға қарап байқауға болады: Найзадай (қандай шоқы?), найзадай қадалды (қалай қадалды?) .
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер негізінен үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр- түс, сын-сапа жағынан толықтырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып тұрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге бағынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толықтауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса, ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.
Сонымен сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелері тіл мәдениеті, әдеби тілдің дамуы, калыптасуымен тығыз байланысты. Олар көптеген тарихи оқиғалармен бірге дамып, біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда тіл ғалымдарының көпшілігі бұл мәселеге зор маңыз беріп отырғандығы байқалады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің кейбіреуі, олардың ішінара түрлері әлі де болса зерттей түсуді кажет етеді.
Тұрлаусыз мүшелер ішінен сөйлемнің формалдық құрылымын жайылмаландыруда, сол арқылы оның жалпы семантикасын кеңейту де алдыңғы орында тұратын толықтауыштан кейінгі мүше - пысықтауыш . Бұл сөйлем мүшесінің сөйлем құрамында жиі қолданылуы оның мағыналық жағынан алуан түрлі болуымен байланысты.
А. Байтұрсынов: «Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нəрсенің амалын көрсететін сөз - баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады», - дей келіп, ғалым пысықтауыштың бес түрін (мезгіл, мекен, сын, себеп, мақсат) атап көрсетеді. Міне осы бес түрлі пысықтауыш қазірге дейінгі қазақ грамматикаларында аталып келеді жəне осы түрде арнайы зерттеу нысандарына да айналған.
Осындай зерттеулердің нəтижесінде пысықтауыштардың басқа тұрлаусыз мүшелерге ұқсас жақтары мен олардан ерекшелендіретін белгілері нақты айқындалған. Ондай ерекшеліктерді жинастыра келе былай жіктеп көрсетуге болады:
- пысықтауыштың қызметтік жағынан анықтауышқа ұқсастығы бар: пысықтауыш мүше қимыл-əрекеттің белгісін, орындалу сапасын білдірсе, анықтауыш заттың əр алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынаста болуын білдіреді;
- пысықтауыштың толықтауышпен формалық жағынан ғана (барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуі, етістікке меңгерілуі) ұқсастығы болмаса, мағыналық жағынан əр басқа;
- пысықтауыш та басқа тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді жайылмаландырушы мүше болып табылады;
- пысықтауыш үнемі етістік баяндауышқа немесе етістіктен болған сөз таптарына қатысты болады;
- пысықтауыш қызметінде үстеулер, үстеу мəндес есімдер, сапалық есімдер жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі зат есімдер жұмсалады.
Орыс ғалымдарының көрсетуінше, пысықтауыштың сөйлемді жайылмаландырудағы толықтауыш пен анықтауыш мүшелерден басты ерекшелігі оның детерминанттық қызметте жиі қолданылуы болып табылады . Нақтырақ айтқанда, олардың сөйлемде берілетін хабарды мағыналық-мазмұндық жағынан жайылмаландыруға бейім келетіні. Мұның өзі - берілетін хабардың мағынасы баяншының еркіне сай субъективтік көзқараспен толықтырылады деген сөз.
Əдетте, пысықтауыштар етістік баяндауыштардың алдынан тіркесіп, солармен грамматикалық та, мағыналық қатынаста болады. Бұлай тіркесу хабардың ерекшелігіне қарай əр түрлі ыңғайда болады. Мысалы, басқа тұрлаусыз мүшелермен қабаттаспай, сөйлемнің предикативтік құрылымына тек бір немесе бірнеше пысықтауыш мүше қатысады жəне олар бірде сөйлемнің тема бөлігінде болса, бірде рема бөлігінде, ал кейде екеуі бірдей рема бөлігінде бола береді. Пысықтауыштың бұл қасиеті, əрине, баяншының танымдық ерекшелігі белгілеген хабардың мазмұнына байланысты болады. Мысалы: 1. Мұнара уəделі уақытта бітті (Ж. Д. ) .
2. Үшеуі де үнсіз отырып қалды (Ж. Д. ) .
3. Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік (С. Мұқ. ) .
4. Дастархан басында жалғыз өзі қалыпты (Р. М. ) .
Осы төрт сөйлемнің ішінде бір-бірден пысықтауыш мүше бар. Алғашқы сөйлемдегі пысықтауыш ( уəделі ) мезгілдік мағынаны, келесі сөйлемдегі пысықтауыш ( үнсіз ) амалдық мағынаны, үшінші сөйлемдегі пысықтауыш ( көмекші боп ) себептік мағынаны, соңғы сөйлемдегі пысықтауыш ( дастархан басында ) мекендік мағынаны білдіреді.
Пысықтауыш мүшелер сөйлем ішінде бірнешеу болып та кездесе береді. Əрине, бұл да баяншы беретін хабар мазмұнына байланысты. мұндайда олардың біреуі, тіпті кейде екеуі де детерминант мүше қызметін атқарады. Сөйлем құрылымында бас мүшелерден басқа екі пысықтауыштың қатар келген түрін талдап көрейік:
1. Сол күні Əкбар ауық-ауық ұйқысырап шықты (Көз) .
2. Қосөткелде Сəлиманың қызы екеуі қалай тату ойнаушы еді . . . (Б. Н. ) .
3. Қыр басында Шынаркүл əлі тұр екен (Д. Д. ) .
4. Кештетіп шаһарға жетті (Ж) . Осы сөйлемдердің бəрінде де екі-екіден пысықтауыш бар. Олардың бірі сөйлемнің басында тема құрамында келсе, екіншілері рема құрамында баяндауышқа іргелес орналасып екпінге ие болған. Құрылымдық синтаксис өкілдері айтатындай, барлық сөйлем құрылымынан пысықтауыштарды шығарып тастағаннан сөйлемнің кіші құрылымына аса залал келе қоймайды.
Өйткені, бастауыш пен баяндауыш предикативтік қатынас құрап тұр деп есептеледі. Алайда, сөйлемнің мағыналық құрылымы, яғни коммуникативтік қызметі бұл тұрлаусыз пысықтауыш мүшелердің болуын қажет етеді. Дегенмен, олардың сөйлем ішіндегі басқа мүшелермен (баяндауышпен десе де болады) қатынасы жəне содан туатын сөйлем мағынасына əсері əр басқа болады. Мəселен, баяндауыштың алдындағы актуальданған пысықтауыштарға қарағанда, тема құрамындағы пысықтауыштардың екпіні əлсіз, сондықтан бұлар синтаксистік құрамға енбеуге бейім келеді. Сол себепті де ол мүшелерді баяндауышты емес, жалпы сөйлем семантикасын жайылмаландырып, сөйлемнің мағыналық құрылымы үшін маңызды міндет атқарып тұр деуге болады.
- Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Жалпы тюркологиялык және қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Дегенмен, көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.
Түркі тілдерінде біркатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде қарастырып отырды. Белгілі ғалым М. А. Казам-Бек өз еңбегінде: “Все слова выражающая второстепенные идеи, в каждом языке разделяются на три главная отделения: определительный, качественная и обстоятельственная”, - деп тұрлаусыз мүшелерді бөледі.
Ал В. И. Вербицскийдің редакторлығымен жарық көрген “Грамматика Алтайского языка” еңбегінде тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш және толықтауыш деп жіктейді. Сондай-ақ көрнекті тюрколог ғалымдар Н. К. Баскаков, И. Я. Батманов, В. Н. Богородицский, П. Дыренкова, А. П. Поцелуевский, Г. Д. Санжеев жэне тағы баскалары. Толықтауыш пен анықтауышқа ғана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады.
Ғалым И. Я. Батманов “Краткое введение в изучение языка” деген еңбегінде пысықтауышты толықтауыш аясында берсе,
В. А. Богородицский пысықтауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді . М. З. Закиев те сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаусыз мүшелерді конкретизирующий член, пояснительный член және модальный член деп үшке бөледі.
Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыкка шығуына сәйкес қазақ ғалымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаған ғалымдардың ішінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Басымов,
Бәйтенов, Ә. Ермеков, Ш. Сарыбаев, С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, М. Томанов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді.
Олардын кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген.
Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты қазақ тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А. Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. Ұлы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, әр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазақ тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А. Байтұрсыновтың мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді.
Профессор Қ. Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”, - дей отырып, тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толықтауыш, жалғаусыз анықтауыш деп екіге бөледі. Ал пысықтауышты ескермейді. Олардың бұлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “ Біз мағынасына қарай айқындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың әрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайық түрде сатылы топтастыру болып отыр” . Бұл жерде Қ. Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.
Отызыншы жылдары С. Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жолына ғана емес, олардың қалыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш деп атайды. Бір ғана анықтауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысықтауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысықтауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынған мүшелермен жалғастырғандығын көруге болады.
Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С. Жиенбаев, Х. Басымов, Ә. Ермеков, Ш. Сарыбаев сынды ғалымдарымыз ХХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерімен қатар, әдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш. Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарық көрген “Пысықтауыш пен пысықтауыш мәселесіне” деген макаласында: “Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толықтауыш болып жүрген және талассыз пысықтауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толықтауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”, - дейді. Ш. Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде бірқатар ғалымдар қарсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы және мағынаны нақ, дәл бере алмайды.
М. Балақаев “Қазіргі казак тілініңсинтаксисі” окулығында: “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады”, - деп нақты көрсетеді.
Сондай-ақ тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М. Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды. Алайда олар өте ыкшам, қысқа берілген. Р. Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп саралап, әрқайсысының сұрауларын, ережелерін, мағыналык және кұрамдық түрлерін береді. Сөз етіп отырған тақырыпта М. Серғалиев Ш. Бектұровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О. Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бұл мәселе М. Серғалиев, А. Айғабылов,
О. Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған “Қазіргі казак тілі” окулығында да (1991) сөз болды.
Тұрлаусыз мүшелер, олардың теориялык мәселелері бойынша Т. Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор “Есім пысықтауыш”, “Сөйлем мүшелерінің теориялык мәселелері” бағдарламасында, Р. Өмірбековамен бірігіп жазған “Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары” деген зерттеулерінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топка бөліп көрсетеді.
Әр тұрлаусыз мүшені, оның түрлерін жеке өз алдына дербес карау енді колға алына бастады. Оған З. Күзекованың “Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш”, Г. Есжанованың “Қазіргі казақ тіліндегі тура толықтауыш”, Г. Жылқыбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі етістік пысықтауыш”, Ж. Көпбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш” т. б. диссертациялык жұмыстарды атауға болады.
Орыс тіл білімінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін зерттеуде Н. И. Греч, Х. Востоков, А. И. Александров, Ф. И. Буслаев, А. А. Потебня, А. А. Пешковский, В. Виноградов, В. М. Никитин, И. И. Мещанинов және тағы басқа көптеген ғалым-тілшілер зор үлестерін косты. Алайда сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жөніндегі түсінік түрлі лингвистикалық мектеп өкілдерінде бірдей болмады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін бөлуде қандай принциптерді негізге алатындығы анықталмады, яғни көзқарастар әр түрлі болды.
Орыс тіл білімі синтаксисінде жүздеген жылдар бойы тұрлаусыз сөйлем мүшелерін үш түрлі анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлу жүзеге асырылып келді. Бірақ осы үш түрлі мүше төңірегінде қаншама дау-дамай болды. Ал пысықталушы сөздердің кимылдың белгісін білдіретіндері жартылай анықтауышқа, жартылай толықтауышқа катысты болды.
Ф. И. Буслаев тұрлаусыз мүшелерді екі түрлі көзкараста, яғни синтаксистік қолданысына карай және мағынасына карай қарастырды. Синтаксистік колданысқа карай аныкталатын топ тұрлаусыз мүшелер мен тұрлаусыз мүшелердің байланысу жолдарына тәуелді болды. Ал мағына бойынша анықталатын топ сұрақтарға байланысты болды.
А. А. Потебня мағынасы бойынша классификациялау әдісіне үзілді-кесілді карсы шыға отырып, тұрлаусыз мүшелердің үш түрлі атауынан бас тартпады. Қайта оларды формальды-грамматикалык негізге әкеп тіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz