Азияның ортағасырлық мәдениеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

факультеті

кафедрасы

КУРСТЫҚ жұмыс

Т

пәні

Тақырыбы: 1. 2. Абылай

Білімгер: Тобы

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға сұлтанның жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды __ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия

/аты-жөні/ /қолы/

Мазмұны

Кіріспе.

I. Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті .

1. 1. Орта Азия елдернің орта ғасырдағы жағдаиы . . .

1. 2. Ортағасырлардағы мәдениеттің өзгерісге ұшырауы . . .

II. Орта Азия халықтарының және қазақ халқының рухани, материалдық мәдениеті . . .

2. 1. Орта Азия халықтарының ғылым және білім . . .

2. 2 Орта Азия халықтарының музыка өнері.

III. Орталық Азия халықтарының бүгінгі таңда әлемдік мәдениетте алатын орны . . .

3. 1. Орта Азия мәдениетінің ерекшілігі . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Орталық Азия-Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғи аймақ. Оның бaтысы мен солтүстiк-бaтысындa ТМД елдері (Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, ) солтүстiгiнде Моңғолия, Қытайдың солтүстік -батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікті Пәкістан, Үндістанның солтүстік бөліктері, Ауғанстан, орталық және Шығыс Қытай алып жатыр. Ауданы 6 млн. км2.

Орталық Азия өңірінің аумағы 4 млн. км2, жалпы халық саны 60 млн. адамды құрайды. Өңір елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы Жібек жолының жандануы көрініс табады және Ресеймен, Қытаймен және ТМД-ның басқа елдерімен дәстүрлі байланыстарды жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, батыс Еуропа және мұсылман елдерінің геостратегия мүдделері қиылысқан. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріне тән ерекшелік оның ислам әлемінің бір бөлігі болып табылатындығы және христиан дінімен өркениеттермен түйіндесетіні болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Орталық Азия елдерінің одағын" құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегиялық бағыты-саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да салалардағы үйлесімділікті нығайту, дамыту болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі:

Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі Орта Азия елдерінің мәдениетінің пайда болуы және де мәдениеттің өзгерісге ұшырап отыруы. Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.

Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі мазмұны халық мұңы, оның ауыр тұрмысы еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды.

Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі, шамамен алғанда13-14 миллион шаршы километр аймақты алып жатыр.

Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады.

Түркі тілдес халықтардың ежелден мекендеп, қалыптасқан жері Еуразияның дәл кіндік тұсы Орталық Азия, Оңтүстік Сібір Еділ бойы және Орал өңірі. Қазір мұнда 40-түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың 25-нен астамы тұрып жатыр. Шығыс Сібірдің солтүстігінде және Кіші Азия мен Қаптауда (қазіргі Түркия мен Әзірбайжан) жаңа қоныстану аймақтары пайда болды. Түркі халықтары сонымен бірге саны көп басқа халықтар арасында Иранның тау жағында Солтүстік Қаптауда (Кавказда) Балқан түбегінде және Дунай мен Дон өзендерінің аралығында шағын топтар құрып орналасқан Түркілер Ирандар мәдениетін сусындатып, өз тілдерін, өз елдігін сақтады. Түркілердің ішінде өзбек, түрік, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз және қазақ сияқты ірі халықтар мен бірге шор, долған, қарайым, қыпшақ сияқты ұсақ ұлыстар да болды. Олардың тарихи тағдыры мен мәдениеті өз ұлттарына қарай әр түрлі қалыптасты.

Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.

Зрттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Орта Азия халықтарының мәдениетіні жәнеде тарихына көз жүргізіп, халықтардың тұрмыс-тіршілігін әдебиетін ғылымын түсіндіре беру, айқындау! Орта Азия халықтарының мәдениетін мынандай деңгеилерге бөліп қарастырсақ болады:

- ежелгі орта Азия халықтарының мәдениеті;

-орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті;

-түркітілдес халықтардың рухани, материалдық мәдениеті;

-қазақ елінің мәдениеттегі өзгерсітері;

Зерттелу деңгейі:

Орта Азия халықтарының зерттеушілер және әдеби түсінік жасаған ғалымдар көптеп кездеседі: атап-өтетін болсақ:

Халиди Құрбанғали (1846-1913) - тарихшы, этнограф. «Тарих хамса» («Шығыстағы бес елдің тарихы») (1910) атты аса құнды тарихи-этнографиялық кітап жазды. Мұнда әсіресе, қазақ халқының этнографиялық мұралары, мәдиниеті мен тұрмысына, әдебиетіне мол орын берілген.

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1904- ) ‑белгілі ғұлама, тарихшы, археолог, этнограф. Кең байтақ қазақ даласындағы мәдиниет ескерткіштерін, архиялогиялық, этнографиялық қазыналарын терең зерттеп, « Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан » (1950), «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдиниеті » (1966), « Хандар жарлығының тарихи ­‑ әлеуметтік мәні »(1945) т. б. жүздеген еңбектері мен мақалаларында халықтың қол өнері мен мәдениеті, өнері, әдет­ ‑ салты, тұрмыс дәстүрлері жөнінде мағынасы зор деректер мен жаңалықтар ашты.

Янушкевич Адольф (1803-1857) -поляк революционері. Қазақ даласында болып, жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы, әдет‑ғұрпы, салт - дәстүрі туралы өз пікірлерін білдірген көптеген хаттары бар. Ол «қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар » (1861) деген атпен поляк тілінде басылған.

Паллас Петр Симон (1741-1822) -неміс ғылымы, этнограф. Каспий маңайы, Башқұртыстан аймақтарында болып «Россия мемлекетінің әртүрлі провицияларына саяхат » (1773-78) деген еңбегінде қазақтар өмірінен этнографиялық талдаулар жасат, олар туралы пікірлер қалдырған .

Левшин Алексей Ираклиевич (1741-1879) ‑қазақ халқы және оның шаруашылық, тұрмыс, әдед‑салттары жөнінде көптеген тамаша еңбектер жазған ғалым. Оның «Қырғыз - қазақ немесе қырғыз - қайсақ далаларының сипаттамасы »

(1832) аталған елдің тарихы мен мәдениеті жөнінде өте көп мағлұматтар берілген. «Қазақ халқының аты - жөні және оның нағыз немесе жабайы қырғыздардан айырмашылықтары туралы» (1827) еңбегінің де маңызы өте зор болды.

Марко Поло (1254 - 1324) ‑ итальян саяхатшысы, 13 ғасырда Қытайға сапар шегіп, қазақ жерін басып өткен. Осы сапарында «Кітап» атты жазба мұра қалдырып, Шығыс және Орта Азия елдерінің өмірі мен тұрмыс-салты жөнінде алғаш еңбек қалдырған адам. Марко Полоның аталған еңбектері негізінде 14-15 ғасырларда Азия картасы жасалды.

Орталық Азия халықтарының ортағасырлық мәдениеті

Мәдениет - (лат. тiлiнен cultura - өңдеу, тәрбие, білім, даму, кұрметтеу) материалдық және рухани құндылықтар жасаушы адамдардың күнделiктi өмiрi мен қызметiнiң түрлерi мен формаларында көрiнiс беретiн адам мен қоғам дамуының белгiлi бiр тарихи сатысы. Латын тіліндегі "мәдениет"сөзi алғашқыда агромәдениетті, жер өңдеу деген мағынаны бiлдiрдi. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.

Орталық Азияның өткенін өрістетіп жатқан зерттеулердің нәтижелері өңірдің мәдениет тарихындағы аса көрнекті рөлін айғақтайды. Археологтардың ежелгі Орталық Азияның өзіндік мәдениеттерін жақында ашуы олардың ежелгі Иран өркениетінен тәуелсіздігін және олардағы Парсы империясының шеткері аймақтарын көру дәстүрінің сәтсіздігін көрсетті. Ерекше экологиялық жағдайда қалыптасқан әртүрлі мәдениеттердің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ Шығыстың басқа өркениеттерімен ерте және тығыз байланысы ежелгі Орталық Азияның ерекше белгілері болып табылады. Ежелгі дәуірдің жергілікті мәдениеттері орта ғасырлардағы Еуропамен бір уақытта жарқыраған кейінгі мәдениеттердің негізіне айналды.

Біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы мыңжылдықта Орта Азияның оңтүстік-батысында джейтун неолит мәдениеті пайда болды. Тайпалар отырықшы өмір салтын жүргізді, арпа мен бидай өсірді, ұсақ мал өсірді. Джейтундар ауылдары әсем суреттермен безендірілген қасиетті орталығы бар сазды үйлерден тұрды. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдыққа қарай джейтун сияқты ауылшаруашылық және мал шаруашылығы қауымдастықтары мыс өндіру технологиясын игеріп, ірі қара мен түйе өсіреді.

Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы мәдени ескерткіштердің ішінде Алтын-Депе өркениеті кеңінен зерттелген. Протогород өркениетінің орталықтары шикі кірпіштен жасалған бекініс қабырғаларымен қорғалды. Алтын Депе діни кешені зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Оның құрамына қоймалар, бас діни қызметкердің үйі, діни қызметкерлердің жерлеу орындары кірді. Ғибадатхана кешені ай құдайына арналды. Археологтардың тапқан мәліметтері Алтын-Депе өркениетінің Месопотамия және инд алқабының Хараппа өркениеті мәдениеттерімен тығыз байланысын көрсетеді. Алтын-депен өркениетінің үш әлеуметтік тобы бар: қолөнершілер мен фермерлер; қауымдастықтарды білу; басшылар мен діни қызметкерлер (дін қызметшілері) . Жоғары қабат өкілдерінің жерлеу орындарынан алтыннан, күмістен, піл сүйегінен жасалған, соның ішінде алыс аймақтардан әкелінген әшекейлер табылды. 1429 ж. тарих сахнасына шығып, Өзбек ұлысы атанған мемлекеттiң неліктен «өзбек» атанған туралы тарих ғылымында әлі күнге қалыптасқан пікірлерде бiрiздiлiк жок. Жалпы «өзбек» атауының шығуы Жошы ұлысының ханы Өзбек хан атымен байланысты шыққаны белгілі. Ол туралы тек «Түрік шежiресiнде» ғана нақты дерек бар. Ол өз шығармасында былай дейді: Саийид Ата мен Султан Мухаммед Өзбек хан бастаған халық Мауараннахрга бет алған кезде, олардан «кімсіңдер?» деп сұрағанда, олар өздерiн патшасының атымен «өзбек» деп атады. Ал, Өзбек ханға ермей қалған халық «қалмақ» атанды. Осы дерекке сүйенген Х. Вамбери, өзбектердiң «өзбек» атануын тікелей Өзбек хан атымен байланыстырады және өзiнiң бұл ойын былай тұжырымдайды: «Түркілерде көнеден келе жатқан бір әдет бар: егер де билеушi мемлекеттi жақсы басқарып, халыққа айтарлықтай қызмет етсе, оның атын мәңгілікке қалдыруға әрекет жасайды. Бұл, бiр жағынан, билеушiнi қауым басына қойса, сонымен бара-бар сол билеушiнiң атын жалпы дүние тарихына енгізеді. Жалпы біз бұл үрдісті селжуктердiң батыс Азияға қуатты күшпен барып, Византия императорлығы орнына өз мемлекетін кұруынан көремiз. Олар өз билеушілері, мемлекеттi құрушы заң шығарушы Осман атын халық аты ретінде қабылдап, османлы» деп аталды. Тура сол сиякты Көк Орданың (Ақ Орданың шығысында, Еділ мен Жайық арасында өмір сүрген ру, тайпалар да өздеріне Жошы әулетінен болған тоғызыншы билеуші Өзбек хан атын өздерiне халық аты етiп қабылдады. Бұл жерде «өзбек» атауының шығуы Өзбек хан атымен, онын жүргiзген дiни-идеологиялық саяси реформасымен байланысты болғанын аңғару қиын емес. Өзбек ханның Жошы ұлысындагы түркі халықтарының рухани-мәдени тұтастығын қалыптастыруы, мемлекеттік басқару жүйесін жана сатыға көтеруi бүкіл халық алдында оның абыройын өте жоғары деңгейге көтердi. Сол себепті Өзбек хан иелігіндегі халыктың өздерiн «өзбекпіз» деп атағаны тарихи шындық.

Алайда Алтын Орда мемлекетінің тарихын зерттеуші В. Л. Грекон. А. Ю Якубовский, Шайбани хан мен өзбектер тарихын зерттеуші А. А. Семенов сияқты ғалымдар өзбек атауы Жошы ұлысының сол қанатындағы түркі-моңғол тайпаларының ортақ атауы болғандығын және ол атаудың Өзбек хан атымен байланысты екендігін айтады. Ал XIX ғ. өмір сүрген В. В. Григорьев бiз жоғарыда сілтеме жасаған Х. Вамбери еңбегiне жазған пiкiрiнде «өзбек» атауының шығуына Өзбек ханның ешқандай қатысы жоқ дегенді алға тартады. Егер де осы пiкiрлерге талдау жасар болсақ, онда В. В. Григорьевтен өзге ғалымдар айтқан пiкiрдiң барлығында шындық бар екендiгiн айтуға тиіспіз. Бірақ жоғарыда аты аталған авторлардың өзбек атауының шығуына қатысты пікірді нақты дәлелді тұжырымдармен бекіте алмауының негiзiнде бұл ғалымдардың ешқайсысының Өзбек хан жүргізген дiни-идеологиялық, саяси реформасының мәнiн түсiне алмауында жатыр. Бұл жерде Алтын Орда мемлекетiндегi дiни-идеологиялық, саяси реформалардың мемлекеттің саяси өмiрiне ықпалы авторлар назарынан тыс қалғанын көремiз. Өзбек хан жүргізген реформа мемлекеттiң даму деңгейiн өте жоғары сатыға көтерсе, Жәнібек хан жүргізген реформалар мемлекеттiң ыдырауына дейiн әкелген фактор болғандығы, осы Жәнібек ханның реформасы мен мемлекеттiң басқару жүйесiн өзгертуі Алтын Орда мемлекетінің оң қанатындағы түркі-моңғол тайпаларының толығымен сол қанатқа көшiп өткендігі, олармен бірге Ақ Орда атауының да сол қанатқа, Көк Орда территориясына көшкендiгi зерттеушілер еңбегiнде мүлде қарастырылмағанын аңғарамыз. Бұл жерде сол қанаттағы түркі-моңғол тайпаларының неге өзбек аталғандығынын басты себебi айқын болады.

Ал, В. В. Григорьевтiң Өзбек хан қайтыс болғаннан кейiн араға жүз жыл салып тарих сахнасына шыққан Әбілқайыр хан мемлекетінің Өзбек ұлысы аталуын түсіне алмауы заңды. Бұл сұраққа жауапты қазақ шежірелеріндегі деректерден өзге бірде-бір тарихи шығармада Әбілқайыр мемлекетінің неліктен Өзбек ұлысы аталғандығы туралы мәлімет жоқ. Сондықтан келесі кезекті қазақ шежірелеріндегі деректерге берелік. З. Сәдібековтың «Қазақ шежіресі» атты кітабында берілген қазақ шежіресінің үшінші нұсқасында қазақ халқының шығу тегі былай беріледі. Нұх пайғамбардың он бірінші ұрпағы- Сыбай хан, одан-Алаш, Алаштан- Жайылхан, Жайылханнан- Қазақ, Қазақтан-Жұман, Жұманнан-Әбілқайыр, Әбілқайырдан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туылады. Бұл үшеуінен қазақтың үш жүзі тарайды.

Шежіредегі Жұман мен Әбілқайырға келсек, бұлардың да тарихи тұлғалар екендігін аңғару қиын емес. Шежіредегі Жұманның тарихта болған Шибан ұрпағынан шыққан Жұмадық хан екендігіне дау жоқ. Одан кейін таққа отырған Әбілқайыр хан екендігі де белгілі. Бұл хандардың қазақ шежіресінен орын алуы Өзбек хан тұсында қалыптасқан мемлекеттік жүйенің осы хандар билеген мемлекетте ғана толық сақталғандығын дәлелдейді. Демек, Әбілқайыр хан билеген ұлыстың Өзбек ұлысы аталуы Өзбек хан құрған мемлекеттік жүйенің осы ұлыста толығымен сақталғандығын, оның құрамындағы халықтың Өзбек ханның салған жолына адал болғандығын дәләлдейді. Сондықтан бұл ұлыс Өзбек ұлысы деп аталды.

Біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасына қарай Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы мәдениеттер құлдырауда болды. Аймақтың негізгі мәдени орталықтары Амудария орта ағысынөа көшеді. Бекіністі қоныстардың қазба жұмыстарынан табылған заттар Алтын-Депе мәдениетімен байланысы туралы айтады. Кейбір заттар Месопотамия мен Эламмен байланыстың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың басында Орталық Азияның оңтүстігі ежелгі Шығыстың жоғары дамыған отырықшы мәдениеттеріне айналды. Оңтүстік-солтүстіктегі оазистерде мәдениеттердің өсуімен қатар Дала малшыларының тайпалары таралды. Солтүстік көшпенділері мен оңтүстіктің отырықшы тайпаларының өзара іс-қимылының өзіндік шарттары Орталық Азия өркениеттерінің даму сипатын айқындайды. Осы кезеңдегі технологиялық прогрестің негізі темір болып табылады. Оңтүстік-Шығыс Каспий мен Мургаб атырауында тиімді суару жүйелері жұмыс істейді. Оазистік қоныстандыру жүйесі құрылуда. Оазистердің орталықтары шикі кірпіштен салынған бекіністері бар ірі елді мекендер болды.

Орталық Азия мәдениеттерінің аумағын өз күшіне енгізу процесінде Ахеменидтер ежелгі дереккөздерде массагеттер деп аталатын көшпенділердің күшті қарсылығына тап болды. Біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырдан бастап салыстырмалы түрде тұрақты даму кезеңі басталды. Ірі орталық-СДО астанасы Мараканда қаласы (Қазіргі Самарқандтың орнында) . Тұрақты халықаралық саудада Бактрия арқылы Үндістанға апаратын жол ең танымал болды. Империяның дәстүрлеріне сүйене отырып, жергілікті билеушілер монументалды сарайлар салды. Орта Азия халықтарының сан ғасырлық дамыған мәдениеті XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап қайта өсе бастады. Біздің мәдениетті дамытуда жаңа өрлеу үшін жағдай жасалған. ХV-XVII ғасырларда Самарқанд, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарада кітап және ағаш пен тас ою мектебі ашылды. Сәулет өнерінде талғампаздықтың элементі ретінде қолданылған Каллиграфия да жоғары шеберлікке қол жеткізді.

Түркі халықтарының Орталық Азиядағы мәдениеті :

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф. Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.

Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ, анын аңғартады.

Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті туралы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Орталық Азия ның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің мәдени мұрасы
Археология ғылымы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz