Көсемәлі Сәттібайұлының публицистикасы


Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Филология және журналистика» кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Журналистік шеберлік пәні бойынша
Тақырыбы: Көсемәлі Сәттібайұлының публицистикасы
Білімгер ___ Аманбек Нұрболат Асанұлы_ Тобы_ В19Жур-1, 3
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші доценті _ Сағыбай З. Д.
/қызметі/ /аты-жөні/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚорғауға жіберілді «»20___ ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды «», 20__ж. бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Филология және журналистика» кафедрасы В 19Жур-1, 3 тобының білімгеріне Аманбек Нұрболат Асанұлы курстық жоба (жұмыс)ТАПСЫРМА Журналистік шеберлік пәні бойынша/аты-жөні/
1. Тақырыбы: Көсемәлі Сәттібайұлының публицистикасы
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы
1-4 апта
5-6 апта
Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №
Жетекшісі:
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.
/білімгердің қолы/
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-6
І Көркем сөздің көсемі-Көсемәлі . . . 7
II Көсемәлі мақалаларындағы публицистикалық сарын . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Көсемәлі Сәттібайұлы - қаламы қарымды журналист, арынды жазушы -публицист. Өзінің саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған майталман маманның қоғам үшін жасаған қызметі де орасан. Қаламына қара нардың жүгін артып, қоғам тынысын қағілездікпен қадағалап күн кешу қашаннан да журналистке тән қасиет. К. Сәттібайұлында бұның бәрі де бар. Ол қоғамдағы қайсыбір мәселені болсын назардан тыс қалдырмағанын аңғару қиын емес.
Өз ортасында «Көсемсөздің көсемі» аталып кеткен журналист туралы айтылған ойлар аз емес. Солардың бірі Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты Ерғали Сағат өз естелігінде былай дейді:
«Талас топырағынан шыққан Көсемәлінің алдында да небір жайсаң, өлке трихинен хабары мол азаматтар көп болғаны белгілі, әлі де шүкір, жетерлік.
Жамбыл облыстық газетінен ауысып жастар басылымында қызмет жасап жүргенде Жамбыл өңіріндегі тілші Көсемәлі Сәттібаев өңір үшін жақсы қолқанат болып шыққан, өңірдің тарихын, жалпы қай саласының болсын жай-жапсарын жақсы білді, танып жазатын, сөзі тұщымды, қысқасы «сөзі көсем Көсемәлі» деп әзіл-шынын араластырып айтатын еді әріптестері. Жақаң сол жылдардың әсерін ұмытпаған сыңайлы, содан шығар. Әзілдің астарында мысқалдай болса да ақиқат жатады. Көсемәлі сол жылдардан бастап бертіндегі өріс алған еңбек жолында сол сөздің ақиқатын дәлелдеді де. Ол жылдардан бері де арада сынаптай сырғып жиырма бес жылдай уақыт өткен екен»
Мектеп бітіре салып туған ауылы Амангелдіде қатардағы құрылысшы болып жүрген таланты жасты тілшілік қызметке шақырды. Ол жылдар жач журналист үшін өзінше бір үлкен мектеп болды. Нарша Қашағанов пен Серік Томановтың қай жерде болмасын өздерін еркін ұстауы, жалтақтап жасқанбауы, поэзиялық туындылырында болса еліктің лағындай жеңіл ырғақ есіп тұратын, бәріненде әр шумақтан төгіліп жататын шуақты ойлары қандай терең еді, шаң басқан сананы сілкір еді.
Осындай ортада танылып, қаламы ұшталған Көсемәлінің ауданның сан-салалы тіршілігінен жазған көкейкесті мақалалары облыстық «Ақ жол» газетінде жарияланып жатады. Жас журналистің қарымын қадағалап жүрген белгілі қаламгер, басылымның бас редакторы Арғынбай Бекбосынов қызметке шақырады.
Бұл еліміз тәуелсіздігін жариялап, бодандықтан басы босап, ел рухтанып, еңсе көтеріп қалған жылдар еді. Бірақ ел ішіндегі жағдай күйзелісте болатын. Малдың құны кетіп, жаппай жойылысқа ұшырап, ірі зауыт-фабрикалар кешегі одақтас елдермен экономикалық байланыстар бірте-бірте үзілген соң жұмыстарын тоқтатып, соның салдарынан ауылдық жерлерде де, қалалық жерлерде де жұмыссыздық қатары күрт белең алып, халық арасында «кешегі күніміз жақсы еді ғой» дегендей іштей наразылық болатын еді, оған алауыз партиялар леп беріп елдің берекесі қашыңқырап тұрған кезең-ді.
Көзі ашық зиялы қауым өкілдері бұның өтпелі екендігін, енді еркіндігімізге ие болу керек екендігін айтып шырылдағанымен және де сыртқы күштердің «ел бола алмайды» деген бопсаласы бар, әйтеуір ел іші түсініксіз дүрбелеңді кешіп жатқан-ды.
Бұл өтпелі уақыт тәуелсіз елдің әкім қараларынан басқа саяси партияларынан, жалпы халықтан сабырлықты, төзімділікті қажет етті.
Осы тұс журналистердің қоғамдағы орны бұрын-соңды болмаған мұқтаждыққа ие болды, беделі артты. Олардың ұстамды да өрелі сөздері халыққа ой салып отырды, ел ішіндегі бірліктің сақталуына айрықша дәнекер болды. Сары басылымдар мен телеканалдардың жаңа тынысы ашылып, ащы шындықты шырылдап жеткізуге тырысты. Дегенмен олардың біразы байшікеш иелерінің мүддесін көздеп ұлт мүддесіне қайшы келетін хабарлар да жасайтын. Бүгінде олар жуасыған.
Бұл жылдары өңірдің көзі әрі құлағы болып отырған облыстық басылымдардың үні батылдығымен жарқырап көрінген жылдар еді. Әрине бәрі бірдей емес. Сондай басылымдардың сарбаздары қатарында өзінің өткір де өжет, шыншыл, оқырман санасына ұялап ой салатын жариялымдарымен көзге түсіп, көріне білген Көсемәлі Сәттібаев Алматы, ондағы республикалық жастар басылымы «Лениншіл жастың» (дәл сол кезде аты «Жас Алаш» болып өзгерген) бас редакторы Уалихан Қалижан мырзадан шақыту алады.
Өңірлерде қандай да бір тақырыпты танып еркін игеретін, көтеріп отырған мәселесіне орай көкейкесті ой тастай алатын, жаңа формациялық нарықтық қоғамның мән-маңызын, мақсат-мүддесін оқырмандарға түсіндіріп бере алатын осындай журналистерге зәрулік болды десем асылы артық айтқандық емес.
Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясаттан түсінік- танымы, хабары мол болуы да қажет еді. Өйткені сол жылдары еліміздің ашық қоғам орнатуы жолына түсуі, соған орай түрлі мақсаттағы сырттан ағылған діни ағым иелері, түрлі саяси қозғалыстар мен ұйымдардың өкілдері ел ішінде боданнан енді босанып азаттық алған аңқау халықтың санасын лайлап, өзінің арамза мүдделеріне бұрмалаушылар көбейіп, етек алған еді.
Осы шақта республикалық, өңірлік деңгейлердегі ұлттық басылымдар мемлекет үшін, оның іргесінің беріктей түсуі үшін зор жұмыстар атқарды. Мерзімді баспасөздің төртінші билік атануы осы жылдардан бастау алып еді.
Осы қарусыз майданда ұлт журналистері мемлекет саясатына демеу болып, шамасынша халқына қорған бола білді. Осы қарулы қалам иелерінің сапында сөз жоқ, жамбылдық журналист Көсемәлі Сәттібаевтің шығармашылық үлесі зор деп айтуға болады. Оның жекешелендіру кезінде тұралап қалған ауылдың ауыр халі, кежегесінен кейін кеткен химия өндірісінің мүшкіл ақуалы, кешегі алпауыт өндіріс ошақтарының тарылған тынысы туралы жазған толғақты дүниелері оқырмандарының көңілінен шығып, мақұлданып жататын.
1991-1994 жылдары жастар басылымында танылып, ой-өрісінде кең тыныс қалыптасқан қаламгер енді, республикалық аға басылым «Егемен Қазақстаннан» табылады. Мұндағы өткен жылдары да Көсемәлінің кесек азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Басылымның бас редакторы көрнекті ақын, парасатты азамат Нұрлан Оразалиннен бас-тап Ержұман Смайыл, Жанболат Аупбаев сынды және басқа да қарымды қаламгерлермен қатар жүріп, тек журналистік қарымын шыңдап қана қоймай, ағаларынан еңбекқорлықты, парасаттылығы мен азаматтық асыл қасиеттерін бойына жұғысты етті.
Жақсы журналист және жақсы жазушы болып қалыптасу әлгіде айтқандай үлкен еңбекқорлықты, талантпен қатар табандылықты қажет ететіні дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бірақ, олар әрине көп емес. Кешелері өмірден озған Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза және басқа да азаматтарды бұл қатарға жатқызып атауға болады. Тараз аймағынан айтқанда егіз саланы өгейсітпей қатар алып жүруі Көсемәлінің еңбекқорлығын айғақтады.
Ол көркем әдебиет жанрында ерте танылып, ерте жазушы болып қалыптасты. Әп дегеннен талай таланттың көзін ашып, жазушылыққа танытқан «Жалынның» жабық бәйгесінде «Елгезек бағдаршам», «Тоқ қуат және басқалар» атты көркем шығармалары бәйге сөресінен табылған. Содан бері бірнеше көркем прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көріп, өз оқырмандарын тапты. Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені мен бірнеше мемлекеттік медальдардың иегері.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көсемәлі Сәттібайұлының публицистикалық шығармашылығына шолу жасай отырып, оның өзіндік жазу стилін меңгеру. Бұл курстық жұмыстың өзектілігі: қазақ жастарының әдебиет пен мәдениетке жақын болуына септік тигізу. К. Сәттібайұлының өмірлік ұстанымдарын, шығармашылығын зерттей отырып, қазіргі замандағы жас журналисттердің үйренер, көрер дүниесінің мол екенін дәлелдеу. Журналистика саласының шебері болған қаламгердің өмір баяны мен өнер жолын өзіммен қатарластарға үлгі ретінде көрсету.
Курстық жұмыстың мақсат. Публицистің өмір баяны мен шығармашылығына зерттеу жасай отырып, публицистік шеберлігін талдау. Өзіндік жазу стилі мен тілін зерттей отырып, заман ағымына сай етіп өз тәжірибеме енгізу. Жас журналист ретінде жаңа қырлар мен публицистік шеберлікті үйрену бұл курстық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- К. Сәттібайұлының өмір баянына тоқталу. Биографиясына талдау.
- К. Сәттібайұлының шығармашылық жолына шолу жасау. Актерліктен журналистикаға қалай аяқ басқандығын зерттеу.
- К. Сәттібайұлының еңбектеріне тоқталы, шолу жасау.
- Жас журналист ретінде, курстық жұмысымның зертету мақсаттарына жету.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмыс барысында К. Сәттібайұлының публицистикалық шығармаларын негізге ала отырып, оның жазу стиліне, ой ұшқырлығы мен тәжірибелік өтіліне талдау жасай аламын. Ақпараттық сайттар немесе мерзімді басылымдардың медиа сайттарын қолдана отырып, оның өмір баяны мен еңбек өтіліне, шығармашылық өнер жолына шолу жасай аламын. Қаламгердің кітаптары мен өлеңдеріне де тоқталу арқылы, журналистің шығармашылық өмірін зерттеу.
Зерттеудің теориялық маңызы. Көсемәлі Сәттібайұлының пубицистикалық шеберлігіне талдау жасауымның теориялық негізі, журналистік қабілетім мен шеберлігімді шыңдау болып табылады. Оның өзіндік жазу стилі мен публицистік еңбек өтілін негізге ала отырып, өз біліміме жалғау болып табылады. Курстық жұмыстың теориялық маңызы пән атауына сәйкес, қаламгердің публицистиасымен таныса отырып, өз журналистік шеберлігімді шыңдау болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс
Кіріспе- өмір баяны;
Негізгі бөлім Бірінші тарау:К. Сәттібайұлының публицистикалық шеберлігі:Қаламгердің мақалаларына тоқталу, талдау анализдеу.
Екінші тарау: Көсемәлі Сәттібайұлының «Менің елім», «Шың мен шынар» атты публицистикалық жинағына шолу.
Қорытынды:Зерттеу міндет-мақсаттарын негізге ала отырып, зерттеу әдістері арқылы талдау жасау, қорытынды ойларды жинақтау.
І Көркем сөздің көсемі - Көсемәлі
«Бейбітшілік қорғаны» атты мақала 2017 - жылдың 11- шілдесінде Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің № 76 санында жарық көрген. Автор материалы талдамалы жанрда, мақала форматында жазылған. Стилі- публицистикалық. Мақаладағы көтерілген басты мәселе-еліміздің ядролық қимылдан бас тарту маңыздылығы. Аталмыш мақалада К. Сәттібайұлы отыз жыл бұрынғы Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және бұл тұрғыда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың атқарған ерен еңбегінің маңыздылығын қазіргі заман тарапынан саралап жазады.
Осы орайда тұңғыш президентіміздің қауіпсіз Қазақстанды қалыптастыруындағы атқарған қызметінің орасан екендігі шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отырғандығын да алға тартады. Бұған дәлел ретінде автор «Bike for Peace» ұйымының жетекшісі норвегиялық тарихшы Торе Наерландттың мына сөзін мысалға келтіреді. Қазақстанның ядролық қаруға қарсы атқарған қыруар және жансебіл жұмысы туралы барша әлем жұртшылығы білуі тиіс .
1994 жылы Н. Ә. Назарбаев ядролық қарудан бас тарту жөніндегі тарихи шешімінен кейін, Украина мен Беларусь елдері осы ізгі жолды таңдады. Қазақстанның территориясында 1400 ядролық арсенал Ұлыбритания, Франция мен Қытайды екі орап алатын еді».
Сонымен қатар мақалада әлем халықтары өткен ғасырда ядролық қарудың зардабын 1945 жылы Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларындағы атом бомбаларының жарылысы нәтижесінде куәгер болғандығын, ал қазақ даласы да бұл жайттан кенде еместігін айтады. Автордың журналистік шеберлігі материалды деректемелермен толықтыра отырып, тарихи мәліметтерді сөйлете білуінен анық байқалады .
Мәселен, Көсемәлі Сәттібайұлы Елбасының « Бейбітшілік кіндігі» атты кітабынан мысал келтіре отыра, Кеңестік кеңістікте ядролық қаруға қарсы бастама ең алғаш Н. Ә. Назарбаев тарапынан болғандығын айтады. Сол кезеңдегі социалистік элита өкілдері тұрғысынан туындаған түрлі қарсы пікірлер мен жалған жалалардың көбейе түсуіне қарамастан, Елбасының батыл бастамасының әсерінен бұқара халық арасында да ядролық қаруға қарсы дүмпулер пайда болады. Ал сол қозғалыстың көшбасшысы белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болғандығын айтады.
Қорыта айтқанда, мақаланың концепциялық тұжырымдамасы Қазақтан-ядросыз әлем құру жобасының көшбасшысы екендігі, осынау бейбітшілілікке бағытталған бастаманың ел абыройын әлемдік аренада асқақтата түсетіндігімен түсіндіріледі. «Қарттарым, аман-сау жүрші»атты мақаласы 2012жылдың 1- қаңтарында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің №1 санында жарық көрген, ақпараттық жанрда жазылған.
Мақалада әлеуметтік тақырып қозғалған. Бүгінгі таңда жастар жағдайы, жұмыссыздық күйі, еңбекақы мен жәрдемақы мәселесі сынды қоғамдағы қарттарға деген көзқарас есті жұртты елең еткізбей қоймайтыны анық. Автор ахуалы асқынғалы тұрған мәселенің тамырынан дөп басқан. Бауыр еті баласынан қорған таппаған қазыналы қарттардың жай- күйі қоғам тарапынан қолдауға ие болған дейді автор. Мақалада Тараз қаласындағы №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің жағдайы баяндалған. Аталмыш мекемеде әлеуметтік қызмет түрлері мықтап қолға алынып қана қоймай, жаңа стандартты жағдайға түскендігі материал мазмұнын аша түседі.
Мұндағы автордың журналистік шеберлігі сандарды сөйлете білуінен, сараптамалық-зерттеушілік функциясын орынды пайдалана алуынан анық байқалады. Мәселен, мақалада автор қарттар үйіндегі жасалып жатқан қыруар жұмыстың нақты 7 бағытта іске асып жатқандығын жік-жігімен тарқата жазған. Бұл туралы автор: «Интернатта 7 бағыт бойынша жұмыс өте жақсы жолға қойылған. Олар: әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік- тұрмыстық, әлеуметтік - еңбек, әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық бағыттар» -дейді. Сонымен қатар автор аталмыш бағыттардың іске асу барысындағы жайттарға тоқтала отырып, интернатта түрлі тақырыптарда пайдалы лекциялар оқылатынын да тілге тиек етеді.
Интернат үйіндегі қарттар арасында қолайлы психологиялық ахуал қамтамасыз ету, өзара келіспеушілік жағдайларының алдын алу мақсатында да қыруар жұмыс атқарылуда дейді автор өз мақаласында . Бұл бағытта психолог мамандардың қатысуымен әр түрлі тренинтер, тестер арқылы профилактикалық шаралар іске асатындығы айтылған. Мысалы «Шіркін, біздің жылдар», «Мен кіммін ?», «Айзенко» сынды тренинг-тестер адамның мінез-құлқын анықтауға септігін тигізсе, «Үй. Ағаш. Адам» «Сіздің жүйкеңіз қалай? атты психологиялық оңалту мақсатында жасалған жасалған жобалық әдістемелердің мұқият жүргізілгені де сөз етіледі.
Қашанда «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қазақ халқы үшін бүгінде қазынасы базыналы күй кешуі қабырғаны қайыстырарлық жайт. Ата дәстүр мен ғұрпымызда, салт пен сана, таным мен тағылым тұрғысынан да ақсақалды қариясын сыйлап, құрметтеу керектігі айтылып келеді. Бірақ өркениеттер ұштасып, мәдениеттер қабысып жатқан кезеңде құндылықтар құнтталмаса, құрып кету алдында тұратыны да анық. Міне, К. Сәттібайұлы осы орайда өзінің журналистік позициясын ұтымды пайдалана білген.
«Батырдың құпия сыры» атты мақаласы 2008 - жылдың 25- маусымында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген. Автордың сөз саптау үрдісі мен жазу ерекшелігіне назар аудара отырып, мақаланың публицистикалық стильде, талдамалы жанрда жазылғанын аңғаруға болады.
Аталмыш мақалада Ұлы Отан соғысының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ғұмырнамасына қатысты деректер келтіріле отырып, батырдың жеке өмірінің ашылмаған қырлары сөз етіледі. Мақала мазмұнына сүйенсек, автор материалының «бісмілләсінан» - ақ аталмыш мақала К. Сәттібайұлының Баукең туралы жазған алғашқы шығармасы емес екенін аңғаруға болады. Ол бұл туралы мақалада бұған дейін де ұлт қаһарманының жеке өмірі тұрғысында 2005- жылдың 29- қаңтарында «Егемен Қазақстан» газеті беттерінде « Ер Баукеңнің қызы Елена» атты мақаласы жарық көргендігін алға тартады. Автордың осы мақаласы баспасөз беттеріне шығысымен - ақ өз кезегінде оқырман тарапынан қызу талқыға түсіп, қоғамдық пікір тудырған. Ал « Батырдың құпия сырында» сондағы туындаған сан сауалға жауап табылған десе де болады . Мақаладағы автордың журналистік қарым-қабілетін ондағы еркін сөз қолданысынан, көсіле жазған көркем -әдеби фактілерді ұтымды пайдалана білгендігінен байқауға болады.
Мақалаға негізгі арқау болған дүние- Бауыржан Момышұлының естеліктері мен қолжазбалары, батыр туралы жазылған кітаптар. Мәселен, Әзілхан Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарынан үзінділер келтіріле отырып, ондағы Баукеңнің өз өміріне қатысты тың деректемер айтылады. Аталмыш дереккөзде айтылған әңгіменің ауаны батырдың әйелдеріне тікелей қатысты. Автор осы тұрғыда қоғамда түрлі резонанстар тудырған сан- сауалдың шешімін табуға асығады . Бұл журналистің қажырлы еңбегінің көрінісі.
Мақала түйіні автордың ұлы тұлғалардың тағдыры бұлтарысы мен қалтарыстан тұратын, тар жол тайғақты екендігін айта отырып, мақаланы былайша түйіндейді : «Ақиқатты ғана айтып, шындықты ғана жазғанды пір тұтып өткен Баукең туралы бүгінде тек шындық жазылуы тиіс» дейді . «Жаңа әліиби құтты болсын!»атты Мақаласы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 2017 жылғы 28- қазанда № 122 санында жарық көрген. Мақала ақпараттық жанрда, публицистикалық стильде жазылған. Тақырыбы : тіл саясаты .
Қазақ жазба тілінің тарихы тым тереңнен бастау алады. Там-тұмданған тарихымызда қазақ жеріндегі алғашқы жазу үлгілері Түркі қағанаты дәуірінен бастау алады деген күннің өзінде, Есік қорғанынан табылған таңбалы тостағанда жасырылған сыр қаншама.
Замана түрленіп, ғасырлар ауысып жатқан тұста әліпбиіміз де сан құбылды. Алдымен араб, сонан соң латын қарпіне ауысқан жазу тіліміз кириллицаға аялдап, тұрақтаған еді. Бірақ жаһан жанданып, заман талабы өзгерген сәтте уақыттың үдесінен шыққаны- латын қарпі. Автор өз мақаласында қазақ қоғамы үшін жаңа әліпбидің қаншалықты маңыздылығын қаузайды .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz