Мемлекеттің негізгі мақсаттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Қозьɪбаeв атындағы Солтүстiк Қазақстан унивepситeтi
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет құру жолындағы стратегиалық мақсаттар
Орындаған: Нұрқанат Нұрымтай
Тексерген:
2021ж
М а з м ұ н ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Стратегияның мәні мен мағынасы
1.1 Стратегия түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясы ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының тарихи рөлі ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
2.1 Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .18
2.3 Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру
Бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.5 Ирфрақұрылым, көлік және байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы ҚАЗАҚСТАН 2030 даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасуында бірнеше саяси жүйені реформалау кезеңдерінен өтті. Саяси жүйені реформалау нәтижесі көп жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құрылды.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады. Мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет құру жолындағы стратегиалық мақсаттарын айқындау. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыры түседі.
Зерттеудің міндеті: Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу.
Қзақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стартегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
1. Стратегияның мәні мен мағынасы
0.1 Стратегия түсінігі мен мәні
Көп жылдардан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. Стратегия гректің -- генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз -- мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз -- басшы қабылдаған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті -- мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
1) стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің қатысуы көзделеді;
2) стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
3) стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс;
4) стартегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін білдіреді;
5) стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарстыру қажет, сонда ғанаұзақ уақыт бойы мемлекеттің қызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегиялық жоспарлаудың моделі
Мемлекеттің алға қойған міндеттері
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Мемлекеттің мүмкіндіктерін бағалау және таңдау
Мемлекет басшысының стратегияны тексеріп бекітуі
Стратегияны бағалау
Стратегияны жүзеге асыру
Стратегияны таңдау
Стратегиялық баламаны таңдау

Стратегия уақыт мерзімі бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді стратегия немесе оперативті стратегия бір жылға дейінгі мерзімге жасалады. Бұл стратегия мемлекеттің бюджетін белгілеуде маңызды орынға ие. Өйткені әрбір жылда мемлекет өзінің бюджетін белгілеп отырады, яғни бұл жерде бюджетке түскен қаржыны нақтылы мақсаттарға тиімді жұмсалуын көздеп және оны бақылау арқылы жүргізіліп отырады.
Орта мерзімді стратегия бір жылдан үш жылғадейінгі мерзімге құрылыды. Бұндай стратегияның құрылу мақсаты тұралап қалған салаларды дамытуға және ұзақ мерзімді стратегияға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалыға, Қазақстанның 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі ауылды дамыту бағдарламасын айтуға болады.
Ұзақ мерзімді стратегия ретінде бес жылдан жоғары мерзімге жасалған стратегияны айтады. Бұндай стратегия жалпы мемлекеттің дамуы үшін жасалады, және белгілі бір бағдарламалар құру аорқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жатқызуға болады.
Енді, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына тоқталамыз.
Осыдан 40 жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар мемлекет болып табылады.
Өзінің халқы этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есеге арттыруға қол жеткізген. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер әлемде Азия Жолбпрыстары ретінде танылып отыр.
Осы елдердің тәжірбиесі көре отырып Қазақстанның да осындай ұқсастықтары мен көптеген артықшылықтарының арқасында 2030 жылға дейін даму стратегиясын жасады. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталақ Азияның Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп Қазақстан Республикасының Президенті атап көрсетті.
Дегенмен, 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.
Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арат алмаймыз -- деген ел Президентінің сөзі әрбір қазақстандықты ос даму стратегиясына жетпей қоймаймыз және дами үстіне дами түсеміз деген түсінік қалыптастырады.
1.2 Тәуелсіз қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясы
Қазақстан егеменді мемлекет болып қалыптасуында бірнеше саяси жүйені реформалау кезеңдерінен өтті. Саяси жүйені реформалау нәтижесі көп жағдайда мемлекеттің стратегиялық бағытының дұрыстығы мен көлеміне тәуелді болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси даму стратегиясын даярлау мен жүзеге асырудағы жауапты да қажырлы еңбектің арқасында елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құрылды. Қоғамды пәрменді саяси реформаның арқасында жаңа саяси институттар: парламент, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, Ассамблеялар дүниеге келіп, 1993 және 1995 жылдары республиканың конституциялары қабылданды, көптеген елдер 1992 жылдан бері БҰҰ деңгейіндегі мемлекетімізді мойындап, өз елшіліктерін аша бастады. Сол сияқты біздің мемлекетіміздің елшіліктері, өкілділіктері көптеген елдерде ашылып, нағыз тәуелсіз мемлекеттердің толық атрибуттарын, қасиеттерін иемденді.
Белгілісі, ұзақ мерзімге белгіленген саяси жаңғыртудағы стратегиялық міндеттерді шешуде кедергілер мен қиыншылықтар да кездесті. Дегенмен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанған саяси стратегиялық бағытының тиімділігі нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесі даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтың оң бағасына ие болды. Бұл жөнінде Н.Ә. Назарбаев Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жұмылдырады және жәрдемдеседі [1], - деп атап көрсеткен болатын.
Еліміздегі саяси даму стратегиясының негізгі бағыттары Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы (1992 ж.), Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (2010 ж.), Қазақстан- 2050. Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің Ғасырлар тоғысында (1996 ж.), Тарих толқынында (1997 ж.), Сындарлы он жыл (2002 ж.), Тәуелсіздік белестері (2003 ж.), Қазақстан жолы (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 20 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы - бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси жаңғыртудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.
Н.Ә. Назарбаевтың: Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдар ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қоғамымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне сондықтан да қажет [2], - деген сөзі бұл істің қаншалықты жауапты және аса күрделі екендігін көрсетеді.
Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді.
Сонымен бірге, экономикалық табыстар, қазақстандық әрбір отбасының әл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі де саяси дамудың жаңа кезеңіне қадам басуын талап етеді.Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Бұл туралы Н.Ә. Назарбаев саяси жаңғыртудың қазақстандық жолы мына қағидатты ұстанды: Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол - сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида - қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі - саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық [3] - деп жазады.
Егеменденудің қазақстандық нұсқасының негізгі ерекшелігі - бейбітшілік және эволюциялық жолды таңдауы, бұл жалпыадамзаттық тұрғыдан алғанда үлкен жетістік болатын. Өйткені адам құрбандылығын арқалаған тарихи өзгерістер руханилық, әділеттілік әлемінен алыс жатқан іс-әрекеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміз егемендікке ие болған бойда Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты концептуалды еңбегі жарық көрді. Саяси жаңғыртудың стратегиялық жоспары мен тактикалық әрекеттері белгіленген осы, алғашқы стратегиялық бағдарламада саяси сала бойынша мынадай басым мақсаттарды шешу міндеттері ұсынылды:
* жас тәуелсіз мемлекеттің күшті президенттік республиканы қалыптастыру бағыты бойынша дамуы, прези - дент - тік билікке кезек күттірмейтін мәселелерді ше - шу үшін топтасуға және ырымшыл-жарты - кештердің ақыл-кеңестері мен ізденулеріне көңіл бөлмей, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру;
* демократиялық қайта құруды тереңдететін және көпұлтты қоғамды біріктіретін, жаңа саяси жетекшілер мен қызметкерлерді ұсынатын көппартиялық жүйені құру;
* негізгі саяси мақсат тиімді экономикалық реформалар үшін қажетті тұрақтылықты қалыптастыру;
* Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-саяси және экономикалық теңгерімнің көп жақтылығы мен әртүрлілігін геосаяси өзін-өзі анықтау үшін сақтау;
* адам құқығы мен демократиялық бостандықты сақтау негізінде Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси салмағын арттыру. Жаңа дүниеге келген егеменді ел үшін тұрғындарды барынша біріктіре түсу, әрбір азаматының құқығы мен еркіндігін қорғауға бет бұру - маңызы үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады;
* Қазақстанның қолайлы геосаяси жағдайын әлемдік шаруашылық байланыстарға кіру технологиясына пайдалану.
Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихын - дағы тұңғыш рет қарулы күштер, дипло - матиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар қалыптастырылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы елдегі реформа туралы Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде орнықты, бейнелеп айтқанда, дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімге, саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси инстиуттардың қалыптасуына ерекше маңыз бердік және береміз. Елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген [4] - деп жазған болатын.
Қазақстан-2030 Президенттік стратегиясы ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік орнаған, халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған жетудің жолдары мен әдістерін айқындаған құжат. Қазақстан-2030 стратегиясының жеті ұзақмерзімді басымдылықтары: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірігуі; экономикалық даму; денсаулық пен білім беру және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы; экономикалық ресурстар; инфрақұрылымның дамуы; кәсіби үкіметтің қалыптасуы жүзеге асырылды.
Қазақстан-2030 стратегиясы еліміздің саяси жүйесінің дамуына, саяси жүйенің өзгеруші әлеуметтік жағдайға икемді бейімделу қабілетінің жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешім-әрекет арасында кері байланыстың тиімді механизмінің қалыптасуына алып келді. Еліміздегі саяси дамудың мақсаты саяси институттар және ашық түрдегі саяси жүйе арқылы бірте-бірте күрделеніп келе жатқан экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
2007 жылы 16-мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамның жеделдетілген дамуы атты бірлескен мәжілісінде Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай саяси дамыту мен жаңғырту міндеттеріне аударды. Стратегиялық маңызды Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы негізінде мемлекетіміздің басқару жүйесін президенттік-парламенттік модельге алып келетін жеті бағыт айқындалды. Олар, төмендегілер:
1. Билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу. Президент құзырында болып келген Үкіметті, Конституциялық сотты, Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыру Парламентке берілді.
2. Саяси партиялардың рөлін нығайту. Бұл саяси партиялардың негізгі қызметті билікті иеленуге, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Мәслихаттардың өкілеттік мерзімін бес жыл деп белгілеу жергілікті органдардағы биліктің тұрақтылығын қалыптастырады. Сонымен бірге, мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру рәсімін жеңілдетілді.
4. Сот жүйесін жетілдіру, мұнда судья қызметіне үміткерлерді іріктеу міндеті Жоғары сот құзырына беріледі. Бұл соттардың біршама тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз етеді.
5. Ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайту этносаралық тұрақтылықтың сақталуына, қазақстандық патриотизмнің тамыр жаюына, халықтың этникалық қайта түлеуіне алып келеді. Бұл басқа ұлт өкілдерінің билік жүйесіне сенімін күшейтеді, астарлы түрде жүріп отыратын этникалық бәсекелестік құбылысын жалпыұлттық бірлікке қарай жетелейді.
6. Азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту. Саяси даму, демократияландыру мен азаматтық қоғамды дамытпайынша жүзеге аспайды.
7. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту. Елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктерді ұлғайту туралы ұсыныс жасалды. Халықтың қоғамдық өміріндегі рөлін көтеру қажеттілігі де айтылды [5].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси дамуының жеті жаңа саяси бағытын белгілеп берді: жаңа бағыттың экономикалық саясаты; кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері; білім мен кәсіби машық; мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; дәйекті де болжамды сыртқы саясат; жаңа қазақстандық патриотизм.
Бұл жаңа саяси бағыттар ішіндегі мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту бағыты мемлекеттің қоғамға қызмет етуі мен саяси қатынастарды жетілдірудің мына міндеттерін белгіледі: мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу; кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру; мемлекеттік аппарат пен бизнес-қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құру; мемлекеттің тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы; мемлекет пен қоғамның жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы; құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру [6]. Бұл міндеттер мемлекеттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттің қоғамға қызмет ету жүйесін жетілдіруге, мемлекеттің кәсібилігін нығайтуға және саяси жүйенің дамуына мүмкіндік жасауы тиіс. Еліміздегі дамудың эволюциялық жолына бағытталынған мемлекеттік даму стратегиялары кешендік және жүйелілік сипатқа ие.
1.3 Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының тарихи рөлі
Біздің халықаралық аренадағы сыртқы саясатымыз мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін ел ішіндегі терең саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан халықаралық аренада әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып, басты халықаралық ұйымдардың құрамына кіріп, еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістердің локомотивіне айналды.
Мәселен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне және Түркі кеңесіне төрағалық етті.
Сонымен бірге, мемлекет әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездерін тұрақты өткізуді бастады, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін сәтті өткізді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының ядролық қарудан азат бейбітшілік құрудың жалпы декларациясына бастама жасады және 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кенесінің тұрақты емес мүшесі болды.
Белдеуіне бес құрлық сиятын, 130-дан астам ұлт өкілі тұратын Қазақстандай мемлекетке парасаттылықпен басшылық жасау да ердің ерінің ісі деп білеміз. Біз үшін ең маңызды құндылықтар - еліміздегі ынтымақ пен бейбітшілік. Ал, бейбітшілік бар жерде өсу бар, өркендеу бар. Елдегі ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімнің сақталуында Елбасының төл бастамасы - Қазақстан халқы ассамблеясының орны зор екенін айту керек. Бүгінгі күні Елбасының бірегей саясаты берекелі бірлігіміз бен ынтымақты ырысымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қауымдастық бейбітшілікті жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.
Бейбітшілікте, ынтымақ-бірлікте өмір сүруге ұмтылу - қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің - қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих толқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткен тұстан бері де бұл қасиеттерден айнымаған халқымыз ел егемендігіне де үлесін қосып келеді. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлемге бейбіт өмірсүйгіштігімен мойындата білген Қазақстан жаһандық татулықты сақтау мен нығайту ісіне де атсалысып келеді.
Елбасы қашанда, тек бүгінмен емес, болашақпен өмір сүру қажеттігін басшылыққа алады. Сондықтан да, Ұлт көшбасшысының саясаты кемеңгерлік сипат алып, идеялары өзінің өзектілігі мен қажеттілігін дәлелдей түсті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген табысты жобаларға бастамашы болу арқылы өңіраралық мәселелерде ерекше рөл атқаруда, сондай-ақ, Елбасы тек Орталық Азия елдері шеңберінде ғана емес әлемдік деңгейде де бейбітшілікті нығайтуға ауқымды үлесін қосуда. Оның Сирияда бейбітшілік орнату мен қатерлерді азайтуға арналған бітімгершілік ұстанымы әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алды. Ең бастысы, Тұңғыш Президент ұзақ жылдарға созылған шиеленістің саяси түйінін шешті.
Ағылшын жазушысы, саяси өмірбаяндарды жазудың шебері Джонатан Айткен өзінің Елбасына деген көзқарасын түсіндірген кезде Оның өмірі... халықтың өмірімен тығыз байланысты... өте қызықты және дәуірдің жүгін өзі арқалап, саяси қайраткер ретіндегі қаһарманның қызметін атқарды деген екен. Ал, ресейлік кинорежиссер Никита Михалков Назарбаев - нағыз ел ағасы. Ол тыңдап қана қоймай, ести де біледі, менің ойымша, бұл - төбесі көкке жеткендердің көпшілігінің бойынан табыла бермейтін аса сирек қасиеттердің бірі деп баға берген.
Қашанда заманынан озық жүру қажеттігін терең білетін Елбасының ұстанымы, оның саясатының философиялық негіздері болып табылады.
Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетімізді өркендету жолындағы саясаты бүгінде көптеген мемлекеттер үшін үлгі болуда. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастық Қазақстанның ұстанған саясатын, халықаралық бағыттағы қол жеткізген жетістіктерін мойындап, біліп отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері алып қарайтын болсақ, елімізде Елбасы саясатының арқасында көптеген ірі реформалар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани-мәдени салалардағы маңызды бағдарламалар жүзеге асырылды.
Қазақтың кең-байтақ даласының қай өңіріне де кие қонған, құт дарыған. Сонымен қатар, тұтас түркі әлемі Сыр бойын атамекеніміз деп таниды. Ұлы дарияның бойында орналасқан қазақтың ежелгі астаналары бұл мекеннің тарихтағы орнын айшықтап тұрғандай. Елбасының осы өлкені Сыр - Алаштың анасы деп атауында айрықша мән бар. Біздің өңірімізде қазақ халқының келешегіне қатысты талай тағдырлы шешімдер қабылданғаны тарихтан белгілі.
Елбасы тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысының, ондағы еңбексүйгіш халықтың ертеңіне қажетті бірнеше ірі жобалардың іске асуына бастамашы болды. Елбасының Сыр еліне жасаған әрбір сапарынан мұндағы халықтың келешекке деген сенімі арта түсті. Ұлт көшбасшысының ыстық пейілі мен ықыласы, ағайынға арнаған лебіздері жұртшылықтың көңілін көтерді
Елбасы тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде 1993 жылы Арал тағдырына адам тағдыры деп қарап, экологиялық аймақтағы мемлекет басшыларының басын қосты. Арал проблемасы алғаш рет халықаралық деңгейде Қызылордада талқыланды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен халықаралық Аралды құтқару қоры құрылып, экологиялық өңірдің мәселелерін жүйелі түрде назарда ұстады.
Бұл кезде жас мемлекеттің алдында басқа да күрделі мәселелер тұрған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Сыр бойындағы экологиялық апаттан зардап шеккен халықты қасіреттен құтқару туралы маңызды шешімдер қабылдады. Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу жобасы дүниеге келіп, Қазақстанның Дүниежүзілік Банкпен ынтымақтастығына негіз қаланды. Көкарал бөгеті тұрғызылып, Ақлақ су тоспасы салынды. Сырдария өзенінің арнасы реттеліп, Қараөзек, Әйтек тоспалары қайта жаңартылды. Кіші Арал суы бұрынғы жағалауына жақындап, теңіз акваториясы ұлғайды. Ауданда балық шаруашылығы өркендеп, балықшылар атакәсібіне қайта оралды. Жағалаудағы елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Қазіргі таңда Аралда бұрынғы кеңес заманында салынбаған жаңа технологияға негізделген балық зауыттары жұмыс істеуде.
Сыр өңірі үшін маңызы аса зор САРАТС жобасының алғашқы нәтижелерімен танысқан Елбасы оның екінші кезеңін жалғастыруға тапсырма берді. Қасиетті Арал топырағын басып тұрып Мен Аралға көмектессем деген арманыма жеткеніме қуаныштымын деген сөзі халық жадында мәңгі қалды.
Қызылорда халқы мұнай кеніштерінде есепсіз жанып жатқан ілеспе газды жылдар бойы тұтына алмады. Есепсіз байлық босқа жанып жатқанда, қала халқы құны аспандап тұрған отын мен көмірді ғана пайдалануға мәжбүр болды. Елдің қамын ойлайтын Елбасы бұл істе де кемеңгерлік танытып, Қызылорда қаласын газдандыру жобасына қыруар қаржы бөлдірді. Жыл сайынғы Жолдауларында газдандаруды аяқтау туралы Үкіметке тапсырма берді. Міне, осының арқасында облыс орталығы көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Сыр елі - Елбасының ерекше ықыласына бөленген аймақ. Әлеуметтік-экономикалық қолдаудың арқасында жүздеген мектептер мен балабақшалар, медициналық нысандар салынып, пайдалануға берілді. Біздің облыс халқы, Тұңғыш Президенттің 100 мектеп, 100 аурухана, Балапан, Тұрғын үй құрылысы, Мәдени мұра, Қолжетімді баспана, Жұмыспен қамту, Бизнестің жол картасы-2020 секілді мемлекеттік бағдарламаларының игілігін көріп келеді.
1. Қазақстанның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz