Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері

Орындаған: КО-32 тобының студенті
Фазылқызы Шахризада

Қарағанды, 2021 ж.
Жоспар
Элементы оглавления не найдены.

Кіріспе
Қазақ тілі əлемдегі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің лексикасының үнемі дамып толығып отыруы экстралингвистикалық факторлармен де тығыз байланысты. Тіліміздің сөздік қорының бойындағы негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады. Сөзжасам жүйесіндегі тіл көне заманнан бері үнемі толығып, дамып, күрделеніп, əбден қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл білімінде қарастырыла бастаған сөзжасам туралы көптеген еңбектер, зерттеулер жүргізіліп, соның нəтижесінде сөзжасам лингвистикалық зерттеудің лексикамен жəне морфологиямен терезесі тең жеке сала ретінде қалыптасты. Оның ерекшелігі сөздердің арасындағы байланыс, қатынас лексика-семантикаға, морфологияда формаға келіп тірелсе, ал сөзжасамда семантикаға да, формаға да екі жақтан бірдей қатысты болып келеді. Қазақ грамматикасында сөзжасам туралы былай делінген: Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол -- сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Оның сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, сөзжасамдық ұяның құрамындағы мүшелердің қызметі, тағы басқа тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіретін сөзжасамдық деңгейі, оның өзіндік нұсқалары барына байланысты. Ол сөзжасамдық өзіндік нұсқаларына сөзжасамдық түр мен сөзжасамдық үлгілер жатады. Н.О. Оралбаева өзінің сан есімнің сөзжасамдық жүйесін зерттеу жұмысында сөзжасамға былай деп анықтама беріп өтеді: Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тəсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мəселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
Сөзжасамның ерекшеліктерін атай келе, оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені қандай да тіл білімінің саласы болмасын барлығының зерттеу объектісі бір, ол -- сөз. Барлық тіл білімі саласының зерттеуінің негізгі көзі сөз болғандықтан, олар бір-бірімен қашан да тығыз байланыста болады.
Морфологияның құрамында қарастырылып келген сөзжасамның одан ерекшелігі сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды анықтаса, ал морфология грамматикалық тұлғаларды зерттейді.
Жалпы осы сөзжасам жүйесіндегі көптеген тілдік құбылыстар, заңдылықтар сонау көне түркі тілінен бастау алған. Оған куə ретінде Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтар негіз болады.
Орхон - Енисей жазба тілдерінде шетел кірме сөздерінің аз ғана мөлшері бар -- кейбір лауазым атаулары, қытай жəне соғды тілдерінен этно- жəне топонимдер. Осы зерттеу нəтижесінен сол кездің өзінде-ақ сөзжасам жүйесінің өзге шет ел тілімен де толығуын көруге болады. Сондай-ақ көне жазба ескерткіштерінде сөзжасам жүйесінің ертеден-ақ қалыптасып бүгінгі күнге негіз болғандығын көптеген ғалымдар еңбектерінде де айтылған. Осыдан тілдің сөзжасам жүйесі ертеден қалыптасқан тек тілдің даму процесінде сөз жасаушы элементтер, сөз жасау тəсілдері, модельдері өмірдің елеулі өзгерістеріне сəйкес бірде активтеніп, бірде пассивтеніп, бірде мағынасы кеңейіп, тіпті кейде қолданыстан шықса, енді бірде жаңа қосымшалармен толығып отырды.
Сөзжасам жүйесі əр дəуірдің жаңалығымен бірге де толығып отырады. Осы салада еңбек сіңіріп жүрген ғалымдар қауымының ізденістерін бір арнаға тоғыстыру тіл мамандарының ғана емес, ана тілін ардақтаған, сөз байлығын түгендеген əрбір азаматардың монографиялық еңбектерінен көруге болады. Ертедегі əдеби мұраларымызда, бай ауыз əдебиетімізде қолданылған, бірақ қолданыстан шығып қалған əр сөзді мағынасымен қолдана білу үшін жинақтап, болашақ ұрпаққа ұғындыру, тіл мəдениетін көтеру, көнерген, ескірген сөздердің бəрін бірдей қолданыстан шығарып тастамай, əр сөзді жарасымдылығымен орнын тауып қолданып, тілімізді əрлендіру сөзжасам қорын кеңейтеді.
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан 9 сөз табы бар, олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай жəне еліктеу. Əр сөз таптарының ерекшеліктеріне байланысты сөзжасамға қатысу қабілеті əр түрлі. Басқа сөз таптарына қарағанда зат есім, сын есім, етістіктер сөзжасам процесінде əлдеқайда белсенді түрде қатысса, ал сан есім, еліктеуіш сөздер, одағай сияқты сөз таптарының сөзжасамдық мүмкіндігі төмендеу. Шылауға келетін болсақ, оның сөзжасамдық элементтері өте аз. Осыған қарап қазақ тіліндегі барлық сөз таптарының мүмкіндігі бірдей еместігін байқауға болады.

Негізгі бөлім
Еліктеу сөздер, олардың түрлері және дыбыстық ерекшеліктері.
Еліктеу сөздер -- табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.
Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов). Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда
1. біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе,
2. екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көрінінстерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.
Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.
1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.
2. Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б.
3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б; қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:
1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:
-ыл, -іл, -л - тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл, т.б.
-ақ, -ек - бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.
-ғыр, -гір - даң-ғыр, дүң-гір, т.б.
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:
-ыра, -іре - салб-ыра, үлб-іре, т.б.
-ла, -ле - дабыр-ла, күбір-ле, т.б.
-да, -де - қоқаң-да, ербең-де, т.б.
Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады - қайтті? - баяндауыш.
Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан - неден? - толықтауыш.
Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен - қандай? - анықтауыш. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп - қалай? - пысықтауыш.
Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.
Анықтамасына қарай бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді:
* еліктеуіш (еліктеме) сөздер және
* бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер.

Еліктеуіш сөздер және олардың дыбыстық ерекшеліктері
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:
1. дыбыстық құрамы,
2. буын жүгі,
3. айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ.
1. Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б.
2. Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт, шырт т. б.
3. Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, тып, шап т. б.
4. Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк т. б.
5. Аңқ, еңк, дөңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ, сұңқ, шаңқ, шіңк, ыңқ, т. б.
6. Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк т. б.
7. Балп, болп, былп, елп, жалп, желп, жылп, салп, сылп, шалп, шолп, шылп, үлп т. б.
8. Жамп, күмп, қомп, томп, тымп, сымп т. б.
9. Даң, дүң, тың, қаң, құң, маң, шаң, шұң, шың т. б.
10. Ар, быр, дар, дыр, дір, күр, қор, қыр, сыр, шар, шыр т. б.
11. Баж, быж, бұж, гүж, күж, қыж, шаж, шыж т. б.
12. Ақ, бақ, бық, қақ, қық, сақ, тық, шақ, шық т. б.
13. Жалт, жылт, кілт, қылт, мылт, сылт, талт, тылт т. б.
14. Гу, ду, зу, лау, сау, су т. б.
15. Барп, борп, қорп, сарп, тарп, тырп т. б.

Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер - табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. (М.Ә.) Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз ә деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады (С.М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші (Ж.Ж.). Бұл мысалдардағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтатуды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды, селк сөзі бейғам даланың (тау ішінің) бірден шоши қозғалуын білдіріп тұр. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік ауызынан салп етті деген сөйлемдердің екіншісінде салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның ауызынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт ете түсті, жалт қарады, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады.

Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Еліктеуіш сөз табының сөзжасамын теориялық тұрғыдан зерттеуді бастаудың қажеттілігі туралы мəселесі туындап отыр. Қазақ тіл білімінде еліктеуіш сөздер өзге сөз таптары сияқты семантикалық ерекшеліктері бар, грамматикалық сыр-сипаты айқын, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан өзіндік орны бар əрі өзге сөз таптарынан оқшауланып тұрады. Əрі еліктеу сөз табы қазақ тілінде біршама зерттелген, талқыланған жəне оның түрлері еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің қазақ тіліндегі дербес сөз таптық болмысы негізделіп, лингвистикалық статусы қалыптастырылып, атқарар рөлі, яғни мағыналық құрылымы, сөйлемдегі синтаксистік қызметі, морфологиялық, коммуникативтік-прагматикалық қасиеттері, айқындалған. Сондай-ақ еліктеу сөз табынан туған басқа да сөз таптары да сараланған.
Бірақ еліктеу сөз табы сөзжасам саласында əлі терең зерттелмеген, ашуы жетіспей тұрған бір теориялық мəселелері жеткілікті. Бұған дейін тек жеке монографиялық еңбектерде морфологиялық деңгейде қарастыралып келді. Қазақ тіл білімінде еліктеу сөз табына жеткілікті түрде мағыналық тұрғыдан талдау жасалынса да, олардың сөзжасам жүйесіндегі атқарар рөлі мен сөйлемдегі синтаксистік қызметі қарастырылмаған. Оның сөзжасамдағы мағыналық құрылымын, морфологиялық, синтаксистік жəне коммуникативтік-прагматикалық қасиеттерін айқындауға жеткіліксіз болып отыр.
Еліктеу сөзінің шығу тарихына келетін болсақ, ең алғашқы адамдар тілі осы еліктеу сөздерінен барып шыққан деп ХVІІІ ғ. тілші-ғалымдар дəлелдеуге тырысса, ал, керісінше, қазіргі таңдағы батыс лингвистері олардың нақты лексикалық мағынасы жоқтығын алға тартып, оларды тілдегі сөз жүйесіне қосқылары келмейді. А.М. Щербак өзінің Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков атты еңбегінде у изобразительних слов -- совершенно особый тип значения, подражательный, образный. Следовательно, и изобразительные слова наряду с самостоятельными и служебными входят в систему средств языкового общения деп ол өз пікірін ұсынады. Оның тіл біліміндегі жалпы зерттелуі жөнінде ұсынысын К.Құсайынов Звукоизобразительность номинации в казахском языке атты диссертациялық еңбегінде ары қарай нақтылай түседі. Түрлі сөздердің сөзжасамы жазу-сызу пайда болған кезден бастап бастау алған, ал сол сөздерді жүйелейтін сөздіктер қажеттілігі əр түрлі мақсат-мүдделерге сай, белгілі жүйе бойынша топталып, нақты ұғымдарды білдіретін нышандардан, белгілерден, сөздерден жасалған азамзаттың даму жолын айғақтайтын куəлік тəрізді, рухани мəдениеттің жазба шежіресі.
Гректің ұлы ойшылдары Аристотель мен Платон саралай келе, сөз атаулыларды екіге бөліп қарастырған. Олар: есімдер жəне етістіктер. Ал кеңірек зерттеле келе сол елдің грамматисі (б.э.б. І ғ.) Дионис Фракийский сөз таптарын сегізге бөлген. Осы қағидаға сүйене отырып, өзге елдің ғалымдары да орта ғасырларға дейін сөз табын сегіз деп келді. Оның ішінде еліктеу сөз табы болған жоқ. ХХ ғ. 20-жылдарына дейін еш зерттеле қоймаған еліктеу сөздерді көне түркі тілдерінің чуваш тілінде алғаш зерттеген Н.И.Ашмарин болды. Оны түркологиядағы еліктеу сөздің атасы деп таниды. Одан кейін Н.И. Ашмариннің салып кеткен жолын ары қарай зерттеп жүйелеген Н.К. Дмитриев болды. Ол оғыз тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеді. Ары қарай Ресей мен Орталық Азия республикалары ғалымдары зерттеу нəтижесінде қомақты зерттеулер жарық көрді. Бірақ еліктеу сөздерді үндіеуропалық тілдердегідей 1950 жылдарға дейін түркі тілдерінде де бірде одағайлардың, бірде үстеулердің қатарында қарап келді. Қазақ тіліндегі еліктеу сөздермен ең алғаш А.Ысқақов, содан кейін Ш.Сарыбаев, А.Қайдаров, К.Құсайынов, Б.Катембаева, тағы басқалар зерттеген. Ал М.Жұбанова жəне А.Ислам ағылшын жəне қазақ тілінің еліктеу сөздерін кандидаттық диссертацияларында өзге тілдермен салғастырып қарастырған.
Еліктеу сөзі бірқатар тілдерде күні бүгінге дейін де одағайлар мен үстеулер қатарында қарастырса, көптеген түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде де еліктеуіш сөздердің лингвистикадағы статусы айқындалып, одағай сөз табынан бөліп алынып жеке сөз табы ретінде қарастырала бастады.
Қазақ тілі грамматикасында сөз таптарын негізгі сегіз топқа бөлген. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай. Ал 1948 жылы қазақ тіліндегі еліктеу сөзінің атасы ретінде тануға болатын А.Ысқақов осы мəселеге байланысты жазылған мақалаларында қазақ тілінде тағы бір сөз табын кіргізуді ұсына келе көптеген зерттеулер нəтижесінде 1954 жылы Қазіргі қазақ тіліне еліктеу сөзді 9-шы сөз табы ретінді кіргізіп, қазақ тіл біліміне өзгерістер енгізді. Содан бері еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздер кеңінен зерттеліп, жеке дара сөз табы ретінде тілдік категория болып есептелінді. Ол кейбір тілдерде, атап айтқанда, үндіеуропалық жəне неміс тілдерінде əлі де болса еліктеу сөзі одағайлар құрамында қарастырылып отыр.
Еліктеу сөздері негізінен ертеден қалыптасқан тілдік құбылыс, өзге сөздер сияқты тілдің даму барысында біртіндеп өз құрамын жетілдіріп, əр халық көркем əдебиеттерінде, ауызекі тілдерінде қалыптасып, қордаланған дүние.
Бұған дейін А.Байтұрсыновтың 1914 жылы жарық көрген Тіл -- құрал атты еңбегінде одағайлар мен еліктеу сөздерді бір сөз табына жатқызылса, кейіннен 1925 жылғы нұсқасында одағайларды өз ішінен еліктеуіш жəне лептеуіш деп бөлген.
Дегенмен де бұл сөз табының бөлінуі өз шешімін таппаған, əлі де болса пікір таластырып отырған мəселе уақыттың еншісінде қалып отыр. Еліктеу сөз табының түрлері, еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық сипаты, коммуникативтік-прагматикалық сипаты, сондай-ақ түбір еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерден сөзжасамдық тұрғыда жасалған зат есімдер, етістіктер, сын есімдердің өздеріне тəн ерекшеліктерді айқындап, саралау; еліктеу сөздердің түркітанудағы, оның ішінде қазақ тіліндегі жалпы зерттелу жақтарын қарастыру, сондай-ақ еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздердің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік сипатындағы ерекшеліктері, оның ішінде олардың мағыналық тұрғыдағы, сөзжасамдағы сөз тудыру, сөйлемдегі орны мен сөйлем мүшелерімен тіркесу жағдайларын қарастыру бүгінгі күннің мəселесі болып отыр.
Еліктеу сөз табын сөзжасам тұрғысында қарастыру туралы осы күнге дейін дау туғызып отырған мəселелер көп. Жан-жақты зерттеуді əлі де болса талап етіп отырған мəселе болып отыр. Оны лингвистикада ономатопика терминімен беруге болады. Грек тілінен алынған бұл терминнің мағынасы опота -- атау, роеsіs -- жасау, яғни опотаtороіса -- сөз жасау болады. Ал сөзжасам жүйесінде толық ашылып зерттеле қоймаған бұл сөз табы туралы əр тұрғыдан зерттеулер жүргізілсе де, сөзжасамдық тұрғыдан нақты зерттеу нысанына айналмай отыр.
Еліктеу -- сөз жан-жануарлардан, заттардан шыққан түрлі дыбыстарды, яғни, тілдік емес акустикалық түйсікті адамға тəн артикуляциялық органдардың көмегі арқылы тілдік дыбыстармен беруге тырысу.
Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан тұратын, сондай-ақ неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, əр түрлі қимыл əрекеттерінен туатын, əрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Қазақ-Қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
А.Ысқақовтың жалпылингвистикалық тұжырымдамалары
Етістіктің жақ категориясы
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Туынды эмоционалды сөздер
Сөздерді топтастыру принциптері
Пәндер