Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі топонимикалық атаулар


Қaзaқстaн Республикaсының Білім және ғылым министрлігі
A. Бaйтұрсынов aтындaғы Қостaнaй өңірлік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кaфедрaсы
Өндірістік прaктикa бойыншa есеп
Білім беру бaғдaрлaмaсы 6В02301- Филология
Орындaғaн: Утемуратова Лаззат
Оқу нысaны _ күндізгі
Курс ___ 2
Оқу бaғдaрлaмaсы__ негізгі
Жетекшісі: Кушкинбаева Қ. Т., aғa оқытушы
Есеп қорғaу
_ 24. 05 2021 ж . болды.
Бaғaсы ; ; .
Қостaнaй, 2021
Жоспар:
- Кіріспе . . . 3-5 б.
- Негізгі бөлім . . . 6-15 б. Асан Сәбитұлы өлеңдеріндегі топонимдер . . . 6-10 б. Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі топонимикалық атаулар . . . 10-15 б.
Қорытынды . . . 16 б
- Пайдаланылған әдебиеттер . . . 17 б.
Кіріспе
Топонимика- ономастиканың жер-су, елді мекен атаулырының шығу мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылу мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі.
Топономика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атаулары мен жиынтығы сол жерден топонимиясын құрайды .
Зерттеу жұмысына тарихымызды қоса отырып алдыма мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:
- Ұлылар жүрген ұлы жолдың тарихын, аңыз әңгімелерін көрсете отыра, студенттердің білімін жетілдіріп, тарихи сананы қалыптастыру;
- Мемлекетімізді іргелі ел етіп, айбынын асқақтатудың және оны әлемге паш етудің бірден-бір жолы - жер-су атауларының тарихын зерттеп, ақын-жырауларымыздың істерін үлгі ету.
- Өткенімізге үңіле отыра, болашаққа нық қадам басу керектігін ұғындыру.
Менің зерттеу жұмысымның негізгі бөлімі екі тараудан тұрады:
- Асан Сәбитұлы өлеңдеріндегі топонимдер;
- Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі топонимикалық атаулар.
Асан қайғы
«Көшпелілер философы» атанған Асан қайғы Қазақ хандығының іргетасы қаланған кезде Керей мен Жәнібектің кеңесшісі де, сол бір елдің дипломаты да, халық қамын жеген данагөй қариясы да болған. Сыр бойында дүниеге келген Сәбитұлы Асан - хан Шыңғыстың кеңесшісі болған - Майқы бидің алтыншы ұрпағы екені барлығымызға мәлім. « Түгел сөздің түбі бір , түп атасы Майқы би» демекші, Асанға да, атасының бұл қасиеті дарыған секілді. Ойшыл, саяси қайраткер, жиһанкез, жыршы Асан Қайғының шығармашылығы өте қызықты, əрі терең ойға толы. Заманның заңғар тұлғасына айналып, өз заманының шынайы суреткері ретінде қоғамның болмыс-бітімін боямасыз бізге жеткізгендігімен құнды. Қай өлеңін, я болмаса, толғауын алып қарасаңыз да, хан сарайында болып жатқан мәселелерге өткір көзқараспен қарап, би болсын, хан болсын түгел сынаған бірде-бір адам. Шынында да, бүкіл халықтың образын бір өзі сомдап тұрғандай. Хасан - ел басқарушы хандардың əділ, қара халықтың мұң-мұқтажын ескеруді қалады. Асыл мұрат, ізгі ниеттерін жалынды жыр жолдарына қосып, отты толғауларына қосты. Өз заманының парасатты перзенті Асан Қайғының шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан зерттеу өзекті. Асан қайғы қазақ елінің байтақ кең даласын қастерлеп, құрметтегеннен болар, жырларының қай-қайсысында болсын, жер-су атауларынсыз қалдырмаған.
Жыраулық поэзия үнін жалғастырып, оның көркемдік әлемін байытып, өз шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтеріп, елдікті сақтап қалуға шақырған тағы да бір ұлы тұлға - Махамбет Өтемісұлы.
Жауынгер жырдың жүйрігі Махамбет Өтемісұлы өлеңімен ел өмірін жырлап, өлеңдерінде өз заманының бейнесін сомдап кеткен ақын. Бөкей Ордасындағы шындықты Махамбетше жырлап, асқақ үні мен дауылпаз жырын айналасына айқын танытып, жеткізіп кеткені кемде-кем. Жалынды ақын, намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тәнімен халқына арнап, еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп, найза ұшын, қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді.
Өтемісұлы Махамбет - халқының ғана жанашыры емес, сонымен қатар, елінің де, жерінің де жанашыры. Қазақтың байтақ жеріне кім-кімнің де көзі түсіп, ойы кететіні айдан анық. Бірақ, Махамбеттікіндей кертартпа заманда - сол мәселе мың есе күрделі болды. Әрине, сондай уақытта өмір сүріп, ата-баба аманатын сақтап, кең даланың әрбір бұрышын қорғаған бұл ақынның ел-жер жайлы өлең жазбауы мүмкін емес дүние еді.
Осыдан біздер жер, су, тау, көл атауларына қатысты айтқан жыр жолдары арқылы тарихи-географиялық түсінігіміз артып, жердің қадірін түсіне бастаймыз деген ой туындайды. «Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» немесе «жер қадірін жүрген біледі» деген қанатты сөздер бекерге айтылмаса керек. Қарға тамырлы əр қазақ үшін «жер» өте қастерлі, қасиетті ұғым екендігін тарих көрсетті.
Ал енді жер-су атауларын зерттейтін бір үлкен ғылым саласы бұл- топонимика деген атқа ие. Топонимика - біріншіден, белгілі бір территориядағы географиялық атаулардың жиынтығы болып, тек географиялық тұрғыдан зерттелетін болса, екіншіден, тіл білімінің лексика саласындағы географиялық жалқы атауларды зерттейтін үлкен бір бөлімі болып табылады. Яғни, біздің филология мамандығының ажырамас, таптырмас бір бөлшегі деп түсінемін. Географиялық атауларды зерттеудің қазіргі лингвистика ғылымы үшін ғылыми-теориялық және қолданбалы маңызы зор. Лингвистикалық зерттеулер көбінесе тарихи талдаумен қатар жүргізілетінін де осы құбылыспен түсіндіруге болады. Географиялық атауларды семантикалық тұрғыдан зерттеу топонимнің немесе терминнің мағынасын тілдік тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осы ғылымның дамығаны және сонысымен қызықтырып, өзіне баурап алғаны соншалық, мені осы жұмысты жазуға итермелеп отыр.
Негізгі бөлім
Онамастика - қазіргі таңның өзекті мәселесі болып табылады. Жер-су, кісі аттарының проза мен поэзияда кездесуі кең ауқымды мәселе болып табылады. Оның ішінде онамастиканың поэзияда кездесуі - үлкен зерттеуді талап ететін жағдай.
«Поэзия - өте күрделі құбылыс. Дарынды жеке тұлғаның дүниетанымы, рухани және интеллектуалдық әлемінің қайнауынан келіп туындайтын танымдық, этикалық, эстетикалық тылсым дүние. Поэзиялық шығарманың жанры мен түрі де бір күнде туып, даралана салатын осал дүние емес».
XIVғ. аяғы мен XV ғ. басында өмір сүрген жырау, өз заманының абызы, Асан Сәбитұлы желмаясын мініп он жеті жыл қазақ даласының жерұйығын іздеді. Сонда Ертіс - Баянауыл бойында, Сарыарқа және оңтүстік аймақтарды жүріп географиялық атауларға сипаттама берген.
Сарыарқаны аралап жүріп, ұзын аққан Ертісті көргенде: «мына шіркін тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жыламас, сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен деп, артына үш рет қарап содан бұл жер Үш қара деп аталады» - екен.
Қызылтауға келгенде: «тау тасы кеш болғандай қой болып ыңыранып жатады екен» - депті.
Баянауыл тауын көргенде: «аттың ерін алмайтын жер екен, бауырында тұзы бар екен, бір күн қонамын деген кісі бір апта қалып қояды екен» - депті.
Шідерті өзенін көргенде: «мына шіркіннің топырағы асыл, 6 ай бойы жүдеп қалған жылқының бір айда майланатын жер екен» - депті.
Өлеңті өзенін көргенде: «тоқтап ешнәрсе айтпай өлеңдете беріпті, неге үндемейсіз дегенде өлеңтінің суы май, Шідертінің шөбі май» - деген екен.
Сілетіден өтіп Жалаңашқа барғанда: «аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктірейін бе? Қай жеріме тартайын, айналаң аз одан басқа мінің жоқ табылмайтын жер екенсің» - депті.
Есіл өзенін көргенде: «жарымен суы тең, жарлысымен байы тең болатын жер екен» - депті.
Нұра нының бойын көргенде: «алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», Торғай өзенін көргенде: «ағар суы бал татыған, ағар жері май татыған екен», Терісқаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен», Жетіқоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен» - депті.
Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға дұрыс екен» - депті. Сулы Келес , Құрлы Келес өзендерін көргенде: «мөңіреуін сиыр болып мөңіреуін, сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен» - депті.
Асан Қайғы Маңқыстауды «құт орнайтын жер екен, малға қоныс екен, мал баққан шаруаға бұдан артық жер болмас»
Шыңғыстау мен Семейтауын көргенде: «Мына шіркіннің топырағы «құтырады» екен, оған шыққан шөп құтырады екен, оны жеген мал құтырады екен, оның етін жеп, суын ішкен адам «құтырады» екен, қаны үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатын жер екен», - деп түйіндейді. Осы арада Семей ядролық полигонының экологиялық зардаптары еріксіз еске түседі.
Үш Алматы жеріне келгенде: «Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей, сол жерді қимадым», - дейді.
Балқаш көлі туралы : «Балығы тайдай тулаған, құстары қойдай шулаған несібелі көл екен. Кедейін аш қылмайтын, балығы азық болғанымен, суы ащы, іргесі шөлге тиіп тұр екен, бораны көп болар. Қамысы боранға қалқа, малға азық, қысы болмаса, жазы қапырық, ордалы елге орын болмас», - деген.
Шымкент пен Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес», - деген екен.
Алатауға келгенде : Түні суық, күні ыстық, жер даласы, Ананың емшегіндей сай саласы. Төрт елі топырақ асты алтын екен, Ішпей-жемей тоятын айналасы, -
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Ақмешіт (Қызылорда) жерін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!», - депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының бұтағы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті. [1]
Əпсаналардың айтуынша, Асан қайғы Жерұйықты ұзақ іздейді: бірде алты жыл, бірде жеті жыл, бірде он жеті жыл, тіпті кейбір варианттарда өмір бойы. Бірақ та бұл қоныстарға Асан Атаның көңілі толмайды. Олар ешбір елдің тыныштығын сақтап, азып-тозбауына жарамайды. Осы қоныстардың барлығының көзге алдамшы көрінетін уақытша құбылмалығы, жай көзге жайлы көрінетін тыныштығы оны қанағаттандырмайды. Қайда барса да, сол жерден кемшілік тауып, ол қонысқа неге тұруға болмайтынын түсіндіріп отырады. [2]
ҚР бірінші Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлттық бірегейлік туралы» сөз қозғағанда «халықтың рухының жерұйығы» туралы ой тастайды. Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мəселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы желмаясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер жəне бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мəселе.
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Жем өзенінің атауы ерте, ежелгі дәуірлердегі жазбаларда Сергис (Дейкс), орта ғасырларда Гем, Ембі (Эмба) деп аталса, қазіргі атауы Жем.
Ембі өзен атауы ретінде де қолданыс тапқан. Жем - мал азығының жалпы атауы. Махмұт Қашқари сөздігінде Жем «йем», яғни, ас, тағам деген мағынаны білдіреді. Түркі тіліндегі «йем» сөзімен Жемді байланыстырады.
Сонымен қатар, бұл атаудың орыс тілінде бұрмаланып, күні бүгінгі дейін Эмба тұлғасында қолданылып келгендігі жайында дерек бар. Тіліміздегі Ембі аталуы осының салдарынан. Шындығында тува тілінде Кем/ Хем «өзен» деп Т. Жанұзақ атауға түсініктеме береді. [3. 524б. ]
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң, тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
В. В. Радловтың сөздігі бойынша түрік тілінде «Ойул» сөзі - өзен суы шайып кеткен жер мағынасында қолданылса, моңғол тілінде «Уйл» біздің тіліміздегі «иірім» ұғымын береді. Екеуі де мағына жағынан әрі дыбыстық құрамы тұрғысынан өзен сипатына сай келіп тұр. Сондықтан да «Уйл» сөзі бертін келе қазақ тілінде «Ойыл» түріне дейін өзгеріп, алғашқы мағынасы - «иірім» болған деген тұжырым жасауға болады. Ойыл өзенінің жалпы ұзындығы 800 шақырымнан астам екенін ғалымдар айтып та, жазып та келеді.
Соңғы кезде таралып жүрген, жергілікті тұрғындардың аңызына қарағанда, ағылшын тіліндегі «мұнай», яғни «oil» сөзінің баламасы және ағылшындар бұл жерде мұнай көп, мұнай шығарамыз деп Ойыл атанып кетіпті деген пікірлер тарап жүр. Әрине, Асан қайғының кезінде мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес дүние деп білемін. Сондықтан әрбір аңызды да саралап білу маңызды. [4]
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!. .
Осы өлең жолдарындағы Еділ мен Жайық өзендері қай кезде де қазақтың қастерлі жерлері болған секілді. Себебі Асан қайғыдан бастап, кешегі ақындарымызға дейін осы жер жайлы жырлап, өз өлең жолдарына қосып кеткен. Сонымен қатар, Асан Сәбитұлының - «Еділ бол да, Жайық бол» деп басталатын өлеңі бар. Бұл жерден байқағанымыздай, жырау кезеңінде өзендердің алар орнының маңыздылығы сонша - Асан қайғы жақсы болсақ, Еділ мен Жайықтай бол деп айтып кеткен. Ал осы өзендердің өзі қаншалықты тарихқа бай болса, соншалықты атауының да тарихы тереңге тамыр жайған. Алдымен Еділ, орыс тілінде - Волга атауына ие, өзененінің тарихына көз жүгіртсек:
Нұсқалардың бірі бойынша Еділ қазіргі атауы Еділ өзенінің ежелгі марий атауы бойынша сатып алды немесе аудармада «жеңіл»дегенді білдіреді. Басқа нұсқаға сәйкес, Еділ атауы «ашық» немесе «ақ»мағынасы бар финно-угорский Волке сөзінен келеді. Сондай-ақ, Волга есімі Волжск болгарларымен оның жағалауларында тұрған Булга атауынан орын алғаны туралы болжам бар. Бірақ болгарлар өздері (қазіргі татарлардың ата-бабалары) өзеннің үлкен өлшемдерінің арқасында «Итиль» өзенін (Еділ мен Итиль гидронимдерінің мәндері қазіргі кезде сәйкес келмегенін шындық және басқа нұсқасы бар) деп аталады. Аты шыққан славян нұсқасы үшін Чехияда Влга мен Польшада Вильга өзендерінің бар екендігін айтады. [5]
Жайық − Батыс Қазақстан облысын басып өтіп, Атыраудан Каспий теңізіне құятын ірі өзен. Атау жайлы Н. К. Дмитриев: «Бұл атау Византия авторы Менандр Протектордың еңбегінде аіх түрінде кездесетінін, оны daix деп оқу керек екенін , бұл сөз йай˃ йаз˃ заз деген етістік түбірінен жасалған», дейді. Осы деректерге қарап, өзен атауының көне дай тайпа атымен аталғанын, атаудағы д дыбысының ж дыбысына алмасып, сөзге орал-алтай тіліндегі көптік жалғауы -ық жалғанып, өзен атауы пайда болған. Яғни, Дайк сөзі «дайлар (адайлар) » мәніндегі ежелгі заманға тән атау. [6]
Сонымен қатар «Жайық» гидронимі «суы жайылып ағатын өзен» деген мағынадан туған, яғни қазақ даласының ірі ағысты Жайық өзені - Орал, Жайық қаласы Орал қаласы болып өзгергендігі баршамызға аян. Ал бүгіннің көзімен қарасақ, «Ақ Жайық», «Жайық» топонимдері белгілі бір өңірдің атауы ретінде қолданылады. [7]
Асанның тағы бір «Бұл заманда не ғаріп?» өлеңінде Бұқара жайлы сөз қозғайды:
Атажұрты Бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
«Игілікті» және «Қасиетті» - Шығыстың ұлы ақындары Рудаки, Фирдоуси, Дакики мен Омар Хаям Бұхара шаһарына осындай теңеулер қолданатын. 2, 5 мың жылдық тарихы бар бұл орда - Орта Азияның ең ежелгі қалаларының бірі.
Бұхараның атауына да, пайда болуына да қатысты тарихшылар арасында пікірталас көп. Олардың кейбірі қаланың тарихы согдилік дәуірден бастау алатынын айтып, ал аты «Құдайдың кереметі» деген мағынаны береді деп топшылайды. Ал кей ғалымдар шаһар атауы санскриттік Вихара сөзінен шыққан деп есептейді. Ол «буддалық ғибадатхана» дегенді білдіреді.
Мамандар Бұқараның пайда болуын, Арк бекінісінің негізі қаланған кезеңмен байланыстырады. Ең алғаш бекініс салынған. Кейін маңына аңшылар, балықшылар мен егіншілер келіп, қоныстана бастаған. Қала кейін пайда болған деседі. [8]
Жоғарыда келтірілген Асан қайғының өлеңдерінде - біз оның тек қана ақын ғана емес, сонымен қатар, философ, халқының жанашыры екендігін, өз жерінің әрбір тау-тасын жетік меңгерген ұлы адам екенін байқаймыз. Шынында да, байқағанымыздай, ол тек қана сол жерлерді айтып, сол өзендерге теңеп қана қоймай, солар секілді - пайдаға асар іс жасауды, біреуге қиянат жасамауды меңзеп тұрғандай. Асан - пәлсапалық пен жыраулықты ұштастыра білген тарихи тұлға деп жазсам қате пікір болмасы анық.
Келесі кезекте, Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі топонимика жайлы сөз қозғамақшымын. Себебі, Махамбет ақын - ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын. Өз жұртым, өз елім деп көкірегін дұшпанға қарсы қойған Махамбет - өзінің кең даласы жайлы жырламауы мүмкін емес.
Нарынның құмында аунап өскен Махамбет - ең әуелі сол жерін өз өлеңдеріне қосады. Байқағанымдай, Нарын жайлы бір теріс сөз айтпайды. Тек қана сол елдің жақсы жағынан айтып, сол Нарындай керемет жердің пайдакүнем, аға-билерге қолды болып кеткендігін бар күйінішімен айтып өтеді:
Әдірә қалған Нарынның
Жайық деген суы бар.
Жағасында жары бар,
Қабағында қары бар.
Көрмегенді көргізген,
Көн кемеге мінгізген,
Қынама бешпент кигізген,
Зәбірлігін тигізген
Ортасында Жәңгір деген ханы бар.
Ал осы Нарын жерінің осылай аталу себебіне тоқталар болсақ, Нарын сөзі- қазақ даласына кең тараған атау. Бұл атау тек қазақ даласына ғана кең тарап қоймаған, сондай-ақ нарын атты өзен Қырғызстанда, Тува республикасында, Чита облысында Нарынқала, Нарынқұдық атаулары Наманган облысы мен Калмыкияда кездеседі. Бұл топонимнің монғол тілінен енгендігін айта отырып, ғалымдар оның этимологиясы төңірегінде бір пікірге келе бермейді. «Монғолша-қазақша сөздікте» «наран» - күн, күнгей ұғымын береді десе, Э. Мурзаев оны монғолдың «нарийн» - жіңішке, нәзік сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Шынында да, Нарын сөзінің беретін мағынасы көп: 1) Жіңішке, нәзік; 2) жинақты, ұқыпты; 3) Шебер, қу, айлакер; 4) Сараң, қатты; Бұлардың арасында Нарын топониміне жақын келетіні - біріншісі, өйткені Нарын құмының көлемі Қарақұм, Қызылқұмдарға қарағанда кішкене, шағын және сусыған нәзік құм. Нарын сөзі күн, күнгей мағынасын береді деген пікірден гөрі аумақ, көлем, өлшемін беретін монғолдың «нарийн» сөзінен шыққан деген жорамал дұрыс. [9]
Еділ мен Жайық жер еді-ау
Мекен еткен шаруаға.
Жағасы қорған жай еді-ау!
Жай қоныстан айырылып,
Мен бір қаңғырып жүрген қарашы.
Осы үзіндіден байқағанымыздай,
Міне алмаған алаға-ай,
Шыға алмаған далаға-ай
Мұсылманның баласын
Атаңа нәлет Жәңгір хан
Көзінен тізіп жіберді-ау
Орынбор деген қалаға-ай!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz