Ағылшын тілінің кірме сөздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№9 В. Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

коммуналдық мекемесі

Авторы: 6 сынып оқушысы Бейсетай Айсұлтан Нұрғалиұлы

Ғылыми жоба

Тақырыбы:

«Ағылшын тілінің кірме сөздері»


«Introductory words of the English language

Бағыты: Гуманитарлық

Секция 2 Ағылшын тілі

Жетекші: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Атыхан Алия Канатбеккызы

Меркі ауданы 2021ж

Мазмұны.

1Кіріспе. . . . … . . . 5

2. Негізгі бөлім . . . …… . . . . . …… . . . 6

2. 1. Кірме сөздерінің пайда болуы себептері . . . . . 6

2. 2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу………. 8

3. Тәжірибелік бөлім. . . …… . . . … . . . 9

3. 1. Ағылшын тілінің кірме сөздерінің жастар арасында пайда болуыны

Себебі . . . 9

3. 2. Оқушылар арасында да ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалануы . . . . ………. ……… . . . …. . 10.

4. Нәтиже……. . . . . ……… . . . 11

5. Қорытынды…. . . . . 13

6. Пайдаланылған әдебиеттер. . . . …. . 14

7. Қосымша. . . . 15-20

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі таңдағы жас буынның тілінде ағылшын тілінен енген сөздердің қаншалықты жиі пайдаланылатынын анықтау.

Зерттеудің болжамы: Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің әсері, зияны мен пайдасы.

Зерттеу кезеңі:

1. Деректер, материалдармен танысу;

2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу;

3. Сауалнама жүргізу;

4. Оқушылар арасында интервью алу.

Эксперимент әдістер:

1) теориялық [әдебиетті оқу және зерттеу- нәтижесі]

2) социологиялық: [әңгіме, сауалнама]

3) статистикалық :[әдістерін көрсету]

Зерттеудің көкейтестілігі : Ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің алатын орны. Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келу жолдарын қарастыру.

Зерттеу нәтижесі: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілінен келген кірме сөздер-тілдің дамуының бір жолы. Ағылшын тілі жастардың арасында үлкен орын алуда екені анықталады.

Annotation

Research purpose: Determining how often words that have entered the English language are used in the language of the younger generation today.

Supposed result: anglicizmy firmly entered in style of intercourse of pupils.

Research methods: 1. theoretical [at the study of literature, comprehension and generalization of research results]

2. sociological [conversation, questionnaire]

3. statistical methods of processing of data.

Problem for research: modern youth widely uses loan-words in the speech.

Importance of the research:

Loan-words of English firmly entered in style of intercourse of pupils.

Аннотация

Цель исследования: Определение того, как часто используются слова, вошедшие в английский язык, в языке молодого поколения сегодня.

Гипотеза: школьники широко используют заимствованные слова в своей речи.
Методы исследования:

1. Теоретические [при изучении литературы, осмыслении и обобщении результатов исследования]
2. Социологические [беседа, анкетирование]
3. Статистические методы обработки данных.

Исследовательские задачи: Определить причины заимствования.

Рассмотреть способы образования заимствований.

Предполагаемый результат: англицизмы прочно вошли в стиль общения подростков.

Кіріспе.

« Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, шет тілін білу бізге қойып отырған өмірдің, жаңа заманның талабы.

Басқа тілдерден келген кірме сөздер- табиғи және тұрақты үдеріс.

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз. Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады. Кірме сөздер дегеніміз - тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер - қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Халықтар, елдер, мемлекеттер әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан басқа тілдерден кірме сөздердің келуі заман талабы.

Ақпараттық тасқынның күшейюі-ғаламдық интернет желісінің пайда болуы, дүниежүзілік экономикалық нарықтың дамуы, халықаралық туризм, мәдениет байланыстары, ақпараттық технологиялар, халықаралық олимпиадалар, фестивальдар - осының барлығы ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің келуіне себеп болып отыр.

Мысалы:

ноутбук, сканер, интернет, сайт т. б.

Ағылшын тілінен енген кейбір сөздердің аудармасы біздің тілде жоқ.

Мысалы: чипсы, видеоклип.

Мұндай сөздер ағылшын тілінен енген кірме сөздердің көмегімен түсіндіріледі.

Мысалы:

[термопот - термо және шәйнек, пиллинг-крем - бетті тазартатын крем]

Бұны көп түсіндіру қажет емес, бірақ сөзбен айтылады.

Мысалы: клубқа кірер алдындағы тексеріс - face-контроль, шоу - қойылым.

Жаһандану заманында ағылшын тілінен енген кірме сөздердің тасқыны, өз тіліміздің қасиеті жойылуына әкеп соғуы мүмкін . Бұл ағынды тоқтату мүмкін емес. Алайда, мынадай бір-біріне қарама-қайшылықты айта кету керек. Бір жағынан жаңа сөздердің пайда болуы біздің сөздік қорымызды байытса, екінші жағынан өте көп мөлшерде кірме сөздер тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғады, сонымен қатар тіліміздің қайталанбас әдеби көркемдігі, тазалығы бұзылады. Дегенмен, англицизмдерді қолданудың кейбір артықшылығын да айтып кету қажет: біріншіден, кейде англицизмдерді қолдану ыңғайлы, өйткені олар қысқа да нұсқа айтылады; екіншіден, ұзақ аудармалардан гөрі, англицизмдер бәріне түсініктірек; үшіншіден, бұл сөздер біздің күнделікті тілімізге енген, әсіресе жастар мен Бұқаралық ақпараттар құралдарына; төртіншіден, кірме сөздер нормативті лексикаға жатады. Қазіргі таңда жастар ағылшын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен.

Бізді қобалжытатын жағдай, күнделікті өмірде қазіргі жастар ағылшын тілінен енген кірме сөздерді жиі пайдаланады. Жастарға өз ойын, сезімін ағылшын тілінің кірме сөздер арқылы білдіру оңайырақ көрінеді.

Нақтырақ айтатын болсақ, жастардың күнделікті өмірде ағылшын тілінен енген кірме сөздері табиғи тілдік үдеріспен, әлеуметтік-идеологиялық себептерге байланысты.

Аталмыш қайшы сұрақтар ағылшын тілінен енген кірме сөздер тақырыбының өзектілігі бізге осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізуге ой салды.

Зерттеудің өзектілігі - Ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің бүгінгі таңда алатын орны. Қазіргі заманда ағылшын тілі-халықаралық тіл болғандықтан оның мәртебесі әрине жоғары. Кірме сөздерді дұрыс пайдалана отырып, өз тіліміздің де мәртебесін арттыру.

Зерттеу тақырыбы - Ағылшын тілінің кірме сөздері.

Мақсаты: Бүгінгі таңдағы жас буынның тілінде ағылшын тілінен енген сөздердің қаншалықты жиі пайдаланылатынын анықтау.

Міндеттері:

1 . Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарға талдау жасау.

2. Ағылшын тілі пәнінің білімдерін тереңдету, молайту.

3. Кірме сөздерінің келу себептерін анықтау.

4. Кірме сөздерінің пайда болуын қарастыру.

5. Осы тақырыпқа байланысты оқушылар арасында сауалнама өткізу.

6. Оқушылар арасында көп пайдаланатын кірме сөздерінің сөздігін құрастыру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі әдістер пайдаланды:

1. теориялық [әдебиетті оқу және зерттеу- нәтижесі]

2. социологиялық: [әңгіме, сауалнама]

3. статистикалық :[әдістерін көрсету]

Гипотеза: Жастар, оқушылар арасында ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалану көптеп орын алуда.

Күтілетін нәтиже: Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі халықаралық тіл болып есептеледі . Ағылшын тілінен енген кірме сөздер-тілдің дамуының бір жолы. Ағылшын тілі жастардың арасынан үлкен орын алуда екені анықталады.

2. Негізгі бөлім

2. 1. Кірме сөздердің пайда болу себептері.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің даму заманында, қоғамдық өміріміздің қарқынды өзгеруі, өте көп мөлшерде жаңа сөздер сөз қорымызды толықтыруда, тіпті кей сөздердің мағынасын түсініп те үлгермей қаламыз.

Адамзаттың тарихи даму үдерісінде ұлт тілдері үнемі бір-бірімен байланыста болады. Ақпараттық ағынның күшеюі, ғаламдық интернет жүйесінің пайда болуы, елдер арасындағы байланыстардың кеңеюі, әлемдік сауданың, экономиканың, ақпараттық технологиялардың дамуы және олимпиадалар мен түрлі халықаралық фестивальдарға қатысуы, сән көрсетілімдері - осының бәрі біздің тілімізге жаңа сөздердің енуіне себеп болып отыр. Шет тілді халықтармен етене жақын қарым-қатынас жасаудың қажеттігі артты. Осының бәрі шет тілдік кірме сөздердің енуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар олар халықаралық терминдер жүйесіне енгізілген.

1. Заман талабына сай қажет сөздер

[ ноутбук, органайзер, сканер ]

2. Екі ағылшын тілі сөзінен құралған сөздер, [секонд-хэнд, видео-салон]

3. Біздің тілге келген кірме сөздер нақты заттардың аттарымен, жұмыс жүргізу тәртібімен қалыптасқан сөздер.

[фейс-контроль, пиллинг]

4. Тілдің мағынасын көрнекті түсініктермен толықтыру [ имидж , прайс-ли ст, шоу ]

5. Шетел сөздерінің мәртебесін жоғары бағалау [ презентация , эксклюзив ]

6. Басқа елдін спецификалық ұлттық салтын бейнелейтін сөздер [ сендвич-гамбургер, фишбургер, чикенбургер ]

Кірме сөздерін бірнеше топқа бөлуге болады:

Тура аударылымдар.

Біздің тілде бұл сөздер өзгертілмей, дәл солай айтылады.

Бүл сөздер: уик-энд - демалыс, мани - ақша.

Шата аударымдар. Бұл сөздерге спикер [to speak - сөйлеуші], [busy - беймаза, мазасыз]

Өз қалпында сақталған. Шетел тілінен пайда болған сөздер, бұл сөздердің фонетикалық, графикалық түрі сақталған.

Бұл сөздер меню, пароль, диск, вирус, клуб.

Өзіндік ерекшеліктік.

Ағылшындардың ұлттық салтын бейнелейтін сөздер.

Бұл сөздердің ерекшелігі олардың синонимдері жоқ.

Мысалы: чипсы [chips], хот-дог [hot-dog], чизбургер [cheeseburger]

Шетел тілі туындысының жұрнақтары. Бұл сөздердің лексикалық эквиваленттері бар, бірақ стилистика жағынан ерекшеліктері көп.

Мысалы: о’кей [ок], вау [wow]

Құрамдары. Екі ағылшын тілі сөзінен құрастырылған сөздер, мысалы: секонд-хэнд - пайдаланған киімдерді сататын дүкен; видео-салон - фильм көретін бөлме.

Епкінділігі . Бұл сөздерде кейбір дыбыстар өзгертіліп айтылады,

мысалы: [crazy] -крейзи, есінен адасқан.

2. 2. Ағылшын тілі сөздерін қарым-қатынас шеңберіне бөлу.

1. Мансап, саясат.

Соңғы жылдары саясат лексикасында кейбір шетел тілі сөздері пайдалануда.

Мысалы: премьер-министр, вице-премьер, спикер, президент.

2. Бұқаралық ақпарат

Бұл сфера ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен өте жылдам толықтырылып келеді. Интернет кірме сөздерінін пайдалануының «рекордсмені», әсіресе жарнама, болған жағдайларды мәліметтегенде т. б. Бұл сферада филологиялық білімі бар көп маман жұмыс істесе де, сол адамдар тілдің мәдениетін сақтау керек сияқты.

3. Жарнама.

Ағылшын тілінен енген кірме сөздердің келуінің бір жолы.

Біздің жарнамашылар ағылшын жарнамасының аудармасын көрсетеді: стимер, ростер, триммер, снукер, пул, сквош т. б.

Бірақ практикада керісінше, бұқаралық ақпарат, теледидар осы сөздердің пайда болуына әсерін тигізеді. [ди-джей, фейс-контроль, стилист, лузер, ток-шоу]

4. Интернет. Интернет желісін пайдаланудын күннен күнге өсуі: баит, бит, диск, курсор, флешка, чат, флипчартт. б.

5. Спорт.

Бұрыннан үйреншікті сөздер де ағылшын тілінен келген екен.

Бұл сөздер спортсмен, футбол, бодибилдинг, рефери, матч, гол, боулинг, дайвинг, скейтборд, сноуборд, байкер, фитнес т. б.

6 . Косметика терминдері:

лифтинг, скраб, пиллинг.

7. Техника.

Жаңа технологияларға жаңа ат береді, сөздер ағылшын тілінде айтылады.

Бұл сөздер: компьютер, ноутбук, мобильный, сканер, органайзер, клавиатура, монитор т. б.

Ағылшын тілінен келген тұрмысқа қажет құрал жабдықтар [блендер, принтер, ксерокс, миксер, икс пи, фотошоп]

8. Кино, музыка.

Айтылмыш шеңбер ағылшын тілдің мықты бастауы болып табылады, поп-мәдениет арқылы ағылшын тілінен енген кірме сөздері көбі бөгетсіз кірді.

Қазіргі кезде әнші жұлдыздардың көбі ағылшын тілінде ән айтады, киноларға түседі. Мысалы: А. Шварценеггердің көп айтатын сөзі бар I'll be back; немесе Дима Биланның әні Never-ever let me go), қазір сол сөзді жастар көп айтады. [саундтрек, бойфренд, блокбастер, терминатор, камеди клаб, вестерн, киборг, хит, сингл, ремейк, трек, постер, т. б. ]

9. Экономика.

Бұл сфераға келесі сөздер келген: инвестиция, маркетинг, дилер, брокер, дефолт, прайс-лист, менеджер, босс, шеф.

Жоғарыда айтылған сөздер бізге ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің диаграммасын құрастыруға мүмкіндік берді.

3. Тәжірибелік бөлім.

3. 1. Жастар арасында кірме сөздерінің келу себептерін анықтау.

Зерттеу барысында жастар кірме сөздерді жиі пайдаланатынына көз жеткіздік. Кірме сөздердің көбі жастар арасында жүретін сөздер. Зерттеу барысында ең көп лексикалық қор бұқаралық ақпарат[Интернет] сферасынан-38% маңсап пен экономикаға -20, 7%, саясатқа- 6, 7 %, спорт, техника, музыка және кино дәл сондай пайыз шығады.

Кірме сөздер әрине топтарға бөлінеді. Кірме сөздердің пайдалану себебі ағылшын тілі сөздерін өзгерте алмаймыз және керек емес. Оқушылар арасында көп пайдаланатын сөздер шата аударымдар, шетел тілі туындысының жүрнақтары. Шетел сөзі [ағылшын тілінен. wow ], О'КЕЙ [ағылшын тілінен. OK], бай [ағылшын тілінен bye] -бұл сөздер көп қолдануда, тіпті көбісі бұл сөздерді кірме сөздер деп ойламайды да.

Оқушылардың кірме сөздерін күнделікті өмірде пайдалануының себебін анықтау мақсатында сауалнама құрастырдық. [Қосымша №2]

Сауалнамаға 5-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кірме сөздерді пайданалатының анықтау үшін сұраққа жауап беру керек. Егер де ия деп жауап берсе, себебін жазу керек. Сосын оқушылар кейбір сөздердің мағынасын түсіндірулері қажет.

Соңғы сұрақ жастардың көзқарасын анықтауға байланысты. Барлық сұрақтарға жауап берген соң, жиі пайдаланатын 10 кірме сөздерді жазу.

Қорытынды нәтижесі бойынша, әр баланың ойлау қабілеті мен көзқарасы әр түрлі.

Әр топқа талдау жасаған кезде мынадай ойға келдік.

5 сынып оқушыларының кірме сөздерді пайдалану себебі, бұл сөздер өз ойын нақты жеткізуге көмектеседі. 20%

Ал келесі топ оқушыларының пайдалану себебі, қазақ тіліндегі сөздерді нақтылап жеткізу үшін пайдаланады. Бірде біреуі кірме сөздерді ғылыми сөз деп ойламайды.

Ал 3% ағылшын тілінен енген кірме сөздерін мәнерлі, көркем деп санайды.

Кірме сөздер көп салалы сөйлем құбылыстарын суреттеу қажеттілігінде жаңадан шыққан заттар мен құбылыстарын қазақ тілінде пайдаланғанда нақтылау мағынасын жеткізу үшін пайдаланады. 21%

Кірме сөздерде пайдалануға қарсы болғандар, бұл сөздерді айтқан адамдар сөздің мағынасын түсінбейді дейді.

Сондықтан оқушыларға кейбір сөздер олардың түсінігі бойынша нені білдіретіні жөнінде ұсыныс айтылды.

Мысалы: блокбастер, мейк-ап, клипмейкер, драйв, ланч, сейл, рейтинг, постер, спичрайтер, серфинг, мотель, круиз, дайджест, спонсор, брифинг, фейсконтроль, мерчендайзер, хелпер, роуминг, дресс-код. 22 оқушы қатысып, көбі сөздердің мағынасын дұрыс түсініп тұр. Қатысқандардың 15% дайджест и дресс-код деген сөздерді білмейді. брифинг, мерчендайзер деген сөздерді ешкім түсіндіре алмады.
Зерттеу барысында көп пайдаланбайтын, таныс емес кірме сөздердің мағынасын оқушылар білмейді. Бұқаралық ақпарат пен теледидардың әсері зор. Теледидардағы бағдарламалар мен жарнаманың орны жоғары орында тұр.

Еліміздің көптеген қалаларында халықтың көп баратын орындары, мәселен шаштараз, дәмхана, сұлулық салондарының атаулары ағылшын тілінде тұрады. Көпшілікке түсініксіз бұл атаулардан гөрі өз тіліміздегі атаулар болса, тілге деген құрметін көрсетер еді.

Дегенмен дүниежүзілік ТВ каналдар ағылшын тілінде атала береді.

  1. каналдар ТВ Discovery, Explorer, Eurosport; телебағдарламалар «Shit парад», «News блок Weekly», «RECORDные новости», «Наша Russia», «Cosmopolitan. Видеоверсия», «Студенты International», «Fashion Show», «X-Play», м/с «Улетный Trip», «Стерео-утро. The Best», «Понарошку Crazy News», «Dance-Party», «Upgrade», «MTV-Chllout», «MTV. ru», «Quattroruote». 2. чарт, микс-файт, ток-шоу, анимэ, «Комеди Клаб», «Скетч-шоу», «звёздный стиль имиджмейкеров», «Хит парад», «Тотали спайс», «Полный фэшн».

3. 2. Оқушылар арасында да ағылшын тілінің кірме сөздерін пайдалануы.

Оқушылармен тілдесе келе белгілі болғаны, олар күнделікті өмірде тілдескенде, әсіресе WhatsApp желісі арқылы бір-бірімен сөйлескенде міндетті түрде ағылшын тілінен енген кірме сөздерді қолданатын болып шықты.

Ең көп қолданылатын сөздері: OK!, Hi!, Bye! Өздерінің айтулары бойынша

қысқа да түсінікті жауап ретінде қолданады.

Кірме сөздерінің пайда болу себептері атты сауалнама жасап оқушылардан алдық.

Сұрақтарға жауап берініз.

1. Сіз ағылшын тілінен келген кірме сөздерді пайдаланасыз ба?

2. Неге ол сөздерді пайдаланасыз?

а\ ол сөздің аудармасы қазақ тілінде жоқ;

б\сол сөздер арқылы маған түсіндіру жеңіл көрінеді;

в\ мен үшін сол тиімді көрінеді;

3. Сіз ағылшын тілінен келген кірме сөздерді жиі пайдаланасыз ба ?

а\ әрқашан;

б\ сирек;

в\ ешқашан.

4. Төмендегі сөздер қандай мағынаны білдіреді:

а\ фейс контроль

б\ ток-шоу

в\ блендер

г\ ди-джей

д\ прайс лист

е\ уик-энд

ж\ бой-френд

з\ бодибилдинг.

5. Жастардың сөзінде кірме сөздерді пайдалану сізге қандай әсер әкеледі?

а\ маған солай ыңғайлы;

б\ кейде керек деп ойлаймын;

в\ мүлдем пайдаланбаған дұрыс;

6. Ең көп айтатын 10 кірме сөзді ата.

Сурет№1.

[5-8 сынып оқушылары]

20210423_160907 (1).jpg 20210423_160958.jpg

4. Нәтиже

Зерттеу нәтижесінде осындай тұжырымға келдік.

Жасөспірімдер кірме сөздерді жиі пайдаланады. :

5 сынып: 20% 6-7 сынып: 38 % 8 сынып:42%.

1. Бұл сөздер арқылы оларға өз ойын жеткізу тиімді.

2. Ағылшын тілінен енген кірме сөздерімен кей бір сөздердің мағынасын жеткізеді;

фейс-контроль, флэшка, модем, карт-ридер.

3. Ағылшын тілінде айтқан қолайлы, ол сөздердің аудармасы біздің тілде жоқ, ноутбук, органайзер, сканер, принтер.

4. Жасөспірімдердің көбі-73% ағылшын тілінен енген кірме сөздерін пайдалану тиімді, солай сөйлеген жеңіл, деп ойлайды. 14% Кірме сөздерді пайдаланса да, бұл біздің тіліміздің әдеби көркемдік мағынасын жояды деген ойда.

5. Қазіргі жастардың ең көп пайдаланатын сөздері: техника [компьютер], музыка, бұқаралық ақпарат, спорт тақырыбында екен.

6. Қазіргі жастардың ағылшын тілінен енген кірме сөздерін пайдалану себебі:

1. Көп салалы сөздерді ағылшын тілінен енген кірме сөздері арқылы жеткізу. [термопот - термос және шайнек, пиллинг - крем, бетті тазартатын крем,

квиз-радио - сыйлық беретін теледидардағы ойын]

2. Тіл байлығын толықтырады [имидж, шоу]

3. Шетел сөздерінің мәртебесін жоғары бағалайды [ презентация , эксклюзив ] .

4. Сөздің мағынасын басқа сөзбен жеткізе алмайды [сендвич - гамбургер, фишбургер, чикенбургер] .

5. Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі кірме сөздер
Түркі тілінен енген кірме сөздер
Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінен енген сөздер
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Қазақ тіліндегі кірме сөздер
Ағылшын тілі біздің өмірімізде
Жапон тіліндегі кірме сөздер және олардың қолданылу ерекшеліктері
Ағылшын тілі, жастар
Латынграфикалы жаңа қазақ әліпбиі бойынша кірме сөздер орфограммасы
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz