Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері, мазмұны»
Орындаған: Хумарбек Е.
Тексерген: Құрманбекова Б.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 СӨЗ ТУДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
1. 2 Сөз таптарының бір-біріне ауысуы және олардың түрлері хақында
ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АДЪЕКТИВАЦИЯ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒАТЫ
2. 1 Адъективция процесі
2. 2 Адъективация мәселесінің қазақ тіл біліміндегі қойылысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
4
4
14
21
21
25
25
32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қазақ тілдіндегі өтпелі аймақтарды зерттеуге бағытталған зерттеулер ерекше өзектілікке ие. Бұл қызығушылық өтпеліліктің тілдік белгінің асимметриясының көріну салдары мен формаларының бірі бола отырып, оның номинативті мүмкіндіктерін кеңейтіп, тілдің құрылымы мен қызметінде үлкен рөл атқаратындығына байланысты.
Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, зат есімдерге, сын есімдерге, есімдіктерге ауысумен салыстырғанда, септік жалғауының азырақ сипатталуымен анықталады. Сонымен қатар, сын есім процесі қазіргі тілдегі ең өнімді және жандылардың бірі болып табылады; оның қызметі тарихи факторлармен де, қазіргі тілдік процестермен де байланысты. Грамматикалық құбылыстарды жан-жақты сипаттау қажеттілігі - статистикада ғана емес, сонымен қатар динамикада да - қазіргі грамматика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.
Зерттеу объектісі - қазақ тіліндегі адъективтену.
Зерттеудің мақсаты - жүйелік-тілдік және прагматикалық-стилистикалық әлеуеті тұрғысынан функционалдық транспозицияның жоғары өнімді түрі ретіндегі сын есім мен адъективтену процесін сипаттау.
Зерттеу мақсаттары:
1) адъективтенуді анықтай отырып, оның ерекшелігін анықтау;
2) адъективтенуді тарихи процесс ретінде көрсету;
3) сын есімнің негізгі түрлерін сипаттау;
Жұмыстың теориялық маңыздылығы қарастырылып отырған тақырыпты бейнелейтін жұмыстардың елеулі түрде толықтырылуында. Зерттеу материалдарын сын есім мен адъективтенулерге байланысты мәселелер бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарларды әзірлеуде, сондай-ақ арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сыныптарында қазақ тілі сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Жұмыс кешенді тәсіл аясында жүргізілді. Салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық-түсіндірмелі зерттеу әдістері, сондай-ақ әдеби талдаудың стандартты процедуралары: бақылау, талдау, салыстыру, сипаттау, жалпылау қолданылады.
Зерттеу көздері: педагогика бойынша әдебиеттер, басылымдар, мақалалар.
Курстық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СӨЗ ТУДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
Тіл ғылымында сөзжасам мәселесі сөз болғанда, ең алдымен ауызға оның негізгі үш түрі: лексика-семантикалық тәсіл, морфологиялық және синтаксистік тәсіл деп аталатын тәсілдері алынады себебі, бұл үш тәсіл сөзжасамның өзге тәсілдеріне қарағанда өздерінің өнімділігімен, жаңа сөз тудыруда оралымдылық қасиеттерімен айрықшаланады. Бұдан, әрине, сөзжасамның бұлардан басқа тәсілдері өнімсіз, оралымсыз деген қоры-тынды тумаса керек. Жалпы, сөзжасамның белгілі бір тәсілдерінің тілдердің бір тобында актив, енді бір тобында пассив болып келуі, әлбетте, тілдердің грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты жәйт.
Мысалы, грамматикалық құрылысы синтетикалық тілдерде сөзжасамның жоғарыда аталған түрлерінен морфологиялық, синтаксистік тәсілдер жаңа сөз жасауда жетекші, басым рөл атқарса, керісінше аналитикалық, құрылыстағы тілдерде сөзжасамның өзге түрлері өнімді қызмет атқарады. Мысалы, ағылшын тілінде конверсиялық тәсіл (сөздердің бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысуы арқылы жаңа сөздердің жасалуы) сөзжасамның өзге тәсілдеріне қарағанда соны сөз тудыруда кем рөл атқармайды, қайта мүмкіндігі мол, басты тәсілдердің бірі саналады. Аналитизм құбылысы, әлбетте, түркі тілдеріне де, соның бірі-қазақ тіліне де тән. Олай болса, конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру жалпы түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де әсте жат емес. Конверсиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер тілімізде молынан ұшырайды. Тіпті кейбір сөз таптарын түгелдей осы тәсілдің негізінде жасалған деуге болады. Мысалы, тіліміздегі үстеу, есімдік, шылау сөздердің барлығы да шығу тегі тұрғысынан о баста өзге сөз таптарынан ауысып келген сөздердің негізінде жаңаша мән, жаңаша қолданыс алып қалыптасқаны анық.
Конверсия тәсілі, әдетте, тілдегі сөз таптарының арасында болатын сан қилы сөз алмасуларды білдіретін процесс болып табылады да, жалпыламалық қасиетке ие болады. Ал, оның жекелеген сөз таптарындағы көрінісі жеке термин сөзбен аталады да, (мысалы, субстантизация, адвербиализация, прономилизация және т. б. ) бір жағынан конверсиялық тәсілдердің бір түрі немесе бір формасы болып танылады.
Екінші жағынан, олар сол сөз табын жаңа сөздермен толықтыратын бір көз есебіде яғни сол сөз табының сөзжасамының бір амалы, тәсілі ретінде қабылданады. "Сөз тудыру дегеніміз - жаңадан сөз жасау заңдары мен ерекшеліктерінің жинағы" екені мәлім. Олай болса, конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудырудың өзіндік ерекшеліктері қандай? Конверсиялық тәсіл сөзжасамның басқа түрлерінен қандай белгілері арқылы бөлектенеді? Сөздердің бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысуына, сөйтіп, соның нәтижесінде тілде жаңа тұлғаның жасалуына қандай факторлар себеп болады? Конверсиялық тәсілдің тілдегі басқа да құбылыстармен байланысы қандай? Тілдегі әр түрлі сөз таптарының арасында болатын конверсиялық процестердің табиғатын, өзіне тән сыр-сипатын танып, жете түсіну үшін, ең алдымен, осы сауалдарға жауап беру қажет.
Конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру тілдегі сөз таптарының бір-біріне ауысуына сүйенеді. Тілдің даму барысында белгілі бір сөз таптарындағы сөздер өзінің бастапқы лексика-грамматикалық категориясынан қол үзіп, екінші бір лексика-грамматикалық категорияға ауысады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздер уақыт өте келе өзі енген сөз табының категориалды мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктерін қабылдап, сол категорияға сіңіп кетеді. Бірақ олар өздерінің бастапқы мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктерін жоғалтқанымен, тұлғалық қалпын сақтап қалады. Сөйтіп, тілдің грамматикалық жүйесінде тұлғалануы бірдей болғанымен, категориалды мәні мен грамматикалық сипаты әр түрлі сөз табына қатысты болып келетін лексика-грамматикалық омонимдер пайда болады. Мысалы: 1. Жақсы (сын есім), жақсы (үстеу) . 2. Еріксіз (сын есім), еріксіз (үстеу) . 3. Бай (зат есім), бай (сын есім) . 4. Жас (зат есім), жас (сын есім) . 5. Біреу (жинақтау сан есім), біреу тұлғалануы бірдей лексемалар тілде лексика-грамматикалық омонимдер деп аталады да, өзара омонимдік қатар құрайды. Бұлардың әрқайсысы дербес сөз ретінде танылады да, лингвистикалық сөздіктерде өз алдына бөлек, жеке сөз ретінде беріледі.
Конверсиялық процестің барысында қалыптасатын мұндай лексика-грамматикалық омонимдерді тілдің сөздік құрамындағы лексикалық омонимдермен бір қатарға қоймау керек. Конверсиялық процестің нәтижесінде пайда болған лексика-грамматикалық омонимдердің лексикалық омонимдермен жасалуы жағынан да, грамматикалық сипаты жағынан да елеулі айырмашылықтары бар. Лексика-грамматикалық омонимдер, біріншіден, сөзжасамның конверсиялық тәсілі арқылы қалыптасатын болса-лексикалық омонимдер сөзжасамның лексика-семантикалық жолы арқылы пайда болады.
Мысалы, жақсы деген үстеу сөз өзімен тұлға-лас "жақсы " деген сын есімнің адвербиалдануының негізінде қалыптаса, дәрі деген лексикалық омоним (1. Дәрі - оқтың ішіндегі тұтандырғыш зат) белгілі бір сөз табындағы сөздің мағыналық жақтан дамып, жіктелуінен жасалған.
Екіншіден, лексика-грамматикалық омонимдердің сыңарлары әр түрлі сөз таптарына жататын болса, лексикалық омонимдердің сыңарлары белгілі бір сөз таптарының ауқымынан шықпайды.
Үшіншіден, бұлардың грамматикалық түрленуінде де айтарлықтай өзгешеліктер бар. Лексика-грамматикалық омонимдердің түрлену жүйесі бөлек-бөлек болып келеді. Лексикалық омонимдердің парадигмалық өзгерісі бірдей болса, лексика-грамматикалық омонимдердің сыңарларының әрқайсысы өзі енетін сөз табының парадигмасымен түрленеді.
Лексикалық омонимдердің морфологиялық түрленуі (парадигмасы) барлық жағдайда бір-бірімен сәйкес келіп, ортақтасып отырса, лексика-грамматикалық омонимдердің сыңарларының түрленуі, парадигмалық өзгерістері басқа-басқа болып келеді. Себебі, лексика-грамматикалық омонимдердің сыңарлары өздері енетін сөз табының парадигмасымен ғана түрлене алады. Лексика-грамматикалық омонимдер мәселесі сөз болғанда, омонимдік қатар құрайтын сыңарлардың қайсысы бастапқы, қайсысы соңғы, яғни қай сөз қай сөз табынан ауысып келген деген сұрау алдымыздан шығады. Біздіңше, мұндай жағдайда сөз таптарының тарихи қалыптасуына жүгінген мақұл. Себебі, тілдегі сөз таптарының барлығы бірдей бір мезгілде қалыптаспағандығы, бір мезгілде пайда болмағандығы анық. Тілдегі сөз таптарының барлығы да тарихи категория.
Сөз таптары да тілдегі басқа құбылыстар сықылды тілдің тарихи даму барысында біртіндеп, әр мезгілде пайда болып отырған. Сондықтан да тілдегі сөз таптарының "жасы" әр түрлі болып келеді. Кейбір сөз таптары, айталық, зат есімдер мен етістіктер тілдің өте көне дәуірінде-ақ жеке грамматикалық класс болып қалыптасса, ал, ендігі бір сөз таптары бұлардан көп кейін, тілдің қолданылу аясы анағұрлым кеңейген кезінде, тілдің лексикалық құрамы мейлінше молайған кезеңінде пайда болған. Тілде бұрыннан келе жатқан сөз таптары жаңадан пайда болған сөз таптарының өз алдына бөлек, дербес грамматикалық категория болып қалыптасуында аса зор рөл атқарған. Өйткені, тілде жаңадан пайда болған сөз таптары "тыңнан пайда болған сөздер мен грамматикалық формалардың негізінде" емес, олар тілде ежелден келе жатқан сөз таптарының негізінде жасалады. Осы орайда, профессор В. Н. Мигириннің мына бір пікіріне арқа сүйеуді жөн санаймыз: "Новая часть речи появляется из старой части речи. Части слов старой части речи приобретает новые функциональные и морфологические признаки"1. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын қазақ тілінің фактілері де растайды. Мысал үшін қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің жеке грамматикалық класс болып қалыптасуын алайық. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер басқа сөз таптарына қарағанда ең кеш қалыптасқан лексика-грамматикалық категория болып саналады. Ғалымдардың барлығы да үстеулердің- зат есімдердің, сын есімдердің, етістіктердің белгілі бір дәрежеде есімдердің, етістіктердің негізінде қалыптасқандығын, аталған сөз таптарының өзінің бастапқы тұлғалық қалпын (формасын) сақтай отырып үстеулер тобына ауысқандығын айтады.
Шынында да, үстеулердің дербес грамматикалық категория болып қалыптасуында басқа сөз таптарының адвербиализациялану процесінің атқарған рөлі ұшан-теңіз. Адвербиализация процесінің нәтижесінде басқа сөз табындағы кейбір сөздер үстеулер қатарына мүлдем, біржола өтсе, (мысалы, негізгі үстеулер), ендігі бір сөздер өздерінің бұрынғы категориясынан біржола қол үзіп кетпей, өзінің белгілі бір мағыналық, тұлғалық қалпын сақтап қалды. Ондай сөздер дыбыстық тұлғалану жағынан екі сөз табына да ортақ болып, өзара лексика-грамматикалық омонимдер қатарын қүрайды. Лексика-грамматикалық омонимдер белгілі бір сөз табындағы сөздердің екінші сөз табына әлі де болса тұлғалық, мағыналық жағынан толық ауысып болмағандығын көрсетеді.
Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы өте ұзаққа созылатын процесс, әрі ол сөздердің өздеріне тиесілі позициясынан басқа функция да ұдайы, тұрақты қолданылуын қажет етеді. Қазіргі қазақ тілінде сөздердің бір сөз табынан басқа бір сөз табына ауысуының нәтижесінде жасалған лексика-грамматикалық омонимдер өте көптеп саналады. Оны, мысалы, үстеулер мен сын есімдер құрамынан молынан ұшыратуға болады: 1. Тез (сын есім), тез (үстеу) . 2. Жылдам (сын есім), жылдам (үстеу) . 3. Еріксіз (сын есім), еріксіз (үстеу) . 4. Жедел (сын есім), жедел (үстеу) және т. б. Біздің ойымызша, адвербиализация процесі үстеулердің жеке сөз табы болып калыптасуында бірден-бір шешуші рөл атқарған фактор сықылды. Неге десеңіз, тілдің даму барысында басқа сөз таптары адвербиализация процесінің нәтижесінде үстеулер тобына тікелей немесе белгілі бір формада көнеріп барып өткендігі байқалады.
Соңғы жағдай, негізінен, қазіргі кезде әбден үстеуленген зат есім формаларына тән. Септік жалғауларындағы зат есім формалары кейбір оқулықтарда жазылып жүргендей, көнелену арқылы үстеу болып қалыптаспаған. Олардың үстеу болып танылуы, біздіңше, ең алдымен адвербиализация процесінің нәтижесі. Олардың үстеуленуіне бірден-бір себеп - септік формалары басқа бір сөз табының синтаксистік қызметінде, яғни, пысықтауыштық позицияда тұрақты әрі жиі қолданысы.
Сөйте тұра, қазақ тіл білімінде үстеулердің сөз табы болып қалыптасуының бірден-бір жолы - адвербилизация процесіне жете мән беріле бермейді. Керек десеңіз, адвербилизация процесі, тіпті, ауызға да алынбайды. Мұның өзі қазақ тіл білімінде үстеулердің жасалуы жайында белгілі бір жаңсақ пікірлердің қалыптасуына себеп болды. Соның бірі, мысалы, үстеулерді сөз тудырудың морфологиялық тәсілімен жасалады деу. Қазіргі қазақ тілінің барлық оқулықтарында үстеу туралы сөз болғанда, "үстеулер морфологиялық тәсілмен де жасалынады" делінеді де, үстеулер жасайтын қосымшалар ретінде - сыз/-сіз, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, -ша/-ше, -қары/-кері т. б. формалар көрсетіледі. Мұндай пікірлер белгілі бір мөлшерде тілдік фактінің табиғатымен шын үйлесім таба бермейді, сондықтан ондай қорытындыларға бүтіндей қарсы дау айтуға тура келеді. Өйткені -сыз/-сіз, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, т. б. қосымшалардың, әдетте, сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар екені мәлім. Ал - қары/-кері түлғасы болса, ол тіпті, сөз тудыратын қосымша емес. Ол түркі тілдерінің көне дәуірінде (V-VII гғ. ) барыс септік мәнінде жұмсалған -гару/-геру, -қару/-керу тұлғасының бүгінгі тілде санаулы сөздердің құрамында сақталған (негізінен, мекен үстеулерінде) қалдығы. Ал, жалғаудың ешқашан сөз тудырмайтындығы айдан анық. Соның өзінде, -қары/-кері тұлғасы қалып қалған сөздердің өн бойынан барыс септігінің мәні айқын сезіліп тұрады. Мысалы, жоғары, ілгері, тысқа, ішкері және т. б. Бұлар тілдің белгілі бір кезеңінде барыс жалғаулы зат есімдер болған. Олар кейіннен адвербиализациялану процесінің нәтижесінде үстеулер тобына мүлдем, біржола ауысқан. Сондықтан да -қары/-кері формасын үстеу жасайды деу артық айтқандық. Бұл пікірді, сондай-ақ жоғарыда айтылған сыз/-сіз, -лай/-лей, -дай/-дей, -шаң/-шең, -нан/-нен т. б. қосымшаларға да қатысты айтуға болады. Қазіргі қазақ тіліндегі еріксіз, өлердей, жаздай, көйлекшең, жартылай т. б. сықылды ондаған үстеу сөздер аталған қосымшалардың сөз жасағыштық функциясы негізінде қалыптаспаған. Олардың үстеу болуы - адвербиализация процесімен тікелей әрі тығыз байланысты. -лай/-лей, -дай/-дей, -сыз/-сіз, -шаң/-шең тұлғалы туынды сын есімдер қолданылу тәжірибесінде белгілі бір синтаксистік позицияда (бұл жерде: пысықтауыштық) жиі-жиі қайталанып жұмсалудың салдарынан семантикалық жағынан дамып, басқа бір грамматикалық категорияға - үстеулер тобына ауысқан. Бірақ онымен сын есім тобы келісіп, қанағаттанып қалмайды. Үстеулер тобына өткен негіздермен тұлғалас сын есімдер атрибутивтер тобында бәрібір сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz