Аударма теориясына анықтама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі.

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Аудармадағы эквиваленттілік түсінігі.

Орындаған: Касенова А.Н.
Группа: ДК-31
Тексерген:

Семей 2021 ж.
Мазмұны:
I Кіріспе:
Аударма теориясына анықтама.
Көркем аударма.
Аударма теориясының объектісі мен міндеті.
II Негізгі бөлім:
Эквалиенттілік терминінің пайда болуы.
Аударманың эквиваленттілігі.
Аударма эквалиенттілігінің типтері.
ІІІ Қорытынды
Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны.

Кіріспе
Аударма -- бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталап бейнелейтін тілдік құрал.

Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды.
Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп-нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады.

Абай неміс ақыны Гётенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Л.Толстойдың (Асархадон патша, Үш сауал), А.С. Пушкиннің (Дубровский, Боран), Тұрағұл Абайұлы М.Горькийдің (Челкаш), АС. Неверовтың (Марья-большевичка, Мен өмірге жерікпін), Б.Прустың (Антек) шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың Көркем аударманың негіздері (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап Аударма баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма").

Аударма теориясының объектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.
Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады.Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады.
Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады:
1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру;
2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу;
3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату.

Негізгі бөлім
Эквиваленттілік.
1950-1960 жылдарға дейін аударма ісіндегі пікірталастар эквиваленттілікке қалай жетуге болатындығы туралы болды. Эквиваленттілік термині әр түрлі мазхабқа сәйкес келетін екі түрлі мағынаға ие болды.
Орыс дәстүрінде эквиваленттілік әдетте тілдік формалар арасындағы жеке сәйкестік немесе рұқсат етілген техникалық терминдер немесе сөз тіркестері болатын, мысалы, эквиваленттілік бірқатар ауыстыруларға қарсы тұрды. Алайда, француз дәстүрінде Винай мен Дарбелнет, сүйене отырып Балли, эквиваленттілік тең функционалды мәнге қол жеткізу болды, жалпы қажет етеді өзгерістер түрінде. КатфордЭквиваленттілік ұғымы 1965 ж. француз дәстүріндегідей болды. 1970 жылдардың барысында орыс теоретиктері эквиваленттіліктің кең мағынасын бір нәрсе ретінде қабылдады нәтижесінде бастап лингвистикалық қайта құрулар.

Шамамен бір уақытта Аударманың интерпретациялық теориясы сөздердің сәйкестігі мен сезім эквиваленттілігі арасындағы айырмашылықты анықтай отырып, сөз бен сөз тіркестерінің (сөз сәйкестігі) сөздік анықтамалары мен мәтіндер мен олардың фрагменттерінің берілген контекстегі мағынасы арасындағы айырмашылықты көрсете отырып, аударма зерттеулеріне девербализацияланған сезім ұғымын енгізді ).

Эквиваленттілік туралы пікірталастар Федоров (1953) және Винай мен Дарбелнет (1958) сияқты аударма шешімдерінің типологиясымен (процедуралар, техникалар немесе стратегиялар деп те аталады) бірге жүрді.
1958 жылы Лох Дянянның Аударма: оның принциптері мен әдістері (英汉 翻译 理论 与 技巧) Федоров пен ағылшын тіл біліміне сүйеніп, қытай мен ағылшын арасындағы аударма шешімдерінің типологиясын ұсынды.

Бұл дәстүрлерде эквиваленттілікке жету жолдарын талқылау көбіне ұйғарымдық сипатта болды және аудармашыларды дайындаумен байланысты болды.

АУДАРМАНЫҢ ЭКВИВАЛЕНТТІГІ
Аудармашының басты міндеттерінің бірі -түпнұсқа мазмұнын барыша толығымен жеткізу.Потенциалды мүмкін болатын әр түрлі екі тіл мәтіндерінің мазмұнының барынша ұқсастығы берілетін эквиваленттілікті танып білу керек. Аударма эквиваленттілігі- аудармашының аудару кезінде түпнұсқа мен аударма мәтінінің нақты мағыналық ұқсастығына қол жеткізуі.Аударма эквиваленттілігінің шегі - аударма кезінде түпнұсқа мазмұнын мүмкіндігінше сақтап қалу, бірақ әрбір жеке аудармада түпнұсқаға ұқсас болуы әртүрлі дәрежеде болады және барынша ұқсас болуы үшін әртүрлі тәсілдермен аударылады.

Аудармада түпнұсқа мазмұнының толығымен сақталуы- аударылатын тіл мен аударатын тіл жүйелері арасындағы айырмашылықтар мен осы тілдердегі мәтіндердің жасалу ерекшеліктеріне байланысты. Аудармада мазмұнның эквиваленттілікпен қамтамассыз етілген бөлігінің қай түрі берілуіне байланысты эквиваленттіліктің әртүрлі типі ажыратылады. Эквиваленттіліктің кез‑келген типінде тіл аралық коммуникация сақталынады.
Аудармашының ең басты міндеттерінің бірі оригиналдың мазмұнын барынша толық беру, жалпы оригинал мен аударма мазмундарының ортақтығы (бірдейлігі)өте маңызды.

Екі турлі эквивалентілікті ажыратуға болады;

Потенцмалды жетістікке жеткен эквивалент (немесе күшті эквивалент)

Аудармалық эквивалент.

Потенциалды жетістікке жеткен эквивалент деп- ұқсас емес екі түрлі тілдегі текстердің мазмұндарының барынша ортақтығын айтамыз. Аудармалық эквивалент деп- аударма процессі кезінде аудармашы жеткен оригинал мен аударма текстінің нақты мағынылық жақындылығын айтамыз.

Аудармалық эквиваленттіліктің шегі болып аударма оригиналдық мазмұнының лингвистикалық деңгейін барынша сақтау мүмкіндігі болып табылады. Бірақ әрбір жеке аударма оригиналға мағыналық жақындық әртурлі деңгейде және әртүрлі жолдармен тәсілдермен жетеді.

Бастапқы тіл мен аударма тілі жуйесіндегі айырмашылық және бұл тілдердің әрқайсысының текстері жасау ерекшеліктері әртурлі деңгейде аударма оригиналдың мазмұнын толықтай сақтау мүмкіндігіне шек қояды. Сондықтан аудармалық эквиваленттілік оригиналдағы мазмұн мағынасының әртүрлі элементтерінің әртүрлі деңгейі (типі) анықталады. Эквиваленттіліктің кез-келген деңгейінде аударма тіл аралық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады.

Кез келген текст қандай да бір қарым-қатынастық қызмет атқарады: қандай да бір фактілерді хабарлайды, эмоцияны (көңіл-күйді) білдіреді, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнатады.

Эквиваленттіліктің бірінші типі

Кез-келген мәтін қандай да бір коммуникативтік функцияны атқарады: фактілерді хабарлайды, эмоцияны білдіреді, Рецептордан қандай да бір реакция немесе жауап күтіледі және т.б.
Қарым қатынас кезінде мәтін мазмұнының бөлігі мәтіннің тілдік қасиеттерін көрсететін коммуникация мақсатын береді. Ол барлық айтылғандардан қорытындала жасалған жасырын түрде болатындай "жобаланған" мағына береді. Ал жеке бірліктер басқа да бірліктермен бірге өзінің тура мағынасын емес , қосымша мағына жасау үшін қатысады. Рецептор айтылғандарды қабылдай отырып, тіл бірліктерін ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы байланысын, яғни толығымен мазмұнды түсінуі керек, сонымен қатар ол айтушының не хабарлап тұрғанын ғана емес, тағы оның бұны не үшін айтып жатқанын, "осымен не айтқысы келетініні" туралы хабарлайтын қосымша мәліметті де анықтауы керек.

Аударманың эквиваленттілігінің бірінші типі түпнұсқа мазмұнының коммуникация мақсатын жасайтын бөлігін сақтау үшін қарастырылады.

1)There is some chemistry between us that doesn't mix.
Бывает, что люди не сходятся характерами.
Адамдардың мінездерімен келіспей жататындары болады.

2)That's a pretty thing to say.
Постыдился бы!
Ұялсаң болады ғой!

Бірінші мысалда коммуникация мақсаты ауыспалы мағына беруде көрінеді. Бұл түпнұсқада коммуникативтік нәтижені адамдардың қарым қатынасын химиялық элементтердің әрекеттесуіне ұқсастыра көркемдік бейне арқылы берген. Аудармашы берілген мәліметтің мұндай жанама бейнелеуін аударылатын тіл үшін тиімсіз деп санап, оны тиісті коммуникативтік нәтижені қамтамассыз ететін көркем сөздермен ауыстырады.

Екінші мысалда коммуникация мақсаты сөйлеушінің өзінің әңгімелесушісінің сөйлеген сөзіне ашулунған эмоциясын білдіруінде көрінеді. Аудармашы аударылатын тілде жеткізу үшін орыс тілінде ашуланғанды білдіретін стереотиптік фразалардың біреуін қолданады, дегеньен аудармадағы қолданылған тілдік тәсіл түпнұсқа бірліктеріне сай келмейді.
Бұл мысалдан көріп отрығанымыздай, қарым-қатынас мақсаты айтылтын ой мазмұнының ортақ бөлігі болып табылады.
Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе:
Синтактикалық ұйымдастыру мен лексикалық құрамның салыстыруға келмейтіндігі;

Оригинал мен аударманың лексикасы мен құрылысын семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық алмастыру негізінде байланыстырудың мүмкін еместігі;

Оригинал мен аударма хабарларының арасында, 2 жақта да, айтайын дегені бір-ақ ой екендігін білдіретін нақты немесе тура логикалық байланыстың болмауы;

Оригинал мен аударма мазмұндардың эквиваленттілік болып саналатын барлық басқа аудармалармен салыстырғанда орақтығының ең аздығында.
Эквиваленттіліктің бірінші типіне тән қасиеттер:

Лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылымының сәйкес келмеушілігі;

Түпнұсқаның және аударманың лексикасын және симантикалық ауыстырудың немесе синтаксистік трансформациямен байланыстырудың мүмкін еместігі;

Түпнұсқада және аудармада тура және қосымша логикалық байланыстың болмауы ;

Эквиваленттіліктің басқа типтерімен салыстырғанда бірінші типте түпнұсқа мен аударма ортақтығы ең төменгі деңгейде;

Осылайша егер тіпті түпнұсқадағы бір немесе екі сөз аударма кезінде тура немесе қосымша ұқсастыққа ие болса да эквиваленттіліктің бұл түрі аудармада түпнұсқадағы "нәрсені емес" және "ол туралы емес нәрселерді " жеткізеді.

Эквиваленттіліктің мұндай деңгейіндегі аударма мазмұнның толығымен баяндалуы мүмкін емес немесе қажет емес жағдайларда қолданады.

Эквиваленттіліктің ІІ типінде
Оригинал мен аударма мазмұндарының жалпы бөлігі бірдей қарым-қатынас мақсатын беріп қоймай, сонымен бірге бірдей тілдегі тыс жағдайларды бейнелейді. Ситуация (жағдай) дегеніміз-объектілердің (жиынтығы) және---*- кезінде суреттелінетін объектілердің арасындағы жиынтық. Кез-келген текст нақты немесе елестету сияқты жағдайлар хабарларынан тұрады.

Эквиваленттің 2 типі 1 типпен,яғни қарым-қатынас мақсаты ғана сақталып аударылатын типпен салыстырғандаоригинал мазмұнын толығырақ бергенмен,оригиналдың барлық мағыналық элементтерін бере алмайды.

Ситуация ұқсастығы мен оны сипаттау жолдарының арасындағы айырмашылық тіл мен ойдың және суреттелінетін нақты істің арасында өзіндік қарым-қатынасты бейнелейді. Әрине,ойдың мазмұнында ситуацияның өзі мен оның белгілері қатыспайтыны,тек қана олардың ойлы образдары,яғни белгілі бір мәлімет не хабар түрінде берілетіндігі белгілі.

Көрсетілген типтің хабарды құрудың әртүрлі жолдары сипатталынатын ситуацияның ұқсастығымен біріктіреледі. Олардың мазмұнының ортақтығы толықтай коммуниканттардың экстра лингвистикалық тәжірбиесіне негізделеді. Нақты тәжітибеден бізге белгілі бір орында адамды көру үшін ол сол жерге келу керек,сол жерде болуы керек. Бұдан шығатын қорытынды,мына ойлар ол ол жерде мүлдем болмайды, біз ол жерде оны сирек көреміз дегендер бір ойды білдіреді.

Эквиваленттіліктің II типіне тән нәрсе оригинал мен аудармада бір ситуацияның әртүрлі жолдармен сипатталса да ұқсастығы.Әртүрлі тілдегі текстердің мағыналық ұқсастығының негізі болып мұнда тіл мен экстра лингвистикалық шындықтың арасындағы қатынастың жалпылық сипаты болып табылады.

Эквивалеттіліктің 2 типі аударманың оригиналға мағыналық жақындығы,қолданылатын тілдік құралдардың мағыналарының ортақтығына негізділмейтін аударма болып табылады. Мысалы:He answered the telephone.-Он снял трубку. Ол телефонды алды.You are not fit to be in a boat.-Тебя нельзя пускать лодку.You see one bear,you have seen them all.-Все медведи похожи друг на друга. Теңестірілген бұл мысалдардағы әртүрлі тілдегі ойларда оригиналдың көп сөздермен синтатикалық құрылысы аударма тексінде тікелей сәйкестік таба бермейді. Сонымен бірге бұл топтың оригиналы мен аудармасының арсында эквиваленттіліктің 1 типіне қарағанда мазмұн ортақтығының көптігі бар. Мына аудармаларды салыстырып көрейік.
1)That's a pretty thing to say.-Постыдыился бы!
2)He answered the telephone.- Он снял трубку.

Бірінші мысалда әңгіме екеуінің арасында қандай да бір нақты байланыс жоқ мүлдем әртүрлі құбылысты көрсетеді. Оригинал мен аударма ортақтығы тек қана,2 жағдйда да сөйлеушінің өзімен сөйлеушісінің алдындағы жасаған ескертпесіне эмоционалдық (көңіл-күйлік) қатынасының бірдей деп қорыту (жабу)да болып тұр.

Екінші мысалда оригинал мен аударманың салыстыруға келмейтін тілдік құралдары бірдей істі,яғни телефонды (телефон трубкасын алу арқылы) алу арқылы телефонмен сөйлесуге болатынын сипаттайды.Әңгіме мұнда әртүрлі жолмен берілгенімен бір-ақ ойды білдіргенінде болып тұр. Мұндай ойларды сөйлеу тілінде бір ойды басқа сөздермен жеткізу деи те атайды.

Оригинал мен аударма арасындағы қатынас үшін бұл типке тән нәрсе:

Лексикалық құрам мен синтатикалық ұйымдастырудың салыстыруға келмейтіндігі;

Оригинал мен аударманың семантикалық басқаша өзгертіп айту немесе синтактикалық ауыстыру тұрғысынан алғанда лексика мен структураны байланыстырудың мүмкін еместігі;

Аударма қарым-қатынас мақсатын сақтау,яғни ойдың басты функциясын сақтау эквиваленттіліктің міндеті шарты болып табылады;

Аудармада әртүрлі тілдер хабарлрының арасында болатын логикалық байланысты дәлелдейтін бір ситуацияны ,яғни 2 жағдайда да бір ойды білдіретін хабарды жеткізуді сақтау.

Эквивалеттіліктің 3-ші типін

Мына мысалдардан көруге болады:Scrubbing makes me bad-temped. От мытья полов у меня настроение портится. London saw a cold winter last year-В прошлом году зима в Лондоне была холодной. That will not be good for you-Это может для вас плохо конч ится. Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасын салғастырғанда мынадай ерекщеліктерді көруге болады:

1)Лексикалық құрам мен синтактикалық құрылыстардың паралеллдігінің жоқтығы ;

2)Түпнұсқа мен аударма структураларын байланыстыруда синтактикалық ауыстырудың мүмкін еместігі;

3)Аудармада түпнұсқадағы сияқты ситуация ұқсастығы мен қарым- қатынас мақсатының сақталуы;

4) Аудармада жалпы ұғымның яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвистикалық аударма теориясы
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда аудармашылық трансформацияларының негізгі типтері
Жалпы аударма теориясы
Қазіргі таңдағы аудармашының алатын орны мен қызметі
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Пәндер