Саралап деңгейлік оқыту технологиясы
Төмендегі тақырыптар бойынша конспект жасаңыз.
1.Қазақ тілі сабағында жеделдете оқыту технологиясын қолдану жолдары.
Жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесінде түрлі тәсілдер қолданып, жұппен, топпен, шағын топен жұмыс жасап, соңында ынтымақтастыққа бел буып, өзара дұрыс қарым-қатынас үйренгендерін аңғаруға болады.
Оқу үдерісінде оқушылар ұжымдық өзара әрекет нәтижесінде:
а) оқушылар бір-бірімен белсенді және жедел қарым-қатынас жасайды, біліктері мен дағдыларын жетілдіреді;
ә) қатысушылар арасында оңтайлы ара қатынас қалыптасады;
б) әркімнің жетістігі басқалардың жетістігі болып табылады.
Оқу үдерісінде ойын әдісін қолдануға ересектердің балалар мен жас өспірімдердің басты ерекшелігі жайлы Г.А.Китайгородская былай деп жазады: К сожалению, примитивное понимание преподавателем игры иногда приводит к излишней инфантилизации обучения, к примитивным коммуникативным задачам, т.е. к снижению интеллектуального творческого уровня обучения. Оқытудың мазмұнымен қатар оқу үдерісіне тікелей қатысты үшінші әдістемелік ұстанымның мақсаты оқу материалы мен оқу үдерісін тұлғалық-рөлдік сипатта ұйымдастыру болып табылады.
Сондай-ақ ғылыми қызметкерлерге шет тілді жеделдете оқыту барысында ойындар ұйымдастыру туралы Л.М. Войтюк төмендегідей ой қорытады: Организуя игровые упражнения, связанные с эмоциональным воздействием и движением, надо помнить, что моторный и эмоциональный компоненты темперамента взрослых функционируют иначе, чем у детей, и применяться они должны реже, чем при работе с детьми. Что касается приема присвоения маски, который применяется в различных системах интенсивного обучения, его использование не представляется целесобразным, так как не у всех учащихся мотив к игре настолько силен, чтобы перевоплощение осуществлялось с легкостью. Напротив, в ряде случаев неспособность вообразить себя другим человеком и изобразить его действия и речь могут создать дополнительные трудности, вместо устранения неуверенности еще более усугобить ее, что часто случается с учащимися старших возрастных групп.
Аталған ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, қазақ тілін оқушыларға жеделдете оқытуда ойын түрлерін ұсынатын оқушы оның технологиясын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйелі негіздеп, үлкен стратегиялық дайындықпен келуі тиіс. Бұл ойындар тілдік материалдарды белсендіруге және сөйлеу жаттығуларын шындық өмірге жақын имитация арқылы дамытады. Мұндай ойындардың әдістемелік қуаты рөлдік қатынас жағдайын ішкі сезімдерден пайда болған әсері арқылы дамытуға бағыт береді.
Қазақ тілін оқушыларға жеделдете оқытуда қолданылатын интерактивті технологиялардың қолдану арқылы жүзеге асатын оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің нәтижесінде екені сөзсіз:
- оқу әрекетіне, қарым-қатынас жасауға көзқарасы оңды сипатта өзгереді;
- өзін-өзі тануы, өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы адекватты болады;
- өзі және басқалар жайлы түсінігі өзгереді;
- өзіне және басқа адамдарға қатынасы өзгереді;
- қатысымдық құзыреттілігі артады;
- тілдік, әлеуметтік тұлға ретінде құндылықтар жүйесі қалыптасады.
2.Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жолында кредиттік оқыту технологиясын қолданудың маңызы. Бүгінгі білім берудің өтпелі кезеңінің талабына сәйкес көптеген білім беру орындары университет, колледждер де өзінің алдына жаңа міндеттер қойып, оны неғұрлым үйлесімді шешуге ұмтылыс жасауда.
Мамандықтарды даярлауға арналған университет қызметінің негізгі бағыттары:
кредиттік оқу жүйесіне көшу;
оқу үрдісін ақпараттандыру;
қашықтан оқыту әдістерін қолдану;
екі деңгейде мамандар даярлау жүйесін енгізу;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.
Осы бағыттардың ең күрделісі, жауаптысы - оқу жүйесін кредиттік технологияға көшіру мәселесі.
Кредиттік оқу жүйесіне көшудегі басты мақсат - білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеріп тұратын заманында кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесі - студенттердің жоғары оқу орыны қабырғасында білім алуын жеке жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Ол білім берудің демократиялығымен сипатталып, әр студенттің жеке ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі - студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарға сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалыптастыра алады. Кредиттік оқыту жүйесі - оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, жалпыға ортақ білім парадигмасынан әркімге арналған білім парадигмасына қадам жасатады. Кредиттік жүйеге өтуде байқалған қиыншылықтар да жоқ емес. Маңыздымәселеніңбірі - студенттерменмагистранттарды оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуы. Жасыратыны жоқ, мамандықтарға сәйкес базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша оқулықтардың аздығынемесе мүлдем жоқтығы оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға тұсау болып тұр.
3.ЖОО-нда кредиттік оқыту технологиясын қолдану жолдары.
Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнында кредиттік технология негізінде оқыту жүзеге асырылып келеді. Осының оқу нәтижесінде оқу пәндерін оқытудың әр түрлі формаларын ұйымдастыруында сағаттардың бөлінуіне өзгерістер енгізілді. Жалпы алғанда, дәрістік курстар сағаттары көлемінің азаюы және оқу курсы мазмұнының үлкен бөлігі студенттердің өздік жұмысына берілгені байқалады. Орта мектептің жоғарғы сыныптарында дәрістік сабақ беру тәжірибесі бірінші курс студенттерінің бірден дәрістік сабақтарға көңіл бөлуі, ғылыми дайындық деңгейінің төмендеуін, сонымен қатар олардың семестр бойы орындайтын жұмыстарының жүйелілігі мен біртектілігін бұзылмауына әкелетінін көрсетеді.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиетті талдау қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнындағы (ЖОО) дәрістің негізгі функцияларын бөлуге мүмкіндік берді.
Біріншіден, дәрістің ақпараттық функциясы. Оның мағынасында арнайы іріктелген және ерекше түрде құрастырылған оқу материалын студенттерге беру жатыр. Бұл функция қазіргі кезде маңызды өзгерістерге ұшырады. Ол дәстүрлі дәрістің негізгі функциясынан қосымшаға айналды. Қазіргі кездегі дәріс пән туралы ғылыми білімдер жүйесін беруге емес, студенттерге материалды өздігінен жүйелеуге, оны түсінуіне және күрделірек мәселелерді шешуіне бағытталған. Қазіргі дәрісте ақпаратың өзі маңызды емес, ғылыми ойдың даму процесін қолма-қол бейнелейтін жаңа ғылыми мәліметтердің болуын қажет ететін дәрістің анализі маңызды.
Екіншіден, дәрістің дүниетанымдық (әдіснамалық) функциясы. Студенттердің жалпы дүниетанымдық ұстанымдарының қалыптасу функциясы оқытылып жатқан ғылыми саласы бойынша ғылыми көзқарастар мен пікірлердің қалыптасуымен байланысты болды. Дәріс студенттерді ғылыми ойлау зертханасына кіргізіп, ғылыми білімдердің негізін қалайды, зерттеудің әдісі мен әдіснамасымен таныстырады.
Үшіншіден, дәрістің әдістемелік (дайындаушылық, ұйымдастырушылық) функциясы. Оның мағынасы студенттер іс-әрекетіне әдістемелік басшылық етуде жатыр. Бұл функция ғылыми логика арқылы, сонымен қатар дәріс үстінде оқу материалымен жұмысы және сабақтың басқа түрлерімен ұйымдастыру сұрақтары бойынша әдістемелік ұсыныстар арқылы жүзеге асырылады. Әдістемелік функциясы дәрісті елеулі қылып, оның оқу процесінің басты буындарының бірі қылатыны үшін аса маңызды болып келеді. Оқу процесінің әр түрлі көптеген формалары мен әдістерінің болуына қарамастан тек қана дәріс күрделі таным процесінің барлық элементтерін біріктіріп, педагогикалық мақсаттарға жету үшін процестерді ұйымдастырып бағыттайды.
Білім беру ортасында дәріс маңызды орынға ие, өйткені тек дәрісте ғана процестің алуан түрлі элементтері қатаң жүйеге біріктіріледі, ғылымның әдіснамалық негіздері беріледі және оқытылатын мәселенің мазмұнды аспектілері айқындалып, дамытылады және толықтырылады, сонымен қатар студенттерді өздік жұмыс арқылы оқуға ынталандыруға болады.
Төртіншіден, дәрістің мотивациялық функциясы - студенттерде оқытылатын пәнге және нақты берілген тақырыпқа, оқу процесіне қатысты дұрыс мотивацияның пайда болуы. Дәріс теориялық материалға және алдағы практикалық әрекетке, терең өздік жұмысқа қызығушылықты қоздыруы қажет. Тиісті қызметті орындауға студент саналы түрде өз еркімен баруына қол жеткізу қажет, студент өздік жұмысы бойынша тапсырмаларды өз еркімен қабылдауы шарт.
Бесіншіден, дәрістің дамытушылық функциясы. Ол студенттердің танымдық белсенділігінің қалыптасуыменен байланысты болады, дәрістік оқытуын жүргізуді өзіндік шығармашылық таным процесі ретінде қажет етеді. Міндеті - студенттерді ғылыми ізденіс процесіне қосу, оларды алынған нәтижелерге өздігінен мойындануына әкеліп, олармен бірге осы процесті қайтадан түсіну. ЖОО-дағы кез келген дәріс тақырыпты ұғыну үшін қажетті белгілі бір ғылыми ақпараттар көлемін беруі тиіс, бірақ сонымен қатар студенттер алдында ғылыми білім дамуының шығармашылық мағынасын ашатын мәселелерді қою қажет. Әдетте дәрістің ғылыми мәселелігін және де оқыту немесе әдістемелік деп атайтын мәселесіе қарастырады. Бірінші жағдайда дәріс кезінде қазіргі кезде ғылымның толық ашылмаған, бірақ осы уақытта қарастырылып жатқан құбылыстар туралы талдау жөнінде айтылады. Бұл жағдайда дәрісте ғылыми тұжырымдамалардың талдауы, зерттеудің жолдары жіне ықтимал, мүмкін болатын нәтижелері беріледі. Оқыту (әдістемелік) мәселелігі дәріс үстінде студенттерге ғылымда белгілі, бірақ студенттердің танымдық қызметі процесін ұғыну үшін қажетті сұрақтарға өздігінен талдау жасауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қою арқылы көрінеді. Дәріс оқушы бұл әрекетімен аудиторияны дербес зерделі әрекеттке итермелеп, өзі жақсы меңгерген, бірақ студенттеріне әлі таныс емес материал негізінде аудиторияның танымдық елсенділігін бағыттайды.
4.Қазақ тілін оқытудың аксиолингвистикалық технологиясының сипаттамасы
Қазіргі білім берудің құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған мазмұнына сай тілдерді оқыту үдерісі білім алушының коммуникативтік, лингвистикалық, әлеуметтік - мәдени, прагматикалық құзырет түрлерін, сыни ойлау іскерлігін қалыптастыруды, сонымен қатар аксиологиялық құндылықтар жүйесін оқушының таным дүниесінің негізгі ұстанымдары ретінде бойына сіңіруді көздейді. Аталған мақсаттар ішінде дүниетаным құндылықтарын тілді оқыту барысында меңгерту мақсаты соңғы уақытта мемлекеттік деңгейде көтеріліп, бірнеше маңызды құжаттарда аталды. Өйткені әлемнің тілдік бейнесі объективті шындықтың тілдегі өзгермеген көшірмесі емес. Адам танымы сыртқы әлемді белгілі бір бағалауыштық өлшемдердің сүзгісінен өткізеді. Ол - құндылықтар жүйесі. Әлемді танудың, бағалаудың өлшемдері әр ұлттың мәдениетімен, тарихымен тығыз байланысты қалыптасады. Бағалаушы құндылықтар жүйесі немесе аксиологиялық құндылықтар жүйесі тілде сақталады және тіл арқылы беріледі. Сондықтан ұлттық дүниетаным мәдениетін қалыптастыруда аксиологиялық құндылықтар жүйесін оқыту мазмұнына енгізу қазіргі ғаламдану заманында өте маңызды және өзекті болып табылады.
5.Қазақ тілін оқыту нәтижесінде тілдік тұлғаның бойында қалыптасатын құндылықтар жүйесі. Педагогикалық білім - білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар педагогикалық білім құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
6.Қазақ тілі сабағында акмелингвистикалық оқыту технологиясын қолдану жолдары. Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- Философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- Тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- Тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.
Жаңа педагогикалық технологияның дәстүрлі әдістемеден басты айырмашылығы - оның оқыту объектісін меңгертуде педагогикалық үдерістің тұтастығын көздеуі. Қазіргі уақыттағы жаңа оқыту технологияларының, жаңаша білім беру үдерістерінің аса қарқынды дамуы дидактикадағы оқыту мазмұны деген компоненттің дұрыс шешілуіне көп байланысты.
Оқыту технологиялары бір-бірімен тығыз байланыста болуды, жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзіндік ерекшелігі болады. Егер проблемалық технологиялардың міндеттері мен диалогтық формалары эвристикалық тәсілдер арқылы жүзеге асса, ақпараттық технологияларда танымдық-логикалық тәсілдер басты орын алады. Ал түсіндірмелі көрнекілік технологиялар оқыту технологиясына жатады, оның негізгі сипаты тыңдаушыларға ғылыми факторлар мен заңдылықтарды үйрету болып табылады. Педагогикалық технологиялар тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
1) Технологиялық сызба (карта) технологиялық үдерістің оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz