Коронавирус пандемиясының Қазақстан экономикасына деген әсерлерін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан саясаты
Тақырып: "COVID-19-дың Қазақстан экономикасына әсері"

Орындаған: Тегисова Айганым
_________________
(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Тулебаева Баян Толеубековна
.
_________________
(аты-жөні, қолы)

Павлодар, 2021
1. Кіріспе

Қазақстан Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. [1] Алайда, 2019 жылы Қытайдан бастау алған COVID-19 пандемиясы әлемнің барлық дерлік елдерін қамтып, үлкен өзгерістерге әкеп соқты. 2020 жылы әлемдік экономика 3,6 пайызға қысқарды, бұл 2009 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегіден екі есе көп. [2] Ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша 2020 жылы Қазақстан ЖІӨ көрсеткіші 2,6%-ға кеміді [3]

Бұл жұмыс қазіргі уақытта вирустың экономикалық әсерін түсінуге көмектесуді мақсаттайды. Себебі, пандемия салдары әлі күнге дейін өзекті болып келеді.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Коронавирус пандемиясының Қазақстан экономикасына деген әсерлерін анықтау;
2. Біз біргеміз! акциясының тиімділігін анықтау; Оның негізінде өткізілген іс-шараларға баға беру;
3. COVID-19-дың жергілікті экономикаға тигізген әсерін бағалау

Сонымен, зерттеу барысында төменде берілген сұрақтарды қарастырдым:
1. COVID-19-дың Қазақстан экономикасына тигізген әсері қандай?
2. Қазақстан короновирус мәселелерін қалай шешуде?
3. Коронавирустың жергілікті экономикаға қалай әсер етті?

Зерттеу жұмысының әдістері: сауалнама, сұхбат, SWOT талдау
Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімге зерттеу сұрақтарына байланысты қолданылған әдебиеттер тізімі, зерттеу әдістері мен олардың нәтижелері және сол ақпаратты бағалау кіреді
1. COVID-19-дың Қазақстан экономикасына тигізген әсері қандай?

COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайлары Қазақстан аумағында 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді. 2021 жылғы 24 қарашадағы соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19-ды жұқтырған адам саны 1 049 637-ге жетті. [4]
Пандемия адам өміріне үлкен әсер етіп қана қоймай, одан еліміздің экономикасы да зардап шекті. Эпидемия Қазақстан экономикасына 2 түрлі бағытта кері әсер етті:

Біріншіден, Қазақстандағы ши - кі - - зат экспорт деңгейі төмендеді. Олжас Төлеуов айтқан сөзі бойынша 2020 жылдың жазына қарай экспорт саны орта есеппен 2 млрд долларға азайған еді. [5] Оның негізгі себебі ол мұнайға деген сұраныстың төмендеуі. 2020 жылдың сәуірінде мұнай сұранысы тәулігіне 29 млн баррельге қысқарды. [6] Бұл Қазақсатндағы 1995 жылдың көрсеткішіне тең болып келеді. Қазақстан мемлекеттік бюджетінің 40%-ы мұнай-газ секторынан келетіндігінен, бұл өзгеріс үлкен салдарға әкелді. Қазақстанның сырт елдерге ши - кі - - зат экспортының яғни мұнайдың бағасының арзандауынан, инфляция деңгейі өсіп кетті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы 1 қыркүйектің жолдауында инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,4 пайызға жеткенің атап өтті. [7] Осы көрсеткіш инфляцияның көрсеткіш деңгейіне жетті. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық дағдарысына әкеп соқты. Ал теңге бағамы 2020 жылы 17 пайызға төмендеп кетті. [8]
Экономикалық дағдарыс күнделікті заттар заттар бағасының өсуіне де әсер етті. Мәселен, азық-түлік өнімдері 9,6%-ға, ал Азық-түлік емес тауарлар 5,4%-ға қымбаттап кетті. [9] Осы шағын болса да өзгерістер қазақстандықтардың қалтасына ауыр бола келді.

Екіншіден, жоғарыда атап өткен Инфляциямен және Теңге бағамының құбылмалылығы азаматтардың табысына, жалақысының мөлшеріне, жұмыспен қамтылуына және материалдық жағдайына теріс әсер етті. 2020 жылының наурызында ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялағанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізіп, 8 аптаға созылған карантин басталды. Осы уақыт аралығында қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін 300 мыңға жуық кәсіпкерлік орындар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. [10] 2020 жылы ҚР Ұлттық банкімен жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша қазақ халқының 42 пайызының қаржылық мәселелерімен соқтысып жүргенін баяндады. [11] Негізінен, айлық жалақысын негізгі кіріс көзі ретінде санайтын қазақ саны 70 пайыздан 56 пайызға дейін кеміді. [12] Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2020 жылдың мамыр айында жұмыссыздар санын наурыз айының дерегімен салыстырғанда 442,4 мыңнан 1,45 млн. адамға дейін өсті. [13] Ал Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пандемияның Қазақстан экономикасына әсері
Медициналық қызметкерлерінің жағдайын сауалнама жүргізу арқылы бағалау
Жұмыссыздық деңгейін өлшеу мәселесі
Биліктің ауыспалылығы
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Коронавирус пандемиясының білім беру жүйесіне жаһандық әсері
Эфир жалған ақпаратқа толы
Медициналық бетперде қажеттілігі
Халықты жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымдамаларының мәні
Корея Республикасының пандемия кезіндегі қоғамдық дипломатияның үздік үлгісі
Пәндер