Сот хабарламалары мен шақыртулардың тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
**************

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
Тақырыбы: Сот хабарламалары мен шақыртулары

Орындаған:
Тексерген:

-2019 ж. -
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХАБАРЛАМАЛАР МЕН ШАҚЫРТУЛАРДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..5
1.1 Сот хабарламалардың теоретикалық-құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сот шақыртулардың теоретикалық-құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... 7
2. СОТ ХАБАРЛАМАЛАРЫ МЕН ШАҚЫРТУЛАРДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Сот хабарламалары мен шақыртулардың тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 12
2.2 Сот хабарламалары мен шақыртулардың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...22

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабына сәйкес, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар [1, 2б.]. Сот тәжірибесі көрсеткендей, судьялар азаматтық істерді көптеген жағдайларда процессуалдық мерзімдерін өрескел бұзушылықпен қарастырады. Оның себептері, процеске қатысатын адамадар сот отырысы болатын уақыты мен орны туралы уақытылы хабарландырылмайды, сондықтан олар отырысқа келмейді. Осылай, пошта соттық кідірістерге себеп болады.
Сотқа қатысушыларға сот отырысының уақыты мен орнын уақытылы және тиісті түрде хабарлау - бұл соттық қорғанысқа деген құқықтын іске асырудың кепілдігі [2,56б.]. Азаматтық процестік кодексінде азаматтық іске қатысушыларды хабарлау туралы 11 тарауда көрсетілген (11-тарау Соттың хабарлаулары мен шақыртулар).
Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының, Азаматтық процестік кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Іске қатысатын адамадарды қажетті түрде хабарлау - сот отырысының негізгі шарттарының бірі, сонымен қатар, әділетті және заңды шешім қабылдаудың негізігі алғышарты болып есептеледі.
Сот хабарламалар және шақыртулар әртүрлі болып келеді. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін [3,36б.].
Осымен, сотқа қатысушыларды хабарлау және шақыртулардың түрлері мен тәсілдерін қарастырудың маңыздылығы: олар - сотқа қатысатын адамдардың өздерінің құқықтарын, нақтылап айтқанда, сотқа қатысу құқығы, іске асырудың маңызды түрі.
Заң әдебиетінде сотқа қатысушыларды хабарлау мәселесі жан-жақты зерттелген. Мәселен, Берном У., Прошляков А., Халатов С. Садикова О. тағы да басқа ғалымдардың жұмыстарында азаматтық іс жүргізу шеңберінде іске қатысушыларды хабарлау институтының пайда болу және дамуының негізгі сұрақтары мен қазіргі кезде орын алған мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар, азаматтың іске қатысушыларды хабарлау жүйесін әрі қарай жақсарту жолдары да талқыланған.
2015 жылы 15 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі Қазақстанның азаматтық процестік құқығының замануи жүйесін айқындайтын көптеген нормативтік-құқықтық актілердің жаңартты және жүйелендірді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - азаматтық процесі шеңберіндегі сот шақыртулар мен хабарлаулардың толық жете сараптама жүргізу. Осы мақсаттарға жету үшін алдыма келесі тапсырмалар белгіледім:
-сот хабарлаулардың теоретикалық-құқықтық аспектілерін қарастыру;
-сот шақыртулардың теоертикалық-құқықтық аспектілерін сараптау;
-сот хабарлаулар мен шақыртулардың түрлері мен тәсілдерін көрсету;
-сот хабарлаулар мен шақыруларды жеткізу ережелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының азаматтық процесіне қатысатын адамдарды хабарлау институты.
Жұмыстың пәні - азаматтық процесіндегі сот хабарлаулар мен шақыртулардың жалпы ережелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау әр қайсында екі параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХАБАРЛАМАЛАР МЕН ШАҚЫРТУЛАРДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сот хабарламалардың теоретикалық-құқықтық аспектілері

Заң судьяларға сотқа қатысатын адамадарды сот отырысы болатын уақыты мен орны туралы немесе басқа да бөлек процестік іс-әрекеттерді орындауды хабарлауды міндеттейді.
Сот отырысына қатысатын адамдарды хабарлау сол тұлғалардың сотқа қатысу құқығын іске асырудың маңызды процестік кепілі болып келеді. Сотқа қатысу (жеке өзі немесе өкілі арқылы) тараптардың сотта өз позициясын қорғауға маңызы зор болғандықтан, жоғарыда көрсетілген процестік кепіл процестегі сайыскерлік және тараптардың теңдігі қағидаларымен тығыз байланыста болады [4,341б.].
Аталған процестік кепілдігінің маңыздылығының дәлелі - сотта тұлғалардың кімде-кімі қатыспауы азаматтық процестік құқық нормаларының өрескел бұзуы деп есептелуі және оны сот шешімін жоққа шығаруға апарауы.
Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу негізгі қағидаттары:
-Азаматтық сот ісін жүргізу азаматтық процестік кодексінде жазылған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады;
-Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі.
Ұтқыр, айқын әрі барлығына қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Сот бірқатар инновациялық жобаларды іске асырды. Осындай жобалардың бірі - Қазпочта АҚ-мен бірлесіп іске асырылатын Гибридті электронды почта сервисі.
Жоғарғы Сот 2014 жылы сынақтан өткізген Гибридті электронды почта сервисі пилоттық жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Өткен жылдың 18 желтоқсанынан бастап аталған қызмет түрі республикадағы барлық жергілікті соттарда іске қосылды [5,1б.].
Жобаның жұмыс тәсілі мынадай: сот жүйесінің сотқа шақырту қағаздары мен хабарламалары Қазпочта АҚ-ға ҚР СО БААТЖ интеграциялық модулі арқылы электронды түрде жіберіледі. Ақырғы адресатқа жеті күн ішінде жіберу үшін почта қызметкерлері шақырту хабарламаларын қағазға басып шығарып, почталық конвертпен қаптайды.
Жергілікті соттардан шыққан электронды шақыртулар, хабарламалар почталық байланыс бөлімшелерінің орналасу қашықтығына қарамастан, почта байланыс бөлімшелері қызметкерлерінің одан әрі өңдеуі үшін оларға санаулы минуттарда жеткізіліп, шұғыл қабылданады.
Аталған қызметті енгізудің тағы бір басымдығы ретінде соттардың электронды шақырту қағаздарыхабарламаларының жеткізілу барысын қадағалау мүмкіндігіне, хаттардың жеткізілуі немесе on-line режимінде жеткізудің мүмкін еместігі, сондай-ақ оларды тапсыруда туындайтын қиындықтар туралы ақпаратты біліп отыруын айтуға болады.
Өткен 2018 жылы соттар барлығы 57 мыңнан астам электронды шақырту қағаздарын жөнелткен, олардың жеткізілу деңгейі 90 %-ды құрады. 2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін жолданған электронды шақырту қағаздар, хабарламалардың саны 48 мыңнан асты, олардың 93 пайыздан астамы ақырғы адресатқа жеткізілген [6,1б.] .
Қолданыстағы іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, соттардың жауапкерге талап арыздың көшірмелерін, өтінішке тіркелген құжаттарды, сондай-ақ жауапкердің жазбаша түсініктемелері сотқа келіп түскен жағдайда, олардың қосымша құжаттарының көшірмелерін жолдау міндеттілігі көзделген норма заңнамадан алынып тасталды.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот сот ісін жүргізудің қолжетімділігін кеңейту және сот процесіне қатысушыларға сот құжаттарын ұсынудың жеделдігін арттыру бағытындағы іс-шараларды өткізді. Айталық, сот талқылауына қатысушы кез-келген тарап ГЭП арқылы сот хабарламасын алғаннан кейін Жоғарғы Соттың интернет-ресурсының тиісті бөліміне штрихті почталық айқындағыш нөмірі мен іс қаралатын күнді енгізу арқылы сот құжаттарын (талап арыздың көшірмелерін және өтішішке қосымша берілген құжаттардың, сот актілерінің көшірмелерін) қағазға басып шығару мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда, осылайша, тараптар 237 хабарлама бойынша құжаттарды көшіріп алған.
Жоғарғы Сот тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасау және тұтастай алғанда Қазақстан сот жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында инновациялық технология мен озық менеджментті сот ісін жүргізуде қолдануды одан әрі жалғастыратынын соңғы кездерде қабылданған құжаттарымен дәлелдеуде.

1.2 Сот шақыртулардың теоретикалық-құқықтық аспектілері

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында сот істерін қарауға дейін рәсімдеу және адамдардың сотқа келуін қамтамасыз ету тәртібі мен ережелері анық көрсетілген.
Бастапқыда сот отырысының хатшысы істі дайындаған кезде жауапкерге және процеске басқа да қатысушыларға арыз көшірмелерін, сот талқылауына шақыруды, арызды қарау нәтижелерін ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе электрондық адресіне жіберуді көздейтін талапкердің арызы бойынша талонды толтыруды ұсынады. Егер келісім алынған жағдайда жоғарыда аталған соттың хабарламалары мен шығыс хаттары электронды түрде жолданып отырады, басқа жағдайда тиісті тізімдемеге сәйкес тапсырыс поштасы, гибридты электроны пошта немесе шабарман арқылы жеткізілуге тиіс.
Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі. Шақыру қағазы СМС арқылы жолданған жағдайда оның соңында қағаз түрінде шығарып алуға мүмкіндік беретін код көрсетіледі.
Басты сот талқылауын тағайындау сатысында, егер заң тұғырында сотталушының қорғаушысы болуы міндетті болса, оған қорғаушыны қамтамасыз ету туралы меселе шешіледі. Бұл жағдайда судья тиісті қаулы шығарады, ал сот отырысының хатшысы облыс, республикалық маңызы бар қала, елорда адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне сот актісінің көшірмесін жібереді.
Бұл төңіректе хабарландыру нысанын дұрыс таңдау қажет. Сот хабарландырулары мен шақырулары почта, курьер, телеграф, факсимильды байланыс, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық құжат айналымы жүйелері, немесе хабарландыруды не шақыруды қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдары пайдалану арқылы жіберіледі. Хабарландыру нысанын таңдау кезінде шықырылып отырған адамның сотқа уақытылы келуін қамтамасыз ететін және сот хабарландырулары мен шақырулардың қайталануын болдырмайтын барынша оңтайлы нұсқасы пайдаланылады [7,1б.].
Шетелде тұратын және Қазақстанның немесе шетел ұйымдарында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының атына жазылған сотқа шақыру қағаздары және басқа да құжаттар осы мәселелерді реттейтін заңнамаға сәйкес оларды шетелге жіберген ұйымдар арқылы жіберіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел
азаматтарына сотқа шакыру туралы хабарландыру жіберіледі. Қазақстан Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар мемлекет аумағында тұратын шетел азаматына істі қарау туралы хабарландыру басқа мемлекеттікң аумағында процессуалдық және өзге әрекеттерді орындау жөніндегі құқықтық көмекті көрсету туралы тапсырмамен бірге жіберіледі.
Сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарының алынғанын куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, СО АЖ арқылы жіберілген электрондық хабарламалардың жіберілуін бақылайды.
Сот хабарландырулары мен шақыру қағаздары сот отырысында істі талқылау тағайындалғаннан кейін істі тыңдау қандай мерзімге тағайындалғанына қарамастан келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, жіберілуге тиіс. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылданған алдын ала тыңдауда қаралған істер бойынша сотқа шақырулары тыңдаудан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Сот шақыруы, хабарландыру немесе шақыру адресатқа табыс етілмеген не ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық адрес бойынша жеткізілмеген болса, сот отырысының хатшысы ондай деректер түскеннен кейін дереу себебін анықтауға және ол туралы іс өндірісінде болған судьяға ол туралы баяндауға тиіс. Сот ісін жүргізуге қатысушыларды хабарландыру, сотқа шақыру жөніндегі кейінгі шаралар жалпы тәртіпте қабылданады.
Шақыруларды, хат-хабарларды жөнелту және жеткізу туралы хабарландыруларды табыс ету, оның ішінде почта, курьер, телеграф, телефон, факсимильды, электрондық байланыс арқылы жеткізілгені туралы барлық қолхатар іс материалдарына тіркелуге жатады.
Істі тыңдаудың алдында сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған тұлғалардың келуін, қамауға алынған сотталушылардың жеткізілуін тексеріп, олардың келмеуі себептерін анықтап, судьяға баяндауға міндетті.
Сот жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану кеңінен қолданып келеді. Мысалы, сот отырысын дыбыс, бейне жазба құралын пайдаланып қарау, электрондық бақылау іс жүргізу, сотқа электронды түрде талап арыз, өтініш беру, сотқа СМС арқылы шақыру.
Бүгінгі күні сотқа шақырған тараптарды тез шақыру үшін соттар олардың ұялы телефон номерлеріне қысқаша хабарлама (СМС) жолдайды. Аталған хабарлау түрі жеке және заңды тұлғаларға өте тиімді және уақыт пен қаражатты үнемдейді. Қазіргі күні соттан СМС алғанға жұртшылық үйреніпте қалды.
Бірақ, СМС арқылы алынған хабарламаны кейбір кездері қағазға шығарып алу керек болады. Мысалы, сотқа бару үшін оны жұмыс берушіге көрсету қажет.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) "Сотқа шақыру қағазы (Судебная повестка) деген қысқаша текстті ашып көру және басып шығару сервисі іске қосылды. Электрондық сотқа шақыру қағазын көріп, қағазға шығарып алу үшін СМС келген ұялы телефон номерін теріп, алты санды құрайтын кодты енгізу қажет. Компьютерде PDF форматында электрондық сотқа шақыру қағазы көрінеді. Оны сақтап қоюға және басып шығаруға болады [8,1б.].
Электрондық сотқа шақыру қағазында қысқаша текст, шақырылған адамның аты-жөні, ұялы телефонының номері, жолданған уақыты және сот отырысы болатын орны мен күні көрсетіледі. Одан басқа электрондық сотқа шақыру қағазында сот органдарының Call-орталығының қысқа номері, ерекше номер, алынған күні және Қазақстан Республикасының сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы электрондық қол таңбасы қойылған мәліметтер жөнінде штрих-коды көрсетіледі.
Осындай әдіспен алынған электрондық сотқа шақыру қағазы 07.01.2003 жылғы №370 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми құжат болып есептеледі және қағаз жүзіндегі құжатпен теңестіріледі [9,1б.].
Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы немесе мұны өздеріне судья тапсырған адамдар не ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық мекенжайға электрондық түрде мәтіндік хабар жолдау арқылы немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жеткізіледі. Шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды адресатқа тапсыру уақыты шақыру қағазының түбіртегінде немесе өзге де хабарлаудың сотқа қайтарылуға тиіс көшірмесінде белгіленеді.
Судья хабарландырылатын немесе іс бойынша шақырылатын басқа адамға тапсыру үшін шақыру қағазын немесе соттың өзге де хабарлауын іске қатысатын адамның келісімімен оған беруі мүмкін.
Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу тапсырылған адам оның тапсырылған күні көрсетілген және адресаттың оларды алғандығы жөнінде қолы қойылған шақыру қағазының түбіртегін немесе өзге де хабарлаудың көшірмелерін сотқа қайтаруға міндетті. Осы талаптар сақталған кезде, егер керісінше жағдай дәлелденбесе, соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау жеткізілген болып есептеледі.
Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, ол жолданып отырған азаматқа сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлаудың көшірмелеріне қолы қойдырылып жеке не ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық мекенжайға электрондық түрде мәтіндік хабар жолдау арқылы немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып тапсырылады.
Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы не өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқару функцияларын орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің жұмыскеріне не шақырылып, хабарландырылып отырған тұлғаның басқа қызметкеріне табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлаудың көшірмелеріне өзінің лауазымын, тегін және аты-жөнін жазып, оны алғандығы жөнінде қол қояды.
Соттың шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жеткізілген болып есептеледі.
Егер шақыру қағазын жеткізген адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын адамды тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің біріне не олардың келісімімен басқа адамға, ал олар болмаған кезде - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасына не тұрғын үй басқарушысына, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның не оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасына тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам оны кешеуілдемей адресатқа тапсыруға міндетті. Көрсетілген жағдайларда соттың шақыру қағазы тиісті түрде тапсырылған болып есептеледі.
Адресат уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазын жеткізетін адам шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлауға адресаттың қайда кеткенін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екенін белгілейді.
Осы мәліметтерді онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және басқа адамдардың ішінен біреуі растауы не үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтерді көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ соттың шақыру қағазын немесе хабарлауды жеткізген адам куәландыруға тиіс.
Адресат соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды қабылдап алудан бас тартқан кезде, оларды жеткізуші немесе табыс етуші адам шақыру қағазына немесе өзге де хабарлауға, шақыруға тиісті белгі қояды, олар сотқа қайтарылады, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы.
Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды алудан бас тартуы туралы белгіні үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті тұлғасы не тұрғын үй басқарушысы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасы куәландырады.
Адресаттың соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды қабылдап алудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болмайды және адам тиісті түрде хабарландырылған болып есептеледі.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстыру, мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды өзгерту
Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізу кезінде тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауысқан, мекенжайы, ұялы байланысының абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы өзгерген жағдайда бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы деректер бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың осы абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да жеткізілген болып есептеледі. Мұндай хабарлау тиісінше хабарлау болып табылады.

2. СОТ ХАБАРЛАМАЛАРЫ МЕН ШАҚЫРТУЛАРДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

2.1 Сот хабарламалары мен шақыртулардың тәсілдері

Сотқа қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.
Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, хабарлама телефонограммамен немесе гибридті жөнелту арқылы не табыс етілгендігі туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Іске қатысатын адамдар хабарланатын және шақырылатын адамдар сотқа келмеген істер бойынша сот талқылауының уақыты, күні мен орны туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы. АПК-нің 127-баптың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болған кезде хабарламалар тараптардың өкілдеріне жіберіледі.
Хабарлаулар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақтылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Тарапқа:
-іске қатысатын тарап көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электрондық сервистерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
-бір жыл ішінде тараптар арасында жасалған және даудың нысанасы болып табылатын шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде жеке өзі сотқа ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша;
-егер мұндай хабарламаның келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе,
-хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың өзге де құралдары пайдаланыла отырып;
-гибридті жөнелту арқылы не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.
Заңда көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген бірінші хабарлама бойынша тарап келмеген жағдайда, қайта хабарлау соттың хабарлауының немесе шақыруының тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың және жеткізудің өзге де құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
АПК-нің 127-бабында көзделген сот хабарлауларының нысандары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше тәртіп белгіленбесе, аталған кодекстің 23-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген субъектілерге қатысты да қолданылады.
Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың, шақырудың мазмұны:
-хабарланатын немесе сотқа шақырылатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландырылатын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін не заңды тұлғаның атауы мен оның орналасқан жерін) көрсету;
-соттың атауы мен мекенжайы;
-сотқа келетін жері мен уақытын көрсету;
-адресат хабарланатын немесе шақыртылатын істің атауы;
-адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;
-іске қатысатын адамдарға дәлелдемелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот хабарламалары мен шақыртулары
АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТОНИЯ
Адам өлтіру
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Күзет сигнализациясы жүйесін құру қағидаттары
Қорғалған жүйедегі қауіпсіздік ядросының функциялары
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары
Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Арналар арендасыныѕ желісі
Пәндер