Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1 Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық табиғаты
5
1.2 Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері
7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНДА ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ
10
2.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі
10
2.2.Қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы алынған дәлелдемелерді бағалау
13
2.3 Қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныс
18

ҚОРЫТЫНДЫ
21

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде 2015 жылдан бері жасырын тергеу әрекеттері (ЖТӘ) жаңа институты жұмыс істеп келеді. Қылмыстық іс жүргізу заңамасында көзделген жасырын тергеу әрекеттері мәні қылмыстық іс шеңберінде іс-әрекеттердің сотқа дейінгі сатысында, мүдделеріне қатысты адамдарды алдын ала хабардар етпей жүргізу болып табылады.
Жасырын тергеу әрекеттері өткізудің мақсаты қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алу болып табылады. Ұзақ уақыт бойы құқық қорғаушылар арасында оларды жүргізу барысында заңдылықты сақтау, жасырын тергеу әрекеттері нәтижелерінің дәлелдемелер ретінде жол берілуі, осындай ұқсас жасырын тергеу әрекеттері мен арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары арасындағы түбегейлі айырмашылықтар мәселелері бойынша түрлі даулар туындады.
Мұндай сәттерде қоғамдық қатынастардың осы саласында құқықты біркелкі қолдануға бағытталған егжей-тегжейлі ресми түсіндірулер алу қажеттілігі объективті түрде туындайды.
Бұл құқықтық институт жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған материалдарды қылмыстық процесте неғұрлым толық пайдалануға бағытталған. Негізгі мәселе қылмыстық сот ісін жүргізудің қазақстандық моделінің (көптеген посткеңестік елдердегідей) жедел жұмыс пен сотқа дейінгі тергеу-тексеру өзара тығыз байланысты болып отыр және осымен батыс тәжірибесінен айырмашылығы бар. Мұндай новеллаларды отандық және шетелдік ғалымдар біржақты қабылдаған жоқ: кейбір ғалымдар толық қолдаған, ал басқалары қарсы болған. Теріс мысал ретінде Украинаның ттәжірибесі қарастырылады, онда ұқсас институт 2012 жылы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілді.
Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеу, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған дәлелдердің заңдылығы қаупі бар. Олардың басты дәлелі-мұндай әрекеттер тергеу емес, өйткені тергеуші оларды тікелей жүргізуге қатыспайды, тек жедел қызметтерге тапсырма береді. Сонымен қатар, басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы, қылмыстық іс жүргізу заңында жасырын әрекеттерді жүзеге асырудың егжей-тегжейлі тәртібі сипатталмаған, өйткені ол мемлекеттік құпиялардың сипатына ие.
Жаңа процестік институтқа көзқарастардың әр түрлілігін ескере отырып, авторлар заңнаманы одан әрі жетілдірудің екі жолы туралы қорытынды жасайды:
1) Жедел жұмыс пен тергеу функцияларының қосылуын көздейтін шетелдік модельге толық көшу;
2) жасырын тергеу әрекеттерінен бас тарту және жедел-іздестіру қызметі мен қылмыстық процестің бөлек жұмыс істеуінің бұрынғы моделіне оралу [1, 577 б.].
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты қылмыстық істерді тергеу кезіндегі жасырын тергеу әрекеттерінің жүргізудің құқықтық негіздерін зерделеу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
-қылмыстық іс жүргізу заңнамасы контексінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу түсінігін анықтау;
- қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін зерделеу ;
- қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімділігін бағалау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Бұл зерттеудің объектісі жасырын тергеу әрекеттерінің жүргізудің құқықтық негіздерін зерделеу болып табылады.
Зерттеу пәні жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық қазақстандық заңнаманың құқықтық нормаларын құрайды.
Зерттеудің әдістері
Зерттеудің әдіснамалық негізін жалпы ғылыми жалпы әдістері құрайды: тарихи, құрылымдық-функционалдық, логикалық, сонымен қатар арнайы әдістер, атап айтқанда, салыстырмалы құқықтық, түсіндіру, құқықтық модельдеу және т.б.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы жұмысты қылмыстық іс жүргізу құқығы оқу пәнін оқыту процесінде, дипломдық жобаларды әзірлеуде қолдану мүмкіндігінде жатыр. Жұмыстың нәтижелерін жасырын тергеу әрекеттері институтының одан әрі теориялық зерттеулерінде қолдануға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жұмыстың қорытындылары мен нәтижелерін қылмыстық іс жүргізу заңнаманы жетілдіру процесінде пайдалануға болатындығымен анықталады. Сонымен қатар, пікірлерді сот ісін жүргізуге дайындық барысында тәжірибелік заңгерлерқолдана алады.
Дипломдық жобаның құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық табиғаты

Жаңа ҚР ҚПК 5 баптың нормаларыны сәйкес қылмыстық бұзушылықтарды жасалуын болдырмау, оларды жан - жақты, жылдам және толық ашу, тергеу, әшкерелеу және оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту қылмыстық процестің міндеттері болып табылады [2]. ҚР ҚПК 30 тарауы Жасырын тергеу әрекеттері. Алайда, бұл институт ішкі істер органдарының практикалық бөлімшелерінің күнделікті қызметіне енгізілгеніне қарамастан, жан-жақты ғылыми-теориялық зерттеуді қажет етеді.
Жасырын тергеу әрекеті - бұл қылмыстық процес бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін мүдделеріне қатысы бар адамдарға алдын ала хабарламай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізілетін әрекет [3, 193 б.].
Бұл модель шетелдік және халықаралық тәжірибені қолданумен, халықаралық құқықты отандық құқықтық жүйенің бір бөлігі ретінде танумен және оны халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкестендірумен қатар жүретін кең ауқымды сот-құқықтық реформаның нәтижесі болды.
Қылмыстық процестік кодекстің 7 бабының 12 тармағына сәйкес жасырын тергеу әрекеттері осы Кодексте көзделген құқықтық тәртіпте және мақсатына сай жағдайларда сотқа дейінгі іс жүргізу үдерісінде қылмыстық процеске тартылған тұлғаларға хабарлаусыз жүргізіледі.
Осы институттың пайда болуымен қылмыстық сот ісін жүргізу аясында дәлелдемелер жинау бойынша іс жүргізу әрекеттерінің көлемі едәуір артты, жедел-іздестіру қызметі мен қылмыстық сот ісін жүргізу арасындағы өзара қарым-қатынас та өзгерді.
Жедел-іздестіру қызметі туралы 2014 жылғы 04 шілдедегі ҚР Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша [4] қылмыстарды ашу міндеті осы Заңның 2-бабынан алынып тасталғанын және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде бекітілгенін атап өту қажет. Бұл өзгеріс жасырын тергеу әрекеттерінің сипатын көздейтін жаңа институттың практикаға енгізілуіне байланысты, демек, тергеу бөлімшелерінің жауапкершілігін көбейтті. Бұрын бұл функцияларды жедел-іздестіру қызметімен айналысатын органдар орындайтын.
Ал Жедел іздестіру қызметі туралы заңында қылмыстарды алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша міндеттер бар [4].
Қылмыстық процестік кодексе жасырын тергеу дәлелдемелері, шет мемлекеттерінің тәжірибесі негізінде еңгізілген.
1993 жылы Германияның қылмыстық-процестік кодексіне жасырын суретке түсіру және портретті салу, арнайы құралдарды қолдану, аудио-видео бақылау түріндегі әрекеттер қосылған. ГФР қылмыстық-процестік кодексінде алғаш рет жедел жұмыс туралы айтылған болатын. Тіпті, ГФР қылмыстық-процестік кодексінің 100 бабында жасырын көмекшілер мәртебелері туралы сөз қозғалған. Осы әрекеттерді дәлелдемелер ретінде тану тәртібі ГФР Жоғарғы сот талқылауының заты болып есептелген.
Нақтылап айтқанда, аталмыш институт бізге мүлдем жаңа емес. Өйткені, жасырын тыңдау мен телефон арқылы және басқа да байланыстарды жазу 1992 жылғы Қазақ КСРО қылмыстық іс жүргізу кодексінде де қарастырылған еді [5, 55 б.].
Түсіндірме сөздіктерде құпиялылық терминін талдай отырып, оның кез-келген жарияланған әдебиет көзінде толық көрсетілмегендігі қызығушылық тудырады.Тек Ожегов С. пен Шведова Н. түсіндірме сөздігінде құпиялылық термині белгілі бір деректкрмен танысу үшін қоғамның қол сұқпаушылығын және қол жетімсіздігін көрсетеді [6, 135 б.].
Ал басқа жағдайларда құпия, жасырын, басқаларға белгісіз деп көрсетіледі [7].
Сонымен құпия деп басқалардан жасырылған деген мағынада түсінеміз.
Жасырын табиғаты негізінен жедел-іздестіру қызметіне тән, осылайша, жасырын тергеу әрекеттерінің қажеттілігін білу үшін жедел-іздестіру қызметі мен жасырын-іздестіру әрекеттері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қарастыру ұсынылады.
Бұл ретте жедел-іздестіру іс-шараларының көпшілігіне ресми-процестік негізінде беру арқылы жедел-іздестіру қызметімен айналысатын жедел бөлімшелер қызметінің іс жүргізу-құқықтық базасына енгізу мүддесі ұсынылады. Сонымен қатар, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері көптеген жағдайларда дәлел болып табылмайды және олардың деректеріне қол жеткізу үшін ғана пайдаланады, ал жасырын-тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинауға және дәлелдемелерді тексеруге бағытталған.
Танымал заңгер криминиласти Гинзбург А.Я. Қылмыстық процестік кодексінің отызыншы тарауынан Жасырын тергеу әрекеттері деген тарауды алынып тасталғаның ұсынады[8], өйткені ал адам құқықтарын бұзады.
Ахпанов А. пікірі бойынша құқықтық сипатына байланысты қазіргі жасырын тергеу әрекеттерінің жалпы тізімін екі есе қысқартуға қажет екенін атайды. Мысалы мына жасырын тергеу әрекеттерін қалдырғанға болады деп санайды:
-адамды немесе орынды жасырын аудио және бейнебақылау-242 бап;
-байланыстың электрлік желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын ұстап қалу, жасырын бақылау және жасырын түсіру-243бап;
-абоненттер арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу-244-бап;
-компьютерлерден, ақпаратты жасырын алу-245бап.
Ал мына жасырын тергеу әрекеттерін қылмыстық процестік кодексінен алып тастау ұсынады:
1)орынға жасырын кіру және орынды жасырын тексеру;
2)орынды жасырын бақылау;
3)жасырын бақыланатын жеткізу;
4)жасырын бақыланатын сатып алу;
5)қылмыстық әрекетті жасырын [9, 45-б.].
Нұрғалиев Б.М. пікірінше, бұл новелланың басты мәні қылмыстық сот ісін жүргізудің екі өзара жеке функцияларын біріктіру болды. Дәлелдемелерді, ең алдымен, ауыр қылмыстар, мысалы, ұйымдасқан қылмыспен байланысты қылмыстар бойынша пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жедел-іздестіру қызметі және тікелей қылмыстық процесс функцияларымен интеграциялау көзделеді [10 ].
Б.Х. Төлеубекова атап өткендей, ҚР ҚПК-дегі жедел-іздестіру іс-шаралары Жасырын тергеу әрекеттері деп аталғанымен, мәні бойынша олар тергеу іс-әрекеттері болып табылмайды. Оларды жүргізудің бастамашысы оларды зерттейтін тергеуші ғана болып табылады, зерттеу нәтижесі негізінде хаттама жасалады (264-баптың 1-тармағы) [11, 13 б ].
Банчук A. адам құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты бірқатар қорытындыларды, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерін халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыруды белгіледі. Банчук A.пікірінше, жасырын тергеу әрекеттерінің соттың рұқсатымен ғана жүргізілетін тізімін заңнамада көбейту қажет. Бұл жағдайда кез-келген құпия тергеу әрекеттерінің мерзімдерін дәл және нақты анықтау қажет [12].
Уваров В. пікірінше жасырын тергеу әрекеттері негізінде, адамның конституциялық құқықтары бұзылады [13].
М.А. Михайлов болса, жасырын қызметті жүзеге асыру бойынша тергеушілерге білімін арттыру мақсатында жедел-іздестіру қызметінің жетістіктері мен кемшіліктерінің толық тәжірибесін қолдануды ұсынады. Тергеушінің жасырын жұмысын заңнамалық деңгейде бекіту үшін қылмыстық процесс, криминалистика, сонымен қоса ЖІҚ және арнайы техника салалары бойынша жедел ойлау қабілеттерін талап етеді және аталмыш қызметті орындау бойынша негізделген, түсінікті, заңдылықта күмән келтірмейтіндей ұсыныстар болуы тиіс екенін ескерткен [14, 220 б.].
Осылайша, жасырын тергеу дәлелдеме институтының сыртқы сәйкестігіне қарамастан қазіргі шетелдік тәжірибені, қылмыстық процесс тұжырымдамаларындағы айырмашылықтарды қазақстандық заңнамаға енгізуге байланысты күрделі проблемалық мәселелер көрсетеді. Сондықтан біздің алдымызда дилемма тұр: не қылмыстық процесті батыстық модельге толығымен бейімдеу, не жасырын тергеу дәлелдеме институтының енгізілуін қате деп тану және бұрынғы модельге оралу.

1.2 Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері

Жасырын тергеу әрекеті-қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін жүзеге асырылатын тергеу әрекеті мүдделері қозғалатын адамдарға ескертусіз сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізіледі.
ҚР қылмыстық процестік кодексі жасырын тергеу әрекеттерінің мынадай түрлерін қамтиды:
- адамды немесе орынды жасырын аудио-және бейнебақылау - 242 бап;
- байланыстың электр желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын ұстап қалу, бақылаужәне түсіру-243-бап.
- абоненттер арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу-244-бап.
- компьютерлерден ақпаратты жасырын алу-245-бап.
- пошта жасырын бақылау-246-бап;
- жасырын кіру және орынды тексеру 247-бап;
- адамды немесе орынды жасырын қадағалау-248-бап;
- жасырын бақыланатын қадағалау-249-бап;
- жасырын бақыланатын сатып алу-250 бап.
Жасырын тергеу әрекеттерінің заңнамалық анықтамасынан тергеу әрекеттерінің осы түрінің мәнін ашатын үш белгіні ажыратуға болады:
1) Жасырын тергеу әрекеттері тек сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүзеге асырылады;
2) Жасырын тергеу әрекеттерін мүдделі тараптар құпия түрде жүзеге асырылады;
3) Жасырын тергеу әрекеттерін Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде заңды түрде бекітілген.
Осылайша, жасырын тергеу әрекеттерін анықтау белгілерін бөліп көрсете отырып, ЖІҚ белгілерін де көрсету керек.
Алайда, Жедел-іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңында ЖІҚ анықтамасы жоқ, бірақ олар жалпы және арнайы ЖІҚ болып бөлінеді .
Жалпы ЖІҚ - бұл қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың іс-қимылдарының бірыңғай тактикалық, стратегиялық жоспарымен байланысты іс-шаралар жиынтығы .
Арнайы ЖІҚ - бұл құпиялылыққа, корреспонденцияның құпиялылығына, телефонмен сөйлесулерге, телеграф хабарламаларына және заңмен қорғалатын пошта байланысына тікелей әсер ететін жедел-іздестіру шарасы [15, 144 -145 бб.].
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексте және жедел-іздестіру заңнамасының ережелеріне тоқталатын болсақ, жасырын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметі іс-шаралары атаулары жағынан да, тәсілдері жағынан да бірдей белгілерге ие. Оларды іске асыру, осыған байланысты жасырын тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру қызметі арасындағы айырмашылық туралы мәселе туындайды. Осылайша, олардың жалпы сипаттамалары мен маңызды айырмашылықтарын анықтау үшін жасырын тергеу әрекеттері және жедел іздестіру қызметін салыстырмалы түрде талдау қажет.
Жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру нысаны толығымен жетілмеген, яғни қылмыстық-процестік дәлелдеуде олардың нәтижелерін қолдануда қиыншылықтар туындайды деген әділ пікірін білдірген.Жасырын тергеу әрекеттерінің басым бөлігі Қазақстан Республикасының Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңының 11 бабында көрсетілген жедел-іздестіру іс-шараларынан ішінара тұрғыдағы өзгерістермен алынған.
Қорыта келгенде, осы саладағы мамандардың ұстанымдарын ғылыми-теориялық және тәжірибелік талдау нәтижесінде казақстандық заңамашының күш жүгерінің сапалығын жоғарыда аталып кеткен жасырын тергеу әрекеттері мен дәлелдеу процесінің ішкі істер органдарының тәжірибелік бөліністерінде заңды да толық жүзеге асырылуы көрсетеді.
Сонымен қоса, зерттелетін танымдық құралдарын анализдеу кезінде қылмыстық процестік доктринасының басқа да өкілдері айтылған жаңашылық жүйесі туралы әр түрлі сапалы пікірлер мен тұжырымдамаларға келуі ықтимал, тіптен осы жедел-іздестірудің сипаты мен процессуалдық танымдық күштердің әдістемелік үйлеспейтінділігі туралы зілді және бұлтартпайтын дәлел табуы мүмкін.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНДА ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ

2.1 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі

Заң қабылдаушылардың мәліметтері бойынша, ҚР ҚПК жобасының жаңа редакцияларымен жұмыс жасауда құрлықтық құқық жүйесінің дамыған елдері - ГФР, Франция, сондай-ақ жақында өзінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғыртқан елдер - Түркия, Эстония, Латвия, Грузия, Ресей, Молдова, Украина және т.б. тәжірибесі кеңінен қолданылды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу түбегейлі жеңілдетіледі - сотқа дейінгі тергеу ұғымы енгізіледі. Адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қатысты барлық тергеу әрекеттері прокурордың санкциясымен ғана жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің новеллаларының бірі процестік келісім, сондай-ақ сот бақылауы функцияларын жүзеге асыратын тергеу судьясы лауазымын құру болып табылады.
Тергеушінің арсеналы да айтарлықтай өзгереді, оның көмегімен ол дәлелдерді ала және тексере алады. Жаңа тергеу әрекеттері пайда болады - айғақтарды сақтау, құжаттар мен заттарды ұсыну, бейне байланыс арқылы қашықтықтан жауап алу және т.б. алайда, бұл бөлімде жасырын тергеу әрекеттері пайда болды (ҚР ҚПК 30-тарауы).
Заң қабылдаушылардың пікірінше, ҚР ҚПК 30-тарауының нормалары қылмыстық процесті және жедел-іздестіру қызметін одан әрі интеграциялауға бағытталған, бұл қылмыстық іс пен сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасау қажеттіліктеріне жауап береді, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде осы ЖІҚ-ны кеңінен пайдалануға ықпал етеді.
Жасырын тергеу дәлелдемелер әдістерін қылмыстық процеске енгізу қылмыстық істерді тергеу барысында жедел құрам мен тергеушілер арасындағы сақталып отырған оқшаулауды жояды, осы қызметтің деректерін қылмыстық процесте белсенді пайдалануды қамтамасыз етеді, жедел құрамның жұмысын ашық, заттық, кепілдендірілген, заңды және негізді етеді.
Басқаша айтқанда, тергеуші қылмысты тергеуге байланысты жедел бөлімшелердің алдына қойылған міндеттерді орындамайды, қабаттаспайды. ЖІҚ қылмыстық іс жүргізу мүддесінде де, сол сияқты жүргізіледі. Бұдан басқа, жаңа ҚПК-нің 232-бабының 2-бөлігіне сәйкес, пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізеді.
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге мынадай негіздердің бірі болған кезде ғана жол беріледі: жасалғаны үшін санкция бір жылдан және одан жоғары бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша; қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша.
Прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияларды тек белгіленген тәртіппен тіркелген қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздар бойынша беруге арналған функциялары белгіленді.
ҚПК-нің 231-бабында көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерінің алғашқы алты түрін жүргізуге мүмкіндік береді, бірақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар туындаған жағдайда және 24 сағат ішінде прокурорға санкция алу туралы хабарлама жіберілген жағдайда. Прокурор материалдарды зерделегеннен кейін не осы әрекеттерге санкция беруге, Не дәлелдемелер ретінде алынған нәтижелерге жол берілмейтіндігін көрсете отырып, жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы қаулы шығаруға құқылы.
ҚПК жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттарын айқындаушы ретінде сотқа дейінгі тергеу барысында белгіленген және анықтауға жататын мән-жайларды (оларды жүргізу негіздерін) көрсете отырып, сотқа дейінгі тергеу органының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөлімшесіне жазбаша тапсырмасын регламенттеді.
Тапсырма бір немесе бірнеше жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысты және жасырын тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін материалдармен толықтырылуы мүмкін. Сондай-ақ, анықталуы керек мәселелер және қандай нақты жасырын тергеу әрекеттері және қандай мерзімге орындау қажет екендігі көрсетіледі. Жасырын тергеу әрекеттері аяқталған кезде материалдар құпиялылық режимінде сотқа дейінгі тергеу органына беріледі.
Жасырын тергеу әрекеттерін жасау санкциясы бір жылдан және одан да көп бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша мүмкін болады. Басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін адамға немесе орынға жасырын бақылауды жүзеге асыруға, жасырын бақыланатын өнім беруге, жасырын бақылау мақсатында сатып алуға және жасырын түрде енгізуге және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялауға жол беріледі.
Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер төнген жағдайда олардың өтініші бойынша немесе олардың жазбаша келісімімен адамды немесе орынды жасырын аудио - және (немесе) бейнебақылау жүргізуге, сондай-ақ электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауға, ұстап алуға және алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорды хабардар етеді.
Жасырын тергеу әрекеттері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындайтын, жасайтын немесе жасаған не оған қатысты оның тергеліп жатқан құқық бұзушылыққа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтері бар деп пайымдауға өзге де негіздер бар адам ретінде көрсетілген адамға;
2) күдіктіге қатысты жүргізіледі;
3) жәбірленушінің жазбаша келісімімен;
4) егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса;
5) егер іс үшін маңызы болуы мүмкін мән-жайлар болған немесе олардың туындауы болжанып отырған жағдайдағы орындардың бірін қамтуы мүмкін.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындалып жатыр немесе жасалды деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, кәсіби көмекті жүзеге асыратын адвокаттарға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.
Мынадай: 1) адамды немесе орынды жасырын аудио - және (немесе) бейнебақылау; 2) Электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу; 3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу; 4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын алу сияқты жасырын тергеу әрекеттері; 5) пошта жөнелтілімдерін жасырын бақылау, 6) жерге жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурорлардың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының (тергеушінің, анықтаушының) қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Санкция осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздар бойынша ғана беріледі.
Жасырын тергеу әрекетін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық материалдар құпиялылықты сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына ілеспе хатпен беріледі, ол құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінен зерттеу, бағалау және тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін өздері жүргізетін іс-шараның нәтижелерін кез келген уақытта талап етуге құқылы.
ҚР жаңа ҚПК-де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін регламенттеуді талдау бірқатар пікірталас мәселелерін туындатады.
Біріншіден, кейбір жасырын тергеу әрекеттерін реттеу тиісті жүйеліліксіз, құқықтық нормалардың қайталануымен және бәсекелестігімен жүзеге асырылды. Мысалы, визуалды бақылау сияқты дәлелдемелер алу әдісі тергеу әрекеттерінің екі түрімен бірден реттеледі (адамды немесе орынды жасырын аудио және (немесе) бейне бақылау, адамды немесе орынды жасырын бақылау), бірақ мазмұны бойынша, демек, соған сәйкес процессуалдық түрде бұл әдіс үшін жалғыз әмбебап тергеу әрекеті болуы мүмкін.
Екіншіден, жасырын тергеу әрекеттері институты сенімді дәлелдер алуға да, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға да жеткілікті кепілдік беретін қажетті және жетілдірілген процессуалдық нысанды ала алмады
2.2 Қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы алынған дәлелдемелерді бағалау

ҚР ҚПК 125-бабының 3-тармағына сәйкес, егер дәлелдеме осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың бар екендiгi туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын немесе күмән туғызатын нақты деректердi бiлдiретiн болса, ол iске қатысты дәлелдеме деп танылады.
Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған дәлелдемелерді өзектілік критерийі бойынша бағалау - тергеу-сот практикасымен жеткілікті зерттелген және мақұлданған аспект.
Теориялық тұрғыдан алғанда, өзектілік дегеніміз - іс бойынша ізделінген мән-жайлардың болуын немесе болмауын дәлелдеу мүмкіндігі.
Өзектілік (относимость) - кез-келген дәлелдеудің қажетті сапасы. Егер ақпараттың аталған қылмыстық іс үшін ешқандай мәні болмаса, олар дәлел ретінде танылмауы керек. Сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық табиғаты
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Қылмыстық процестегі айғақтар және жедел іздестіру әрекеттері
Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы
Жедел - іздестіру қызметінің міндетері мен мақсаттары
Пәндер