ҚР-дағы салық жүйесі



Мазмұны


Мәнжазбада кездесетін негізгі ұғымдар ... ... ... ... ... ... ... ...3,4

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6,7,8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Мәнжазбада кездесетін негізгі ұғымдар____________________________ ___3,4

Кіріспе____________________________ ________________________________5

Негізгі бөлім. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу
кезеңдері__________________________ _____________________________6,7,8

Қорытынды__________________________ ______________________________9

Қолданылған әдебиеттер_________________________ ___________________10

Мәнжазбада кездесетін негізгі ұғымдар

Салықтар - қаржының алғашқы санаты. Салықтар - бұл, белгіленген
мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен
міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір
бөлігі.
Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы) болып табылады.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір
сүруінің, дамуының негізі болып табылады. Кез келген мемлекет өзінің
қаржылық негізінің болған кезінде ғана өмір сүреді. Салық тартар, баждармен
қатар мемлекеттің өзіне ақша табуының ертеден келе жаткан әдісі болып
табылады.
Салықтардың айырым белгілері. Салықтың көрсетілген белгілерін
қарастырайық.
1. Салық - бұл мемлекеттің бекітімі.
Тек мемлекет қана азаматтардың салық салу режимін енгізе алады, оларға
ақшаный, белгілі бір сомасын бергізуге міндеттейді. Қазақстан
Республикасында салықтарды төлеу міндеті азаматтардың конституциялық
міндеттері аясында белгіленген. Осы орайда мемлекет өзінің саяси билік
субъектісінің өкілеттілігіне сүйене отырып әрекет етеді.
Салықтардың қызметтері. Салықтың мәні оның атңаратын қызметіне
тікелей қатыс-ты. Ескере кететін жай, қаржы санаты түрғысынан алғанда
Салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондыңтан қаржымен
салыстырғанда Салықтар қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі
ретінде ңарастыруға болады.
1.Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың
қазыналық (фискалдьщ) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Тауарлық-
ақша ңатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін
барлың ақша кірісін анықтайды.
2.Салықтың бөліп тарату қызметі шаруашылық субъектіле-рінің әр түрлі кіріс
бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден түрады. Бұл қызметтегі
әрекеттер ауңымы жалпы ішкі өнімдегі Салықтар үлесімен анықталады; ол
ұлттық кірісті мемлекеттікі ету деңгейінкөрсетеді: бұл үлес 1997жылы 19,7%,
1998 жылы 16,6%, 1999 жылы 17,4%, 2000 жылы 22,6% болды. Салық жинай оты-
рып мемлекет сол арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді,
әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топ-тары арасындағы
кірісті қайта беледі, түрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және т.б.
Тікелей салықтар және жанама салықтар. Салықтардың анықтамасы; мәні
және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды
топтастыру туралы айтып өтеміз. Салықтарды мынадай нышаны, белгілері
бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
Салық мәні,мазмұны және элементтері
Жалпы мемлекеттік салықтар. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы
мемлекеттік салықтар қатарына жатады. Жеке тұлғалардан алынатын табыс
салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық.Салық жылы салық
салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.
Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген
тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына
Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы
жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы
кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған
жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда
болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.

Кіріспе

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан
шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу
объектісі болып табылады. Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы
резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан
Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған
табыстарынан құралады. Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына
оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан
Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.
Салық туралы ғылым – қаржы ғылымының мамандырылған бір бөлігі.
Мемлекетте қаржы туралы оқу салық мәнінің және салық механизмінің теориялық
негізін салуды зерттеу және оларды ұйымдастырушы зерттеудің қажеттілігі.
Қазақстандағы салық жүйесін екі түрге бөліп қарастыруға болады. Жалпы
мемлекеттік және жергілікті. Жалпы мемлекеттік салыққа кіріс салығы, акциз,
құнды қағаз, тіркеудегі жинақ, жергілікті салыққа жер салығы, жеке тұлға
және мүлкіне салынатын салықтар болып табылады.
Салықтық есеп берудің электронды формасының маңызы мен даму жолдары
қазіргі кезде нығайып келеді.
Әдеттегі салыққа қарағанда алдын ала кіріс салығы бухгалтерлік
есептеме емес, физикалық көрсеткіштердің (кәсіпорын тепкен жер, жергілікті
жердің көлемі, қаланың ішіндегі мекен-жайы, қызмет түрі, кәсіпорынның
сыртқы кейпі және т.б.) біріктірілуімен анықталады. Салық бір жылға
есептелініп, ай сайын төленеді.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі

Салықтар бұрыннан белгілі мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарын
қаржыландыру көзі және мемлекеттік мүдделерді іске асырудың экономикалық
құралы болып табылады. Салықтар заңдық тұрғыдан мемлекеттің тәуелсіз
құқығының бірі ретінде көрсетіледі.
Салықтар болашақ экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен рольді
атқаруға орындауға қабілетті. Олардың түрлері ставкаларын реттей отырып,
экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызуға болады.
Салықтардың проблемалары күрделі және қарама қайшылықты болып отыр.
Алайда, қазіргі күнде салық жүйесіне енгізілген салық төлеушілердің заңды
құқығы мен мүдделерінің толық әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін іс-
әрекеттің мінсіздігі туралы айту әлі ерте. Өз кезегіңде соңынан салықты
төлемеудің жетілдірілген нысандары іздестіріледі, содан соң оң тәжірибе,
яғни олардың мемлекеттің қазынаға түспей қалуын қамтамасыз ететін әртүрлі
қоғам шеңберінде қарастырылады. Бұл облыстағы жүргізілген қайта
қалыптастырулар салықтар және алымдар жүйесінің тармақталуы сипатына мән
береді.
Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 12 маусымындағы №210-П
Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңының
шығуымен байланысты салық заңдылығы жетілдірілді, жетіспеушіліктер жойылды,
салықтар мен алымдар құрылымы жеңілдетілді. Бірақ қазір де салық жүйесін
мінсіз деп айтуға болмайды, онда әлі де болса, кемшіліктер қатары
жеткілікті.
Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды
әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің
өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу
көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар
өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі болады.
Әлеуметтік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне
кіреді. Әлеуметтік салықтардың тауар бағасын ставкаға тең сомаға
арттыратыны белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы жоғары болса,
отандық кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді және сауда
көлемін азайтады. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің
салықтық ауыртпалығын төмендетеді, соынмен қатар кәсіпорынның айналым
құралдарын үнемдеуге және бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми
экономикаға өтуіне алғысшарт болып табылады.
Сондықтан әлеуметтік салықтың әрекет етуін жетілдіру салық төлеушілер
үшін де, бюджеттің кіріс...бөлігіне де оң жағынан әсер етеді.
Салық жүйесіндегі салықтардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасуымен
тікелей байланысты. Әрбір салықтың пайда болуының өзіндік ерекшеліктері
бар.
Алғашында әлеуметттік салықтың анықтамасындағы әлеуметтік салық
көрсеткіші статистикалық мақсатта қолданыла бастады. Мысалы, 2005 жылдары
АҚШ-та өнеркәсіп өнімдерінің көлемін сипаттау үшін, ал Ресейде жаңа
экономикалық саясат ретінде аналитикалық мақсатта қолданылды.
Әлеуметтік салықтың көрсеткішінің обьектісі ретінде қолдану
қажеттілігі Еуропалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтың пайда болу тарихы
Салық салудың экономикалық мәні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ. САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту туралы ақпарат
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.
Салықтар және салық салу
Салық әкімшілігі
Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділгінің теориялық негізі
Пәндер