Кендердің сапалық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Қарағанды техникалық университеті

ПКОҚӨ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тау-кен кәсiпорындарының құрылысы пәні
Тақырыбы: Жәйрем кен орнындағы бұрғылау, жару жұмыстарының параметрлерін өлшеу және есептеу

Комиссия мүшелері:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Қабылдаған: т.ғ.м. аға оқытушы
________Хусан Б.
____________________
(қолы) (күні)
Орындаған:
Ибадильда Д.М ________
(аты-жөні)
СГП-19-1 тобы,____________
_________________________
(қолы, күні)

Қарағанды 2021
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
_______Тау-кен факультеті
Пайдалы кен орындарының қорын өндіру кафедрасы
Бекітемін:
Кафедра меңгерушісі:Имашев А.Ж.
________________
(қолы)
_____________________2021ж.
Курстық жобаның тапсырмасы
__________Тау-кен кәсіпорындарның құрылысы _______пәні бойынша____
Студент Ибадильда Д.М _____ Тобы_________СГП-19-1 _______

Жобалау тақырыбы: Жәйрем кен орнындағы бұрғылау, жару жұмыстарының параметрлерін өлшеу және есептеу

Курстық жобаны (жұмысты орындаудың жоспары):

Түсіндірме жазбаның мазмұны
Орындау мерзімі
Көлемі
1
Курстық жобаны орындау жүйелілігі
01.09
4
2
Бастапқы деректерді алу
15.09
10
3
Кен орынын таңдау, геологиясымен танысу
29.09
6
4
Жатық және көлбеу қазбалар
13.10-27.10
3
5
АЗ таңдау т.б.
10.11
3
6
Есептеулер жүргізу
24.11


Графикалық бөлімнің мазмұны
Орындау мерзімі
Парақтар саны
Формат
1
БАЖ паспорт үлгісі
24.10
1
А4

Тапсырманы беру күні _____03.09.2021ж_____
Жобаны қорғау күні _____09.12.2021ж______
Жобаның тексерушісі ______Хусан Б._____
Тапсырманы орындауға алдым ______03.09.2021ж_____

ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ

АНЫҚТАМА
ҚарТУ БМСК РМК ақпараттық технологиялар орталығында ГД-19 тобының студенті Тау-кен кәсiпорындарының құрылысы пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалды талдауы жүргізілді. Талдау нәтижесінде курстық жобалық жұмыстар қорымен сәйкестіктер табылмады.
Талдау нәтижесінде курстық жұмыстардың, тест жұмыстарының және курстық жұмыс жобаларының қорымен сәйкестік табылмады.
Орындалған жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен дербестігі 88,33 пайызды құрайды.

ПКОҚӨ кафедрасының менгерушісі_________________Имашев А.Ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 КЕН ОРЫНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ШЕКАРАЛАРЫ, ҚОРЛАРЫ
Кен орны жайында жалпы мағлұмат
1.2 Геологиялық сипаттама
1.2.1 Кен орнының геологиялық сипаттамасы
1.2.2 Стратиграфия
1.2.3 Магматизм
1.2.4 Тектоника
1.3 Пайдалы кен денелерінің сипаттамасы
1.4 Кендердің сапалық сипаттамасы
2. Орташа қатты және біртекті қатты жыныстарда Жазық қазбаларды жүргізу
2.1. Ұңғыма циклі
2.2. Бұрғыаттырма жұмыстары
2.3. Атылғыш заттар (АЗ) және аттырыс тәсілдері (АТ)
2.4. АЗ шығыны, теспелер саны және теспелік оқтамалардың мөлшері
Қорытынды
Әдебиет тізімдері

Кіріспе

Шаруашалақтың кез-келген саласы тау-кен өндірісі өнімімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жерде үдей дамып, өрендей өсу мүмкін емес. Сондықтан да өскелең өнеркәсібіміз тау-кен өндірісінде жеделдете дамытып, ондағы еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді. Алайда жер бетінде таяу жатқан кен-байлық қорының таусыла бастауы мен қазылатын тереңдіктің ұлғаюы әрі арзан, әрі өнімді, ашық тау-кен жұмысы өрісінің таралуына,сөйтіп кен қазудың күрделі түрі жерасты тәсілімен өндірілетін өнімнің меншікті үлесінің өсуіне себепкер болады. Бұл жағдайда минералдық шикізат өнімнің деңгейін өсіре түсу тау-кен өндірісінің ғылым мен техника жаңалығы тұрғысында қайта жаңғыртып, кен қазудың озық технологиясын үнемі іздестіруде, өндірістік негізгі процестерге пәрменділігі жоғары еңбек өнімділігін арттырып, ауыр жұмысты жеңілдететін жабдықтарды әрдайым жетілдіріп өндіріске енгізіп отыруды талап етеді. Әрине тау-кен қазу ісінде өндіріске өнімділігі жоғары жабдықтарды енгізу, оларды шахтаға түсірумен шектелмесе керек.
Кен қазу тереңділігінің өсуіне байланысты тау-кен геологиялық жағдайдың күрделі болуы, бұған қоса әр түрлі механизмдер мен жабдықтарды көптеп қолдану бүтін кеніш түгіл бір ғана шахта ауқымында қабылданатын инженерлік шешімді ыждағаттылықпен қарауды талап етеді. Сондықтан да еңбек өнімділігін арттыруды көздеген әрбір маман терең теориялық білімдәр болуымен қатар, сол білімін кен қазу үдірісінде күнделікті кезігіп жататын қиындықтарды дер кезінде шешу үшін іс жүзінде пайдалана білетіндей тәжірибелі де болуы керек.

Кіріспе

Ашық тау-кен жұмыстары деп әртүрлі пайдалы қазба байлықтарын қазу және түрлі қазаңшұңқырларды жасау мақсатында жер бетімен жасалатын жұмыстар жиынтығын айтады. Бұл жағдайда барлық жұмыстар ашық тау-кен қазбаларында іске асады.
Пайдалы кен орындары ашық қазып-өндіру жұмыстары объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
аршу жұмыстары;
қазу жұмыстары.
Сонымен қатар кен-дайындау жұмыстары бөлек орын алады. Ол аршу және дайындау қазбаларын жасау жұмыстарын біріктіреді. Кен-дайындау жұмыстарының арнайы мақсаты болып кенжарға жеткізілетін көлік жолдарын дайындау және тау-кен жұмыстарының бастапқы шебін ұйымдастыру табылады.
Ашық тау-кен жұмыстарының үдірістеріне негізгі 4 үдірісті жатқызады:
жынысты қазуға дайындау;
қазып-тиеу жұмыстары;
тау-кен массасын тасымалдау, орнын ауыстыру;
қоймалау, үйінді жасау.
Ашық тау-кен жұмыстарының нәтижесінде жер бетіне үлкен қазындылар пайда болады, олардың жиынтығы карьер деп аталады.
Қазынды көлденең қималарының контуры тұйықталмаған болады. Әкімшілдік-шаруашылық түсінікте карьер деп - пайдалы кен орындарын ашық түрде қазып-өндіруді іске асыратын тау-кен кәсіпорнын атайды. Көмір өндірісінде карьерді көмір разрезі деп атайды.
1 КЕН ОРЫНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ШЕКАРАЛАРЫ, ҚОРЛАРЫ

Кен орны жайында жалпы мағлұмат

Үшкатын-III кен орны Қарағанды облысының Жаңа-Арқа ауданында орналасқан. Оның ауданы (1,8 км2) келесі координаттармен шектелген: 48021' - 48022' с.е. және 70018' - 70019' ш.б.
Кен денесі және 20 км радиусындағы аудан жазық рельефпен сипатталады (салыстырмалы көтерілімі 3 м-ге дейін), абсолюттік белгілер 375...425 м арасында ауытқып отырады.
Гидроторап кен орнынан солтүстікке қарай 13 км жерден шығыстан батысқа ағатын биіктік белгілері 360...370 м болатын жалғыз Сарысу өзенімен көрсетілген. Жазғы кезде өзен кеуіп кетеді. Көктем кезінде ұзақ емес (5...10 күн) ағын сулары тереңдігі 1,5 м аспайтын жаздың ортасында кеуіп кететін және тұздалатын науасыз қазаншұңқырларға ағатын уақытша ағын сулар (аты жоқ жылғалар мен жырмалар) жанданады.
Климат күрт континентальді. Кен орнына ең жақын орналасқан Қызылжар метеостанциясының ұзақ мерзімді бақылауы бойынша, жылдық жауын-шашын мөлшері 183 мм, 83...348 мм аралығында ауытқып отырады. Максимальді температура - шілде айында (+410С), минимальді - қаңтарда , орташа жылдық +3,90С. Ауаның нольден төмен температурасы 20...25 қазаннан 20...30 мамырға дейін болады, тұрақты қарлы қабат - желтоқсанның екінші декадасынан мамырдың соңына дейін, максимумы (25 см) ақпанда болады. Орташа көпжылдық жердің үсуі 2,0...2,5 м. Орташа жылдық абсолюттік дымқылдық 6,2 мб, 2,2-ден (қаңтар) 10,9 мб-ға дейін (шілде) ауытқып отырады. Дымқылдықтың орташа тапшылығы айлар бойынша 0,4 мб-дан (желтоқсан...ақпан) 13,6 мб (шілде), орташа жылдық тапшылық 78,7 мм құрайды. Жылдың күнгей күндер саны 290...300. Кен орнының ауданы асейсмикалық болып табылады.
Халықтың тығыздығы 0,6 адамм2 аспайды, ол кеніш үшін жергілікті жұмыс күшінің тапшылығын анықтайды. Жақын орналасқан қалалар мен кенттермен (Қаражал, Қарағанды, Жезқазған, Жайрем, Атасу) кен орны асфальттелген шосселі жолдармен байланысқан. Солтүстігінде 1 км жерден өтетін бір жолды темір жолы 13 км-ден Қарағанды-Жезқазған темір жол магистраліне шығады.
Қарағанды қаласы солтүстік-шығыс жағында 300 км жерде, Жезқазған - батысқа қарай 200 км жерде орналасқан. Қазақстандағы жалғыз марганец концентраттарын өндіретін Ақсу ферроқорытпа зауытынан кен орны оңтүстік-шығысқа қарай 650 км жерде орналасқан. Темір кендері мен концентраттарының тұтынушысы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауыты кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 340 км жерде орналасқан.
Қазақстанның энергетикалық жүйесімен кен орнын ЛЭП-35 байланыстырады. Тұщы ішетін су Тұзкөл сутартқының насосты станциясынан өткізілген.
Үшқатын-ІІІ кен орнының төңірегінде -ұрылыс тасының (диабазды порфириттер), жол төсеміне арналған щебеньнің (риолит-порфирлер), әктастың (кальцит құрамы 80-98%), ақ және ақшыл сұр түсті мәрмәрдің шығыстары бар. Құм мен гравийді Жайрем КБК-нің құрылыс ұйымдары кен орыннан Б-СБ қарай 13 км жердегі Сарысу өзенінің жайылмалы аллювиинен қазып отырады. Кең дамыған эолды құмдар кірпіш қалау кезінде құрылыс ерітінділерін дайындауда пайдаланылуы мүмкін. Оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде 250 маркалі жоғары беріктікті кірпіш дайындауға жарамды саздақ кен орны барланған. Неогеннің арал свитасының монтмориллонитті саздары бұрғылау ерітінділерін дайындауда пайдаланылады.
Үшқатын карьерінің аршу әктастары құрылыс щебень ретінде жарамды. Әктастар МЕСТ 8267-82 Құрылыс жұмыстары үшін табиғи тастар әктасы, МЕСТ 22132-76 Ірі кесекті тас, МЕСТ 7392-78 Темір-жолдың балласт қабаты үшін табиғи тас щебені, МЕСТ 10268-80 Ауыр бетон сәйкес келеді және сонымен қатар ауыр бетонға арналған щебень ретінде және авто- темір-жол құрылысында пайдаланылуы мүмкін.
Олардың қоры (С1 категориялы) 34807 мың.м3.

1.2 Геологиялық сипаттама
1.2.1 Кен орнының геологиялық сипаттамасы
Үшқатын-ІІІ кешенді кен орнының темір-марганецті және барит-қорғасынды кенделу көп емес жалпыланған, бірақ бір структураның шегінде орналасқан және төменгі қысқаша геологиялық сипаттама оның екі бөлігіне де тепе-тең қатысты.
Кен орны шектелген (1,8x2 км) аудандағы қатпарлардың бағытының кенет ауысуымен сипатталады. Оның солтүстік бөлігінде қатпарлардың жазылысы меридиональді, ал оңтүстік бөлігінде - субендікті. Осы екі бағыттың комбинациясы пландағы кен орнының кенбақылаушы синклинді құрылысының күрделі суретін анықтайды, ол үшінші ретті екі тоғысқан қатпарлардан тұрады: субмеридиональді жазылыстың Шығыс синклинінен және субендікті жазылыстың Перстнев синклинінен. Бұл қатпарлардың остік бөліктері қатпарлар қанаттарында жоғарғы фамен аралық ярусының кенжанас қызыл түсті пачканың құрамы бойынша күрделі кешенмен төселетін төменгі туреннің кенсіз әктастармен құралған. Кешеннің құрамына темір және марганецті кен тақталары бар түйінді-қабатты қызыл түсті әктастар, барит-қорғасынды кенделген жіңішке детритті және рифогенді әктастар, әктасты седиментті конгломерат-брекчиялар, вулканомикті құмтастар мен алевролиттер кіреді. Барит-қорғасынды кендердің ең төменгі сілемдері жоғарғы фаменнің стратиграфиялық жағынан көбірек төмен орналасқан сұр түсті пачкаға ұштастырылған.
Жоғарғы және төменгі фаменнің жыныстары, бір жағдайда, аудан үшін қарапайым карбонатты, кремний-карбонатты және сазды-кремний-карбонатты түзілімдермен, басқа жағдайларда (Шығыс синклиннің шығыс қанаты және Перстнев синклинінің солтүстік қанаты) - қызыл-қошқыл вулканомикті алевролиттер мен дайринская свитаның құмтастарымен көрсетілген.
Қатпарлықтың меридиональді созылымның субендікке ауысу облысына кешеуілді фаменнің кенжанас сұр түсті және қызыл түсті пачкалардың айтарлықтай бөлігін кесетін вулканогенді қызыл магмалы жыныстың кесуші денесі ұштастырылған. Кен орынның солтүстік бөлігінде фельзит-порфирлер кенді түзілімдерде жаңартаулы жамылғы құрайды.
Фаменнің кенжанас қызыл түсті пачкасының тілмесінде миндаль тасты диабазды порфириттердің екі созылған үйлесімді тақтатектес денелер көрсетілген. Бұнымен кенді алабтағы магматизмнің көрінуі таусылады.
Кайнозой түзілімдері қуаты 5...50 м болып, барлық жерде дамыған.

1.2.2 Стратиграфия
Кен орынның құрылысында горизонттарға, кенді тақталарға және кенаралық қабаттарға бөлшектенген фамен-турне түзілімдері тілмесінің тек үлкен емес бөлігі ғана қатысады. Бұл кезде кен орынның солтүстік-шығыс бөлігінде, көбінесе, барит-қорғасынды кенделу, ал қалған бөлігінде - марганец және темір кендері локализацияланған.
Горизонт D3fm2в1 әркелкі қабатталатын сұр сілемді әктастармен, марганецті, темірлі, темір-марганецті кендермен және қызыл түсті түйінді кремнийлі әктастармен көрсетілген. Горизонт табанында, кенді тақталардан төмен, алабажақ түйінді әктас арасында материалы өрбулік сұрыпталған полимикті әктасты құмтас қабатшасы байқалды.
D3fm2в1 горизонтында құрамы, құрылысы және қуаты бойынша ерекшеленетін темір-марганецті кендері ұштастырылған 6 тақта (КД-1, КД-2, КД-3, КД-4, КД-5, КД-6) бөлінген. Созылымы бойынша олар 2500 м-ге, ал құлауы бойынша 800...1200 м-ге бақыланған. Тақталар фациялы ұсталмаған. Құлауы бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай кендерде басты кентүзуші минералдардың (браунит, гаусманит, якобсит және гематит) шоғырлануы мен қатынасы, сонымен қатар қабатшалардың қуаты өзгеріп отырады. Кен орынның оңтүстігінде және синклиннің шығыс қанатында кенді денелер қызыл түсті түйінді әктастармен фациялы орын ауысады, оларда қара, ақшыл және жасыл кремнийлердің линзалары кездеседі. Пачканың қуаты - 50...70 м.
D3fm2в2 горизонты қызыл, алабажақ және сұр түйінді кремнийлі әктастардың сирек қабатшалар (0,5...3 м) бар сұр органогенді-детритті әктастармен құралған. Кен орынның оңтүстік бөлігіндегі жоғарғы және орта қабатшалар құрамында гаусманитті, гаусманит-браунитті кендер (0,2...0,6 м) бар. Қор есептеуде кеннің орта қабатшасында және оның кенсіз аналогтарына КД-67 индексі берілген. Горизонт қуаты - 20...30 м.
D3fm2в3 горизонты батыс қанатта құрамы және ішкі құрылыс бойынша D3fm2в1 горизонтына ұқсас. Темір-марганецті кен тақталарының үлкен санымен (сегіз), темір кендерінің айтарлықтай таралуымен, 7, 8 тақталарында және 9...10 тақталарының арасында құмтастар линзаларының және седиментациялы брекчиялардың қатысуымен ерекшеленеді. Шығыс қанатта темір-марганецті кен тақталары қызыл түсті түйінді әктастармен, қызыл-қошқыл алевролиттармен және седиментациялы брекчиялармен орын ауыстырылған.
Кен орынның барлық палеозой жыныстары әртүрлі тереңдікке дейін ежелгі желдетуге тартылған. Желдету өнімдері қопсытылған сазды-кермнийлі пелитті алабажақ түсті масса түрінде көрсетілген. Әдетте, олар жарықтандырылған, солғын реңді - сұр, ақ, көгілдір-ақ. Бастапқы жыныстардың литологиялық ерекшеліктері желдету кезінде жойылып, олардан карбонаттар толық шығарылған, сонын салдарынан әктастар мен бекем карбонатты жыныстар бойынша қопсытылған байланыспаған кремний-сазды массалар қалыптасқан. Желдету қыртысының қуаты 8,0...219,4 м арасында ауытқап, орташа 30...50 м құрайды. Желдету қыртысының төменгі шегі күрделі кескіленген.
Гаусманит-браунит құрамды марганец кендері желдету зонасында қышқылдануға тартылып, псиломелан-пиролюзитті кендер қалыптасқан және оларда марганецтің құрамы өсті.
Желдету қыртысының жасы - мезой, бірақ кейіннен талай жас эпигенездің ежелгіге ауысуы болып отырған.

1.2.3 Магматизм
Магмалы жыныстар шектеліп таралған және диабазды порфириттармен және трахириолитті порфирлармен (фельзит-порфирлармен) көрсетілген. Біріншілер батыс қанатта екі үйлесімді тақта тектес денелер қалыптастырады. Ол жетінші тақтаға ұштастырылған және созылымы бойынша 1,2 км артық, құлама бағыты бойынша - 0,4 км байқалған. Максимальді қуат - 13 м (дененің оңтүстік бөлігі), құлама бойынша тез сыналау кезінде солтүстікке қарай ол 5...6 м азаяды. Диабазды порфириттердің екінші денесі 10 және 11 кен тақталарының арасында орналасады. Ол кен орынның оңтүстік бөлігінде және Перстнев учаскесінде белгіленген, кристаллизациясының жақсылығымен ерекшеленеді.
Трахириолит-порфирлер (фельзит-порфирлер) синклиннің шығыс қанатында орнатылған, онда олар дайринская свитаның вулаканогенді-шөгінді тілмесінің құраушы бөлігі болып табылады. Порфирлер әртүрлі фацияларда кездеседі: лаваларда, біріккен туфтарда, экструзивті денелерде.
Денелер қуаты 90...100 м асады. Жыныстар әркелкі бариттелген, сеппелік және сульфидтердің ұялы бөлінуіне сеп береді, жоғарғы бөліктерінде денелер кварцтелген.

1.2.4 Тектоника
Кен орын Перстнев антиклин белінен солтүстікке қарай орналасқан қабатталған структураларда орын алған. Жалпы олар алдымен оңтүстікке 30...400 бұрышпен бататын, содан кейін Перстнев беліне күрт көтерілетін топсалы ірі (ені 1,5 км аса) күрделі салынған синклинді меридиональді созылымды қатпар құрайды. Структураның күрделілігі - оның орта бөлігінде структураны екі қарапайым синклинді қатпарға - Батыс және Шығыс - бөлетін сатылы антиклинді иілудің (Орталық антиклиннің) барлығында. Солтүстік жағынан барлық үш қатпар центриклинді тұйықталады, бұл жағдайда осы бағытта оларды қосатын фаменнің карбонатты қатқабаты дайринская свитаның терригенді фацияларымен фациалды орын ауысады.
Батыс синклин оның кенсіз бөлігінде онша үлкен емес тереңдігімен сипатталады және көп жағдайда, төменгі фамен аралық ярусының жыныстарымен құрылған. Тек оның ядросында ғана жоғарғы фамен түзілімдері жатады. Синклиннің батыс қанаты күрт құлама 60-800), шығысы - еңіс болып келген (40-600).
Осындай ассиметриялы сипатқа Орталық антиклин ие болған. Оның батыс қанаты еңіс болып келген (40-600), ал шығысы - күрт құлама, тікке жақын. Антиклиндің ядросы қосымша азамплитудалы қатпарлықпен күрделенген.
Шығыс синклин айтарлықтай тереңдікпен ерекшеленеді (900 м дейін және одан көп), екі қанаты да салыстырмалы тар (500 м-ден көп емес) және тік. Қатпардың профилі саңылау түрлі.
Оңтүстікте Батыс, Шығыс синклиндер және Орталық антиклин оларға қатысты бойлы орналасқан Перстнев синклиналіне тіреледі. Оның созылымы батыс және шығыс жағынан субендікті, орталық бөлігінде - батыс-шығыс. Қатпардың ұзақтылығы 2 км шамасында. Оның батыс құлпы Батыс синклиннің жағына бағытталған. Қатпардың шығыс соңы топсасы 50...700 бұрышпен көтеріліп центриклинді тұйықталады. Оңтүстіктен Перстнев синклині Үшқатын-ІІІ кен орнының табиғи оңтүстік струкрур-геологиялық шекарасы болып табылатын Перстнев антиклинімен түйіседі.
Перстнев синклинінің профилі Шығыс синклиніндей саңылау тектес, тек қана қатпардың остік жазықтығы 60...700 бұрышпен оңтүстікке құлауымен ерекшеленеді. Осыған байланысты Перстнев синклинінің оңтүстік қанаты оның барлық созылымы бойынша төңкерілген болып саналады. Қатпардың максимальді тереңдігі - 1000...1300 м, орташа ені - 300...350 м.
Жоғарыда айтылған ірі қатпарлардан басқа кен орнында одан да жоғары ретті азамплитудалы қатпарлық орын алған. Ұсақамплитудалы және орта-амплитудалы тектоника барлау кезінде өзінің негізгі массасы бойынша тастап кетілген. Тілмедерде, пландарда және карталарда тек 40...50 м және одан жоғары амплитудалы жарылымдар сеніммен белгіленген.

1.3 Пайдалы кен денелерінің сипаттамасы
Темір және марганец кендерінің тақталары теңіз карбонатты түзілімдер тілмесінің құраушы элементі болып табылады. Темір және марганец тақталарының жату шарттары тұтасымен кейінгі тектоникалық дислокациялармен анықталады. Көпшілік жағдайда кен денелері тік немесе өте күрт жатады. Тек Шығыс және Перстнев синклиндерінің тұйықтаушы бөліктерінде ауданы үлкен емес еңіс жатқан участкелер оқшауланады.
Күшті дислокацияға қарамастан, темір және марганец кен сілемдері тақталы морфологиясын сақтап қалған. Тек бірнеше жағдайда тақталардың тұтастығы жарылымдармен бұзылған, ал тау-кен қазбаларының бөліктерінде кейбір тақталардың амплитудалы жарылымдардың қою торабымен қопсытылуы байқалған. Бірақ жарылым бойынша ығысудың үлкен емес шамалары (бірінші метрлер мен долиметрлер) көп жағдайда тақталар тұтастығының айырылымына әкеліп соққан жоқ, тек қабаттың бастапқы жазық бұзылмаған шектер орнына оладың контактілерінің күрделі түйіндігіне әкелді.
Одан жоғарырақ амплитудалы (6...12 м) бірлік жарылымдар тақталардың жазық құраушыдан 3...5 м-ге дейін ығысуына әкелді.
Оңтүстіктен және батыстан солтүстік-шығыс бағытта әрбір жеке алынған кен тақтасы шегінде марганец кендері кедей темір кендерімен айтарлықтай ауысады, ал одан әрірек - темір яшмалармен және кенсіз түйіді-қабатты қызыл түсті әктастармен. Бұндай ауысу тақтаның барлық қуатымен болмайды, марганец-кенді қабатшалар қуатының азаюымен бірге шығысқа қарай темір кенді және яшмалы аралық қабатшалардың қуатының өсуінен болады.
Кендердің бір түрінің басқаларға ауысу шекаралары әртүрлі тақталар үшін ауданы бойынша сәйкес келмейді.
Темір-марганецті кен денелері.
Тақталардың негізгі ерекшеліктері келесідей:
1 Темір және марганец кендерінің аралық қабатшалары тақталарда әрқашан дәл дифференциалданған. Тек екінші тақтада темір және марганец бір минерал - якобсидтің құрамына кіреді.
2 Темір және марганец кендерінің текстурасы жіңішке қабатты, әркелкі қабатты және айқын емес қабатты.
3 Бірінші марганец кендердің негізгі минералдары болып гаусманит және браунит табылады, ал темір кендерінікі - гемотит. Екінші тақтада якобсид кең таралған. Оның айтарлық көлемі 4 тақтада дамыған, қабатшаның ядросында. Желдету зонасында марганец кендері псиломелан және пирозюзиттен құралған.
Гематит әр кезде кварцпен тығыз өніп-өседі (кейде кальцитпен). Сондықтан темір кендері бай емес және олардың тығыздығы төмен.
4 1...6 тақталары негізінен марганец кендерінен құралған, тек алтыншы тақтаның жоғарғы бөлігінде азқуатты темір кендерінің аралық қабатшасы пайда болады. X барлау сызығынан оңтүстікке қарай темір кендері алтыншы тақтада да кездеспейді.
5 7...14 тақталарында темір кендері көбірек таралған. Олар 7 тақтаны толықтай дерлік қамтыған, ал қалғандарында олардың көлемі марганец кендерімен сәйкес келеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай темір кенді аралық қабатшалардың көлемі мен қуаты тақталарда азаяды, ал кен орынның оңтүстік-батыс бөлігінде олар жоғалады.
6 Кен орынның солтүстік бөлігінде марганец кендерінің арасында гаусманит басым, ал орталық және оңтүстікте - браунит.
Сапашартқа сәйкес, темір және марганец кендерінің қорын есептеу кезінде жоғарыда келтірілген кен денелерінің стратификациясын пайдалану негізінде әлдебір шарттылыққа ие болды.
Сапашартқа сәйкес, кенаралық аралық қабатшалар карьердегі аралық қабатшаның қуаты 2 км дейін, жер асты кеніште 4 км дейін болғанда (кеннің баланстан тыс болуына әкеліп соқса да) есептеу контурына міндетті түрде келтіріледі. КД-3 және КД-4, КД-5 және КД-6, КД-10 және КД-11, КД-12 және КД-13 тақталарының арасындағы кен денелерін бөлетін детрит әктастарының қуаттары бұл мәндерден төмен болғандықтан, ал кен орынның оңтүстігінде КД-9 және КД-10 арасындағы кен аралық қабатшаның қуаты қысқартылғандықтан, КД-3, КД-5, КД-11, КД-12 және КД-13 тақталары кен денесі ретінде өзінің тұлғалығын жоғалтады. КД-3 тақтасы КД-4 тақтасының есептеу контурына әсер етеді, КД-5 тақтасы КД-6 тақтасының көлеміне әсер етеді, ал КД-11,12 және 13 тақталары кен орынның солтүстігінде КД-10 тақтасының марганецті бөлігімен бір дене болып бірігеді және есептеу кезінде КД-10-13 индесімен ескеріледі.
Оңтүстігінде КД-10 және КД-11 тақталарының арасында порфириттердің жамылғысы пайда болатын кен орында порфирит астындағы (КД-9...10) және порфирит үстіндегі (КД-11...13) кен денелері бөлек-бөлек есептеледі.
Кен орынның шығыс және батыс бөліктерінің тілмелерінің қанағатты параллелизациясы КД-5-тен КД-14-ке дейінгі деңгей үшін ғана жетеді. Бұл жағдайда кенді тақта термині шығыс қанат үшін шартты түрде қолданылады. Тақталар деп сәйкес тақтаның стратиграфиялық деңгейіндегі кенсіз немесе аз кенделген (темір мен марганецпен) түйінді-қабатты қызыл түсті әктастардың аралық қабатшаларын айтады.
5-тақтадан төменгі деңдейлер үшін тілмелердің сенімді параллелизациясы барлық жерде мүмкін емес.
Іс жүзіндегі сапашарттар бойынша келесі марганец кендерінің денелері бөлінеді:
Тақта 1 (КД-1). Аттас стратиграфиялық бірлік көлемінде сапашарттық кендер Шығыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургия шикізатын кешенді пайдалану
Платиналық элементтердің рудадағы (кендегі) байланыс формаларын және қоспа түрлерін зерттеу
Райгородок кен орнының орналасуы
Көктасжал кен орны кендерінің орташа құрамы
Экологиялық жобалау тәртібі және сатылары
Флотация туралы түсінік және флотациялық процестер
Фосфоритті кендерді өңдеп байыту әдістері
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Пайдалы қазба қорының дәрежелері
Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы
Пәндер